«Темірбанк» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы, жұмыс істеу бағыты


Жоспар
Кіріспе . . . 2-3
І - тарау. «Темірбанк» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы, жұмыс істеу бағыты . . .
- Темірбанк тарихы мен қазіргі
жағдайы . . . 4-11
- Банктің негізгі қызметі мен даму перспективалары . . . 12-25
- Банктің басқару ұйымдары, құрылымы . . . 26-27
ІІ - тарау. Операциялық департамент бөлімі . . .
- Жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімі . . . 28-37
- Заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімі . . . 37-38
Қорытынды . . . 39
Пайдаланған әдебиеттер . . . 40
Қосымшылар . . .
Кіріспе
Банк жүйесінің маңызды әлемі банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырған секілді.
«Бірқаттар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында-XIY және XY ғасырларды Итаияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланыста пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін итальяндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер, тауарлардың сауда саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда құймалардан соғылатын әртүрлі монеталармен жүзеге асырылған. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналысынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі YI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Сонымен қатар, мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IY ғасырларда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді.
Әрине, банк туралы мәліметерімізді айта беретін болсақ, сан алуан. Содықтан, өзіміздің өткен практикам туралы мәліметтер берелік.
Сонымен, менің практикам Алматы қаласындағы бас офисі «Темірбанк» акционерлік қоғамының филиалындағы «Операциялық басқару» департаментінің Жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінде, сонымен қатар тұғаларды несиелеу бөліміндегі «посткредитті қамтамасыз ету және мониторинг» бөлімінде өтті.
Барлық банктер сияқты «Темірбанк» акционерлік қоғамы да көптеген қызмет түрлерімен айналысады. Мәселен, депозит түрлері, әрі жылдам әрі тиімді ақша аударымдарымен, еңбек ақымыздың сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін карт-шоттар және сан алуан несие түрлері мен айналысады.
Бұл мекеменің қазіргі, яғни Алматы қаласындағы Алмалы ауданында орналасқан барлық халықты оң жолға бағыттап отырған әр түрлі қызметтерін дұрыс жолмен бастап отырған Кадырова Раушан,
алқарамағымдағы оның ішінде жеке тұлғаларды несиелеуде үлкен үлес қосқан және менің меңгерушім Турганова Г. С. және Ермуханова А.
Бұл бөлімде көптеген несие түрлерімен таныстым, сонымен қатар клиенттермен қандай байланыста болу керектігін үйрендім.
Тәжірибе өтудегі мақсатым, барлық теориялық білімімді тәжірибе жүзінде тексеру, банк жүйесін меңгеру, банк дамуына өз үлесімді қосу.
Негізгі міндетім, несие бергеннен кейін клиенттерге қызмет көрсету, олрардың кешіктірілген несиелер бойынша төлемдерін есептеу және олардың өтініштерін қарастыру, клиенттерді олардың несиелері бойынша төлем мерзімі өтіп кеткендігі жайлы телефон шалып, хабардар ету. Және де мекеменің тәртібін қабылдап, оларды орындау.
1. 1. Темірбанк тарихы мен қазіргі жағдайы.
«Темірбанк» АҚ негізі 1992 жылы 26 наурызда қаланды. Банктің филлиалдық желілері бүгінде Қазақстанның облыс орталықтарында, кейбір облыстарды есепке алмағанда, 21 филлиал және жүз жиырмаға жуық сату орындары бар. 30. 09. 07. жылғы мәліметтерге сүйенсек банктің активі 347млн 343мың 377 тенге мен міндетттемелері, оның ішінде ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Үкіметінің қаражаттары, несиелік мекемелердің қаражаттары (лоро), клиенттердің қаражаттары (орналастырылған депозиттері), шығарылған үлестік бағалы қағаздар, уақытында төленбеген салықтар бойынша міндеттемелер 299 785 771 тенгені құрады.
«Темірбанк» бүгінде - корпоративті клиенттерге, сондай ақ жеке тұлғаларға кең көлемде қызмет ұсынатын әмбебап қаржылық институт. Банк Халықаралық Қайта құру және Даму банкі, Азия Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму банкі бағдарламалары бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландырушы Шағын кәсіпкерлікті Қолдау Қорына қатысу үшін бекітілген банк болып табылады.
2006 жылы банк өнімдерін сату жоспары жеке тұлғалар үшін несиелік инструменттерді ілгері дамытудың стратегиялық идеясына негізделген: ипотека, авто несиелеу, бизнес және тұтынушылық мақсаттарға берілетін несиелер. Темірбанк АҚ ҚР халқының әр түрлі топтары мен категорияларына банк өнімдерінің максималды тобына қол жетімділігін қамтамасыз ету.
2008 жылы сату көлемі депозиттік және несиелік өнімдердің сандық және сапалық жағынан кеңейтілуіне негізделген, сондай ақ инновациялық технологияларды дамытуға, олардың ішінде Интернет және SMS-банкинг, карточкалық өнімдер.
Бұл банктің негізгі мақсаты:
> Әр түрлі құралдыарды пайдалана отырып банктің құрылымын жақсарту, яғни стандартты түрде дамыту үшін дамыту үшін жобалардыжасау және басқару;
> Банктердің филиалдарын болжаған болжамдар бойынша барынша көбейту.
Бұл банктің негізгі міндеті:
- сату бөімдерінің өнімдерге бағытталған жоспарлары бойынша қамтамасыз ету;
- Сату бөлімдерінің стандартты түрде құрылуы;
- Орталық банкпен филиалдың арасындағы эффективті(тиімді) қарым-қатынасын қамтамасыз ету және тағы да басқалары.
Жаңалықтар күнтізбесі:
2007 жылы 5 желтоқсанда Темірбанк «Тұран Әлем Банкі» АҚ «Инвестициялық экспорт импорт банкі» ЖАҚ («Инэксимбанк», Қырғызстан) акциясының бақылау пакетін сату келісімін аяқтады.
1 қараша - Темірбанк нарыққа жаңа жоғары бәсекелелі өнім - депозиттік мүмкіндігі бар төлем карточкаларын шығарды.
15 қазан - бүкіл Қазақстан бойынша Темірбанк салымшыларының «15 тілек» орындалу қорытындысы жүргізілді.
20 қыркүйек - «Темірбанк» АҚ «Вестерн Юнион ДП Восток» ұйымдастырылған « Мир клиента» банк серіктестерінің Мәскеуде өткен екінші конференциясында «Вестерн Юнион технологиялық аумағында көшбасшы» атағын иеленді.
7 қыркүйек - «Темірбанк» АҚ 50 миллион АҚШ доллары көлемінде Standart Bank Plc ұйымдастырушысы болып табылатын синдицирлік қарызды өтеді.
24 шілдеде банктің ағымдағы жылдың екінші тоқсанында артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.
1 маусым айында Темірбанк жарты жылдық купондық сыйақы төлемін жүзеге асырды.
20 мамыр - 17 тамызда Темірбанк Қазақстанның 17 ірі қалаларында несие брокерлері мен агенттеріне конференция жүргізді.
14 мамырда Темірбанк орта мерзімді ноталарды шығару бағдарламасы ішіндеайналыс мерзімі 7 жыл, жалпы соммасы 500миллион АҚШ доллары болатын жылдық купоны 9, 5 % құрайтын еурооблигацияларды ұтымды орналастырғаны туралы жариялады.
3 мамырда Халықаралық рейтингтік агенттік Standart & Poor`s 1, 2 млрд. облигацияны шығару бағдарламасы бойынша Темірбанкке «В+ \ B» рейтингісін бекітті.
2006 жыл 15 наурызда Темірбанк жалпы соммасы 150 миллион АҚШ доллары 9, 25 % жылдық купонмен еурооблигацияларды орналастырғаны туралы жариялады. Еурооблигацияның айналыс мерзімі - 3 жыл. Еурооблигацияның шығарылуы Темірбанктің еншілес компаниясы Temir Capital B. V. арқылы жүзеге асырылды.
1 наурыз - Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings Темірбанк рейтингісін келесідей бекітті: ұзақ мерзімді «В-», қысқа мерзімді - «В», жеке «D\ E». Барлық рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» деп бекітілген.
