Тұрартұғыр Рысқұлов Тұрар



ТҰРАРТҰҒЫР
Сексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары жасаурап, жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты. Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау, селқостау сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене қоймағандай, толғанысқа түспегендей көрінген. Біз ғана емес, бірталай кісілер, ішінде Тұрар Рысқұловтың туыстары да баршылық, Сәуленің сәл-пәл суықтау қарайтындығына, анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ әбіржігендей болғантұғын. Бірте-бірте: “Титімдейінен тағдырдың талқысын көріп, теперішін тартты ғой, оңай ма?”, “Қан­шама жылдар бойы “халық жауының қызы” атанды, қайтсін-ай”, “Бастан кешпеген азабы жоқ қой, басқашалау көрінетіні содан да” десті. Сөйтіп, үнсіз ұғынысқан, іштей түсініскен.
Сәуле Тұрарқызының аудандағы үлкен орта мектепте болғанын байқағанбыз сонда. Кең залдың ішінде жүздеген жас өскін қатар түзеп тұрыпты. Салтанатты сап. Бәрі бірден, бір деммен сәлем берді. Мектептің басшысы сөз бастады. Рысқұлованы таныстырды. Оқушылар сол сапта тұрған күйінде алдын-ала дайындаған “монтаждарын” мазмұндады. Жаттауларын мағлұмдады. Музыка ойнады. Ән шырқалды. Сонсоң Сәуле Тұрарқызына сөз берілді.
Сәуле әпкеміз сол суықтау көрінетін күйінде, салқынқанды кейпінде, әйнегінің қалыңдығы бір елідей келетін ерекшелеу көзілдірігінің орта тұсын ортаңғы саусағымен түртіп қойып, бүй деді: “Балалар, мен сендерді жақсы түсінемін. Сендерге оңай емес. Қиналып тұрсыңдар. Мен қарапайым жағдайда, емін-еркін түрде әңгімелескенді дұрысырақ көруші едім. Ал қазір сендерді салтанатты сапқа тұрғызып, сірестіріңкіреп қойыпты. Әрине, сендер Тұрар Рысқұловты білмейсіңдер. Мүлде білмейсіңдер ғой, солай емес пе? Тек жаттағандарыңды айтып жатырсыңдар. Онша түсінбей айтып тұрсыңдар. Бірақ бұған сендер кінәлі емессіңдер, балалар.
Менің ағам, әпкелерім бар еді. Әжем түрмеде өлді. Шешем он жыл қамауда болды. Шешем жиі-жиі айтып отыратын еді. Әкем балаларды жанындай жақсы көрген екен. 1938 жылғы ақпанда атылған. Ескендір ағамды да әкеммен бір мезгілде тұтқындаған. Ол он жеті жаста ғана еді. Иркутскіде азаптап, Мәскеуде өлтірілген. Біз төрт қыз едік. София, Мая, Сәуле, Рита... Әкемді 1937 жылғы көктемде тұтқындаған. Қамауға алынғанда ол Қазақстан тарихы жөніндегі үлкен, көлемді кітабын тәмамдауға таяу екен...” Міне, Сәуле Рысқұлова сонда осылай деген.
Одан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Жылдар жылжыды. Айлар аунап, апталар алмасты, күндер сусыды. Тұрарлар аңсап, армандаған Тәуелсіздікке қол жетті. Осы жиырма бес жылдан астам уақыттың ішінде Тұрар Рысқұлов туралы бірқатар туындылар жазылды. Одан бұрынырақта да бір-екі кісі жазып, “Социалистік Қазақстан” газетінде жариялап, таяқ жеген ғой. 1984 жылы Алматыдағы “Қазақстан” баспасынан белгілі тарихшы ғалым, тұрартанушы, өзі мәскеулік Виктор Михайлович Устиновтың “Служение народу” деп аталатын кітабы жарық көрді. Сол 1984 жылы, сол “Қазақстан” баспасынан Тұрар Рысқұловтың “Избранные труды” атты кітабы шықты. Әрине, ол жылдардың, сол кезеңнің нені таңдап, нені іріктейтіні белгілі ғой. Дегенмен, осы дүниесінің өзінен Тұрардың тұлғасы мен тұрпаты, ұшан-теңіз атқарған тірліктерінің таң қаларлықтай ауқымы, қайраткерлік қарымы, азаматтық алымы, білім-білік тереңдігі, түркі халықтарының тағдыршешті талайына толайым берілген адалдығы, елі мен жерін, ұлтын жанындай жақсы көретіндігі, эконо­миканы, өнеркәсіптің күллі қырлары мен сырларын, тіпті тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, экспорт сынды салалардың өзгешеліктерін жілікше шағатыны аңғарылып тұрыпты. Ғұлама ғалымдығы, текті тарихшылығы, парасатты публицистігі өз алдына.
Таңдамалы еңбектері делінген дүниесінен кейін он үш жылдай уақыт өткенде, Тұрар Рысқұлов туындыларының үш томдығы шығарылған. “Құрастырушылардан” деген кіріспе бөлімде Тұрар Рысқұловтың шығармашылық мұрасы кезінде жарық көрген жиырмашақты кітаптан тұратыны айтылған. Жарық көрмегені қаншама. Мына шығарылып отырған үш томдығының бірінші және екінші томына 1923-1929 жылдары жазылған негізгі туындылары кіргізілгенін келтіреді құрастырушыларыңыз. Еңбектердің маңыздылығы сонда, дейді олар, бұл дүниелер сол кезде салтанат құрған маркстік-лениндік тұжырымдамадан және тар өрісті таптық методологиядан азат көзқараспен жазылған. Бірінші том “Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халықтары”, ал екінші том “Қазақстандағы 1916 жылғы қазақ-қырғыз көтерілісі”, “Жетісу мәселелері” сияқты еңбектермен ерекшеленеді. Сондай-ақ екінші томдағы “Қазақстан” монографиясы 1927 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көргені ескертіледі. Үшінші томның айрықшалығы, Түркістан-Сібір темір жолының тыныс-тіршілігін, тарихы мен тағдырын, келешек көкжиектерін кеңінен қозғайтындығында. Сонымен қатар бұл томға республиканың мемлекеттік мұрағаттарындағы мақалалары, сөйлеген сөздері, хаттары енгені ескертіледі. “Т.Рысқұловтың еңбектерін баспаға әзірлеуде о бастағы нұсқаларына нұқсан келтірмеуге тырыстық. Мәтіндердің барша стилистикалық және басқа ерекшеліктері толық сақталды”, дейді құрастырушылар.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРАРТҰҒЫР
Сексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова
Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары жасаурап, жақсыдан қалған
жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты.
Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау, селқостау
сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене қоймағандай, толғанысқа
түспегендей көрінген. Біз ғана емес, бірталай кісілер, ішінде Тұрар
Рысқұловтың туыстары да баршылық, Сәуленің сәл-пәл суықтау қарайтындығына,
анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ
әбіржігендей болғантұғын. Бірте-бірте: “Титімдейінен тағдырдың талқысын
көріп, теперішін тартты ғой, оңай ма?”, “Қан­шама жылдар бойы “халық
жауының қызы” атанды, қайтсін-ай”, “Бастан кешпеген азабы жоқ қой,
басқашалау көрінетіні содан да” десті. Сөйтіп, үнсіз ұғынысқан, іштей
түсініскен.
Сәуле Тұрарқызының аудандағы үлкен орта мектепте болғанын байқағанбыз
сонда. Кең залдың ішінде жүздеген жас өскін қатар түзеп тұрыпты. Салтанатты
сап. Бәрі бірден, бір деммен сәлем берді. Мектептің басшысы сөз бастады.
Рысқұлованы таныстырды. Оқушылар сол сапта тұрған күйінде алдын-ала
дайындаған “монтаждарын” мазмұндады. Жаттауларын мағлұмдады. Музыка ойнады.
Ән шырқалды. Сонсоң Сәуле Тұрарқызына сөз берілді.
Сәуле әпкеміз сол суықтау көрінетін күйінде, салқынқанды кейпінде,
әйнегінің қалыңдығы бір елідей келетін ерекшелеу көзілдірігінің орта тұсын
ортаңғы саусағымен түртіп қойып, бүй деді: “Балалар, мен сендерді жақсы
түсінемін. Сендерге оңай емес. Қиналып тұрсыңдар. Мен қарапайым жағдайда,
емін-еркін түрде әңгімелескенді дұрысырақ көруші едім. Ал қазір сендерді
салтанатты сапқа тұрғызып, сірестіріңкіреп қойыпты. Әрине, сендер Тұрар
Рысқұловты білмейсіңдер. Мүлде білмейсіңдер ғой, солай емес пе? Тек
жаттағандарыңды айтып жатырсыңдар. Онша түсінбей айтып тұрсыңдар. Бірақ
бұған сендер кінәлі емессіңдер, балалар.
Менің ағам, әпкелерім бар еді. Әжем түрмеде өлді. Шешем он жыл қамауда
болды. Шешем жиі-жиі айтып отыратын еді. Әкем балаларды жанындай жақсы
көрген екен. 1938 жылғы ақпанда атылған. Ескендір ағамды да әкеммен бір
мезгілде тұтқындаған. Ол он жеті жаста ғана еді. Иркутскіде азаптап,
Мәскеуде өлтірілген. Біз төрт қыз едік. София, Мая, Сәуле, Рита... Әкемді
1937 жылғы көктемде тұтқындаған. Қамауға алынғанда ол Қазақстан тарихы
жөніндегі үлкен, көлемді кітабын тәмамдауға таяу екен...” Міне, Сәуле
Рысқұлова сонда осылай деген.
Одан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Жылдар жылжыды. Айлар аунап, апталар
алмасты, күндер сусыды. Тұрарлар аңсап, армандаған Тәуелсіздікке қол жетті.
Осы жиырма бес жылдан астам уақыттың ішінде Тұрар Рысқұлов туралы бірқатар
туындылар жазылды. Одан бұрынырақта да бір-екі кісі жазып, “Социалистік
Қазақстан” газетінде жариялап, таяқ жеген ғой. 1984 жылы Алматыдағы
“Қазақстан” баспасынан белгілі тарихшы ғалым, тұрартанушы, өзі мәскеулік
Виктор Михайлович Устиновтың “Служение народу” деп аталатын кітабы жарық
көрді. Сол 1984 жылы, сол “Қазақстан” баспасынан Тұрар Рысқұловтың
“Избранные труды” атты кітабы шықты. Әрине, ол жылдардың, сол кезеңнің нені
таңдап, нені іріктейтіні белгілі ғой. Дегенмен, осы дүниесінің өзінен
Тұрардың тұлғасы мен тұрпаты, ұшан-теңіз атқарған тірліктерінің таң
қаларлықтай ауқымы, қайраткерлік қарымы, азаматтық алымы, білім-білік
тереңдігі, түркі халықтарының тағдыршешті талайына толайым берілген
адалдығы, елі мен жерін, ұлтын жанындай жақсы көретіндігі, эконо­миканы,
өнеркәсіптің күллі қырлары мен сырларын, тіпті тұрғын үй және коммуналдық
шаруашылық, экспорт сынды салалардың өзгешеліктерін жілікше шағатыны
аңғарылып тұрыпты. Ғұлама ғалымдығы, текті тарихшылығы, парасатты
публицистігі өз алдына.
Таңдамалы еңбектері делінген дүниесінен кейін он үш жылдай уақыт
өткенде, Тұрар Рысқұлов туындыларының үш томдығы шығарылған.
“Құрастырушылардан” деген кіріспе бөлімде Тұрар Рысқұловтың шығармашылық
мұрасы кезінде жарық көрген жиырмашақты кітаптан тұратыны айтылған. Жарық
көрмегені қаншама. Мына шығарылып отырған үш томдығының бірінші және екінші
томына 1923-1929 жылдары жазылған негізгі туындылары кіргізілгенін
келтіреді құрастырушыларыңыз. Еңбектердің маңыздылығы сонда, дейді олар,
бұл дүниелер сол кезде салтанат құрған маркстік-лениндік тұжырымдамадан
және тар өрісті таптық методологиядан азат көзқараспен жазылған. Бірінші
том “Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халықтары”, ал екінші том
“Қазақстандағы 1916 жылғы қазақ-қырғыз көтерілісі”, “Жетісу мәселелері”
сияқты еңбектермен ерекшеленеді. Сондай-ақ екінші томдағы “Қазақстан”
монографиясы 1927 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көргені
ескертіледі. Үшінші томның айрықшалығы, Түркістан-Сібір темір жолының тыныс-
тіршілігін, тарихы мен тағдырын, келешек көкжиектерін кеңінен
қозғайтындығында. Сонымен қатар бұл томға республиканың мемлекеттік
мұрағаттарындағы мақалалары, сөйлеген сөздері, хаттары енгені ескертіледі.
“Т.Рысқұловтың еңбектерін баспаға әзірлеуде о бастағы нұсқаларына нұқсан
келтірмеуге тырыстық. Мәтіндердің барша стилистикалық және басқа
ерекшеліктері толық сақталды”, дейді құрастырушылар.
1994 жылы жүз жылдығы, 2004 жылы 110 жылдығы тойланды. Әрине, ғылыми
еңбектердің бәрінде, ресми құжаттардың көпшілігінде Тұрардың туған жылы
“1894” деп жазылған. Себебі, Сәуле әпкеміз айтатындай, оны Рысқұловтың өзі
өзгерткен. 1994 жылғы 19 қыркүйекте жұртшылық жаппай жақсы көріп оқитын
“Өркениет” және “Горизонт” газеттерінде Сәуле Тұрарқызының сұхбаты
жарияланған. Басылымның бас редакторы Дархан Мыңбай: “Әкеңіздің биыл аталып
өтіп жатқан мүшелтойының бұрынғы тойлардан қандай ерекшеліктері бар деп
ойлайсыз?” деп сауалды төтесі­нен тастайды. Ә дегеннен-ақ. Бұл сұраққа
биология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының
академигі Сәуле Тұрарқызы Рыс­құлова былай жауап беріпті: “Азаматын
сыйлаған қалың елім – қазағым үшін мен осы жолы баспасөз арқылы бір
құпияның бетін ашпақпын. Жас кезінде әкем... екі жасын асырып жазған екен.
Ол туралы кезінде шешеме және жақын ағайын-туыстарымызға өзі де айтқан
көрінеді. Оның үстіне, менің өз қолымда да әкемнің 1896 жылы өмірге
келгендігін дәлелдейтін құжаттың (Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебін
тәмамдағаны жөніндегі аттестат) көшірмесі бар... Мүшелтойдың ерекшелігі
бүгінгі замана келбетінен де аңғарылса керек. Бұрынғы тойлары елім деп
еңіреген талай дарынды тұлғалардың, ақжүрек асыл азаматтардың өмірін
қыршынынан қиған ленинизм туының астында өтті. Енді, міне, бәрін ой
елегінен өткізетін уақыт туды. Әртүрлі көзқарастардың, бағыт-бағдарлардың
астарына үңілетін сәт жетті. Әйтсе де бұл мәселе қиын-қыстау жолдармен,
баяу жылжуда... Бұл мәселенің күрмеулі түйінін шешу үшін әрбір тарихи
тұлғаның өмірі мен қызметіне жете үңіліп, жеке-жеке зерттеп, терең талдау
жасау қажет. Біздің публицистеріміз, тарихшыларымыз, саясатшыларымыз бұл
мәселеге келгенде өте сақ, тым жайбасар, әлдеқалай заман туып қала ма
дегендей үргедек...”
“Өркениет” пен “Горизонттың” бас редакторы бұдан әрі: “Т.Рысқұлов
саяси қайраткер ретінде ғана емес, халық шаруашылығына өзгерістер енгізген
рефор­матор ретінде де танымал. Бұл орайда сіз не айтар едіңіз?” деген
сұрақ қояды. Бұл сауалға Сәуле Тұрарқызы әкесінің шаруашылық негіздерін
құрып, жүргізудегі, түрлі зауыт-фабрикалар, алып құрылыстар, оның ішінде
Түркісіб, тағысын-тағылары, коммуналдық шаруашылық, азық-түлік
кооперациясы, басқа да салаларды ұйымдастырудағы, басқарудағы, жетекшілік
жасаудағы ерен еңбегіне таңырқайтынын айтады. “Мысалы, сол жиырмасыншы
жылдардың өзінде-ақ қалаларда тұрмысқа қолайлы, заманауи шағын аудандар
салу жөнінде ұсыныс енгізген екен”, дейді. “Реті келгенде айтатын, әлі
күнге дейін оның өмірі мен қызметін зерттеушілер халық шаруашылығы
саласындағы орасан зор еңбегін толық қамтып көрсете алмай келеді. Меніңше,
оның осы саладағы ой-мақсаттарын, араға қаншама уақыт өткеніне қарамастан,
бүгінгі күннің тірлігіне де арнап, әрі қарай дамытып әкетуге болатын
сияқты”, дейді Сәуле Рысқұлова.
Тұрардың елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі
дүниесіне, адамзатқа жасаған жақсылығы жұртшылыққа аян. Рысқұлов феномені
жөнінде біршама айтылып та, жазылып та келеді. Тұрарды өткен ғасырдың 20-30
жыл­дарында дүние жүзінің әлем деңгейінен көрінген алып қайраткерлері түгел
танып-білген, ерекше қадірлеп-құрметтеген. Шығыс халықтарының, оның ішінде
түркі ұлттарының аса ірі өкілі, қайталанбас, қажырлы перзенті, адал ниетті
адамзаттың парасат шыңындағы шынайы қайраткері ретінде бағалай білген.
Түлкібас төрінде, Ақсу-Жабағылы баурайында өткен жүз жылдық тойында сол
кездегі Қазақстан Ұлттық академиясының президенті, көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев: “Тұрар Рысқұлов туралы жақсы айтып
жатырмыз, алайда, әлі жеткізе алмай жүрміз. Үндістан үшін Джавахарлал Неру,
Түркия үшін Ататүрік, Қытай үшін Сунятсен қандай алып тұлғалар болса, біз
үшін Тұрар – тап сондай тұлға. Оның халық үшін, адамзат үшін сіңірген
еңбегі де, қалдырған мұрасы да, ой-сана деңгейі де, келешекті кемел болжауы
да жаңағы аталған алыптардан титтей де кем емес”, деді. Өкінішке қарай,
қазекем мұндай-мұндайыңызды мойындамаққа мұқым-мүлде жоқ қой, жоқ.
Обалы нешік, қазақ тарихшылары мен публицистері кейінгі жиырмашақты
жылдың көлемінде Тұрар Рысқұлов хақында біршама ізденістерімен көрінді. Әлі
де жеткіліксіз дегенімізбен, ілгерілеушілік жоқ емес. Осы орайда өзі де
елеулі еңбек сіңіре білген көрнекті тарихшы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Кеңес Нұрпейісов тұрартанушы Виктор Устиновтың, Мәмбет
Қойгелдінің, Талас Омарбековтің, Ордалы Қоңыратбаевтың, Мұхтар Қазыбектің,
Ғаппар Маймақовтың ізгі ізденістерін атап көрсетеді. Талантты тарихшы
Мәмбет Қойгелдінің тынымсыздығы нәтижесінде Тұрар турасындағы талай
деректер айқындалып, жұмбақ жатқан құпиялар ашылып, маңызды материалдар
табылды. Ол кісінің жан-жақты талдап жазғанындай-ақ, Тұрар Рысқұловтың
өмірбаянында оның тікелей ұйымдастыруымен және төрағалығымен 1926 жылы
Мәскеуде өткен ұлт мәселелеріне арналған кеңестің жөні бөлек, жосығы ерек.
Оған РСФСР құрамын­дағы автономиялық құрылымдардың басшы қайраткерлері,
БОАК және КСРО ОАК мүшелері қатысқан. “Қатысқан кісілердің құрамы, сондай-
ақ онда талқыланған мәселелердің маңызы жағынан бұл кеңес, уақыт
көрсеткендей, шын мәнінде ұлт мәселесіне арналған бүкілодақтық бесінші
кеңестің міндетін атқарған еді. Одан бұрынғы ұлттар мәселесіне арналған
төртінші кеңес 1923 жылғы 9-12 маусым аралығында болған. “Өте құпия” деп
мөр басылған төртінші кеңестің материалдарын жетпіс жыл өткен соң, 1992
жылы жеке кітап етіп мәскеулік “Инсан” баспасы шығарды.
Ал “Националдар кеңесі” немесе “Рысқұлов кеңесі” атанған 1926 жылғы
кеңестің материалдары да “құпия” деген белгімен Мәскеу архивтерінде
сақтаулы”, деп жазған болатын М.Қойгелді 1994 жылы. Ғалым бұдан әрі жаңа
империялық принциптердің үстемдік алуына жанұшыра, батыл қарсы шыққан
З.Валидов, М.Сұлтанғалиевтердің қызметтен аласталып, абақтыға жабылғанын,
алайда алашшыл арыстардың бірегейі Тұрар Рысқұловтың орталықтың озбырлығына
наразылық рухын титтей де бәсеңдетпей, қайта өзгеше өрістете түскенін
дәйектейді. “Ал тезірек шешімін табуды күткен мәселелер күн өткен сайын
көбейе түскен. Сөйтіп, большевиктердің ұлттық езгіде келген халықтарға
теңдік жұмағын беру жөніндегі уәдесі қол жетпес мұнарға айнала бастайды.
Бұл жағдай РСФСР құрамындағы автономиялық құрылым басшылары арасында
орталықтың саясатына деген наразылықтың өсе түсуіне негіз болды. Т.Рысқұлов
өткізген кеңес сол наразылықтың жиынтық көрінісі болатын. Кеңес қабылдаған
ұсыныстарда орталық биліктің ұлт аймақтарымен қатынасын қатал сынға алған
жолдар жеткілікті еді”, деп жазады Мәмбет мырза “Адасқан кім? Т.Рысқұлов
па, жоқ әлде тоталитарлық жүйе ме?” деген мақаласында. Ал енді сол
кеңестегі Тұрар Рысқұловтың қорытынды сөзіне қараңызшы: “Орталық
мемлекеттік аппарат өздеріңізге мәлім мүдделерді қорғап әбден қалыптасып
қалған. Енді оны сол қалыптасып қалған бағыттан басқа жаққа бұру жеңілге
түспес. Аппарат ұлттық аймақтардағы ерекшеліктерді есепке алуға
бейімделмеген. Керек десеңіз, оның жетекшілері қандай ұлттардың қайда
тұратынын да білмейді. Онда жұмыс істейтін шенеуніктер ұлтшылдық пиғылмен
уланған, ұлыдержавалық шовинизм тура осы орталық мекемелерден тарап отыр.
Қазіргі экономикалық саясатта елді индустрия­ландыру мәселесі – ең негізгі
мәселе. Міне, осы мәселеде де ұлттық аймақтардың түпкілікті мүдделері мүлде
есепке алынып отырған жоқ”.
Тарихшы түйіндегендей-ақ, Иосиф Сталин өзінің басты бағытын өткір
сынға алған мұндай кеңеспен келісе алмас. Сондықтан көсем көпке бармай-ақ
кәззаптық күрес ашты да жіберді. РСФСР-дың барлық автономиялық
құрылымдарында “Рысқұлов кеңесінің” бағытын айыптаған жиналыстар өте
бастады. Әрине, Қазақстанның астанасы Қызылордада қызу қарқынмен
қамдастырылды. 1926 жылғы 18 желтоқсанда өткен осындай жиында негізгі
баяндаманы Ф.Голощекин жасайды. Қорытындысы да, қаулысы да белгілі. Кейін,
он екі жылдан соң, репрессиялау кезінде “Рысқұлов кеңесіне” қатысқан
қайраткерлердің бәрі қамалды. Айуандықпен азапталды. Атылды.
“Тоталитарлық жүйе Т.Рысқұлов пен оның пікірлес серіктерін кешірген
жоқ... Тұрар мен оның серіктері тура жол таңдаған еді. Бұл – уақыт
дәлелдеген ақиқат”, дейді Мәмбет Қойгелді.
1999 жылы Алматыдағы “Санат” баспасынан Мұхтар Қазыбек пен Ғаппар
Маймақовтың “Құпия кеңестер” атты кітабы шықты. Бұл жинақтың да елді елең
еткізгені мәлім. Авторлар онда Ресей Федерациясы мұрағатынан Мәмбет
Қойгелді алғаш тауып оқыған “Т.Рысқұловтың Жеке кеңесінің” материалдарын
жан-жақты талдап, саралайды. Құпия кеңестердің әрқайсысының өзгешеліктері,
төртінші кеңестің неліктен құпия өткізілгені, Тұрарға төнген қауіптің
себептері, ұлттық теңсіздік пен шовинизмнің кесапатты көріністері, Тұрар
Рысқұловтың тікелей өзі ұйымдастырған төтенше кеңес және онда көтерілген
күретамырлы мәселелер, Тұрар өткізген Жеке кеңесті жоққа шығаруға тырысқан
Голощекиннің қорқау-қарау әрекеттері, қазақтарды, әсіресе, ұлттық басшы
кадрларды бір-біріне айдап салып, өз қолдарымен өздерін құртқызуды басты
бағыт етіп ұстанғаны, Рысқұловқа қарсы қанқұйлы күресі – бәр-бәрі нақтылы
фактілер, хаттамалар мен өзге де құжаттар арқылы дәлелденеді. Аталмыш
кітаптың жартысынан сәл ғана астамы пайымды, байыпты талдауларға арналса,
қалған бөлігінде “Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Төралқасы жанындағы
Ұлттар бөлімі және РСФСР Халық комиссарлары кеңесі Төрағасының орынбасары
Рысқұлов жолдастың инициативасы бойынша шақырылған ұлт өкілдерінің БОАК пен
КСР Одағы Орталық атқару комитеті мүшелері және ұлттық шет аймақтардың
басқа да өкілдерінің Жеке кеңесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Тұрар Рысқұлұлы туралы мәліметтер
Тұрар Рысқұлұлы туралы (1894-1937)
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Пәндер