Ойын терапиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

2.png

СӨЖ

Тақырыбы: « Ойын терапиясы »

Тобы : ПХ - 521

Орындаған : Нұрмұхамет А. Т

Тексерген: Бураханова А. Т

Семей, 2016 жыл

Терапия - медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы. 19 ғасырда патологиялық анатомия, физиология, бактерология ғылымдарының қол жеткен ғылыми табыстары және Ж. Корвизар, Р. Лаэннек (Франция), Р. Брайт (Ұлыбритания), И. Л. Шенлейн, Й. Шкода, Л. Траубе(Германия, Австрия) және С. П. Боткин (Ресей), тағы басқа белгілі ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары Терапияның жедел дамуына негіз болды. 20 ғасырда Терапияның құрамынан кейбір бөлімдер (гастроэнтерология, нефрология, т. б. ) өз алдына жеке ғылыми сала болып бөлініп шықты. Радиоактивті изотоптар арқылы зерттеу кеңінен пайдаланылды.

Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.

Ойын терапиясы - балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын - жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.

Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Білім беру ісінде психологияның қажеттілгі өте ерте пайда болды, ал қазір психологиясыз қадам жасау мүмкін емес. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі - бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар.
Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар -З. Фрейд, К. Г. Юнг, К. Роджерс, Р. Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф. Е. Васильюк, Е. Т. Соколова, Т. А. Флоренская, А. Ф. Копьев, А. У. Хараш т. б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А. А. Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады. Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі ересектермен, өз қатарластарымен қарым-қатынасты тиімді жасалуы педагокикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Осы тұрғыда қорда материалдардың аздығы аңғарылмайтын сияқты-да. Балалардың жас ерекшеліктерін қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген [25]
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А, Роджерс К, Леви Д, Тафт Д және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудың тиімділігі, әлеуметтік- психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педогогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербицкий А. А, Пахомов Ю. В, Бедерханова В. И және т. б) .
Зерттеу жұмысының мақсаты. Кіші сынып оқушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.
Зерттеу болжамы. Баланың ішкі эмоционалдық күйі бала психикасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ойынды психокоррекция әдістерін қолдану бастауыш мектеп жасындағы балалардың қалыпты психикалық дамуын қамтамасыз етеді деген болжам жасаймыз.

1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.

Психологиялық ойын түрлері:

  1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.

  1. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?
  • Өзіңді қандай күйде бейнеледің?
  • Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?

Құқықтары қаралады:

Өмір сүруге құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.

Оқуға құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.

Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.

«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.

Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар.

  1. «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)

Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог) : «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз. Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз».

Талқылау:

  1. Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?
  2. Қандай әсер алдыңыз?
  3. Ойды игеру мүмкін ба екен?
  4. «Мен - үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
  3. Не себепті айырмашылықтар болады?
  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
  1. «Үш жыл» жаттығуы (15 минут)
  1. Бәріміз емін - еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.
  2. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.
  3. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.
  4. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.
  5. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?

Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз.

Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің өткізілуі бойынша анықтама:

Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту. Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты.

«Ұжымд Сергіту сәтінде

оқушылардың көңіл-күйін

және есте сақтауын дамытуға

арналған психологиялық

жаттығулар

1. «Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз) .

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар) .

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз) .

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.

2. Жағымды сөздер.

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

3. «Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын терапиясы әрекеті
Құммен сурет салу өнері
Ойын терапиясының түрлері және формалары
«Топтық коррекция»
Ата-аналарға ойын терапиясының маңыздылығын қалай түсіндіру қажет
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯ
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға арналған инновациялық технологиялар
Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz