Мектепке психологиялық даярлық



Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет. Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.
Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін «кішкентай балаша» ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.
Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, «2» қояды, «ойнауға уақыт болмайды», «мектепте бағдарлама қиын» деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.
Мектепке психикалық дайындығы:

1.Мотивациялық дайындық – мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;
2.Ақыл-ойының немесе танымдылық дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің белгілі қорының бар болуы;
3.Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;
4.Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде көзқарасы және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және еңбек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Леонтьев А.Н. Психическое развитие ребенка в дошкольном возрасте. М-Л., 1948.
2. фПодготовка детей к школе в детском саду. // Под ред. Ф.А.Сохина, Т.В.Тарунтаевой. М., 1978.
3. Эльконин Д.Б. Психологические аспекты проблемы готовности к обучению в школе. М., 1971., ч. 1.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мектепке психологиялық даярлық

Тобы: ПХ - 521

Орындаған: Нұрмұхамет А.Т
Тексерген: Бураханова А.Т

Семей, 2016 жыл
Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет. Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.
Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін кішкентай балаша ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.
Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, 2 қояды, ойнауға уақыт болмайды, мектепте бағдарлама қиын деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.
Мектепке психикалық дайындығы:

1.Мотивациялық дайындық - мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;
2.Ақыл-ойының немесе танымдылық дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің белгілі қорының бар болуы;
3.Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;
4.Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде көзқарасы және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және еңбек.
Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттындыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып сманалатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объктивті қарым-қатынастар түңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде оның жағымды да, жарасымды мінез бітістерін қалыптастыруда ата-ананың қызметі маңызды. Осындай маңыздылықты әрі қарай артыратын мектепке дейінгі мекеме мен мектепке дейінгі орталықтар және мектеп педагогтар мен қызметкелердің басты міндеті. Себебі, ата-аналарға педагогикалық білім мен педагогикалық кеңес, бағыт-бағдар беретін педагогтар екенін ұмытпауымыз қажет. Яғни, ата-ананың рухани өсуіне жағдай туғызып отыру қажеттігі туындайды. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерінің даму өрісін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Бала үшін отбасы - ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға элементіне бастау беріп, оның барша өмірінің сипатын қалайды. Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және талап-тәртіп ұстанымдарына тән. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар туған күннен бастап, балаға болатын үздіксіз де, тұрақты ықпал; отбасындағы қаоым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы туралы
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Психологтың мектепке даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысы
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Пәндер