28 ақпан айында Халықаралық рейтингтік агенттік Moody`s Investors Service Темірбанктің рейтингілерін келесідей бекітті: ұзақ мерзімді депозиттік рейтинг В1, қысқа мерзімді депозиттік рейтинг NP және қаржылық тұрақтылық рейтингісі E+. Бардық рейтинг бойынша болжам - тұрақты.
2005 жыл 30 желтоқсан - «3I Inforech Limited» жүргізуші индиялық компания және «Тритон» бөлшек сауданың әмбебап технологиясын енгізуші «ICICI» банкімен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол қойылды.
2005 жылдың қараша айында Fitch қадағалау агенттігі банктің дамуына «тұрақты» деген болжам жасады және келесідей несиелік рейтингісін орнатты: қысқа мерзімді - «В», ұзақ мерзімді - «В-», жекешелендірілген - «D\ E».
Банк жалпы соммасы 30 млрд. тенгені құрайтын облигациялық бағдарламаны тіркеді, бұл көлем шегінде жалпы соммасы 12 млрд. тенгеге банк облигациясының 3 шығарылымы тіркелген, олардың бір бөлігі қамтамасыз етіліп шығарылған.
Қараша айында Темірбанкпен Қазақстанның Қор биржасы арқылы «Темирлизинг» АҚ 41% акциясы сатылған.
Тамыз - Темірбанк диллерлік және брокерлік операциясын жүргізуге және инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы бар «Первый Брокерский Дом» АҚ 100% акциясын иемденді.
Д. А Қонаев атындағы «Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ капиталында банк қатысушысының есебі 48, 91% акцияны құрады.
2005 жыл 14 маусымда «Темірбанк» АҚ Директорлар Кеңесі Банкті Басқару құрылымына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады. «Темірбанк» АҚ Басқару төрайымы етіп Юлдашев Мурат Машраповты тағайындады. Директорлар Кеңесімен клиенттермен бірлесіп қызмет етуді кеңейту, қызмет көрсету сапасын жоғарылату, банк капитализациясының өсуін қамтамасыз етуші даму стратегиясы жаңартылды.
2004 жыл қазанда Темірбанкпен Д. А. Қонаев атындағы «Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 14, 4% пакет акциясы сатып алынған.
Мамыр - жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жеке тұлғаларды несиелеу бағдарламасы енгізілді.
Сәуір - жеке тұлғаларға экспресс несиелерді ұсыну басталды.
Қаңтар айында «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ- мен бірлесіп тұрғын-үй ипотекалық заемдарын беру Бас келісіміне қол қойылды.
2003 жыл қазан айында Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings Ltd. Банктің рейтингісін негативтіден тұрақтыға көтерді, және 2001жылы бекітілген келесідей рейтингтерді негіздеді: ұзақ мерзімді - «В», қысқа мерзімді - «В», жеке - «D».
2003 жыл қыркүйек айында Темірбанк АҚ Global Refund компаниясымен келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісімшарттың негізінде Банк бұл компанияның tax-free чектерінің орнын толтыру немесе өтейтін Қазақстандағы жалғыз агент болып табылады.
Сонымен қатар 2003 жылы қыркүйек айында төртінші рет болып өткен банк Балтық және ТМД банктерінің Алматыдағы конференциясында ұйымдастырушы ретінде атақты. Форумға алыс шетелден және ТМД‑нің 19 елінен 300-ге жуық делегаттар қатысты.
2003 жылы қыркүйек айында Темірбанк төрт елдің Қырғызстан, Қазақстан, Латвия мен Ресей коммерциялық банктері арасында өзара бірлестік Келісіміне қол қойылды. Жаңа банкаралық жиын қатысушыларынан «Диалог-Оптим» (Ресей), Инэксимбанк (Қырғызстан), Темірбанк (Қазақстан) және Траста Комерцбанка (Латвия) .
Жаңа бірлестіктің негізгі мақсаты болып:
- достастық елдерінің әр мүшелері өз бағдарламаларын, сондай ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара қолайлы режимдер құру;
- ТМД елдері нарықтары және халықаралық қаржылық нарықтарды стратегиялық бірлестік;
- Қызмет көрсетулердің өзара географиялық ұлғаюы;
- Жаңа банктік технологияларды өзара енгізу;
- Банктік тәуекелдерді төмендету бойынша механизмдерді өңдеу;
Сонымен қатар, Банктер қатысушылар құрылатын альянс мүшелері нарығында өзара қарым қатынасын заңнамалық негізде жүргізуге және өзара капиталына қатысу құрылымын құрайтын екі жақты құжаттарының барлық қатарына қол қойды және қол қоюды жоспарлауда.
Сонымен қатар, осы жылдың маусым айында банк Қазақстанның сақтандыру компаниясы Коммеск-Өмірмен бірлесіп қызмет жасай бастады, пайыздық сыйақыдан басқа, өзінің с алымшыларына тегін медициналық сақтандыру көмегін көрсетті. Осылай, Темірбанк өзінің клиенттеріне осындай қызмет түрлерін көрсетумен байланысты Қазақстандағы бірінші банк болып табылады.
Мамыр айында банк 20 миллион АҚШ доллары соммасы на үшінші синдицирлік несие алды. Алдыңғы алынған заемдарды уақытында және толық өтеуіне байланысты банкке анағұрлым тиімді шарттармен жаңа несиелер тартуға мүмкіндік туды. (жоғары мерзім, жоғарғы сомма, төмен пайыздық ставка) . Банк тартылған қаражаттарды өзінің корпоративті клиенттерінің контрактілерін қайта қаржыландыру үшін пайдаланды.
2003 жылы 1 наурызда Темірбанк өзінің банктік тәуекелдерін 1 миллион АҚШ доллары жабу лимитімен сақтандырды. Банкпен алынған сақтандыру полисі банктін сенімділік, қауіпсіздік, іскерлік репутациясының атрибуты болып табылады. Қаржылық сақтандыру Marsh сақтандыру брокерлері арқылы AIG Халықаралық сақтандыру компаниясынан алынған.
2003 жыл 1қаңтарға қатысты аудиторлық компаниясымен корпоративті басқару және банктегі тәуекелдерді басқару жүйесіне жүргізілген тексерулер олардың халықаралық стандартқа сәйкестігін көрсетті. Аудиторлық компаниямен жүргізілген тексеру нәтижесінде келесідей қорытынды шығарылды, оған сәйкес банктегі негізгі тәуекелдерді басқару, сонымен қатар ішкі бақылау мен ішкі аудит жалпы қабылданған тәжірибеге сәйкес.
2002 жыл желтоқсанда Темірбанк өзінің жарғылық қорын 9, 2 милион АҚШ долларына тең соммаға көбейтті. Капиталды өсіру екі этапта жүргізілді: бірінші этапта Қазақстан Республикасының ішкі қор нарығында жинақтаушы зейнетақы қорылары және активтерді басқарушы компания арасында банктің жай дауыс беруші акциясы орналастырылды, ал екінші этабында - еуропалық қор нарығында жаһандық депозитарлық қолхаттар орналыстырылды. Сонымен, Темірбанк Казкоммерцбанк және Тұран Әлем Банкінен кейін халықаралық қор нарығында өзінің депозитарлық қолхаттарын орналастырушы Қазақстандық үшінші банк болып табылады.
Акцияларын орналастыру нәтижесінде «Темірбанк» АҚ жарғылық капиталы екі есеге өсіп, 2 млрд. 825 млн. тенгеге жетті. Бұл банкке өзінің қаржылық көрсеткіштерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық және қазақстандық қаржы нарығында салымшылары мен партнерлары арасында оның рейтингісіне оң әсерін тигізді немесе жағымды әсер етті.
2002 жылы қыркүйек айында банктің 100% еншілес компаниясы - «Темірлизинг» АҚ құрылған. Темірлизинг лизингке өтімді құрал‑жабдықтарды, арнайы техниканы, торанспорттық құралдарды және ауыл шаруашылық техниканы ұсынады. Компания Қазақстан территориясында оның географиялық орналасуына байланыссыз жүзеге асатын жобаларды қарауға алады.
2002 жылы Банк халықаралық төлем жүйесі Visa International‑ға ассоциациялық мүшелігіне енді, және өзінің карточкаларын шығара бастады, сондай ақ AMERICAN EXPRESS компаниясымен келісімге отырып, өзінің клиенттері арасында осы компанияның төлем карточкалары мен чектерін тарата бастады. Сонымен бірге бөлшек және ипотекалық несиелеу бағдарламалары өңделіп күшіне ене бастады.
2001 жыл Темірбанк халықаралық капитал нарығында белсенді бола бастады. Уақыт өте 2001жылы сәуірде жаңа топтың келуіне байланысты Банк төрт синдицирлік заемды тартып, орналастырды. 2001 жылдың тамызында ресейлік банк үшін Қазақстандағы синдицирлі несиені ұйымдастырушы бірінші банк болып шықты, үш айдан соң, қарашада, 10 миллион АҚШ доллары соммасы көлемінде өзінің бірінші синдицирлік заемын алды.
2001 жыл сәуір айында акционерлер жиналысының шешімімен банктін алдынғы Басқару өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қайта сайланып алынған Басқарманың басшысы Олег Коненонко иығында көп жылдық ірі қазақстандық және шетелдік қаржылық институттарда тәжірибесі бар («Казкоммерцбанк», ING Bank, ABN Amro Bank Kazakhstan) . Бір жыл ішінде жаңа топ капиталды және баланстың валютасын екі есеге жуық өсіруге қол жеткізді. Тәуекелдерді басқарудың арнайы саясатына байланысты несиелік портфелдің сапасы жақсарды, депозиттік база және клиенттердің ағымдағы шотындағы қалдықтар өсті. Бас офис және филлалдық желілері қаита құрылды, Темірбанктің қызметі халықаралық стандартқа сәикес жүргізілді.
2000 жылы халықаралық рейтингтік агенттік Fitch IBCA Темірбанкке қысқа мерзімді несиелік рейтинг «В» және ұзақ мерзімді несиелік рейтинг «В» қабылдады.
2000 жыл 16 ақпан Темірбанк «Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру бойынша қазақстандық қор» қатысушысы болып енді, бұл Темірбанктін жедел салымдарына қаражаттарды орналастыру сенімділігін куәландырады.
2000 жыл маусымда Темірбанк 3, 6 миллион еуро соммасы көлемінде бельгиалық бнкпен КВС Bank ұзақ мерзімді несиелік келісімге отырды. Берілген келісімнің мақсаты - экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыру.
1999 жылы Темірбанк ашық халық қоғамының статусын иеленді. Бұл статус тек акционерлер саны 500- ден астам мекемелерге беріледі. Темірбанктің акционерлері жеке және заңды тұлғалар - 26, 962. Ашық халықтық қоғамның қаржылық есеп беруі және оның қызметі туралы ақпараттар үнемі басылымдарда жарияланып отырады. ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия және ҚР Ұлттық банкі ашық халықтық қоғамдарға қаржылық ақпараттарын реттеуші органдар алдында, сондай ақ қоғамның алдында жариялауға қатаң талаптар орнатты.
Сол жылы Темірбанктің 400 миллион сомма көлемінде оныншы эмиссиялық акциясы шығарылды. Осылай банктің жарғылық капиталы 1, 4 млрд. тенгеге жетті. Жарғылық капиталының көлемі жағынан банк Қазақстандағы бірінші ондық банктердің құрамына енді.
1998 жылы Темірбанктің акциялары Қазақстанның қор биржасында «А» категориялы ресми листингіне қосылды.
Желтоқсан айында Thomson BankWatch рейтингтік агенттігі Темірбанкке келесідей рейтингтерді енгізді: жергілікті валютамен қысқа мерзімді рейтинг «LC-3», ұзақ мерзімді - «В». Темірбанк халықаралық несиелік рейтингті алған банктер арасында 4-ші орынды иеленді. 1999 жылы қадағалау агенттігімен екі рет расталған.
1997 жылы мамырда ҚР Ұлттық банкі «Темірбанк» АҚ халықаралық стандартқа көшкен бірінші банктердің қатарына қосты, бұл банк қызметі мен оның қаржылық жағдайына жоғарғы баға болды.
1997 жылы жалпы акционерлер жиналысында жарғылық капиталды көбейту туралы екі рет шешім қабылданды. Нәтижесінде 1998 жылы жарғылық капиталы 4 есеге өсіп, 1млрд тенгені құрады.
1995 жылы нарықтағы жиі өзгеріп тұратын жағдайларда банк қызметінің тұрақтылығы клиенттерімен жоғары бағаланды, банк қызметіне деген сенімдері бекіді. Жыл басында банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 18% құрады. 1995 жылы наурыз айында банктің акция пакетінің нақты басқарылуы туралы үкіметпен шешім қабылданып, нәтижесінде банк тұтастай жекешелендірілді.
1992 жылы « Темірбанк» АҚ ҚР қаржы нарығындағы қызметі 1992 жыл 26 наурыздан басталды.
«Темірбанк» АҚ ағашқы құрылған жылдан бастап ақ қызметі арнайы теміржол банкі сияқты дами бастады. Кейіннен өңделіп, іске асырылған банктің жаңа стратегиясы эконмиканың әр түрлі саласындағы клиенттерге кең көлемде қызмет көрсететін әмбебап қаржылық институтқа айналды.
Акционерлері:
Банк 2006 жылы желтоқсанда ҚР заңнамасымен тіркелген және Қазақстандағы үш ірі банктердің құрамына кіретін «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның еншілес банкісі болды.
Банк құрамына келесідей компаниялар кіретін Банктік топтардың бас компаниясы болып табылады.
Temir Capital B. V.
«Первый брокерский Дом» АҚ
«Темірлизинг» АҚ
Нидерланды
Қазақстан Республикасы
Қазақстан республикасы
100%
100%
43, 87%
100%
100%
59%
Халықаралық қаржы нарығынан қаражаттар тарту
Бағалы қағаздар нарығында операциялар мен активтерді басқару, брокерлік қызмет
Лизингтік операциялар
2006 жылы желтоқсан айында «Тұран Әлем Банкі» АҚ еншілес ұйымына кіргендігін және ҚР-ның заңнамасын ескерсек, Банкке өзінің еншілес ұйымдары болуына тыйым салынады, осы жылы желтоқсанда бағалы қағаздардың екінші нарығында банк «Темірлизинг» АҚ акционерлік капиталының 15, 13% құрайтын, бір акцияға 5, 057 тенге болып келетін 230, 000 акциясын сатты. «Темірлизинг» АҚ- на бақылауды жоғалтуына байланысты, бұл компания 2006жыл 31 желтоқсанда үлестік қатысу әдісі бойынша консалидацияланған болатын.
Банктің жай және артықшылықты акциялары Қазақстанның ҚОР биржасында А листингі құрамында котировкаланады. Банктің акцияларын 26000 акционерлер иемденген. Жалпы акционерлер санының 99% миноритарлық акционерлер болып табылады және негізінде «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық теміржол Компаниясының қазіргі және бұрынғы қызметкерлерінен тұрады. Берілген акционерлер банктің орналастырылған акцияларының жалпы санындағы 1. 34% жоғары емес көлемде иемденген.
31 желтоқсан 2007 және 2006 жылғы мәліметтерге сүйенсек, келесідей банктің акционерлері Банктің акционерлер жиналысында дауыс беру құқығын беретін 5%- й жай акцияларын иемденген:
«Тұран Әлем Банкі» АҚ
«Яссы-Капитал» ЖШС
«HAK-LTD» ЖШС
«Премиум-Инвест» компаниясы» ЖШС
«Первый Брокерский Дом» АҚ
Нью-Йорк Банкі
«ТӘБ Құрмет» жинақтаушы зейнетақы қоры
О. А Кононенко
5% жуық акцияны иемденуші басқа да акционерлер
50. 8
6. 2
6. 2
5. 5
-
1. 4
-
-
29. 9
-
-
-
-
11. 7
46. 9
8. 9
5. 9
26. 6
Дауыс беру құқығына ие емес банктін 1, 45% жай акцияларын Нью-Йорк Банкі иемденген, ол депозиттік қолхаттарды орналастырудың әлемдік бағдарламасы бойынша Банктін Депозитарий болып шығады.
Келесі кестеде, алдыңғы жылдарды мысалға ала отырып, артықшылықты акцияларды ұстаушылар туралы мәліметтерді келтірейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz