Діни-этикалық құндылықтар және исламдық қаржы жүйесі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Діни-этикалық құндылықтар және исламдық қаржы жүйесі

1. 1Исламдық қаржы жүйесінің қалыптасу тарихы . . .

1. 2 Құран және сүннет - ислам қаржы жүйесінің негізгі құндылықтары ретінде . . .

2 Ислам экономика-қаржылық тұғырнамасының діни ұстанымдары

2. 1 Исламдық қаржы жүйесінің теориялық негіздері . . .

2. 2 Мұсылмандық іскерлік этикасының бірегейлігі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында өзіндік ерекшеліктері бар ислам қаржы жүйесінің діни негіздері айқындалып, қаржылық қатынастардың қалыптасу кезеңдері мен діни реттеу жүйесімен байланысы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің Жолдауында елімізді әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиялық міндеттерін алға қойғаны және оны халық тарапынан толық қолдау тапқандығы белгілі. Жолдауда көрсетілгендей, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуі Қазақстанның өз даму сатысында ерекше экономикалық сатыға көтеріліп, ел тарихындағы жауапты кезеңде тұрғандығын танытады. Қазіргі таңда елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған экономикалық реформалар өз жемісін беруде. Қазақ елін әлемдердің ең дамыған елдердің қатарына қосу басым бағыты алғашқы кезде экономика мен қаржы саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған болса, уақыт өте келе әрбір адамның және қоғам өмірінің сұраныстарын барынша қамтуға талпыныс білдіретін халықаралық ұстанымдарға сәйкестендіру түсуде.

Исламның қаржы жүйесін зерттеуде атап керлік жай - оның исламдық не хритиандық, арабтық не американдық болып бөлінбеуі. Қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылатын экономика өндіріс саласында, тауар айырбастау мен таратуда барлық мемлекетке бірдей болып табылады. Мұндай экономика діни, ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайтын мәселелерге негізделмей, жалпы адамзат игілігіне жол бастауы тиіс, яғни ел мүддесін ескеретін қаржы-экономикалық қатынастар негізінде бір ғана қағида болу керек, ол - адалдық пен әділеттілік, адамдар арасындағы келісім-шарт адалдығы, мемлекеттер арасындағы әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынасты шешудегі адалдық. Ислам қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі басқа қаржы жүйелерден аса ерекшелігі болмағаныменқаржылық теория және экономикалық ой тарихында ол ерекшеленіп, батыс экономикасынан өзгешеленіп, әлемдік тәжірибеде «ислам экономикасы» (ислам діни қағидаларына негізделген экономика) термині тұрақтанды. Бірінші негізде, ислам діни экономикалық қатынастар негізінде бір Аллаһқа сену және Аллаһ алдында, адамзаттың алдында адал болу, сол адалдық, әділеттілік негізінде қоғамдық қарым-қатынастарды құру жаупкершілігі қойылған. Қай істе де, не нәрсеге де адал болу - бұл исламның бірден-бір негізі болып табылады және бұл қағида ислам қаржы-экономикалық жүйенің іргесі болып табылады.

Бұл жұмыста ислам қаржы жүйесі және оның қағидалары мен басымдықтары, қоғамды рухани-ізгілік тәрбиелеудегі исламның рөлі мен орны жан-жақты, кең ауқымда қарастырылады.

Зерттеудің нысаны мен пәні. Дипломдық жұмыстың нысаны - ислам қаржы жүйесі. Зерттеу пәні - ислам қаржы жүйесінің діни құндылықтарын айқындау.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты ислам қаржы жүйесінің діни тұрғыдан зерттеу. Дипломдық жұмыс еңбегінің мақсатына сәйкес келетін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Қаржылық-экономикалық жүйелердің қалыптасуындағы діни көзқарастардың әсерін анықтау;
  • Ислам этикасының, оның ішінде іскерлік этикасының бірегейлігін және шаруашылық әрекетке ықпалын анықтау;
  • Ислам қоғамындағы қаржылық қатынастардың діни нормаларының ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Ислам экономикасының әлемдегі даму динамикасы және қазіргі Қазақстан қоғамындағы алатын орнын көрсету.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы.

Зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған қорытындылары осы мәселені болашақта зерттеуге және дінтану ғылымымен шектес пәнаралық мәселелерді шешуге пайдалы болары сөзсіз. Жұмыстың материалдары мен нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында философия, дінтану бөлімдері студенттерінң ғана емес әлеуметтану, экономика, саясаттану мамандықтарында да арнаулы курстарында, семинарларында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Исламдық қаржы жүйесінің қалыптасу тарихы

Қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдерінде адамдардың экономикалық әрекеттің құбылыстары мен формаларына түсіндірме іздеумен, экономикалық шындықтың толыққанды біртұтас бейнесін қалыптастыруға талпынысымен қатар жүріп келді. Бастапқы кезеңінде бұл үзікті, жүйеленбеген білім түрінде болды. Экономикалық-қаржылық теория түріндегі тұтас таным формасы ретінде қалыптасуы нарықтық қатынастың пайда болуымен тығыз байланысты. Біріншіден, нарық - экономикалық жүйені реттейтін және шаруашылық нәтижелерін қалыптастыратын ғылымға мәлім бірден-бір механизм. Капитализмге дейінгі қоғамда экономикалық белсенділіктің нәтижесі нақты тәуелсіз факторларға - жердің құнарлылығы, ауа-райы, бейбіт немесе соғыс жағдайы, сауда жлдарының жағдайына байланысты болды. Нарықтық жүйеде бағаның өзгерісін басқарушы экономикалық коньюктура ұғымы қалыптасады.

Екіншіден, нарықтық қатынастар моделіне экономикалық динамика секілді кеңінен таралуға ұмтылу қасиеті тән. Бұл жағдайда экономикалық теория мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуының қажетті алғышарты болып табылады.

Экономикалық теориялардың дамуынада диалектикалық заңдылықтарға тәуелді бірнеше кезеңді бөліп қарастыруға болады: пайда болуы, қоғамда басым экономикалық-әлеуметтік көзқарастарымен күресі мен кемелденуі, теориядағы ішкі қарама-қайшылықтардың туындауы мен құлдырау кезеңі.

Қаржылық көзқарастардың дамуының қайнар көзі ретінде келесі себептерді айтуға болады:

  1. Қоғамдық болмыстың, шаруашылық өмірдің объективті қажеттіліктері.
  2. Әлеуметтік-таптық қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар.
  3. Теорияның дамуындағы ішкі қайшылықтар.

Ғылым тарихында экономикалық болмысты түсіндірудің бірнеше басым теорияларын атап көрсетуге болады. Соның ішінде классикалық, маркстік, тарихи, институционалды, кейнстік мектептер. Әрқайсысы алдына нақты мақсат қойып, өзіндік әдістермен шешуге тырысады. Алайда қайсы бірін алып қарасақ та алға қойылатын негізгі мәселер келесі:

  1. Байлық көзін іздестіру;
  2. Экономикадағы мемлекеттің алатын орны;
  3. Меншікке қатынас (ортақ және меншік) ;
  4. Алдында өткен және келесі құрылыммен қатынас;
  5. Натуралды және таурлы өндірістердің қайшылықтары;
  6. Еңбек пен жұмыс күшіне қатынас;
  7. Қаржылық қатынастар; банктерге қатынас; салықтық қатынас;

Экономикалық ойлардың ең көне бастамалары Ежелгі Шығыс елдерінен іздеу керек. Бұл қолайлы экономикалық жағдайдың, тағам мен жылы климаттың болуымен байланысты. Өз ретінде осы факторлар адамдардың шоғырлануына, аңшылық, малшаруашылық, жер өңдеудің пайда болуына алып келеді. Қазіргі кездегі араб-мұсылман елдерінің қаржылық мүмкіндіктерін ескерсек, осы елдермен тығыз саяси және экономикалық қарым-қатынастарды айрықша екпінмен дамытудың Қазақстан экономикасына тек оң ықпал ететінін болжау қиын емес. Бұл орайда исламдық сауда -саттық пен жалпы іскерлік этика мен этикеттің ерекшеліктері мен қыр-сырын, кәсіпкерліктің мәдени және ұлттық айрықшылықтарын жете білуді кәсіби оңтайлы нәтиженің алғышарты, біліктілік деңгейінің көрсеткіші деп санаған дұрыс. ХХ ғасырдың басында мұсылман реформаторы И. Гаспринский өзінің ресейлік мұсылмандық жайындағы жазбаларында былай дейді: « . . . пайда көру - адам іс-әрекетінің қозғаушы күші, алайда, ол мұсылман ұстанымының алдында дәрменсіз. Мәселен, Ресейде кабакта сауда жасайтын, немесе жаман кәсіп ететін бірде-бір мұсылманды таппайсыз».

Кәсіпкерлікке этика мен діннің жүйелендіруші ықпалы жайлы шетелдік және отандық зерттеушілер еңбектерінде бірталай қарастырылған. Батыс экономикалық ілімінде Т. Парсонсты атап өтуге болады. Оның айтуынша қандай да бір келісім шартта «шарттан тыс элементтердің» орын алуына байланысты, нарықтық экономика тек «белгілі адамгершілік-моральдік жүйе болғанда» жүзеге асып, нарықтың қарқынды дамуы конфессионалдық кешеннің қалыптасуын талап етеді. Сонымен қоса М. Вебердің мұрасында дін тұрғысынан жаңа шаруашылық формаларына қолдау көрсету қажеттілігі туралы идеяларды кездестіруге болады, немесе, Д. Маклеландтың «бизнесмен болсын, новатор болсын пайданы ұлғайтудан да күшті итермелеуші күшті керек етеді, кедергілерді ысыру үшін оған сенім қажет» деген ойын келтіруге болады.

Мұсылман теоретиктері ислам діни этикасының экономикаға әсерін талдай отырып, исламның қағидалары мен рухани-адамгершіліктік құндылықтарының тұлға концепциясы мен оның экономикалық әрекетінің ара қатынасын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде жетілуге мүмкіндігі бар, ақыл мен ерікке негізделген, белсенді тұлғаны қалыптастыратын негізгі сипаттар мен ізгіліктер ашып көрсетілді. Еңбек пен шаруашылық белсенділікке деген көзқарас та өзгерді. Қоғам, отбасы және өзі үшін қажырлы еңбек ету ислам тұрғысынан ізгі парыз деңгейіне көтерілген.

Ислам әлемінде, оның даму барысында экономикалық жүйені адамға оңтайландыруға көптеген әрекет жасалынды. Бұл бағытта діни және мемлекеттік қайраткерлер, оқымыстылар мен іскерлердің талпыныстары біріктіріледі. Бірнеше жылдар ьойында осы тектес жұмыстар Иордния корольдігінің ханзадасы Эль Хасан Бин Талал, Эдинбург герцогі Филип сэр Эвелин де Ротшильд сияқты танымалы әрі ықпалды адамдар және көптеген форумдар мен қорлар тарапынан іске асырылуда. 1993 жылы Христиандар, мұсылмандар және еврейлер үшін халықаралық бизнестегі этика кодексі қабылданды.

Бұл кодексте айтылғандай «бизнес әлеуметтік тәртіптің бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - адамдық және материалдық қажеттіліктерді тауарлар мен қызметтерді өндіру және бөлу арқылы барынша қанағаттандыру». Басқарушыларға компаниялар мен фирмалар директорлар кеңесіне, акционерлерге нақты кеңестер, ал мұсылмандар үшін діни сенімге сәйкес іскерлік әрекеттің бағдары бріледі. Іскерлік әлемдегі құндылықтар жүйесінде шыншылдық ерекше орын алады, қалыптасатын байлық «баршаның қызығушылығына жұмсалынуы керек» делінген.

Ислам діні Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болғандықтан, миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру салты болғандықтан бұл тақырыптың өзектілігі біз үшін артығырақ.

Қазіргі қоғам «іскер адам мен оның бизнесі қоршаған ортасы қаншалықты шарықтау шегіне жеткен? Оған қаншалықты ықпал ету керек? Қандай рухани-адамгершілік басымдылықты бастау етіп алу керек? Қандай кемел идеалдарға теңесу қажет?» деген сияқты сұрақтарға жауап іздестіруге тырысады. ,

Мұсылман ілімінде материалдық немесе экономикалық құндылықтармен салыстырғанда этикалық адамгершілікке басымдылық беріледі. Моральдік ұстанымдар ең алдымен Құранға сүйеніп содан бастау алып, адам өмірінің барлық салаларын, оның ішінде экономикалық іс-әрекетін де реттейді. Бұл жүйенің негізінде меншік туралы, дәулеттіліктің қайнар көзі ретінде еңбек туралы, баюдың әділетсіздік жолдары мен өсімнен пайда көрудің, байлық жинаудың күнә екендігі жайлы, қоғамдық және жеке қызығушылықтардың өзара байланысы жайлы сонымен қоса материалдық ізгіліктерді қоғамда тең әділ бөлінуі, ерікті жарналар мен әр түрлі салықтар туралы көзқарастардың жиынтығы жатыр. Ислам этикалық принциптері тек қана жеке пайданы барынша ұлғайту ғана емес, сонымен қоса қоғамдық дәулетті арттыруға негізделген әрбір адамның жеке талдауын анықтайды. Исламдық қаржы жүйесі жеке менші пен нарықтық конкуренцияны қолай отырып, нәтижесінде қалыптасқан байлықтың әділ бөлінуін қатаң реттеп отырады. Адамдарға уақытша, тиянақты, ысрапсыз қолдануға берілген барлық байлықтың түпкі меншік иесі - Аллаһ Тағала деп есептелінеді. Сондықтан да адам өз құзырындағы табиғи ресурстар мен меншік формаларын ұқыпты және рационалды пайдаланып, келер ұрпаққа табиғатты сақтауы міндетті.

Несиелік қатынастардағы өсім пайызын алудың келеңсіз салдарын ұғыну дәстүрлі банктік операцияларға қойылған тиымды түсіндіріп қана қоймай, сонымен қоса ислам ұстанымдарына сәйкес келетін балама жүйенің қалыптасуына негіз болатын.

Ежелгі Шығыстағы экономиканың негізі жер өңдеу болды. Агромәдени әдістер шыңдалып, егін алқаптары үлкейіп, күрделі ирригациялық жүйелер салынып, материалдық байлық жинақтаудың мүмкіндігі болады. Қосымша өнімнің пайда болып, адам шаруашылық құндылыққа ие болуы құл иеленушіліктің пайда болуына алып келеді. Құлдықтың негізгі екі жолы: өтелмеген қарызшылар және әскери тұтқындар.

Құлдық жүйе саяси кепілдікті қажет етті, өйткені құлдар қауіпті меншік түрі еді. Сонымен қоса қауымдық және тайпалық одақтар шеңберінен шығатын мемлекеттер пайда болды. Осылайша, ежелгі Шығыс экономикалық өрбу, саяси бірігу процессін және мәдени гүлденуді өте ерте бастан кешірді. Осының барлығы Ежелгі Шығыстағы экономикалық ойдың ерте дамуына алып келді.

Ежелгі Шығыс қоғамының басты қайшылықтарының бірі шаруашылық қауымдастық ыдырауы процесстерінің аяқталмауы еді. Шет жерліктерді немесе жергілікті халықты құлдыққа алу шаруалар тұрғысынан үлкен тепе-теріске ие болды (құлдар көтерілістері кедейлердің қолдауын тауып, мемлекеттер жасырын азаматтық соғыс жағдайында болды) . Құлдықты дүниетанымдық тұрғыдан моральдық негіздеу қажеттілігі туындап, оны шешу жолдары да жасалынады. Оған мысал ретінде Ману заңдары, Конфуций сияқты көне жазба ескерткіштерді келтіруге болады.

Мемлекет пайда болысымен экономикалық өмірде маңызды рөл атқарады. Ирригациялық жүйелерді мемлекеттік шенеуніктер басқарып отырды, суды үлестіру перғауын, патша немесе императордың құзырында болды, мемлекеттік монополиялар, мемлекеттік құлиелену жүйесі басқарушыны барлық жердің меншңік иесі ретінде көрсетті. Мемлекеттің экономикаға деспоттық және асыра араласуы оған оған кері әсерін тигізіп, экономикалық ойдың дамуында елдің экономикасына мемлекеттің араласуының шегі мәселесі туындайды.

Ежелгі Шығыстағы мелекеттердің шаруашылығ негізінен натуралды болғанымен, сауда-саттық қатынастар да басымдық ала бастайды. Осылай, экономикалық және таурлық шаруашылықтың тиімділігі жайлы жаңа тақырып өрбиді.

Антикалық дүниедегі ерте құлиеленушілік қоғамға (б. з. б. VIII, VII-VI ғғ. ) тән экономикалық ойларды экономикаға тікелей қатысы жоқ шығармалардан, мысалы, Гомердің ″Одиссеясы″ мен «Илиадасынан», одан толығырақ Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» туындысынан көруге болады. Сонымен қатар, б. з. б. VI ғасырдағы Солонның реформаларын да айтып өтуге болады.

Грек философтары Ксенофонттың «Үйсалу» («Домострой» немесе «Экономикос») және «Лакедомондық мемлекет», Платонның «Мемлекет» және «Заңдар», Аристотельдің «Метафизикасында» ежелгі Грекияның әлеуметтік - экономикалық құрылымын сипаттайтын және олардың қоғамдық - саяси көзқарастарын көрсететін деректерді кездестіреміз.

Ортағасырлық теоцентризм Рим папасына тек шіркеуді ғана басқаруды емес, сонымен қоса ол дүние мен ол дүниенің де билігін берді. Оның көрінісі папаның үштік тәж - тиарасында символдық көрінісін тапты. Шіркеулік салықтар мен индульгенция сату шіркеудің дәулеті мен ықпалын асырды. Нәтижесінде реформациялық қозғалысқа алып келген бұл жағдай протестантизмнің пайда болуының себептерінің біріне жатқызуға болады.

Протестанттық ілім мен этиканың пайда болуы батыс-еуропалық өркениеттің гензисіне үлкен әсерін тигізді. Протестантизмнің капиталистік қоғамның қалыптасуындағы орнын Макс Вебер ( 1864-1920 жж. ) түбегейлі қарастырды. Ол өзінің «Протестанттық этика жіне капитализм рухы» шығармасында капиталистік қоғамның мәніне философиялық түсіндірме беруге тырысып, рационалдылық пен рационалды емес принциптердің және капиталистік шаруашылық әдістерінің себеп-салдарлы байланысын ашып көрсетеді.

Макс-Вебер зерттеулерінде «протестанттық этика» және «капитализм рухы» ұғымдарының мәнін ашып, Еуропадағы діни реформация мен протестантизмнің «шаруашылық этикасының» және капитализмнің, жалпы «батыс өркениетінің»экономикалық жетістіктері арасында айқын байланыс бар деп тұжырымдайды. Вебердің пікірінше, «протестанттық шаруашылық этикасындағы» этика мен экономиканың белгілі бірігуі, дүниеге тек қана соған сәйкес қоғам типін пайда болумен қоса, батысеуропалық капиталистік өркениетті туындатқан «капитализм рухының» қайнар көзі болып табылады.

«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегімен басталған Вебердің дінді зерттеулері индуизм, буддизм, конфуциандық, даосизм, иудаизм және сол сияқты діндерді талдауға арналған ауқымды тарихи-әлеуметтік экскурстармен жалғасты. Құрылымы бойынша типологиялық емес, нақты-тарихи сипаттағы бұл еңбекте ежелгі Шығыстық шаруашылық құрылымына капиталитік шаруашылықты қарсы қоюға негізделу емес, соңғысын талдау басым. Діни-этикалық принциптер мен экономикалық іс-әрекет формаларының байланысын ашу арқылы, капитализмнің қалыптасуына діни өзгерістер ықпалын көрсету алғашқы кезеңдегі Вебердің басты нысаны болды. Бұл ұстаным, дінді экономикалық қатынастардың туындысы ретінде қарастыратын маркстік көзқарасқа қарсы пікірталаспен де байланысты.

Маркс бойынша, дін саяси, құқықтық және т. б жүйелер секілді экономикалық «базиске» қатысты «қондырма» деп саналады. «Болмысты адамдардың санасы анықтамайды, керісінше, қоғамдық болмыс сананы анықтайды . . . Экономикалық негіздің өзгеруімен, әртүрлі екпінмен қондырма да өзгереді»

Вебер қоғамның экономикалық жүйесінің өзгеруі діни жүйенің де өзгеруіне мәжбүрлейтініне талас тудырмады. Алайда, дінді әлеуметтік өзгерістердің қуатты құралы ретінде қарастырып, қоғамның негізгі типтерінің дифференциациялануы мен әлеуметтік өзгерістердің негізгі факторы - мәдени, соның ішінде, діни жүйеде деп қарастырды.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси жүйе өзгерістерінің кейбір жалпы тенденцияларын келесі үш маңызды іс-әрекет формасы арқылы көрсетуге болады: 1) рационалды-тәжірибелік мінез-құлық, техникалық және жаратылыстану ғылымдарының дамуына байланысты қазіргі қоғамда басымдылық алып отыр; 2) рәсімді ұйымдасқан мінез-құлық, қазіргі таңда бұл екінші орынға ауысқан өткен (алайда бұл мәдениет тарихының басты нәтижесі болып табылады), бұның себебі, жалпы шіркеулік рәсімдік - рәміздік тәжірибені атқарудың қиындауының артуы; 3) нольдік мінез-құлықтың өзгеруі, барлық деңгейлерде шешім қабылдауда жеке жауапкершіліктің әлсіреп, жалпылама, анонимді жауаптарды қабылдап, мәселені тез шешу қабілеттерінің төмендеуі. «Рухани» өлшемнің жоғалуының салдарын әкімшілік-бюрократиялық әдістердің бірлікті бекіту бағытында ұйымдастырылған шаралары көмегімен қоғам мен тұлғаның ішкі дүниесін «автоматтандыру» арқылы шешу.

Исламның пайда болған алғашқы онжылдықтар кезінде мұсылман теологтары мен уағыздаушылары әртүрлі экономикалық мәселермен кездесіп отырды. Бұл исламның тарихи тағдырына байланысты еді. Мұхаммед пайғамбардың кезінде дін мемлекеттің басты идеологиясына айнала бастады. «Халифтер» дәуірінде территорияны ұлғайту мәселесі жағынан идеология аса қажет болды.

Құран мен сүннет исламның алғашқы нұсұаулары болып келеді. «Ислами әлеуметтік-экономикалық доктриналар» осы бастамалармен негізделген, мұсылман құқығын (фикһ) ескерген, әрбір мектеп (мазхаб) өзінше бөлек дамуда. Мұсылмандық құқық мектептер IX-X ғасырларда пайда болды, олардың төртеуі суниттер арасынан қолдау тапты. Кейін келе ортодоксальды исламның мойындауымен джафристік мектеп қосылды, оның негізін салу имам Джафар Ас-Садық. Төрт мектептің негізін салушылар иджтихадқа құқылы болды. Алайда, Х ғасырда сунниттік исламда ижтихад тәжірибесі тоқталды, ал төрт мазхаб жабылады. Сонымен экономикалық доктринасы исламда ең алғашқы уақытта құрылған және Таяу Шығыстағы феодализмнің даму сатыларын әлеуметтік-экономикалық жағдай ретінде көрсетілді.

Арабия аралынан алыс жерлерді жаулау барысында, араб мұсылмандар жаңа шаруашылық қызмет түрлерімен кездесті. Тауардың сұранысының жоғарылауы енді мемлекет пен сатушының арсындағы қатынасты қайта қарастыруға әкелді. Мемлекеттің экономиканы қатаң түрде қадағалауында салық жүйесі ерекше еді.

Ислам экономикалық доктрина көрсеткіштерін ортағасырлық тарихшылардың еңбектерінен сонымен қатар басқа да қоғамдық қайраткерлер мен ойшылдар еңбектерінен көреміз. Ортағасырдағы ислам көзқарастарының даму нәтижесін Ибн Халдун көрсетті.

Ибн Халдун 1332 жылы 27 мамырда Тунис қаласында дүниеге келген. Ортағасырлық мағлұматтар мен қазіргі авторлардың салыстырмалы зерттеулері оны XIV ғасырдың ең ірі саяси өкіл екенін көрсетті. Ол басында жай жазып отырушы болған, содан кейін ол Фесадағы султан Абу-Инаның жеке орынбасары, фессалық сұлтан Абу Салимнің жеке қызметкері, кейін гранадтық сұлтан Мұхаммедтің қатігез Кастило Педро патшаға жіберетін елшісі, ең соңында Бужи Абу Абдуллаһ сұлтанда хаджиб болып жұмыс жасайды. Бұл Ибн Халдунның саяси қызметінің шыңы болған. Өмірінің соңғы жылдарын Каирде өткізід.

Ибн Халдун экономикада теориялық сұрақтарды қарастырып, оларды талдауға әлеуметтік тұрғыдан келді. Оның назар аударған мәселесі - баға, сұраныс, ұсыныс, еңбек бөлінісі мәселесі болды. Соның ішінде еңбек мәселесін дұрыстап зерттеді, себебі ол қоғамның өмір сүруіне және заттың таупға айналуына бастама болған. Ибн Халдунның теорисында басты рөл мемлекеттің шаруашылық қызметке қатынасы болды. Барлық материалдық жетістік еңбек арқылы келеді. Адамдар пайда көру мақсатында тапқаны, ол адам еңбегіне жатады. Оның көлемі немесе еңбек ақысы оның жасаған еңбегіне, сұранысқа, қиындау деңгейіне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Батыс өркениетінің құлдырауы
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
Адамзат тарихындағы исламның орны
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Дінтану пәнін оқыту
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ БАНКИНГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz