Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ

ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1. Білім туралы мәліметтердің статистикалық

есебін ұйымдастыру

1. 2 Жалпы мемлекеттік статистикалық есеп беру

1. 3 Ведомствалық статистикалық есеп беру

1. 4 Мектепке дейінгі ұйымдардың есеп беруі

2. Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің есеп беруі

2. 1 Бастапқы кәсіптік-техникалық мектептің есеп беруі

2. 2 Мемлекеттік статистика органындағы статистикалық

жұмыстардың ұйымдастырылуы

2. 3 Мектепке дейінгі ұйымдар № 85-К нысаны бойынша

мемлекеттік есеп беру тәртібі

1. Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру

1. 1. Білім туралы мәліметтердің статистикалық

есебін ұйымдастыру

Білім беру статистикалық заңнамасы Қазақстан Республикасының 1997 жылы 7 мамыр № 98. 1. «Мемлекеттік статистика туралы» заңға сәйкес жүргізіледі.

Жинақтаудың негізгі принциптері, статистикалық мәліметтерді өңдеу, осы заңмен анықталады. Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты Халықаралық стандартқа және ғылыми әдістемеге бағытталған. Статистикадағы негізгі саясат алғашқы мәліметтер жүйесінің бірегейлік қағидасын ұстанады. Мемлекеттік статистикалық бақылаудың саны және статистикалық жоспардың орындалғаны Қазақстан Республикасының Үкіметімен бақыланады.

Білім беру статистикасы - мемлекеттік және ведомствалық, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігімен және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен, басқа да атқарушы органдармен іске асырылады.

Білім беру жөніндегі статистикалық бақылаудың формалары мынадай:

  • жалпы мемлекеттік есеп беру;
  • ведомствалық-статистикалық есеп беру;
  • арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау;
  • анкеталар, декларациялар, корреспонденттік және инспекциялық бақылау, есепке тұрғызу немесе тізімге алу.

1. 2 Жалпы мемлекеттік статистикалық есеп беру

Жалпы мемлекеттік статистикалық есепте статистикалық бақылаудың барлық түрлері кіреді (бақылау, кезеңдік есеп беру, бір күндік есеп, санақ түрлері, ішінара бақылау, сұрақ-жауап, корреспонденттік және инспекциялық т. б. бақылаулар) . Бағдарламалар мен форма түрлері және оларды толтырылу ережелері Қазақстан Республикасының Статистика Агенствосымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Білім беру заңына сәйкес, Мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде үздіксіз (үзіліссіз) және жалғастырушылық білім жоспары 4 деңгейден тұрады:

  • мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту (1-6 жасқа дейінгі балалар) ;
  • орта білім беру (жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік білім беру органдары) ;
  • жоғарғы мамандандырылған оқу орындары (ВУЗ) ;
  • жоғарғы орыннан кейінгі білім.

Білім беру заңына сәйкес қазіргі мемлекеттік білім беру жүйесіндегі статистикалық бақылау ҚР статистика агенттігі арқылы жүргізіледі.

1. 3 Ведомствалық статистикалық есеп беру

Облыстарға ведомствалық статистикалық іс-әрекетінің қорытындысы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі деңгейімен анықталады. Білім беру статистикасындағы ведомствалық есептің мәнді есептеу көрсеткіші болып табылады. Қазіргі кездегі ведомствалық талдау мыналарды сипаттайды: мұнда жиналған мәліметтер өзінің көрсеткіштерін толық сипаттай алады, есептерді шешеді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі ведомствалық есеп беру формасымен статистикалық ақпараттарды жинақтап және өңдеу жүргізеді. Білім беру туралы мәліметтер арқылы - білім жүйесінің сандық және сапалық жағдайын мінездемелейді. Осы жинақталған мәліметтер арқылы білім беру саласының мәліметтерін, деңгейі бойынша білім беру, мекемелерінің санын, қабылдаған. Білім алушылардың санын, аяқтаушылар саны, оқу процессінің ішкі тиімділігін, оқытушылардың сандық және сапалық мінездемесін, білім беру мекемелерінің материалдық- техникалық базасын біліумізге, сонымен қатар есеп беру формасы арқылы да білім беру есебін ұйымдастыруға болады.

1. 4 Мектепке дейінгі ұйымдардың есеп беруі

Мемлекеттік статистикалық есеп «Мектепке дейінгі ұйымдастыру есебі» № 85 К формасы бойынша жүргізіледі. Есептің формасы Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 30 С бұйрығымен бекітілген. № 85 К форма бойынша статистикалық есепті жылына ең кемінде 10-ай жұмыс істейтін мектепке дейінгі тұрақты ұйым (бала бақша, мектеп-бала бақша, бөбекжай-бақша және бөбекжай) ведомствалық иелігі мен меншік нысанына қарамастан жасайды.

Аталған нысан бойынша статистикалық есепті, сондай-ақ жыл ортасында немесе жыл алдында ашылған және осыған байланысты өткен күнтізбелік жылда он айдан аз уақыт жұмыс істеген, мектепке дейінгі ұйым, сондай-ақ есепті жылда күрделі жөндеуде тұрған мектепке дейінгі тұрақты ұйым да жасайды. Мектеп-бала бақша кешені, есепті тек мектеп жасына дейінгі балаларға ғана толтырылады.

Мектепке дейінгі маусымдық ұйым № 85 К нысаны бойынша есеп жасамайды. Статистикалық бақылау біріңғай есепке алу есебін іске асырады, яғни мектепке дейінгі ұйымдардың барлығын есепке алады. Осы аталған статистикалық жинақ жылына 1 рет жүргізіледі.

Есеп берудің барлық көрсеткіштері алғашқы есептік құжат мәліметтеріне байланысты толтырылады. Бұйрық пен жарлық кітабы, балалардың жолдамасы, тәрбиешілердің жеке жұмысы, балалардың медициналық картасы, инфекциялық ауруларды тізімге алу, күнделікті бала бақшаға келу табелі, техникалық паспорт және т. б. құжаттар бар. Жыл сайын берілген мәліметтердің көрсеткіштер тізімі. Білім және Ғылым Министрлігі мен келісіліп жасалады, керек болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Ақпарат алушы есеп көрсеткіштерінің құпиялылығын сақтауға кепілдік береді. Мектепке дейінгі тұрақты ұйымдар 5 қантарда табыс етеді.

2. Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің есеп беруі

2. 1 Бастапқы кәсіптік-техникалық мектептің есеп беруі

Мемлекеттік статистикалық есеп беру «Күндізгі жалпы білім беру мектебінің есебі» № ОШ-1 нысаны бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 19-Г бұйрығымен бекітілген № ОШ-1 нысаны бойынша статистикалық есепті әрбір мемлекеттік және мемлекеттік емес күндізгі жалпы білім беретін мектептер (бастауыш, негізгі, орта, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп, айрықша тәрбие жағдайларына мұқтаж балаларға арналған мектеп, жалпы типті мектеп-интернат, балалар үйлері жайындағы мектеп, санаторийлік-орман мектебі, балалар санаторийі мен емдеу мекемелері жайындағы мектеп, арнайы пәндермен қатар жалпы білім беретін, орта мектептің көлемінде жалпы білімдік пәндер оқытылатын орта музыкалық, көркем сурет және спорт мектептері) ведомствалық бағыныштылығына қарамастан толтырады.

№ ОШ-1 нысаны бойынша есеп оқушылардың жеке істерінің, оқушылар жазылған алфавиттік кітаптің, бұйрықтар кітабінің, оқу және шаруашылық жабдықтарды түгендеу кітабы мен басқа да құжаттардың бастапқы есепке алу деректерінің негізінде жасалады. Бланктегі барлық сұрауларға жауаптар толық, сөздерді қысқартпай берілуі тиіс. Статистикалық есеп беру жалпы орта білім берумен айналысатын барлық ұйымдардың жаппай есеп беру әдісімен іске асырылады. Аталған статистикалық есеп беру жаңа оқу жылында жағдайы бойынша жылына 1 рет жүргізіледі. Күндізгі орта білім беретін мектептер 7 қыркүйекте табыс етеді.

Бланкіні толтырған кезде мыналарға айрықша назар аудару керек: Анықтамаларда мектептерді типтері мен түрлері бойынша тиісті коды көрсетіледі.

Мектеп типтері: 1 - бастауыш, 2 - негізгі, 3 - орта, 4 - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп немесе мектеп-интернат, Б - айрықша тәрбие жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдер үшін арнаулы мектеп, 6 - мектеп - балабақша кешені, 7 - орта немесе жоғары орны жанындағы мектеп (сыныптар) . Мектеп типін анықтаған кезде жергілікті үкімет органының мектеп типін белгілеген шешімін басшылыққа алған жөн. Егер мұндай шешім болмаса, орта мектептерде, мысалы, өз құрамында тоғыздан жоғары 1-11 (12) немесе 10-11 (12) сыныптары (1-9 сыныптарсыз) бар мектептер жатады.

Мектеп түрлері: 1 - түрлі пәндерді тереңдетіп оқитын мектеп, 2 -гимназия, 3 - лицей, 4 - түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптары бар мектеп, 5 - гимназиялық сыныптары бар мектеп, 6 - лицейлік сыныптары бар мектеп, 7 - мектеп интернат.

Бағыныштылық белгісі - меншіктің мемлекеттік нысанындағы мектептер. Министрліктің немесе мектеп бағынатын ведомстваның атауын көрсетеді. Мемлекеттік емес оқу орындары құрылтайшысы туралы мәліметтерді, лицензияның берілген күнін, кімнің номер бергенін және оның қолдану мерзімін көрсетеді. Бұл құжаттар болмаған жағдайда есепте «жоқ» деп көрсетіледі.

Мемлекеттік статистикалық есеп беру «Кәсіптік-техникалық мектептің есебі» № 1 кәсіптік-техникалық (профтех) нысаны бойынша жүргізіледі. Аталған нысан түрі Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 19-Г бұйрығымен бекітілген № 1 кәсіптік-техникалық нысаны бойынша есепті бастауыш кәсіптік білімді мамандар даярлайтын және өзінің тұрған жеріне тіркеу туралы құжатты белгіленген тәртіп бойынша (лицензиялау мен аккредитациядан өткен-өтпегеніне қарамастан) алған әрбір мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны ведомствалық бағыныштылығына қарамастан толтырады.

Білікті жұмысшылар даярлайтын негізгі мекеменің басқа облыстың аумағында тұратын филиалдары, яғни құрылымдық бөлімшелері есепті өз бетінше табыс етеді.

Оқу орындары есепті өзі тұрған жеріндегі статистика органына 10 қазаннан кешіктірмей табыс етеді. Оқушылардың саны мен қозғалысы туралы есептің барлық көрсеткіштері былайша толтырылады:

- мемлекеттік тегін білім алатын оқушылар контингенті үшін;

  • «оқушылардың есімдері жазылған кітаптағы» жазулар негізінде, ал оның өзі осы оқу орны басшысының «оқушыларды оқуға қабылдау және шығару туралы бұйрықтар кітабындағы» бұйрықтардың негізінде;
  • ақылы оқу түрінде қабылданатын оқушылар контингенті үшін-сол контингент туралы бұйрықтардың негізінде.

Орта кәсіби білім беру мектебінің есебі

Мемлекеттік статистикалық есеп «Колледж есебі» № 2-НК нысаны бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 19-Г бұйрығымен бекітілген № 2-НК нысаны бойынша мемлекеттік статистикалық есепті орта кәсіптік білімді мамандарды даярлайтын және өзінің тұрған жерінде тіркеу туралы құжатты белгіленген тәртіп бойынша (лицензиялау мен аккредитациядан өткен-өтпегеніне қарамастан) алған әрбір мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны ведомствалық бағыныштылығына қарамастан жасайды.

Деректер оқудың күндізгі, кешкі және сырттай нысандары бойынша жеке-жеке және колледж бойынша тұтастай толтырылады. Колледжге түсуге даярлау жөніндегі ақылы курстардың шет елге оқуға жіберілген тыңдаушылары туралы деректер есепке еңгізілмейді.

Есепті табыс ету мерзімі

№2-НК нысаны бойынша есеп тиісті жылдың 1 - қазанындағы жағдай бойынша жасалып, оқу орны тұрған жердегі статистика органына 5 қазаннан кешіктірмей жіберіледі. Егер есеп жіберілгеннен кейін оған нақтылаулар немесе өзгерістер енгізілсе, онда олар есептің жіберілген органына хабарлануға тиіс.

Жоғары оқу орындарының есеп беруі

Мемлекеттік статистикалық есеп «Жоғары оқу орнының есебі» № 3-НК нысаны бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 19-Г бұйрығымен бекітілген № 3-НК нысаны бойынша есепті жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлайтын және өзінің тұрған жерінде тіркеу туралы құжатты белгіленген тәртіп бойынша аталған әрбір мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орнын (ЖОО) ведомствалық бағынышына қарамастан толтырылады.

Деректер оқудың күндізгі, кешкі және сырттай нысандары бойынша жеке-жеке және жоғары оқу орны бойынша тұтастай толтырылады. Жоғары оқу орындарының дербес филиалдары есепті өз бетінше табыс етеді. ЖОО-ға түсуге даярлау жөніндегі ақылы курстардың тыңдаушыларды, шетелге оқуға жіберілген студенттер туралы деректер есепке еңгізілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелге оқуға кеткен студенттеріде жалпы санға кіргізілмейді. Берілген есеп беру көрсеткіштері - оқу орнындағы студенттік бөлімшелерде, бухгалтерияда, кадр бөлімінде және т. б. бөлімшелердегі алғашқы есеп беру құжаттарымен толтырылады.

Есепті табыс ету мерзімі

№ 3-НК нысаны бойынша есеп тиісті жылдың 1 - қазанындағы жағдай бойынша жасалып, оқу орны тұрған жердегі статистика органына 5 қазаннан кешіктірмей жіберіледі. Егер есеп жіберілгеннен кейін оған нақтылаулар немесе өзгерістер енгізілсе, онда олар есептің жіберілген органына хабарлануы тиіс.

2. 2 Мемлекеттік статистика органындағы статистикалық

жұмыстардың ұйымдастырылуы

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің негізгі міндеттері:

- статистикалық мәліметтерге сүйене отырып Республика бойынша болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау;

  • статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қаматамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының статистика органдарының құрылымы:

1 сызба нұсқада көрсетілген

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының конституциясына «Білім туралы заңына» және нормативтік, құқықтық актілерді негізге ала отырып жасалған.

Білім туралы заң білім беру аумағында қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекеттік саясаттың негізгі принципін анықтайды және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтай отырып, біліммен қамтамасыз етеді.

Білім беру статистикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 7 мамыр № 98. 1. “Мемлекеттік статистика туралы” заңға сәйкес жүргізіледі.

1- сызба. Мемлекеттік органдарының құрылымы

Мемлекттік статистика жетілдіру жөніндегі қоғамдық кеңес: Мемлекттік статистика жетілдіру жөніндегі қоғамдық кеңес
Мемлекеттік органдардағы ведомствалық статистика: Мемлекеттік органдардағы ведомствалық статистика
:
Статистиканың уәкілетті органы: Статистиканың уәкілетті органы
:
Республикалық кәсіпорындар: Республикалық кәсіпорындар

Республикалық деңгей

Ішкі істер МинистрлігіҚаржы МинистрлігіДенсаулық сақтау МинистрлігіИндустрия және саудаМинистрлігіАуыл шаруашылығыМинистрлігіМәдениет, ақпарат және спорт МинистрлігіӘділет МинистрлігіЭнергетика және минералды ресурстармен қоршаған ортаны қорғау МинистрлігіКөлік және коммуникацияМинистрлігіЕңбек және халықтыәлеуметтік қорғау МинистрлігіТөтенше жағдай МинистрлігіБілім және Ғылым МинистрлігіЖер ресурстарын басқару агенттігіАқпараттандыру жәнебайланыс Министрлігі:

Ішкі істер Министрлігі

Қаржы Министрлігі

Денсаулық сақтау Министрлігі

Индустрия және сауда

Министрлігі

Ауыл шаруашылығы

Министрлігі

Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігі

Әділет Министрлігі

Энергетика және минералды ресурстармен қоршаған ортаны қорғау Министрлігі

Көлік және коммуникация

Министрлігі

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау Министрлігі

Төтенше жағдай Министрлігі

Білім және Ғылым Министрлігі

Жер ресурстарын басқару агенттігі

Ақпараттандыру және

байланыс Министрлігі

:
ҚР статистика агенттігі(186 бірлік):

ҚР статистика агенттігі

(186 бірлік)

:
ҚР статистика агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы»(АЕО):

ҚР статистика агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы»

(АЕО)

Ішкі істер МинистрлігіҚаржы МинистрлігіДенсаулық сақтау МинистрлігіИндустрия және саудаМинистрлігіАуыл шаруашылығыМинистрлігіМәдениет, ақпарат және спорт МинистрлігіӘділет МинистрлігіЭнергетика және минералды ресурстармен қоршаған ортаны қорғау МинистрлігіКөлік және коммуникацияМинистрлігіЕңбек және халықтыәлеуметтік қорғау МинистрлігіТөтенше жағдай МинистрлігіБілім және Ғылым МинистрлігіЖер ресурстарын басқару агенттігіАқпараттандыру жәнебайланыс Министрлігі: Облыстық деңгей
Ішкі істер МинистрлігіҚаржы МинистрлігіДенсаулық сақтау МинистрлігіИндустрия және саудаМинистрлігіАуыл шаруашылығыМинистрлігіМәдениет, ақпарат және спорт МинистрлігіӘділет МинистрлігіЭнергетика және минералды ресурстармен қоршаған ортаны қорғау МинистрлігіКөлік және коммуникацияМинистрлігіЕңбек және халықтыәлеуметтік қорғау МинистрлігіТөтенше жағдай МинистрлігіБілім және Ғылым МинистрлігіЖер ресурстарын басқару агенттігіАқпараттандыру жәнебайланыс Министрлігі: Агенттің 16 аумақтық органдары (1280 бірлік облыстық деңгейде)
:
ҚР статистика агенттігі(186 бірлік): ҚРСААЕО-ның 16 өнірлік еншілес мемлекеттік мекемелері
Ішкі істер МинистрлігіҚаржы МинистрлігіДенсаулық сақтау МинистрлігіИндустрия және саудаМинистрлігіАуыл шаруашылығыМинистрлігіМәдениет, ақпарат және спорт МинистрлігіӘділет МинистрлігіЭнергетика және минералды ресурстармен қоршаған ортаны қорғау МинистрлігіКөлік және коммуникацияМинистрлігіЕңбек және халықтыәлеуметтік қорғау МинистрлігіТөтенше жағдай МинистрлігіБілім және Ғылым МинистрлігіЖер ресурстарын басқару агенттігіАқпараттандыру жәнебайланыс Министрлігі: Аудандық деңгей
Ішкі істер МинистрлігіҚаржы МинистрлігіДенсаулық сақтау МинистрлігіИндустрия және саудаМинистрлігіАуыл шаруашылығыМинистрлігіМәдениет, ақпарат және спорт МинистрлігіӘділет МинистрлігіЭнергетика және минералды ресурстармен қоршаған ортаны қорғау МинистрлігіКөлік және коммуникацияМинистрлігіЕңбек және халықтыәлеуметтік қорғау МинистрлігіТөтенше жағдай МинистрлігіБілім және Ғылым МинистрлігіЖер ресурстарын басқару агенттігіАқпараттандыру жәнебайланыс Министрлігі: Статистиканың 187 аудандық бөлімдер (агенттік, аумақтық органдардың құрамында)

Статистикалық есеп беруде мәліметтерді жинау, өңдеу, талдауында статистика органдарының ретпен берілген принциптері бар:

  1. Статистикалық тізімінде есепке алынған мекемелердің саны.
  2. Білім беру туралы статистикалық есепті жүргізгенде арнайы бекітілген нысандар және оларды толтыру ережелерімен мекемелерге таратылады.
  3. Толтырылған және құрылған есеп облыстық статистикалық басқармаға беріледі.
  4. Облыстық статистика басқармасы білім мекемелерінің берген статистикалық есебін жинақтайды.
  5. Облыстар бойынша жинақталған статистикалық мәліметтерді автоматты түрде техникалық ақпарат тасушыға енгізеді де арифметикалық тексеру түрінде жүргізіледі.
  6. Егер арифметикологиялық қате кетсе, сол білім беру мекемеге қатені түзету туралы сураныс ұсынылады.
  7. Ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізіледі.
  8. Кеткен барлық кателерді түзетуден кейін, облыс деңгейінде жинақталған мәліметтер құрылады.
  9. Райондардан жинақталған мәліметтер облыс деңгейінде білім беру мекемелерінің жеке форма ретінде райондарды топтастырады.
  10. Облыс деңгейінен жинақталған алғашқы мәліметтер модельдік байланыс арқылы Қазақстан Республикасының статистика Агенствосына тапсырады.
  11. Қорытынды мәліметтер Республика деңгейінде құрылады. ҚР статистика Агенттігінде облыстан жинақталған мәліметтер негізінде Республика бойынша мәліметтерді жинақтап қорытынды шығарады.
  12. Жинақталған статистикалық мәліметтер жалпы республика үшін, республика облыстары үшін, білім мекемелерінің меншік түріне байланысты қалыптасады.
  13. 1998 жылдан бастап Республикамызда білім беру статистикалық көрсеткіштері бойынша ақпараттық мәліметтер базасы құрылған.
  14. Өңделген есептің қорытындылары бойынша статистикалық бөллетендер шығарылады. Олар үкімет органдарына (президенттік әкімшілігіне, премьер министр канцелериясына, сенат пен мәжілісіне, ведомствалар мен министрліктерге бағытталады) .
  15. Өңделген есептің қорытындысы бойынша ақпараттарға (мәліметтерге) талдау жасалады. Талданған мәліметтерге баяндамалар жасалынып, үкімет органдарымен, министрліктермен, ведомстваларға және бұқаралық ақпарат көздеріне жіберіледі, яғни баспаға шығарылады.

Мемлекеттік статистика органындағы білім беру туралы

мәліметтердің есебінің ұйымдастырылуы

ҚР статистика жөніндегі агенттігі: ҚР статистика жөніндегі агенттігі
Ақпараттарды өңдеу орталығы (ИВЦ): Ақпараттарды өңдеу орталығы (ИВЦ)
Облыстық және қалалық статистика басқармасы: Облыстық және қалалық статистика басқармасы
:
Алматы қаласыАстана қаласы:

Алматы қаласы

Астана қаласы

Қалалық және аудандық статистика бөлімдері: Қалалық және аудандық статистика бөлімдері

Мектепке дейінгі мекемелер: Мектепке дейінгі мекемелер
:
Бастапқы кәсіптік білім беру мектептері: Бастапқы кәсіптік білім беру мектептері
:
Орта маман-дандырылған білім беру мектептері (колледж):

Орта маман-

дандырылған білім беру мектептері (колледж)

:
Жоғары оқу орнынан кейін-гі білім беру ұйымдары:

Жоғары оқу орнынан кейін-

гі білім беру ұйымдары

Жалпы орта білім беретін мектептер: Жалпы орта білім беретін мектептер
:
Жоғары оқу орындары (ЖОО): Жоғары оқу орындары (ЖОО)

Жалпы білім берудегі мемлекеттік статистикалық бақылау жүйесі-статистикалық ақпароаттарды (мәліметтерді) ҚР статистика Агенттігі арқылы өтуін қарастырады. Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі ведомствалық есеп беру формасымен статистикалық ақпараттарды жинақтап және өндеп жүргізеді.

Мемлекеттік статистика көрсеткіштерінің жүйесінің түрлері статистика агентігі арқылы жүзеге асады. Білім беру саласындағы көрсеткіштерді сандық және сапалық жағдайын мінездемейді. Осы көрсеткіштер арқылы білім беру саласының мәліметтерін деңгейі бойынша білім беру мекемелерінің санын, қабылдаған студенттердің саны, бітірген мамандардың саны, оқу процесінің ішкі тиімділігін, оқытушылардың сандық және сапалық мінездемесін, білім беру мекемелерінің материалдық - техникалық базасын білуімізге болады.

2. 3 Мектепке дейінгі ұйымдар № 85-К нысаны бойынша

мемлекеттік есеп беру тәртібі

Есептің барлық көрсеткіштері мектепке дейінгі ұйымдардағы бастапқы есепке алу құжаттамалары - бұйрықтар мен жарлықтар кітабы, балаларға арналған жолдамалар, қызметкерлердің жеке іс - қағаздары, сәбидің медициналық картасы, жұқпалы ауруларды тіркеу журналы, балалардың күн сайын келу есебінің табелі, техникалық төл құжат т. с. с. деректері бойынша есепті толтырғанда мыналардың есте болуы қажет:

1. «Балалар саны» деген бөлімде мектепке дейінгі ұйымның тізімінде есепті жылдың аяғында (31-желтоқсанда) бар балалардың саны туралы деректер бұл күні мектепке дейінгі ұйымға келгеніне немесе келмегеніне қарамастан келтіріледі. Қыстың 1-2 айына үзіліспен істейтін мектепке дейінгі тұрақты ұйым балалардың саны туралы деректерді үзіліс алдындағы соңғы жұмыс айындағы тізім бойынша береді.

2. «Есепті жылдың аяғында топтар мен орындардың нақты бары» деген бөлімде барлық жастағы балалардың топтары мен орындарының саны туралы мәліметтер 3 жасар және одан ересек балалар жөнінде жеке көрсетіледі.

3. «Есепті жылда мектепке дейінгі ұйымда болуы» деген бөлімде есепті жылдың әрбір күнінде мектепке дейінгі ұйымға келген және келмеген балалардың санын (адам-күн) жиынтықтау жолымен келіп-кету табелі негізінде келген және келмеген күндер саны анықталады.

Мектепке дейінгі ұйымда болған күндердің есебін алғанда оның ішінара (толық жүктемеген емес, бір мезгіл ғана) жұмыс істеген күндері де ескеріледі. Баланың мектепке дейінгі ұйымда тәулік ішінде қанша уақыт болуына қарамастан аз ғана уақытқа келіп-кетуі толық бір күн деп есептеледі. Келмеген күндер саны туралы деректер де тиісінше толтырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Еңбек статистикасы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
ШҚО статистистика департаменті бағдарламалық қамтамасыздандыруын игеру бөлімі бойынша ақпараттық веб парақшасын құру
Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Мемлекеттік қызметті бағалау жүйесін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz