Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты



Мазмұны
1. Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
2. Түйсінудің психологиялық табиғаты
3. Қабылдаудың психологиялық табиғат
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Түйсiк түсiнiгi Қоршаған орта мен өз тəнiмiз жөнiндегi бiлiктердiң негiзгi көзi - бiздiң түйсiктерiмiз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөнiндегi ақпараттардың миға жетiп, адамның төңiректегi дүние ортасы мен өз тəнiне байланысты бағыт-бағдар түзуiне қажеттi негiзгi өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезiм мүшелерi керектi ақпараттарды жеткiзiп тұрмағанда, ешқандай саналы өмiр жөнiнде əңгiме ету мүмкiн болмас едi. Деректерден белгiлi болғандай, тұрақты ақпарат көзiнен айрылған адам мүлгiген кейiпке түседi. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иiс сезу қабiлетiнен айрылып немесе сана сезiмi қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрiнiс бередi. Бұл кейiпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейiн төзiп болмас күйзелiске ұшырайды. Көптеген байқаулардың көрсеткенiндей, ерте балалық шақта кереңдiк пен зағиптiктен жеткiлiктi ақпарат ала алмау-дан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектiнi арнайы оқытып, кемiстiктердiң орнын толтырудың жолдары мен əдiстерiн үйретпесе, олар-дың психикалық дамуы өрiстей алмай, өз бетiнше кемелденуi бiржола жойылады.
2. Түйсiктер жөнiнде ғылыми көзқарастар Түйсiктер адамға қоршаған орта мен өз тəнiнiң сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелеуге мүмкiндiк бередi. Олар адамды төңiректегi дүниемен байланыстырып, негiзгi таным көзi ретiнде қызмет етедi, солар арқасында адамның даму мүмкiндiгi ашылады. Бiрақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамас-тан, философия тарихында олар бiрнеше рет күмəндiкпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсiктi бiздiң саналы өмiрiмiздiң емес, ол табиғаттан берiлген, сыртқы əсерлерге тəуелсiз санамыздың iшкi қалпы, ақыл-ой қабiлетiмiз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негiзiне алынған мұндай көзқарас мəнi: психикалық процестер күрделi тарихи дамудың жемiсi емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бəрi адам рухының түсiндiрiп болмас, тума берiлген қасиетi. Идеалистiк тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсiктердiң адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөнiндегi күмəнсiз ереженi жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екi араға ажыратқыш дуал болып түседi деген қисынға келмейтiн пiкiрдiң дұрыстығын дəлелдегiсi келедi. Бұл көзқарасты кезiнде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсынып, ал оның негiзiнде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) "сезiм мүшелерiнiң ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезiм мүшелерiнiң əрқайсысы (көз, құлақ, терi, тiл) сыртқы дүние əсерлерiн бейнелемейдi, нақты шындық процестерден хабар бермейдi, болғаны - сырттан өзiндiк процестердi қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пiкiр жатыр. Бұған идеалистердiң келтiретiн дəлелi: көзге қандай да əсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлi əсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезiм мүшелерi сыртқы əсерлердi бейнелемей, олардан тек қозу күшiн алады, ал адам қоршаған дүниенiң объектив əсерлерiне ұшырамай, сезiм мүшелерiнiң əрекетiн бейнелейтiн өзiнiң субъектив кейпiн ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезiм көзi-түйсiк адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседi деген сөз. Субъектив идеализм негiзiне алынған бұл қорытынды адам тек өзiн ғана тануға қабiлеттi, ол өзiнен басқа болмыс барлығын дəлелдейтiн ешқандай дерек көзiне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды. Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниенi объектив бейнелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Елешова Р. Медициналық психология, Алматы 1993 жыл.
2. Жарықбаев К.Б. Психолгия, Алматы 1993 жыл Білім.
3. Жарықбаев Қ.Б. Ұстаздық еткен жалықпас, Мектеп 1987.
4. Алдамұратов Ә. Қызықты Психология. Алматы 1991 жыл.
5.Мухина В.С Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, Алматы, 1986жыл

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты

Тобы: ПХ - 521

Орындаған: Нұрмұхамет А.Т
Тексерген: Едігенова А.Ж

Семей, 2016 жыл

Мазмұны
1. Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
2. Түйсінудің психологиялық табиғаты
3. Қабылдаудың психологиялық табиғат
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Түйсiк түсiнiгi Қоршаған орта мен өз тəнiмiз жөнiндегi бiлiктердiң негiзгi көзi - бiздiң түйсiктерiмiз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөнiндегi ақпараттардың миға жетiп, адамның төңiректегi дүние ортасы мен өз тəнiне байланысты бағыт-бағдар түзуiне қажеттi негiзгi өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезiм мүшелерi керектi ақпараттарды жеткiзiп тұрмағанда, ешқандай саналы өмiр жөнiнде əңгiме ету мүмкiн болмас едi. Деректерден белгiлi болғандай, тұрақты ақпарат көзiнен айрылған адам мүлгiген кейiпке түседi. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иiс сезу қабiлетiнен айрылып немесе сана сезiмi қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрiнiс бередi. Бұл кейiпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейiн төзiп болмас күйзелiске ұшырайды. Көптеген байқаулардың көрсеткенiндей, ерте балалық шақта кереңдiк пен зағиптiктен жеткiлiктi ақпарат ала алмау-дан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектiнi арнайы оқытып, кемiстiктердiң орнын толтырудың жолдары мен əдiстерiн үйретпесе, олар-дың психикалық дамуы өрiстей алмай, өз бетiнше кемелденуi бiржола жойылады.
2. Түйсiктер жөнiнде ғылыми көзқарастар Түйсiктер адамға қоршаған орта мен өз тəнiнiң сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелеуге мүмкiндiк бередi. Олар адамды төңiректегi дүниемен байланыстырып, негiзгi таным көзi ретiнде қызмет етедi, солар арқасында адамның даму мүмкiндiгi ашылады. Бiрақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамас-тан, философия тарихында олар бiрнеше рет күмəндiкпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсiктi бiздiң саналы өмiрiмiздiң емес, ол табиғаттан берiлген, сыртқы əсерлерге тəуелсiз санамыздың iшкi қалпы, ақыл-ой қабiлетiмiз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негiзiне алынған мұндай көзқарас мəнi: психикалық процестер күрделi тарихи дамудың жемiсi емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бəрi адам рухының түсiндiрiп болмас, тума берiлген қасиетi. Идеалистiк тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсiктердiң адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөнiндегi күмəнсiз ереженi жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екi араға ажыратқыш дуал болып түседi деген қисынға келмейтiн пiкiрдiң дұрыстығын дəлелдегiсi келедi. Бұл көзқарасты кезiнде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсынып, ал оның негiзiнде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) "сезiм мүшелерiнiң ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезiм мүшелерiнiң əрқайсысы (көз, құлақ, терi, тiл) сыртқы дүние əсерлерiн бейнелемейдi, нақты шындық процестерден хабар бермейдi, болғаны - сырттан өзiндiк процестердi қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пiкiр жатыр. Бұған идеалистердiң келтiретiн дəлелi: көзге қандай да əсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлi əсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезiм мүшелерi сыртқы əсерлердi бейнелемей, олардан тек қозу күшiн алады, ал адам қоршаған дүниенiң объектив əсерлерiне ұшырамай, сезiм мүшелерiнiң əрекетiн бейнелейтiн өзiнiң субъектив кейпiн ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезiм көзi-түйсiк адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседi деген сөз. Субъектив идеализм негiзiне алынған бұл қорытынды адам тек өзiн ғана тануға қабiлеттi, ол өзiнен басқа болмыс барлығын дəлелдейтiн ешқандай дерек көзiне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды. Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниенi объектив бейнелеу.
Түйсiктердiң физиологиялық негiзi Сонымен, түйсiк - дүние хақындағы бiздiң барша бiлiмдерiмiздiң бастау көзi. Сезiм мүшелерiне əсер етушi объектив заттар мен құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады да, ал олардың əсерiнен сезiм мүшелерiнде туындайтын құбылыс - тiтiркену деп қабылданған. Тiтiркенуден, өз кезегiнде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсiк жүйке жүйесiнiң қандай да тiтiркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, əрқандай психикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие. Түйсiктiң физиологиялық механизмi - арнайы жүйке тетiгi талдағыш қызметi. Əр талдағыш үш бөлiктен тұрады:
1) сыртқы энергияны жүйке процесiне қосушы дененiң шеткi бөлiктерiнде жайласқан рецепторлар;
2) қозуды орталық жүйке бөлiгiне жеткiзушi афференттiк немесе сезiмтал жүйкелер;
3) шеткi бөлiктен жеткен жүйке импульстарын өңдеушi талдағыштың ми қабығындағы бөлiктерi. Анализатор-лардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасуша-ларына сай арнайы мекендерi болады. Түйсiк пайда болуы үшiн барша талдағыштардың тұтастай, бiрлiктi қызметi қажет. Сонымен бiрге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тiтiркендiргiштердiң əсерiне орай икемдi өзгерiске келе беретiн мүше, мұндай өзгерiстерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетiктерге де ие. Мысалы, терi қабатына инемен əсер етiлсе, ол жер дiрiл қағатыны байқалады, осындай тiтiркендiргiштерден тамыр тартылуы, терi жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары жəне т.б. бəрi де түйсiк реакцияларына байланысты туындайтыны белгiлi. Сонымен, түйсiктер тiптi де енжар процесс емес, олардың белсендiлiгi ерекше. Бұл процестердiң бəрiнiң де белсендiлiк сипаты түйсiктердiң өзiнше жауап əрекетке келу қасиетiнен туындап отыр.

4. Түйсiк түрлерi Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi:
а) жүйелi-генетикалық (қызметiне орай)
б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты.
Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк,проприоцептiк, экстероцептiк.
Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiл-күй қалпына жақындау келедi.
Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердi бейнелейдi. Аталған топқа, сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында жайласқан.
Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз бай-ланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.
Түйiсну түйсiктерi əсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне тiкелей жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы ретiнде терi сезуi мен дəм сезуiн келтiруге болады.
Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүше-лерге бiршама қашықтықтан əсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, есiту жəне көру түйсiктерi.
Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген:
1)протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы (аффектi), толық жiктелiп, мекенделмеген органика-лық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.);
2) эпикритикалық - жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себеп-салдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.

5. Түйсiк қасиеттерi Түйсiктердiң əрқандай түрi өздерiнiң жеке ерекшелiк-терiмен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсiк сапасы, түйсiк қарқыны, түйсiк ұзақтығы жəне түйсiктiң кеңiстiк мекендiгi.
Түйсiк сапасы - нақты түйсiк түрiнiң оны басқа түйсiктерден ажырататын жəне сол түйсiк шеңберiнде көрiнiс беретiн дара негiзгi ерекшелiгi. Түйсiктердiң осы сапалық көп түрлiлiгi материя қозғалыс формаларының шексiз саналуан-дығын дəлелдейдi.
Түйсiк қарқыны - түйсiктiң сандық сипатын бiлдiре отырып, өз кезегiнде əсер етушi тiтiркендiргiштiң күшi жəне рецептордың қызметтiк жағдайымен анықталады.
Түйсiк ұзақтығы - түйсiктiң уақыт аралығына байла-нысты сипаты. Бұл қасиет сезiм мүшесiнiң қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негiзiнен, тiтiр-кендiргiш əсерiнiң уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келедi. Тiтiркендiргiштердiң сезiмдiк мүшеге əсер етуiмен түйсiк пайда бола қалмайды, ол үшiн бiршама жасырын (латенттiк) уақыт өтуi қажет. Əртүрлi түйсiктiң латенттiк уақыты əрқилы: мысалы, сипай сезу түйсiктерi үшiн 130 мс, ауырсыну түйсiктерiне - 370, ал дəм түйсiктерi үшiн 50 мс өзi де жеткiлiктi. Түйсiктiң тiтiркендiргiш əсерiнiң басталуымен бiрге туындайтынындай, оның сөнуi де əсер аяғына тура келедi. Түйсiктiң мұндай инерциясы əсерден соң да бiршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап тұрған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орнындағы жарқылдың бiраз уақыт елестеуi осы құбылыстан. Түйсiктер үшiн тiтiркендiргiштiң кеңiстiк мекендiгi де тəн қасиет. Əрқандай тiтiркендiргiш əсерi дене бетiнде, жалпы кеңiстiкте белгiлi мекенге ие. Сондықтан түйiсу түй-сiктерi тiтiркендiргiштер əсер еткен дене бөлiгiне тура келедi.
Түйсiк табалдырықтары. Сезiмталдық. Бұл пси-хологиялық түсiнiктер түйсiктердiң сандық өлшемiне бай-ланысты қасиеттерiнен. Адамның сезiм мүшелерi - өте нəзiк қызмет тетiктерi. Мысалы, адам көзi бiр шақырымнан 11000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бiздi тiтiркен-дiруге келтiретiн энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб.см. суды 1 градусқа көтеру үшiн 60000 жыл қажет екен. Алайда, көрiнген тiтiркендiргiш түйсiк туындатпайды. Оның пайда болуы үшiн тiтiркендiргiш белгiлi бiр сандық деңгейге көтерiлуi керек. Түйсiк пайда етушi тiтiркендiргiш əсердiң ең аз мөлшерi түйсiктiң табалдырық шыңы деп аталады. Осындай əсер деңгейiне жетпеген тiтiркендiргiштер түйсiк табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретiнде бiздiң денемiзге əр мезетте түсiп, қонып жатқан көзге көрiнбес шаң, тозаң түйiршiктерiн келтiруге болады. Табалдырық шыңы деңгейi сезiмталдық шың шамасын көрсетедi. Түйсiк тудырушы тiтiркендiргiш неғұрлым əлсiздеу келсе, яғни түйсiк табалдырығы төмен болса, сезiм мүшелдiгiң бұл əсерлердi қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезiмталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейдi, оған түйсiктiң жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезiмнiң жоғары табалдырығы деп əлiде өзiне сай сезiм туғыза алатын тiтiркендiргiштiң ең шекке жеткен күшiн айтамыз. Бiздiң рецепторларымызға əсер етушi сол күштердiң одан əрi көтерiлуi дене мүшелерiнде ауырсыну пайда етедi (шектен тыс дауыс құлақты жарып жiбередi, аса күштi жарқыл көздi тұндырып, кейiн жарыққа қарай алмаймыз). Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзгерiп отырады: қызмет түрi, адамның жасы, сезiм мүшелерiнiң қызметтiк қалпы, тiтiркендiру əсерiнiң күшi мен уақыт арасы жəне т.б.).
Икемделу құбылысы. Ескеретiн жəйт, бiздiң сезiм мүшелерiмiздiң сыртқы əсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкiндiгi өзгермелi, сондықтан жоғарыда əңгiме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Мысалы, қараңғылықта бiздiң көру сезiмiмiз əсерлене түседi де, ал күштi жарықта оның сезгiштiгi бəсеңдейдi. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда не жарықтан күңгiрт жайға енгенде байқаймыз. Бiрiншi жағдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздiң күштi жарыққа үйренiсуi үшiн бiраз уақыт қажет болады, ал екiншi жағдайда - керiсiнше, аса жарық жерден жарығы солғын бөлмеге кiрген адам алғашқыда көруден қалып, ендi осы жағдайға икемделуi үшiн оған 20-30м уақыт керек. Бұл келтiрiлген мысалдарымыз бiздiң көру сезiмiмiздiң қоршаған орта жағдайына орай өзгерiске енетiнiнiң дəлелi. Мұндай құбылыс сезiм органдарымыздың бəрiне де тəн. Осыдан, сезiм мүшелерiнiң тiтiркендiргiштерге бiртiндеп икемделуiн адаптация деп атаймыз.
Түйсiктердiң өзара ықпал жасау қасиетi Түйсiктердiң қарқындылығы тек қана нақты тiтiр-кендiргiштердiң күшi мен икемделу деңгейiне тəуелдi болып қалмастан, бiр уақытта сезiм мүшелерiне əсер етiп жатқан басқа да тiтiркендiргiштерге байланысты. Басқа сезу мүшелерiне түсiп жатқан əсерлерден түйсiк анализа-торларының өзгерiске келуi - түйсiктердiң өзара ықпалы деп аталады.
Мысалы, күштi дыбыстық əсер (ысқырық) көру түйсiгiн арттырады. Кейбiр иiстердiң көру мен есту сезiмдерiн көтеруi не əлсiретуi ғылымда дəлендеген (С. В. Кравцов). Түйсiкке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгi деңгейде бiр-бiрiне жүйелi ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды əрекетте əлсiз тiтiркендiргiштер, талдағыштар сезiмiн жоғарылатады, ал күштi тiтiркендiргiштер əлсiретедi - бұл жалпы заңдылық. Талдағыштардың өзара ықпалды əсерiнен сезгiш-тiктiң артуы - сенсибилизация деп аталады. Сезгiштiк деңгейi-нiң жоғарылауы екi сипатта көрiнiс бередi (А. Р. Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерiс-терге байланысты;
2) уақытша, субъектi кейпiне, физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған əсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшерi оның көру қабiлетiмен қатар, есту түйсiгiнiң де сезiмталдығын арттыруға себеп болады. Əдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстердi дұрыс ажыратуға жəрдемдеседi. Тiтiркендiргiштер сезiм мүшелерiнiң бiреуiнде ғана түйсiк туғызудың орнына сол сəтте басқа түйсiктердiң пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсiк пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады.
Мысалы, кейбiр адамдар бiреудiң ас, тағам жөнiнде əңгiмесiн есiти отырып, бұған қоса түрлi дəмдер мен дастархан бетiндегi түрлi түстердi де сезiнуi мүмкiн.
Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының өзара тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниенi бейнелеудегi сезiмдер тұтастығының жəне бiр дəлелi.

Қабылдау түсiнiгi
Жоғарыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға таным субъектісі ретінде
Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі
Түйсіктің түрлері
Түйсік және қабылдауға жалпы сипаттама
Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері
Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері
Психология ғылымының, пәнінің жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдеріне толық сипаттама
Психология пәні және оның міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері
Тері түйсіктері
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Пәндер