АҚ Қазтрансойл кәсіпорны



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. АҚ "КазТрансОйл" кәсіпорнының даму тарихы ... ...5

2. АҚ "КазТрансОйл" қаржылық жағдайын талдау ... ...15

3. АҚ "КазТрансОйл" экономикалық көрсеткіштеріне талдау ... ...22

4. 2005.2007 жылдағы АҚ "КазТрансОйл" қаржы жұмыстарына талдау ... 26

5. АҚ "КазТрансОйл" компаниясының даму болашағы ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Кіріспе

Мұнай құбырлы тасымалдау кәсіпкерлігі – бұл экономикалық және техникалық жағынан жетілген мұнай жүктерін тасымалдауға маманданған ұйым. Магистральды мұнай құбырының дамуы қаржылық және материалдық ресурстарды қажет етеді. Сондықтан мұнай құбыры транспортының негізгі міндеті болып: оның келешектегі дамуы мен жұмысының сапасы, қаржы және матералдық шығындарды минималдап , мұнайды қайта айдауда халық шаруашылық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру.
Мұнай құбырлары магистралі тек өзінің тиімділігін емес, сонымен қатар өндірістің, қызмет көрсететін өндіріс салаларының жұмыс сапасының тиімділігін жоғарлату.
Магистральді мұнай құбырлық транспорттың тиімділігіне мұнай құбыры желілігінің дұрыс орналасуы мен дамуы; әр бағыттағы мұнайдың дұрыс ағымы; мұнай құбырының технико – экономикалық көрсеткіштерінің тиімді параметрлерінде; магистральдың құрылысына және жөндеуіне кеткен шығындардың оптималды болуы кезінде ғана жетуге болады.
Магистральды мұнай құбырлы тасымалдау, мұнай өңдеу өндірісімен, мұнай тұтынушыларымен, сонымен қатар басқа да тасымалдау түрлерімен байланыса қызмет етеді.
Экономиканың барлық даму сатысының негізгі звеносы болып кәсіпорын табылады. Ксіпорында өнім өндіріледі, сонымен қатар қызметкерлердің өндіріс құралдармен байланысы жүргізіледі. Кәсіпорын қызметін өзіндік жургізеді, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі алынған табыспен және өндірілген өніммен қолдануға құқығы бар.
Сонымен, кәсіпорын - қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім өндіру, қызмет көрсетуге арналған кәсіпкер немесе кәсіпкерлер серіктестігімен құрылған өзіндік шаруашылық субъект.
Бұдан, кәсіпорын қызметінің басты мақсаты – қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру және пайда табу. Бірақ кәсіпорын пайданы тек өткізілетін өнім немесе қызмет көрсетсе ғана, басқаша айтқанда , қоғам қажеттілігін қанағаттандырса ғана алуға мүмкіндігі бар. Бұл екі мақсаттың қарым – қатынасы келесіде: қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім шығармай немесе қызмет көрсетпей пайда болмайды.
Мұнай жүктеріне арналған транспорт түрлері келесі алғы шарттармен анықталады: географиялық фактордағы, елдің әр түрлі облысындағы мұнайды барлау мен өңдеуді жоспар бойынша дамыту мен орналастыру; белгілі бір транспорт түрлерінің технико – экономикалық көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасында тек бір компания , ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшн», өз қызметін труба құбырлық тасымалдауға арнаған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Булатов А.С. Экономика. Москва, «Бек» 1994.
2. Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы. Москва, «ЮНИТИ» ,2000.
3. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы. - Алматы, «Экономика» , 2002.
4. Қалдыбаев О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. – Алматы, «Санат», 1997.
5. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В. Г. Кәсіпорын қызметін қаржы – экономикалық талдау. Москва, «ЮНИТИ»,2000.
6. Оқаев Қ.О., Дюнова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. – Алматы, 1994.
7. Раицкий К.А. Кәсіпорын экономикасы. Москва,1999.
8. Сейітқазиева А.М., БекназаровА.Т., Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік . Оқу құралы. – Алматы, «Тұран» , 2004.
9. Сборник научных трудов. Реформирование Казахстанской экономики. Алматы, «Экономика», 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

Диплом алды тәжірибеден өту жөніндегі

АҚ КазТрансОйл

Орындаған: ЭП-03-5 тобының
студенті Оразалиева Ляззат Сулейменовна
Тексерген: Конысбаева А.К.
Кәсіпорындағы жетекші: Тлеубаева Г.

АҚТАУ 2008 ж.

Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. АҚ "КазТрансОйл" кәсіпорнының даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. АҚ "КазТрансОйл" қаржылық жағдайын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3. АҚ "КазТрансОйл" экономикалық көрсеткіштеріне
талдау ... ... ... ... ..22

4. 2005-2007 жылдағы АҚ "КазТрансОйл" қаржы жұмыстарына талдау ... 26

5. АҚ "КазТрансОйл" компаниясының даму болашағы
... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...36

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе

Мұнай құбырлы тасымалдау кәсіпкерлігі – бұл экономикалық және
техникалық жағынан жетілген мұнай жүктерін тасымалдауға маманданған
ұйым. Магистральды мұнай құбырының дамуы қаржылық және материалдық
ресурстарды қажет етеді. Сондықтан мұнай құбыры транспортының негізгі
міндеті болып: оның келешектегі дамуы мен жұмысының сапасы, қаржы
және матералдық шығындарды минималдап , мұнайды қайта айдауда халық
шаруашылық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру.
Мұнай құбырлары магистралі тек өзінің тиімділігін емес, сонымен
қатар өндірістің, қызмет көрсететін өндіріс салаларының жұмыс
сапасының тиімділігін жоғарлату.
Магистральді мұнай құбырлық транспорттың тиімділігіне мұнай
құбыры желілігінің дұрыс орналасуы мен дамуы; әр бағыттағы мұнайдың
дұрыс ағымы; мұнай құбырының технико – экономикалық көрсеткіштерінің
тиімді параметрлерінде; магистральдың құрылысына және жөндеуіне кеткен
шығындардың оптималды болуы кезінде ғана жетуге болады.
Магистральды мұнай құбырлы тасымалдау, мұнай өңдеу өндірісімен,
мұнай тұтынушыларымен, сонымен қатар басқа да тасымалдау түрлерімен
байланыса қызмет етеді.
Экономиканың барлық даму сатысының негізгі звеносы болып
кәсіпорын табылады. Ксіпорында өнім өндіріледі, сонымен қатар
қызметкерлердің өндіріс құралдармен байланысы жүргізіледі. Кәсіпорын
қызметін өзіндік жургізеді, салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді төлегеннен кейінгі алынған табыспен және өндірілген
өніммен қолдануға құқығы бар.
Сонымен, кәсіпорын - қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім
өндіру, қызмет көрсетуге арналған кәсіпкер немесе кәсіпкерлер
серіктестігімен құрылған өзіндік шаруашылық субъект.
Бұдан, кәсіпорын қызметінің басты мақсаты – қоғам қажеттіліктерін
қанағаттандыру және пайда табу. Бірақ кәсіпорын пайданы тек
өткізілетін өнім немесе қызмет көрсетсе ғана, басқаша айтқанда ,
қоғам қажеттілігін қанағаттандырса ғана алуға мүмкіндігі бар. Бұл
екі мақсаттың қарым – қатынасы келесіде: қоғам қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өнім шығармай немесе қызмет көрсетпей пайда
болмайды.
Мұнай жүктеріне арналған транспорт түрлері келесі алғы
шарттармен анықталады: географиялық фактордағы, елдің әр түрлі
облысындағы мұнайды барлау мен өңдеуді жоспар бойынша дамыту мен
орналастыру; белгілі бір транспорт түрлерінің технико – экономикалық
көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасында тек бір компания , ЖШС Ойл Транспорт
Корпорейшн, өз қызметін труба құбырлық тасымалдауға арнаған.
1. АҚ "КазТрансОйл" компаниясының ұйымдастырылуы

Қазіргі уақытта Қазақстанның магистральдық тұрбақұбыры - күрделі
механикаландырылған және автоматтандырылған жүйе.
Қазақстанның алғашқы мұнай құбыры Доссор – Ракуши – Каспий
(ұзындығы 154 км) революция алдында құрылып, жұмыс жасаған. 1934 жылы
эксплуатацияға Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры (141,5км) берілген.
Әлемдегі ең бірінші бірегей трансконтинентальдық ыссы мұнайқұбыры
Өзен – Гурьев (қазіргі Атырау) – Самара (ұзындығы 1500 км) 1968- 1670
жылдары құрылған, ал 1969 жылы тамыз айында эксплуатацияға бірінші
кезекті мұнайқұбыры Өзен – Гурьев (683 км) берілді. 1962 – 1970 жылдары
магистральды мұнай өнім құбырлары басқармасының президенті Шаранов
В.В. болды. Ұзындығы 1642 километрлік Павлодар – Шымкент магистральды
мұнайқұбыры Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын сібірлік мұнай
кенорындарымен қосты.
Мұнай және мұнай өнімдері тұрбақұбырлары, темір жол және су
тасымалы бойынша тасымалданады. Бұл транспорттардың әр түрінің өз
кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Танкер мен баржадағы мұнай мен мұнай өнімдерін су арқылы
тасымалдау арзан, бірақ су жолы тұрбақұбырларынан ұзынырақ, сонымен
қатар құю және түсірім кезінде ірі резервуарлық парктерді құруды
мезгілдік шарттарға байланысты қажет етеді.
Цистерна, бункер және ыдыстарда (тараларда) мұнай өнімдерінің
барлық түрлері, мұнай және сұйытылған газ тасымалданады. Бірақ
өнімдерді жаппай тасымалдау үшін транспорттың бұл түрі қымбатқа
соғады.
Тұрбақұбырлық транспорт көбіне жаппай сұйық жүктер үшін (мұнай,
мұнай өнімдері, газдар) арналған.бұл кенорындарынан мұнай өңдеу
зауытына немесе тұтыну пунктеріне дейінгі ең қысқа және үздіксіз
жол. Тұрбақұбырларында мұнай мен мұнай өнімдерін басқа
транспорттармен салыстырғанда минималды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрбақұбыры транспортының қарқынды
дамуы ел ішінің экономикалық тиімділігіне, сонымен қатар
Қазақстаннан экспорттың мұнай құбырларының экономикалық пайдалылығымен
байланысты.
Республикамыздың оңтүстік бөлігінде құмкөлдік мұнай Шымкенттік
мұнай өңдеу зауытына өңделуге жіберілді, болашақта Павлодарлық мұнай
өңдеу зауытына (Ресейлік мұнай жеткізілімінің болмауы кесірінен
жасамай тұр) жіберілуі мүмкін. 1995 жылдың қазан айынан бастап
Батыс сібірлік мұнайдың қосылымынсыз Құмкөл – Қарақоин – Шымкент
магистральды мұнайқұбыры бойынша құмкөлдік мұнайдың тасымалы үшін
төмен мұздау температуралы депресатордың қосылым қондырғысы
эксплуатицияға енгізілді. 1996 депресоторлық қосылымның 928 тоннасы,
соның ішінде 168 тоннасы тек қана Құмкөл – ЛукОйлдың өзі 480,28
мың тонна мұнайды тасымалдау үшін енгізілді.
Батыс Қазақстан – Кенқияқ – Құмкөл мұнайқұбырлық телімінің құрылуы
екі аталған Қазақстандық мұнай өңдеу зауытының Ресейлік мұнайдан
тәуелділік мәселесін, мұнайды Қытай Республикасына тасымалдау
перспективасымен, шешеді. Құмкөлдік мұнайдың кеомажолдық және
кенқияқтық мұнаймен қосылуы қыс кезіндегі тасымал мәселесін шешеді.
Қазақстан сонымен қатар Атыраудан Самара қаласына мұнайқұбыры
мүмкіндігі кеңеутуге талаптанады. Мұнайқұбыры жылына 15 млн. т. мұнай
тасымалдай алады.
АҚ "КазТрансОйл" компаниясы 1997 жылдың 2 сәуірінде құрылған. Ол
Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 60 пайызын тасымалдайды. Ал өзге
тасымалдаушылардың үлесіне- яғни су жолымен тасымалдаушыларға - 7
пайыз, теміржолшыларға 13 пайызы ғана тиеді. Қазір компания қарамағында
6300 шақырым мұнай құбыры бар.
Мақсаты: мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесін
дамытудағы мемлекеттің бірыңғай саясатын жүргізу;
Қазақстан Республикасының мұнай және мұнай өнімдерін
тасымалдаудағы, экспорт пен импорттағы экономикалық мүддесін қорғау;
Кәсіпорынның басқару құрылымын оңтайландыру;
Құбырды және оған байланысты өндірістік және инфроқұрылымдық
жобаларды дамытуға инвестиция тарту;
Қазақстанның барлық құбыр магистральдарында бірыңғай тариф
саясатын жүргізу;
Компания барлық құбырлық жобаларда (оның ішінде халықаралық та)
ҚР-ның мүддесін қорғайтын өкілеттікке ие.
Қорытындылай айтқанда, негізгі мақсаттары : өрлеу, қауіпсіздік,
тиімділік, сапа.
1998 жылы жетістікке жетті : оның қызмет көрсеткен жалпы мөлшері
1997 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,33 млрд. теңгеге ұлғайды.
Құмкөл мұнайының Чарджоудағы түркмендік мұнай өңдеу зауытына
жеткізілім жобасы жүзеге асырылды. УзТрансГаз компаниясымен
Өзбекстан территориясы арқылы Түркменстанға көмірсутекті айдау туралы
келісімшарт орнатылды. Бұл басқа бәсекелес мұнай магистральдары
арқылы тарифтерді төмендету үшін жасалған. АҚ КазТрансОйл 1999 жылы
өзінің тұрбақұбырлық жүйесі арқылы 25 млн.тонна, соның ішінде
Атырау – Самара мұнайқұбыры бойынша – 10,5 млн. т. мұнай тасымалдады.
Келешегі : Қазақстан мұнайын құбырмен тасымалдаудың болашағы өте
зор. Әлемдік деңгейде кемелденіп келе жатқан кәсіпорын үшін Атырау –
Самара мұнай құбырын реконструкциялау мен модернизациялаудың жобасы
басты басымдықтың бірі. Бүгінгі таңда Қазақстан мұнайының негізгі
көлемі сыртқы нарыққа осы құбырмен экспортталады.
Компанияның аса маңызды қызметінің бірі Еліміздің батыс өңірін
сумен қамту болып табылады.
Атырау мен Маңғыстау облыстарының ауқымды аймағы әсіресе ауыз
суға зәру. Бұл аймақтың тұрғындарын ауыз сумен және өндірісін
техникалық сумен 1986-1987 жылдары салынған ұзындығы 1041 шақырымдық
Астрахань - Маңғыстау су құбыры қамтамасыз етіп келеді. АҚ
"КазТрансОйл" компаниясы Қазақстан өңірін сумен қамтудың бірыңғай
мемлекеттік саясатын жасақтау үшін үкіметпен бірге жұмысшы тобын
құрып, зерделі зерттеуге ықылас білдіріп бастама көтеріп отыр.
Өйткені кейбір мамандар мұнай кәсіпшіліктеріне де теңіздің
тұщытылған суын пайдалануға кеңес беруде.
Әрине тұщытылған теңіз суын тұрғындарға пайдалануға болады, бірақ
қанша дегенмен ол табиғи тұщы судай болмайтыны түсінікті. Оған қоса
су тұщытатын қондырғы жекелеген елді, мекенді ғана қамтамасыз ете
алады.
Ал компания қазір бар су құбырын тиімді пайдалануды ұсынады. Ол
тәулігіне 230 мың текше метр су әкеле алады екен.
Компания өздеріне балама болып келетін өзге мұнай құбырларының
құрылысын салуға да ат салысып, көмектесіп келеді. Олар Каспий
тұрбақұбыры консорциумы және Үлкен Шаған- Атырау мұнай құбыры.
Бірінші жобаға АҚ "КазТрансОйл" қазақстандық бөліктің операторы
ретінде қатысуда.
Каспий қайраңындағы кенорындарының ашлуына орай Қазақстан мұнайын
тасымалдайтын баламалы негіздегі өзге де құбырлардың дуниеге келу
жобалары бар. Олар- Ақтау – Баку – Джейхан, Батыс–Қазақстан–Қытай
және Қазақстан – Туркменистан –Иран мұнай құбырлары. Бұл құбырладың
жобасының басымдылығы Қазастан мұнай өндіруші компанияларының
экономикалық тиімділік үшін қызығушылығына байланысты болады.
Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары мен кәсіпорындарына
(атап айтқанда Атырау, Құлсары, Бейнеу, Жаңаөзен қалалапы мен олардың
маңындағы елді мекендерге) техникалық және ауыз су жеткізеді.
ТМД елдерінде бірден – бір ыстық мұнай құбыры - Өзен – Атырау –
Самара 1974 жылы, Астрахань – Маңғыстау су құбырының негізгі тіні 1987
жылы, Атырау – Мақат су құбыры 1978 жылы пайдалануға берілген.
Батыс филиалда бүгінгі таңда 4800 адам жұмыс жасайды. Мұнай
қыздыратын 16 пункт, 59 пеш, 23 мұнай айдайтын, 5 су айдайтын
насос станциясы , 3 су тазартқыш қондырғы бар.
3 мұнай құбыры басқармасы, 5 желілік - өндірістік диспетчерлік
станция, 1 сумен қамту басқармасы , 2 өндірістік техникалық база,
6 қосалқы бөлімше, 3 ыссы тамақпен қамтитын жұмысшыларды
жабдықтау ұйымы , 4 бала бақша қызмет көрсетеді.
Филиал 2001 жылдың бірінші жарты жылдығында 12,12 млн.тонна
мұнай айдаған. Оның 7 млн.тоннасын экспортқа шығарған. Бұлар өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тиісінше 3,07 млн. және 1,07
млн. тоннаға көп.
Мұнайдың жүк айналымы 2001 жылдың бірінші жартысында 7,74 млрд
тонна-километрге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,117 млрд тонна-
километрге артқан. Өндірістік өзге көрсеткіштердің бәрінде де
ілгерілеушілік бар. Филиал жұмысшы-қызметкерлерінің жалақысы жыл
сайын өсіп отыр. Мәселен 1998 жылы 9 мың мен 22 мың теңгенің
аралығында болса, 1999 жылы 15 мың мен 30 мың, 2000 жылы 23 мың
мен 53 мыңның, 2001 жылы 25 мың мен 72 мың теңгенің аралығында
болып отыр.
АҚ КазТрансОйл келесі магистралды мұнай құбырларына ие:
• Өзен – Атырау – Самара
• Қаламкас – Қаражанбас –Ақтау
• Узень – Жетібай – Ақтау
• НПС 663 – АНПЗ
• Мартыши – Атырау
• Доссор – Макат
• Жанажол – Кенкияк – Орск
• Омск – Павлодар – Шымкент – Чарджоу
• Кумколь – Каракоин
• Прорва – Кульсары
• НПС З – Косшагыл
АҚ КазТрансОйл келесі магистралды су құбырларына ие:
• Астрахань – Мангышлак;
• Кульсары – Тенгиз;
• Бейнеу – Узень;
• Сай-Утёс – Бузачи;
• Узень – Киндерли;
• Бузачи - Акшимирау.
АҚ "КазТрансОйл" 6400 км магистралды мұнай құбырларын эксплуатациялайды,
6400 км магистралдық құбырларды, 3140 км су құбырларын, олар Казахстанның 8
областық территориясынан, және 39 мұнай айдайтын станциялардан өтеді.
АҚ "КазТрансОйл"4 негізгі филиалды қарастырады:
• Батыс филиал ( Атырау қ.)
• Шығыс филиал ( Павлодар қ.)
• Есептегіш орталық АҚ КазТрансОйл (Астана қ.)
• Ғылыми-Техникалық Орталық ( Алматы қ.)
Филиалға қарайтын мұнай құбырының ұзындығы 1232 шақырым.
Филиалды осы саланың білгірі, ұзақ жылдың тәжірибесі мол Мамонов
Фердинат Абдрахимұлы мырза басқарып келеді. Ол құбыр бойындағы елді
мекендерді жиі аралайды. Тек өз жұмысшыларына ғана емес, сол
жерде орналасқан аудан, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелеріне
жете көңіл бөліп, қаржымен қол ұшын беруге дайын тұрады.
Маңғыстаулық мұнай құбырлары басқармасының Батыс филиалы бірнеше
цехтар мен бөлімдерден құралады. (Қосымша №1)
Цехтар:
• Өзен Бас мұнай айдау станциясы.
• Ақтау Бас мұнай айдау станциясы.
• Қаражанбас желілік диспетчерлік пункт.
• Бейнеу мұнай айдау станциясы.
• Сайөтес желілік диспетчерлік пункті.
• авариялық қалыпқа келтіру пункті.
• Орталық өндірістік қызмет көрсету цехы.
• Арнаулы көлік және технологиялық көлік цехы.
• Орталық диспетчерлік пункт.
• Инжинерлік техникалық цех.
• Әлеуметтік және қызмет көрсету пункті.
• Мұнай құю станциясы.
• Мұнай пирстері.
Бөлімдер:
Бас механика бөлімі. Ол машиналардың, механизмдердің, барлық мұнай
кәсіпшілік құрал – жабдықтардың жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Босалқы құралдар мен жабдықтарды жөндеу сұрақтарымен айналысады. Мұнай
кәсіпшілік құрал – жабдықтарын (насостар, бұрғылау қондырғылары)
жеткізушілермен келісімшартқа отыру және т.б.
Проектті басқару бөлімі. Кен орнын қалпына келтірудегі шетел
компанияларының инвестицияларын кен орнын қалпына келтіруге жұмылдыру
сұрақтарымен айналысады.
Кадрлар бөлімі. Мамандарды қабылдау мен оларды орнықтыру , жас
мамандарды дайындау , жоғары және орта оқу орындарымен келісім шартқа отыру
сұрақтарымен айналысады. Қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару
есебін жүргізеді, қоғаммен, зейнеткерлермен және өндіріс ардагерлерімен
байланыс құрады.
Заң кеңесшісі бөлімі. Ол кінәрәт – талаптық жұмыспен айналысады.
Серіктестерінің, сонымен қатар ЖШС Ойл Транспорт Корпорейшн
атынан келісім шартын бұзған немесе алған өнімге төлем қабілетсіз
болған кәсіпорындардың қуыным арыздары мен кінәрәттарына жауаптар
дайындайды.
Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі. Экология бөлімі.
Экономиканы жоспарлау бөлімі. Бугалтерия бөлімі. Диспетчерлік бөлімі.
Шаруашылық бөлім. Күрделі құрылыс бөлімі. Мұнай құбырларын пайдалану
бөлімі. Програмистер бөлімі. Материалдармен жабдықтау бөлімі.

Маңғыстау мұнай құбырлары басқармасы бойынша еңбек ресурстарына
талдау.
01.01.2004 жылына қызметкерлер саны- 4374 адам, соның ішінде:
Басшылар 7,1%
Мамандар 11,4%
Қызметкерлер 1,3%
Жұмысшылар 80,3%
Жұмыс жасйтын әйелдер саны – 28,9% адам .
Өткен уақыт мерзіміне 190 адам қабылданған, оның ішінде аударыммен 29
адам, шеттен – 132 адам, жас мамандар- 2 адам, тұрғындарды еңбекпен қамту
орталығынан – 1 адам, жоғары штаттан- 5 адам, декреттік демалыс уақытына-
21 адам.
Жұмыстан босатылғандар- 110 адам, оның ішінде екі жақтық келісіммен –
43 адам, келісім шарт мерзімінің бітуіне байланысты – 25 адам, қызметкердің
еркімен – 10 адам, денсаулық жағдайына байланысты – 2 адам, штаттың
қысқартылуына байланысты – 2 адам.
Өндірістік және еңбек тәртібін бұзғандар , барлығы- 146 адам, оның
ішінде ПДК нәтижелері бойныша- 38 адам, жұмысқа келмегендер- 8 адам,
Администрация бұйрықтарын орындамағаны үшін – 6 адм, техникалық қауіпсіздік
ережелерін орындамағаны үшін- 18 адам, басқа да бұзушылықтар – 74 адам,
жұмыстан уақытынан ерте кеткені үшін – 7 адам.
Өндірістік және еңбек тәртібін бұзғандарға әр түрлі шаралар
қолданылған, соның ішінде:
Ескертпе ИТЖ - 22 адам Жұмысшылар – 34адам

Сөгіс ИТЖ – 37 адам Жұмысшылар – 49
адам
Жұмыстан
шығарылғандар ИТЖ- 1 адам Жұмысшылар – 3 адам
МНУ бойынша жоғары білімді барлығы – 244 адам, соның ішінде Басшылар –
55 адам, мамандар – 90 адам, қызметкерлер – 99 адам ; орташа – арнаулы
білімді барлығы- 281 адам, оның ішінде басшылар – 30 адам, мамандар – 47
адам, қызметкерлер – 204 адам. 76 адам жоғары оқу орындарының сыртқы
бөлімінде оқытылып жатыр, оның ішінде басшылар – 14 адам, мамандар – 12
адам, қызметкерлер – 1 адам, жұмысшылар – 49 адам.
Жұмыс өтімі бойынша:
25 жылдан жоғары 20-25
жыл аралығында
Басшылар 9
6
Мамандар 11
9
Қызметкерлер -
-
Жұмысшылар 41
47
10-20 жыл аралығында 3-10 жыл
аралығында
Басшылар 19
5
Мамандар 14
12
Қызметкерлер 2
2
Жұмысшылар 135
119
1-3 жыл аралығында 1 жылға
дейін
Басшылар 9
5
Мамандар 22
12
Қызметкерлер 2
2
Жұмысшылар 195 119

Жасы бойынша:
30 жасқа дейін 31-45 жас
46-50 жас

аралығында аралығында
Басшылар 8 54
13
Мамандар 38 67
20
Қызметкерлер 2 11
-
Жұмысшылар 222 537
146
51-55 жасқа дейін 55 жастан
жоғары
Басшылар 10
11
Мамандар 11
12
Жұмысшылар 15
57

Кадрларды дайындау: Өткен уақыт мерзімінде 538 адам қайта дайындықты
өтті және біліктілік деңгейін көтерді, оның ішінде Батыс филиалынан – 494
адам, ИТЖ- 200 адам, қызметкерлер – 294 адам. Алматыда оқытылғандар – 12
адам, Мәскәуде – 10 адам, Уфада- 14 адам, Германия республикасында – 5
адам, Самарада- 4 адам.
2001 жылдың төртінші тоқсанында кадрларды дайындауға шығын – 1 093 297
тенгені құрады.

2. АҚ КазТрансОйл қаржылық жағдайын талдау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау:
Қаржылық жағдай түсінігінде кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру
қабілеті түсініледі. Ол кәсіпорынның қолайлы қызмет етуі үшін
қажеттті қаржылық ресурстармен қамсыздандырылуы, олардың мақсатқа сай
орналастырылуы ментиімді қолданылуы, басқа да заңды және жеке
тұлғалармен қарым – қатынасы, төлем қабілеттілігі мен қаржылық
тұрақтылығы сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында даму үшін және кәспорынды
банкротқа әкелмеуі үшін қаржыны қалай басқару керек екенін, құрамы
мен пайда болу көзі бойынша капитал құрылымы қандай болу керек
екенін, меншік қорлары мен қарыз қорларының үлесі қандай болу керек
екенін білу қажет.
Талдаудың негізгі міндеті – қаржылық қызметтің кемшіліктерін
уақытылы анықтау және жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның
төлем қабілеттілігін жақсарту тәсілдерін табу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі міндеттер болып мына
көрсеткіштерді есептеу табылады:
• Төлем қабілеттілігі;
• Несие өтеу қабілеттілігі;
• Қаржылық тұрақтылығы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды критерийлерінің бірі
болып оның төлем қабіліттілігі табылады, яғни кәсіпорынның өзінің
сыртқы міндеттері бойынша төлеу мүмкіндігі. Бұдан, егер кәсіпорын
айналым қорының соммасы ( босалқы қорлар, ақша қоры, дебиторлық
қарыздар және басқа да активтер) оның сыртқы қарызынан көп немесе
оған тең болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттері бойынша төлем
қабіліттілігі - өтемділік деп аталады. Кәсіпорын айналым активтерін
өткізе отырып, қысқа мерзімді қарыздарын төлесе, онда ол өтемді болып
саналады. Болашақта қайта сату мақсатынсыз алынған негізгі қорлар ,
көп жағдайда, кәсіпорынның ағымдағы қарыздарын өтеу көзі болып
саналмайды.
Кәсіпорынның өтемділігі сыртқы қарызды өтеу үшін айналым
активтерінің құрылымына, оңай және қиын өткізілетін айналым
қорларының ара – қатынасына тәуелді.
Ағымдағы өтемділік коэффициенті шаруашылық қызметті жүргізу үшін
және кәсіпорынның міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін кәсіпорынның
айналым қорларымен жалпы қамсыздандырылуын сипаттайды.(Төмендегі
көрсеткіштер Қосымша№2 мәліметтері бойынша есептелінген )
Абсолюттік өтемділік көрсеткіші қысқа мерзімді қарыздардың қандай
бөлігін өтемділігі ең жоғары айналым активтерімен жабуға болатынын
көрсетеді:
Ка.ө= АҚ \ ҚП

Мұндағы: Ка.ө- абсолюттік өтемділік көрсеткіші,
АҚ – ақша қорлары мен олардың эквиваленттері,
ҚП – қысқа мерзімді пассивтер. (тұтыну
қоры+болашақ шығындар
мен төлемдердің резерві + болашақ мерзімдегі табыстар).
Абсолюттік өтемділік көрсеткішінің тиімді деңгейі 0,03- 0,08
болуы керек.
Сонда:
Ка.ө= 13320 (3700+3160)= 0,09 (2001 жылдың басына)
Ка.ө= 4920 6860= 0,07 (2001 жылдың аяғына)
Аралық өтеу көрсеткіші (тез өтемділік) кәсіпорынның қысқа
мерзімді қарыздарының қандай бөлігін ақша қоры, қысқа мерзімді ақша
салымдары және дебиторлық қарыздар арқылы жабуға болатынын
көрсетеді:
Кө.ө= АҚ+ДЕ \ ҚП

Мұндағы: АҚ – ақша қоры,
ДЕ – дебиторлық есеп.
Аралық өтеу көрсеткішінің тиімді деңгейі – 0,7 төмен болмауы
тиіс.
Сонда:
Кө.ө= 13320+148406860= 4,1 (2004 жылдың басына)
Кө.ө= 4920+245006860= 4,2 (2005 жылдың аяғына)

Жалпы өтеу көрсеткіші (ағымдық өтемділік) кәсіпорынның айналым
активтері қандай деңгейде оның қысқа мерзімді міндеттемелерінен
асатынын көрсетеді:
Кж.ө= I I А ҚП
Мұндағы: Кж.ө - жалпы өтеу көрсеткіші,
I IА - баланс активінің екінші бөлігінің
қорытындысы.

Кж.ө=71860 28320- 3700 - 3160= 7186021460 = 2,5 (2005 жыл басына)
Кж.ө=86280 35820 – 7800-3220 = 86280 24800 = 2,6 (2006 жыл аяғына)

Жалпы өтеу көрсеткішінің тиімді деңгейі – 1,5 – 3 аралығында болуы
керек және бірден төмен болмауы тиіс.
Жалпы өтеу көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
кредиторлардың кәсіпорынға сенімі арта түседі. Егер бұл көрсеткіш
бірден төмен болса, онда мұндай кәсіпорын төлем қабілетсіз.

Кт.м.қ.ө.= БҚ ҚП
Мұндағы:

Кт.м.қ.ө - тауарлы – материалдық құндылықтардың өтемділік
көрсеткіші,
БҚ – босалқы қор.

Кт.м.қ.ө= 29040 6860= 4.23 (2005 жыл басына)
Кт.м.қ.ө = 411406860 = 5.9 (2006 жыл аяғына)
Несиені өтеу қабілеттілігін бағалау:
Несиені өтеу қабілеті – бұл несиені уақытылы өтеу үшін
кәсіпорынның мүмкіндігі ғана емес сонымен қатар несиенің пайыздарын
өтеу болып табылады.
Кәсіпорынның несиені өтеу қабілетін бағалау үшін бірнеше
тәсілдер қолданылады:
1. Өткізу көлемдерінің таза активтерге қатынасы;

К1= Np А т.а
Мұндағы:
Np - өткізу көлемі
А т.а - таза ағымдағы активтер
Таза ағымдағы активтердің көлемі былай анықталады: есептемеге
қатысатын активтер соммасынан есептемеге қатысатын міндеттемелер
соммасы азайтылады. Сонда : Батыс филиалының А т.а (2005 жылдың
басына) = (босалқы қор + ақша қоры) – (дебиторлық қарыз + қысқа
мерзімді қарыз) = (29040 + 13320) – 14480=27880
А т.а (2006 жылдың аяғына) = (41140 + 4920) – (24500+8000) = 13560
Өткізу көлемі Np,
мұнай бойынша (2004 жыл бойына) =20000,8 мың тонна = 60000,2 мың
тенге
Np (2005 жыл бойына) = 24787,4 мың тонна = 74362,2 мың тенге
К1 2006 жылы = 60000,2 27880 = 2,15
К1 2007 жылы = 74362,213560= 5,45
Таза ағымдағы К1 – бұл кәсіпорынның қысқа мерзімдегі қарызын
алып тастағандағы айналымдағы активтер. К1 көрсеткіші айналымдағы
активтердің қолдану тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің жоғары
деңгейі кәсіпорынның несиені өтеу қабілеттілігінің қолайлығын
сипаттайды. Алайда, бұл көрсеткіш өте жоғары немесе өте жылдам өскен
уақытта, кәсіпорынның қызметі айналым активтерінің құны көлеміне
сәйкес жүргізілмеуін көрсетеді. Бұндай жағдай айналымдылық қарқынын
төмендетеді немесе сату көлемін түсіреді, ал бұлардың нәтижесінде
кәсіпорынның несие берушілерімен қиыншылықтар болады.
Көріп отырғанымыздай:
К1 2004 жыл бойына К1 2005 жыл бойына, ендеше айналымдағы
активтердің қолдану тиімділігі 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы
ұлғайды. Ал бұл кәсіпорынның несиені өтеу қабілеттілігінің
жоғарлағанын сипаттайды.
Дебиторлық қарыздың айналымдылық қарқынының төмендеуі
дебиторлардың өсіп отырған жеткізілім көлемдерінің ақысына дайын
еместігі салдарынан тууы мүмкін және де бұл мерзімі өткен
дебиторлық қарызға да әкелуі мүмкін.
Сату көлемінің төмендеуі қалыпты масштабта қызметті жалғастыру
үшін материалдық айналым активтерінің жетіспеуі нәтижесі болып
табылады.
2. Өткізу клемінің меншікті капиталға қатынасы

К2 = Np МК
Мұндағы:
МК – меншікті капитал.
Меншік капиталына келесілер жатады:
жарғылық капитал + үстеме капитал + жинақ қоры
2005 жылы меншік капиталы – 142260 ,
ал 2006 жылы – 147980 болды.
Сонда: К2 (2005 жылға)= 60000,2142260= 0,4
К2 (2006 жылға) =74362,2147980 = 0,5
Бұл көрсеткіш меншікті қор көзінің айналымдылығын сипаттайды.
Алайда меншік капиталының мөлшерін нақты бағалау қажет. Баланстың
активінде меншікті өтеу көзіне материалдық емес активтер мен
босалқы қорлар сәйкес келеді. Меншік капиталының құнын бағалаған
кезде , оны материалдық емес активтердің мөлшеріне азайтуға
ұсынылады, мысалы, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру немесе шарасыз
өтемділік кезінде.

3. Қысқа мерзімді қарыздың меншік капиталына қатынасы

К3 = Дк МК
Мұндағы:
Дк - қысқа мерзімді қарыз.
Қосымша №2 бойынша: қысқа мерзімді қарыздар 2005 жылдың басына –
66500, ал 2005 жылдың аяғына – 87640.
К3 = 66500 142260 = 0,46
К3 = 87640 147980= 0,6
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталындағы қысқа мерзімді
қарыздың үлесін көрсетеді. Егер де қысқа мерзімді қарыз меншік
капиталынан бірнеше есе кіші болса, онда барлық кредиторлармен
түгелдей есептесуге болады. Біздің жағдайымызда қысқа мерзімді қарыз
меншік капиталынан екі есеге жуық кем.
Практика жүзінде қарыздары, басқа кредиторлар өз кінәрәт –
талаптарын ұсынғанның алдында, төленуі тиісті бірінші кезекті
кредиторлар болады. Сондықтан практика жүзінде бірінші кезекті қысқа
мерзімді қарыздарды капитал мен резервтердің мөлшерімен салыстырған
жөн.

4. Дебиторлық қарыздың өткізуден түскен түсімге қатынасы

К4 = ДҚ Np
Мұндағы:
ДҚ – дебиторлық қарыз.
Қосымша №2 көріп отырғанымыздай дебиторлық қарыз 2006 жылдың
басына - 14480 , ал 2007 жылдың аяғына – 24500.
Жоғарыда есептегеніміздей өткізім көлемі 2005 жылға – 60000,2 ал
2006 жылы – 74362,2 мың тенгені құрады.
К4 = 14480 60000,2 = 0,24
К4 = 24500 74362,2 = 0,2
Бұл көрсеткіш сатып алушы төлеуге міндетті ақшаны алуға кететін
орташа уақыт мерзімі көлемі туралы түсінік береді. Мысалы 1: 4
қатынасы дебиторлық қарызды төлеу мерзімі – 3 ай екенін көрсетеді.
Бұл уақыт аз немесе көп екені қызмет аясына, кредиторлармен
есептесу жағдайына, өндірістік циклдің ұзақтығына тәуелді. Басқаша
айтқанда, К4 көрсеткішінің төмендеуі кәсіпорынның несиелік қабілетінің
жоғарлағанын көрсетеді , себебі сатып алушылар қарыздары ақшаға
тезірек айналады.
Сонда: К4 2006 жыл К4 2007 жыл
Несиені өтеу қабілеттілігін жоғарлатудың ең қолайлы тәсілі болып
таза ағымдағы активтердің, меншік капиталының, дебиторлық қарыздардың
төменду уақытындағы өткізім көлемінің өсімі табылар еді.
Қаржылық тұрақтылық, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі уақыт
бойынша тұрақты, ал меншік капиталы мен қарыз капиталының ара-
қатынасы осы төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді деп
түсіндіріледі.
Практика жүзінде өткізім мөлшерінің жоғарлауы, егер де
кредиторлар құрылымы мен олармен келісім шарттары өзгермесе,
босалқы қор бөлігінде де, дебиторлық қарыз бөлігінде де айналым
активтері өседі, сонымен қатар кредиторлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
«ҚазТрансОйл» АҚ
Инвестициялық жоба объектілері
Қазақстанның мұнай газ саласы
ҚазМұнайГаз
КӘСІПОРЫН ТАУАР ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Пәндер