Тмд-нің құрылу тарихы. Тмд-нің даму бағыттары



1. ТМД.нің құрылу тарихы
2. ТМД.нің даму бағыттары
Қазақстан және ТМД: өзара қатынастардың сипаты, үрдістері мен нысандары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекетіміздің басшысы Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру міндеттерін қысқа да нұсқалы, негізделген түрде айқын белгіледі, кеңірек мәнінде – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қозғады. Осыған байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мәселелерінің, оның болашағы мен органдары қызметінің тиімділігінің әлдеқашан кеңінен талқылауға арқау болғанын атап өткен жөн. Қазір көпшілік Достастықты «өлі туған құрылым» деп ағат атап отыр. Бірақ мен бұл пайымды дәлелсіз деп есептеймін. Себебі, көбінесе осы бірлестіктің арқасында жаңа «қарбалас нүктелердің» пайда болуынан, көп жылдық тұрақты байланыстардың күрт үзілуінен құтылудың, сонымен қатар, халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуын қамтамасыз етудің сәті түсті. Достастық барлық салаларда посткеңестік мемлекеттердің және олардың халықтарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуде бірегей рөл атқаратын посткеңестік кеңістіктегі жүйе түзегіш құрылымға айналды.
Дегенмен, 2008 жылдың тамызындағы Ресей мен Грузия арасындағы Оңтүстік Осетия дауы және одан кейін соңғысының ТМД құрамынан шығуы Достастықты өткір сынаудың жаңа сылтауына түрткі болды. Қазақстан үшін Грузияның ТМД-дан шығу туралы шешімі күтпеген жағдай болған жоқ, керісінше, Тбилисидің әбден болжалданған, ТМД қатысуын шектеуге және Батыспен белсенді жақындасуға ден қойған көп жылдық бағытының қисынды түрде аяқталуы еді. Ресеймен қарулы қақтығыс бұл үдерісті тек тездетті. Сонда да болса, осы жағдайларда Грузия тарабы ТМД 75 халықаралық шартына өзінің қатысуын ұзартты, сонымен қатар, Достастықтың бірқат ар органдарының қызметіне қызығушылық танытып отыр. Қазақстан бірлестікке мүлдем басқаша қарайды. Қазақстан Республикасының П р е з и д е н т і Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың ТМД «негізін қалаушыларының» бірі болып есептелетіні орынды. Атап айтқанда, оның бастамасымен Алматыда 1991 жылдың 21 желтоқсанында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина басшыларының тарихи кездесуі болып өтіп, олар 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы Келісімнің Хаттамасына қол қойды.
Бірлестік қызметінің бастапқы кезеңдерінде қол қойылған құжаттар мазмұнының ретроспективті талдауы ТМД мүшелерінің Бірыңғай экономикалық және гуманитарлық кеңістікті, Кеден одағын құру тұрғысынан оған белгілі бір үміт артқандықтарын көрсетеді. Кірігудің ең терең нысаны көзделген болатын. Осы құжаттарға іс жүзінде ТМД қатысушыларының бәрі қол қойды, бірақ кейіннен ішінара және қиып тасталған пішінде іске асырылды, ал олардағы қалған императивтер басқа өңірлік бірлестіктер – ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, ҰҚШҰ аяларында жүзеге асырылуда. ТМД сыртқы саяси басымдықтары анықтала түскен сайын мемлекеттердің екі тобы: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және ҚР әлемдік қоғамдастықпен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ байланыстары Тәжікстан – кірігудің «түйіні» деп аталатын тобы және – Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина – ТМД-да өзінің қатысу нысанын шектейтін мемлекеттердің тобы құрылды. Осындай бөліну бұрынғысынша ТМД-дағы жүйелік түйткілдердің пайда болу себебі болып қалуда, әйткенмен, оларға қатысты шешуге ұмтылыс жасалуда, оларды қолға алудағы табыс та әр түрлі. Мәселен, 1994 жылдан бастап ТМД реформалау туралы 12 құжат қабылданды.
1. Актуальные проблемы внешней политики. Алматы, 1998.
2. Внешняя политика Казахстана. Сборник статей. Алматы, 1995.
3. Казахстан сегодня Под редакцией Б.Султанова. Алматы, 2010.
4. Политика и интересы мировых держав в Казахстане. Под редакцией Б.Султанова. Алматы, 2002.
5. Приоритеты казахстанской дипломатии. Астана, 2000.
6. Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан. Астана, 2001
7. Токаев К.К. Дипломатическая служба Республики Казахстан. А., 2005
8. Хан Г.Б, Хан И.Г., Юн И.Н., Булекбаев С.Б., Рахманова Г.Б. Проблемы современных международных отношений А.,2008
9. www.mfa.kz- ҚР СІМ ресми сайты
10. www. akorda.kz.- ҚР президентінің ресми сайты

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. ТМД-нің құрылу тарихы
2. ТМД-нің даму бағыттары

ТМД-нің құрылу тарихы
Қазақстан және ТМД: өзара қатынастардың сипаты, үрдістері мен нысандары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекетіміздің басшысы Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру міндеттерін қысқа да нұсқалы, негізделген түрде айқын белгіледі, кеңірек мәнінде - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қозғады. Осыған байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мәселелерінің, оның болашағы мен органдары қызметінің тиімділігінің әлдеқашан кеңінен талқылауға арқау болғанын атап өткен жөн. Қазір көпшілік Достастықты өлі туған құрылым деп ағат атап отыр. Бірақ мен бұл пайымды дәлелсіз деп есептеймін. Себебі, көбінесе осы бірлестіктің арқасында жаңа қарбалас нүктелердің пайда болуынан, көп жылдық тұрақты байланыстардың күрт үзілуінен құтылудың, сонымен қатар, халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуын қамтамасыз етудің сәті түсті. Достастық барлық салаларда посткеңестік мемлекеттердің және олардың халықтарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуде бірегей рөл атқаратын посткеңестік кеңістіктегі жүйе түзегіш құрылымға айналды.
Дегенмен, 2008 жылдың тамызындағы Ресей мен Грузия арасындағы Оңтүстік Осетия дауы және одан кейін соңғысының ТМД құрамынан шығуы Достастықты өткір сынаудың жаңа сылтауына түрткі болды. Қазақстан үшін Грузияның ТМД-дан шығу туралы шешімі күтпеген жағдай болған жоқ, керісінше, Тбилисидің әбден болжалданған, ТМД қатысуын шектеуге және Батыспен белсенді жақындасуға ден қойған көп жылдық бағытының қисынды түрде аяқталуы еді. Ресеймен қарулы қақтығыс бұл үдерісті тек тездетті. Сонда да болса, осы жағдайларда Грузия тарабы ТМД 75 халықаралық шартына өзінің қатысуын ұзартты, сонымен қатар, Достастықтың бірқат ар органдарының қызметіне қызығушылық танытып отыр. Қазақстан бірлестікке мүлдем басқаша қарайды. Қазақстан Республикасының П р е з и д е н т і Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың ТМД негізін қалаушыларының бірі болып есептелетіні орынды. Атап айтқанда, оның бастамасымен Алматыда 1991 жылдың 21 желтоқсанында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина басшыларының тарихи кездесуі болып өтіп, олар 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы Келісімнің Хаттамасына қол қойды.
Бірлестік қызметінің бастапқы кезеңдерінде қол қойылған құжаттар мазмұнының ретроспективті талдауы ТМД мүшелерінің Бірыңғай экономикалық және гуманитарлық кеңістікті, Кеден одағын құру тұрғысынан оған белгілі бір үміт артқандықтарын көрсетеді. Кірігудің ең терең нысаны көзделген болатын. Осы құжаттарға іс жүзінде ТМД қатысушыларының бәрі қол қойды, бірақ кейіннен ішінара және қиып тасталған пішінде іске асырылды, ал олардағы қалған императивтер басқа өңірлік бірлестіктер - ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, ҰҚШҰ аяларында жүзеге асырылуда. ТМД сыртқы саяси басымдықтары анықтала түскен сайын мемлекеттердің екі тобы: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және ҚР әлемдік қоғамдастықпен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ байланыстары Тәжікстан - кірігудің түйіні деп аталатын тобы және - Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина - ТМД-да өзінің қатысу нысанын шектейтін мемлекеттердің тобы құрылды. Осындай бөліну бұрынғысынша ТМД-дағы жүйелік түйткілдердің пайда болу себебі болып қалуда, әйткенмен, оларға қатысты шешуге ұмтылыс жасалуда, оларды қолға алудағы табыс та әр түрлі. Мәселен, 1994 жылдан бастап ТМД реформалау туралы 12 құжат қабылданды.
Экономикалық одақтың Атқарушы Хатшылығын, Мемлекетаралық экономикалық Комитетін және салалық ынтымақтастықтың бірқатар органдарының аппараттарын тұрақты жұмыс істейтін бірыңғай атқарушы, әкімшілік және үйлестіруші орган - ТМД Атқарушы комитеті етіп қайта құру қабылданған шаралардың негізгі қорытындыларының бірі болды. Осы шаралардың аясында Достастық органдарының штаттық қызметкерлерінің саны 1999 жылғы 1190 адамнан
қазіргі уақыттағы 505 адамға дейін қысқарды. Алайда бұл да бірлестік қызметінің тиімділігін түбегейлі түрде жоғарылату мақсатындағы өзгерістердің шегі емес.
2005 жылдың 26 тамызында ТМД мемлекеттері басшыларының Қазан Саммитінде посткеңестік кеңістікте көп жақты ынтымақтастықты нығайтудың дәйекті жақтаушысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірлестікті реформалаудың жаңа кезеңіне қатысты ұсыныстардың пакетін ұсынды. Үш нұсқа: Еуроодақ секілді жұмысты қайта ұйымдастыру мүмкіндігі; G-8 тобы қағидаты бойынша қайта құру; қолданыстағы үлгіні жетілдіру қаралды. ТМД-ны бірінші үлгі бойынша реформалаудан бірден бас тартылды, себебі, Достастықта мемлекеттерден жоғары тұрған органдарға өкілеттіктерді беруді, бірыңғай сыртқы саясатты бірлесе жасауды және т.б. қоса алғанда, Еуропалық Одақтың негізгі қағидаттарын қолдануға болмайды. Екінші нұсқасы да қабыл алынбады, себебі, Достастық ортақ шекаралары бар, өткендегі тарихымен, экономикалық және гуманитарлық байланыстарымен біріккен елдерден тұрады, ал Сегіздік тобының негізіне басқа өлшемдер алынған. Сегіздік тобынан айырмашылығы сол, ТМД халықаралық ұйымның негізгі белгілеріне ие, мемлекетаралық құрылымдары, сонымен қатар, қатысушы мемлекеттердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымы бар.
Нәтижесінде қазіргі заманғы жағдайларға бейімдеу, оның қызметі тетіктерін жетілдіру шараларын қолдану есебінен Достастықты кезең бойынша жаңарту таңдалды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары орынбасарларының деңгейінде Жұмыс тобы құрылды, ол ТМД одан әрі дамыту тұжырымдамасы мен Оны орындаудың негізгі іс-шаралары жоспарының жобаларын әзірледі. Бұл құжаттарды Душанбеде 2007 жылдың 5 қазанында мемлекеттердің басшылары мақұлдады. Тұжырымдама бірлестік мүшелерінің ТМД-ға қатысты жалпы көзқарасын, оның эволюциясының мақсаттары мен бағыттарын бейнелейтін олардың келісілген көзқарастарының жиынтығы болып келеді. Іс жүзінде барлық бағыттар бойынша өзара әрекеттесу, ұжымдық ынтымақтастықтың тетіктері мен нысандарының икемділігі ТМД айрықша ерекшеліктері ретінде аталады.
ТМД кейбір қатысушы мемлекеттерінің оның органдарының қызметіне және қабылданатын құжаттарға шектеулі түрде қатысуы түсіністікпен және сыйластықпен қабылданады. Сайып келгенде, Тұжырымдамада бірлестіктің жұмыс істеген кезеңінде жинақталған күллі тәжірибесі бейнеленген, кірігу үдерістеріне нақты баға берілген, одан арғы өзара әрекеттесудің басымдықты салалары айқындалған. ТМД аумағында елдерімізге өзара алымсыз, демек - пайдалы түрде сауда жасауға мүмкіндік беретін еркін сауда аймағын құруды, сөзсіз, оның зор еңбегі деп есептеуге болады.
Бұдан басқа, Негізгі іс-шаралардың жоспарын орындау бірқатар маңызды тұжырымдамалық құжаттарды қабылдауға мүмкіндік берді, олардың арасында - 2020 жылға дейін ТМД экономикалық дамуының стратегиясы, Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралардың кешені, Гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шаралардың жоспары және басқалары бар. Бұл құжаттарды серпінді деп атауға болмаса да, тіпті қарсыластардың өздері олардың экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға оң ықпалын теріске шығармайды. Әрі, 2005 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына және оның негізінде ТМД Гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының құрылуына орай осы бағыт қосымша қарқын алды, соның ішінде, ТМД қатысушы мемлекеттерінің қаржылық қаражаты есебінен. Көпшілігі қажетті, бірақ айтарлықтай жалпылама сипатқа ие мәселелерді шешуден тараптар нақты бірлескен бағдарламаларды және гуманитарлық саладағы жобаларды орындауға көшті. ТМД бірқатар халықаралық мәдени іс-шаралары Қордың қамқорлығына алынды. Қорғаныс саласында (әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесін құру және т.б.), ұйымдасқан қылмыспен, лаңкестікпен, есірткілердің заңсыз айналымымен күрес, ТЖ пайда болуына қарсы әрекеттер және оларды жою саласында, яғни, оқшаулану және өзін-өзі шектеу саясатын іс жүзінде қолдануға болмайтын бағыттар бойынша жұмыс айтарлықтай жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. ТМД Лаңкестікке қарсы орталығы, Ұйымдасқан қылмыстармен күресті үйлестіру бюросы және т.б. құрылған. Табиғи және техногендік апаттар туындайтын кезде жедел көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлардың қорын құру туралы мәселе зерделенуде.
ТМД одан әрі дамыту тұжырымдамасында ТМД қызметін жетілдіру мәселелері бөлек көрсетілген. Қазіргі уақытқа дейін ТМД-да төрағалық ету туралы ереже, ТМД-дағы ұлттық үйлестірушілер туралы ереже, ТМД жоғары органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережелері және басқа да бірқатар құжаттар қабылданды.
Ұлттық үйлестірушілер институтын енгізу басты жаңалық болды, қағида бойынша, бұл міндетті үкіметтер басшыларының бірінші орынбасарлары атқарады. Оларға өз мемлекеттерінде ТМД аясында қабылданған құжаттардың
орындалуын бақылауды және ТМД аясында ынтымақтастық мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру функциялары жүктеледі. Жоспармен көзделген, саны жетпістен артып кеткен салалық ынтымақтастық органдарын оңтайландыру шаралары әзірше орындалмай қалып отыр. Салалық ынтымақтастық органдары, сөзсіз, ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізеді, бірақ олардың көпшілігі тиімді түрде жұмыс істемейді, ал кейбіреулері тіпті де жұмыс жасамайды. Әлбетте, олардың тұрақты негізде жұмыс істемейтінін, қажеттілігіне қарай бас қосатынын және мемлекеттердің үлкен қаржылық шығындарды көтермейтінін мойындау қажет. Бірақ бұл факті ТМД кейпін жақсартпайды. Біздің пікірімізше, салалық органдардың бір бөлігінің қызметін ЕурАзЭҚ немесе ҰҚШҰ-на қайта
бағдарлаған жөн.
2010 жылы Қазақстан - ЕҚЫҰ-да, ал Ресей ТМД-да Төраға болды. ҚР мен РФ қатынастарының стратегиялық сипаты, сонымен қатар, төрағалық функцияларды атқаруға жауаптылықтың асқақ сезімі осы екі халықаралық құрылым арасында тікелей үнқатысуды жолға қоюға жақсы мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, себебі, Қазақстанның ЕҚЫҰ-да және Ресейдің ТМД-да төрағалығы күн тәртібінің көптеген мәселелері тоғысады, жалпы астары бір. Осыған байланысты, өңірлік жобалар бойынша ЕҚЫҰ мен ТМД күшін біріктіру тек қана пайда әкеледі.
2007 жылдан бері ТМД-да ортақ мүдделердің бар екенін ескеріп, барлық елдерді біріктіруге тиісті Бір жыл - бір тақырып өрнегімен жұмыс істеу қағидасы қолданылуда. Осыған байланысты 2007 жыл - көші-қонға, 2008 жыл - көлікке, 2009 жыл - энергетикаға, 2010 жыл ғылым мен инновацияларға арналды. Әр жылдың соңында берілген бағыт бойынша ынтымақтастықты
дамытудың тиісті құжаты қабылданады. Биылғы жыл сондай-ақ халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігімен және ортақ тарих туралы естелігімен
ТМД елдерін біріктіретін Жеңістің мерейтойлық жылы болып отыр. Осы аталғанның барлығы ТМД елдер мен құралына айналады және тіпті проблемалардың елеулі жүктемесі туындайтын жағдайларда да Достастық өзінің маңызды әрі бірегей рөлін орындауды жалғастырады деген үміт ұялатады.

ТМД-нің даму бағыттары
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды.
ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген.
ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады:
Кеден одағы туралы келісім;
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім;
1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт;
1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім;
Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам мәлімдемесі.
Мақсаттары мен міндеттері:
еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру;
мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау;
Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес;
экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу;
бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму;
көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру;
ортақ энергетика рыногын қалыптастыру;
білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;
Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру;
ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру;
Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету.
Мүшелер:
Қазақстан Республикасы
Беларусь Республикасы
Қырғыз Республикасы
Ресей Федерациясы
Тәжікстан Республикасы
Өзбекстан Республикасы
Бақылаушылар:
Армения Республикасы
Молдова Республикасы
Украина
Құрылымы:
Мемлекетаралық Кеңес
Интеграциялық Комитет (штаб-пәтерлері Алматы және Мәскеу қалаларында) Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ.)
Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ.)
Мемлекетаралық Кеңес - мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды.
Интеграциялық комитет - ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган.
Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады.
Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды.
ЕурАзЭҚ құру туралы шартта белгіленген жарғылық органдардан басқа Қоғамдастық шеңберінде салалық комиссиялар, өзара іс-қимылдың әртүрлі салалары бойынша ЕурАзЭҚ кеңестері мен көмекші органдары, соның ішінде мыналар жұмыс істейді:
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Шекара мәселелері бойынша кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Салық қызметі басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кеден қызметі басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Көлік саясаты жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Энергетика саясаты жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әділет министрлерінің кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әлеуметтік саясат жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мен еқыұ байланысы
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Қазақстанда байланыс жүйесінің даму тарихы
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Экономикалық Одақ жайлы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы
Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Пәндер