Банк активтері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Банк активтерінің мәні . . . 4
Банк активтерінің құрылымы . . . 5
Банк активтерін басқару . . . 7
Қазақстан активінің өсімі . . . 9
Қорытынды . . . 10
Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту) ; актив (қаражатты орналастыру) ; комиссиялық - делдалдық (клиенттің тапсырыс бойынша коммиссиялық ақысы) және сенімді операциялар.
Соның ішінде мен банк активтеріне тоқтала кетсем. Банктың актив операциялары банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсаты мен орналастыруын айтады.
Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Банк активтерінің мәні
Банк актитері пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әртүрлі активтер бойынша орналастыған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.
Активтерді екі категорияға бөлуге болады: пайда әкелуге тиіс активтер (шынайы активтер) және табыс әкелмейтін активтер (оларды өмірге арналған активтер деп атайық) . Шынайы активтерге банк депозиттері, құнды қағаздар және пай қорларына, жалға берілетін жылжымайтын мүлікке, жеке бизнеске салынған салымдар, яғни болашақта немесе қазірдің өзінде пайда әкелетіндердің бәрі жатады.
Активтік операцияларды жүзеге асыру барысында банктер әртүрлі жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе біріккен кәсіпорының пайдасына қатысу түрінде табыс әкеледі. Банктің активтік операцияларының нәтижелері банк балансының активінде көрініс табады. Оның көрсеткіштеріне қарап банктің ресурстарының жұмсалу сипаты туралы айтуға болады. Банк активтерінің және қаржылық емес мекемелердің активтерінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердің активтерінің көп бөлігі қаржылық талаптар түрінде болады.
Банк активтерінің құрылымы
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктердің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
- Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
- Берілген несиелер;
- Бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;
- Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуіүшін активтердің құрылымы өтімділіктің талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзіміне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға ббөлінеді:
- өтімді активтер;
- жоғары өтімді ;
- ұзақ мерзімді өтімді активтер өтімді активтер.
Еліміздегі екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады;
- қолма қол ақшалар;
- мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
- құйма қымбат бағалы қағаздар;
- Ұлттық банктегі Standart &Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің «А»төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейркзидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
- Standart &Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің «А»төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасының банктерге берген «овернайт» займдары.
Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандардың басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің барлығы, сондай-ақ 50%кепіл хат және кепілдікпен «жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Үкіметтің кепіл хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Банк активтерін басқару
Банк активтерін басқару мақсаты - меншікті және тартылған қаржыларды тиімді орналастыру негізінде банктің ең үлкен пайда алуына қол жеткізу.
Активтерді басқару сапасы тікелей бірнеше көрсеткіштерге ықпал жасайды:
- өтемпаздығы;
- пайдалылығы;
- сенімділігі;
- банктің тұрақтылығы.
Банктің активтерін басқару кезінде мынандай негізгі қағидалармен жетекшілік жасалады:
- банк активтерінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету;
- әр тараптандыру ( актив операциясын кеңейту) ;
- тәуекелділікті анықтау және резервті құру;
- активтердің тұрақты табысын қамтамасыз ету.
Банк активтерінің құрылымы баланстағы активтердің әр түрлі баптарының сапасына қатынасы ретінде көрінеді. Ал, активтердің құрылымы мен сапасы олардың өтемпаздығынан көрінеді.
Банктің өтемпаз активтерін банк міндеттемелерін жабу үшін тез пайдалануға болады.
Өтемпаз активтерге жататындар:
- кассадағы қолма-қол ақша;
- Ұлттық банктегі, шетел банктеріндегі корреспонденттік шоттардағы қаржы қорларының қалдығы;
- банкпен сатып алынған мемлекеттік займдар, Ұлттық банктің бағалы қағаздары.
Көрсетілген активтердің өтемпаздығы тұрғысынан қарастырамыз.
Қаржылық қор белгілі болғандай, сөзсіз өтемпаз, сондықтан оларды кез келген уақытта банк міндеттемесін жабу үшін пайдалануға болады. Корреспонденттік иіоттардағы қаржылардың қалдығы оларда өтемпаз болып саналады және олар өтемпаздық ресурстарының қоры болып табылады.
Корреспонденттік шоттарда қаржы үнемі өзгеріп отырады, сондықтан, банк ағымдағы шоттардағы өз міндеттемелерін орындау үшін оның көлемі жетуі өте маңызды. Осы мақсатта корреспонденттік шоттың және оның тиімді басқарылуының жағдайын тұрақты бақылау жүргізіледі. Егер корреспонденттік шотта қаржы жетпей қалған шақта, банк банкаралық қарыз бен қаржы рыногының жедеғабыл депозитін алуы мүмкін.
Келесі өтемпаз активтер-мемлекет шығарған, сондай-ақ жергілікті үкімет органдары шығарған немесе муниципалдық бағалы қағаздар. Дамыған елдерде мемлекет кепілдік беретіндіктен, үкіметтік қарыздық міндеттемелер жоғары өтемпаз болып саналады, оларда тәуекелділік өте аз.
Бірақ бағалы қағаздар рыногы жеткілікті дамымағандықтан белгілі бір дәрежеде оларды өткізуде қиындықтар мол болғандықтан, өтемпаздығы төмендейді.
Соған қарамастан мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздарды тез өткізілетін активтерге жатқызуға болады, сондықтан олар көп жағдайда өтемпаз бола алады.
Экономиканы реформалау және оның дағдарыстан шығуы банк активтері мен бағалы қағаздардың үлесінің молаюына көмектеседі.
Өтемпаз активтерге банкпен 30 күн мерзімге берілетін қысқа мерзімді кредиттерді жатқызуға болады. Бірақ мұндай жағдайда, берілген кредиттің сапасын есепке алу керек.
Қазақстан активінің өсімі
Қазақстанның коммерциялық банктерінің активтер жиынтығы 2011 жылдың 1 мамырында 0, 7%-ға арта отырып, 12 трлн. 448, 9 млрд. теңгені құрады.
Шетелдік валютада белгіленген активтердің үлесі есептік күні активтер жиынтығының 32, 1% -ын немесе 3 трлн. 994, 7 млрд. теңгені құрады. Банктердің жиынтық активтеріне шаққандағы жоғары ликвидті активтер үлесі 1 мамырда 21, 6% (1 сәуірде 22, 3%) құрады.
2011 жылдың 1 мамырында Банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы сәуір айында 3, 2%-ға өсіп, 1 трлн. 843, 2 млрд теңгені құрады.
Банктер кірістерінің жиынтық сомасы 1 трлн. 122, 1 млрд. теңгені құрады, шығыстарының сомасы - 1 трлн. 115, 2 млрд. теңге (есептік күні 7, 5 млрд. теңгені құрайтын табыс салығын есептемегенде) . Нәтижесінде банктердің таза шығыны 2011 жылғы қаңтар-сәуір айлары бойынша 0, 6 млрд. теңгені құрады.
Банктердің қарыздық портфелі (банкаралық қарыздарды қоса алғанда) ағымдағы жылдың сәуір айында 0, 7%-ға өсіп, 1 мамырында 9 трлн. 189 млрд. теңгені құрады. Бұндағы Қазақстанның резиденттер еместерге берген қарыздары 1 трлн. 299, 9 млрд. теңгені немесе қарыздық портфельдің 14, 1%-ын құрады (2011 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 14, 8%-ды құраған) . 2011 жылғы 1 мамырда шетелдік валютада берілген қарыздар жиынтық қарыздық портфельдің 48, 2% -ын немесе 4 трлн. 427, 4 млрд. теңгені құрады деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан ҚР Ұлттық Банкіне қаржылық бақылау комитетіне сілтеме жасай отырып. Ал Қазақстан банктерінің жиынтық активтері 2011 жылдың шілде айында 3%-ға артып, 13 трлнды құрады. Бұл жайында Қаржылық нарық пен ұйымдарды қадағалау комитетінің таратқан баспасөз баянында көрсетілген. Несие қоржынындағы стандартты қарыздар үлесі 25%, күдікті борыштар - 52, 5, ал қайтуы неғайбыл қаражаттар - 22, 5% болды. Банк секторының жиынтық міндеттемелері шілде айында 3 пайызға артып, 1 тамызда 11, 5 трлнды құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz