Қазақстан Республикасының банк жүйесі қалыптасуы



МАЗМҰНЫ

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

I Тарау . Қазақстан Республикасының банк жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... 5

1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметін реформалау ... ... ... ... ... ... .15

II Тарау. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі...18

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлемесін қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ

Банктік жүйе  нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың басты формасы, проценттер әкелетін  ссудалық (қарыз капиталы). Жеке меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың дамуымен өте тығыз байланысты.
Египетте банктік операциялар б.э.д. 2700 жылдары жүргізілген. Б.э.д. VIII ғасырда Вавилон банкісі белгілі болған. Ежелгі Римде және Грецияда банктік қызмет балған. Ал қазіргі түсініктегі бірінші банк 1407 жылы Генуяда пайда болған.
Өнеркәсіпте тауар-ақша айналысының дамуы ақша-сауда және банктік капиталдың құрылуына алып келді. Ақша-сауда капиталы, процент әкелетін капиталдың алғышарты болады. Ақшамен сауда жасау, әрине, банктердің жалғыз функциясы болып қалмайды.
Сонымен бірге банктердің пайда болуы экономиканың қолма-қол ақша артылып бара жатқан секторларының қаражаттарын жұмылдырып, қолма-қол ақша жетіспеушілігі бар секторларға жіберілуіне мүмкіндік береді.
Банктік несиелік опирациялардың негізі салымдар, немесе депозиттер, болып табылады, және де есеп айырысудағы делдалдықта. Сонымен бірге, несиелік операциялардың негізін банктің өзінің капиталы құрайды.
Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік капиалдың араласуының нәтижесінде банктер күшейді. Бұл кезеңде банктердің негізгі клиенттері ірі өнеркәсіптік компаниялар болды.
Банктердің несиелік опирацияларының кеңеюі салымдардың өсуіне, ақша айналысының дамуына , жарғы копиталдың мөлшерінің өсуіне себеп болды. Мұның барлығы банктік сферада меншіктің акционерлік формасының пайда болуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде баніктік капиталдың концентрациясы про Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік цессінің күшейюіне әкеліп соқты
Қазіргі кездегі банктік жүйелердің күрделі және көпбөліді құрылымы бар. Егер классификацияның негізіне мекемелердің өзінің клиенттеріне көрсететін қызметтердің сипатын қойсақ онда банк несие жүйесінің үш маңызды бөліп көрсетуге болады, олар:
- орталық (эмиссиондық) банк;
- коммерциялық банктер;
- арнайы қаржылық мекемелер.
Орталық банк – бұл “банктердің банкісі ”. Ол фирмалармен немесе халықпен опирациялар жүргізбейді. Оның клиентурасы – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтің мекемелері. Қазіргі кезде орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі – жалпы ұлтық ақша несиелік саясатын жүргізу. Ол қаржылық сектордың жағдайына және түгелдей дерлік ұлттық шаруашылыққа күнделікті және терең ықпалын тигізіп отырады.
Коммерциялық банктер – қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторында операциялар жүргізетін, конфункциялы мекемелер болып табылады. Ірі коммерциялық банктер клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетудің толықкешенін ұсынады.
Қолданылған әдебиеттер.

1. Банки и банковские операции: Учебник. (Под. ред. Проф. Е.С. Жуков. – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 471 с.
2. Банковское дело (Под ред. О. М. Лаврушина. – М: Финансы и статистика, 1998.
3. Банковское дело: Учебник./Под. Ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливицкой. – М: Финасы и статистика, 1996.
4. Вестник Национального банк Республики Казахтан за 1999, 2000 годы.
5. Долан Э.Д., Кемпбелл К.Д., Кемпбелл Р.Д.. Денги, банковское дело иденежно-кредитная политика. – М., 1994.
6. Денги, кредит, банки: Учебник/Под ред. Проф. Г.С.Сейткасимова – А., “Экономика” 1999.
7. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 ж. 30 наурыздағы (өзгерістермен бірге) №25557
8. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 ж. 30 тамыздағы №2444 (енгізілген өзгерістермен бірге).
9. Усоскин. Современный коммерческий банк. М. – 1994.
10. Шабанова Н.Н. Денежное обращение и кредит СССР. Учебник. – Ташкент. 1985.
11. Web sait – WWW.national bank. kz.
12. //Вестник НацБанка РК 2000, №10 (с 17-30). “Ставки учета за прошедший год”.
13. //Панорама 2000, №6 (с7). “О чем думает Национальный Банк”.
14. Панорама 2003, 22 февраля (с7). “Лучшая банковская система в СНГ”.
15. //Панорама 2004, 8 марта (с7). “Процентные ставки на 2004 год”.
16. Рынок ценных бумаг 2003, №7 (с36-43).

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

I Тарау . Қазақстан Республикасының банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ..5

1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... 5

2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметін
реформалау ... ... ... ... ... ... . 15

II Тарау. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі...18

1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді қайта
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .20

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлемесін
қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26

КІРІСПЕ

Банктік жүйе ( нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және
айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы
тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер,
ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды
қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді,
қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың
басты формасы, проценттер әкелетін ( ссудалық (қарыз капиталы). Жеке
меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның
меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға
ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың
дамуымен өте тығыз байланысты.
Египетте банктік операциялар б.э.д. 2700 жылдары жүргізілген. Б.э.д.
VIII ғасырда Вавилон банкісі белгілі болған. Ежелгі Римде және Грецияда
банктік қызмет балған. Ал қазіргі түсініктегі бірінші банк 1407 жылы
Генуяда пайда болған.
Өнеркәсіпте тауар-ақша айналысының дамуы ақша-сауда және банктік
капиталдың құрылуына алып келді. Ақша-сауда капиталы, процент әкелетін
капиталдың алғышарты болады. Ақшамен сауда жасау, әрине, банктердің жалғыз
функциясы болып қалмайды.
Сонымен бірге банктердің пайда болуы экономиканың қолма-қол ақша
артылып бара жатқан секторларының қаражаттарын жұмылдырып, қолма-қол ақша
жетіспеушілігі бар секторларға жіберілуіне мүмкіндік береді.

Банктік несиелік опирациялардың негізі салымдар, немесе депозиттер,
болып табылады, және де есеп айырысудағы делдалдықта. Сонымен бірге,
несиелік операциялардың негізін банктің өзінің капиталы құрайды.

Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік
капиалдың араласуының нәтижесінде банктер күшейді. Бұл кезеңде банктердің
негізгі клиенттері ірі өнеркәсіптік компаниялар болды.
Банктердің несиелік опирацияларының кеңеюі салымдардың өсуіне, ақша
айналысының дамуына , жарғы копиталдың мөлшерінің өсуіне себеп болды. Мұның
барлығы банктік сферада меншіктің акционерлік формасының пайда болуына алып
келеді. Ал бұл өз кезегінде баніктік капиталдың концентрациясы про
Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік цессінің
күшейюіне әкеліп соқты
Қазіргі кездегі банктік жүйелердің күрделі және көпбөліді құрылымы
бар. Егер классификацияның негізіне мекемелердің өзінің клиенттеріне
көрсететін қызметтердің сипатын қойсақ онда банк несие жүйесінің үш маңызды
бөліп көрсетуге болады, олар:
- орталық (эмиссиондық) банк;
- коммерциялық банктер;
- арнайы қаржылық мекемелер.
Орталық банк – бұл “банктердің банкісі ”. Ол фирмалармен немесе
халықпен опирациялар жүргізбейді. Оның клиентурасы – коммерциялық банктер
және басқа да несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтің мекемелері.
Қазіргі кезде орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі – жалпы ұлтық
ақша несиелік саясатын жүргізу. Ол қаржылық сектордың жағдайына және
түгелдей дерлік ұлттық шаруашылыққа күнделікті және терең ықпалын тигізіп
отырады.
Коммерциялық банктер – қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторында
операциялар жүргізетін, конфункциялы мекемелер болып табылады. Ірі
коммерциялық банктер клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетудің толықкешенін
ұсынады.
Коммерциялық банктер дәстүрлі түрде банктік-несиелік жүйенің негізгі
ролін атқарады.
Арнайы қаржылық мекемелер – қарыз капиталы нарығының тар сфераларында
опрацияларын жүргізеді. Бұл сфераларда қызмет көрсету үшін арнайы білім
және арнайы техникалық амалдар керек. Бұл мекемелердің кейбір түрлері
қаржылық қызмет көрсетудің белгілі бір түрлеріне сұранысты банктер жаба
алмағаннан пайда болған. Мысалы, 20-ші жылдары коммерциялық банктер
тұтынушылық несиені берумен айналыспаған, нәтижесінде қазіргі кезде ақша
нарығында тұрақты орны бар, тұтыну несиесін берумен шұғылданатын бірқатар
мекемелер тобы пайда болды.
Коммерциялық банктер және басқа қаржы-несие мекемелері өздерінің
қызметін бір жерде - ынтымақтас болып, ол бір жерде – бәсекелес болды.
Бұған сәйкес тарихи даму үстінде сегметтелген және универсальды банктік
құрылымдар пайда болды.
Сегменттелген құрылым-қаржылық мекемелердің операциондық қызметтердің
және функцияларын қатаң түрде заң жүзінде бөледі. Ал универсальды құрылымда
қаржылық қызмет көрсету сферасына және бөлек операциялар түрлеріне қатысты
заңды шектеулер жоқ. Барлық қаржы-несиелік институттар қандай болсын түрін
жасаса да алады және клиенттеріне операциялардың барлық түрін көрсете
алады.
Сонымен Банктік жүйе дегеніміз – екі деңгейден тұратын(біріншісі –
орталық банк, екіншісі – комерциялық банктер), қаржы-несиелік қатынастардың
нәтижесінде болған, ұлтық шаруашылыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін
мекемелерден құрылатын біртұтас жүйе.
Ал, бұл жүйенің түйіні – орталық банктерге тоқталайық.
Жалпы орталық банктердің пайда болуы тікелей олардың эмиссиялық
қызметімен байланысты. Ал банктердің эмиссиалық қызметі ақшаның
эволюциясымен тікелей байланысты болады, яғни несие ақшалардың пайда болуы.
І Тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан тереториясында орта ғасырларда (VI-X ғғ.) сауданың
дамуымен бірге ақша және сәйкесінше ақшалай қатынастар. Сауда көбінесе,
XVIII ғасырда негізгі қаланған шекаралық қорғандардағы айырбас аулаларында
жүрді. Сауда ақша нысанында тез өсе бастады, сауда жәрмеңкелері дами
бастады. Жәрмеңкелерде өз кезегінде экономикалық дамуға және тауар ақша
қатынастарының кеңеюіне оң ықпалын тигізді. Сауданың даму нәтижесінде,
әрине, саудагерлер байи бастады. Олар өздерінің қолына үлкен мөлшерде ақша
қаражаттарын шоғырландырып, өсімқоршыларға айналды. XIX ғасырдың басынан
Қазақстанға шетелдік және рессейлік банктік капитал енеді, бұл капитал
аймақтың негізгі қаржылық рсурстарын монополизациялайды. 1889 ж. Рессей
үкіметі Омск қаласында Семей, Ақмола және Жетісу облыстарында қаржылық
істерді басқару үшін қазынашылық палатасын ұйымдастырады. Палатаның міндеті
мынада болады: сауданы бақылау, қазынашылықтардың басқару, мемлелеттік
табыстар бойынша жалпы есеп жүргізу. Қазақстанға банктік копиталдың өне
бастауы және оның териториясында несиелік жүйесінің құрылуы XIX ғасырдың
аяғында басталды. Осы уақыттан бастап несиенің жаңа нысандары пайда бола
бастады. Қазақстанның несиелік жүйесі, Рессей империясының несиелік
жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшелерінен,
акционерлік коммерциялық банктерден, несиелік кооперциялардан және де басқа
да майда несие мекемелерінен құрылды.
Рессей Мемлекетік банктің құрылуымен Қазақстан тереториясында оның
мекемелері пайда бола бастады. Ресей Мемлекетік банкінің бірінші
бөлімшелері Уральскта (1876 ж.), Петропавловскте (1886 ж.), Семейде
(1887.), Верныйда (1911.) ашыла бастады. Ресей Мемлекеттік банкінің
мекемелерінің ашылуынан кейін Қазақстан тереториясында коммерциялық банктер
пайда болды.
1917 жылғы революциядан кейін Қазақстандағы барлық қаржылық шаралар,
РФСРО-ның қаржылық органдарымен жүргізілетін қаржылық саясаттың
принцептерімен сәйкес жүргізіледі. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары бұрыңғы
жүйемен несиелеу ережелері қала берді. 1919 жылдың бірінші жартысында бір-
бірімен байланыспаған мекемелердің 2 түрі пайда болды: қаржылық бөлімдер
(губерниялық, уездік және қалалық) және Халық банкінің мекемелері, РФСРО
Халық банкіна бағынышты. Жергілікті қаржылық органдарын ұйымдастыру
жұмыстары Азамат соғысының және әскери интервенция кесірінен созылып кетті.
Несие ісін реттеу жұмыстары жеке банктерді национализациялау негізінде
жүргізілді. 1920 жылы РФСРО Халық банкі жойылып оның функциялары РСФСРО-ның
Халықтық қаржылық коммисариатының бюджетік-есептік басқармасына ерілді.
1921 жылдың қазан айында Мемлекетік банкті құру туралы шешім қабылданды.
1922-1925 жылдары бүкіл елде, Қазақстанда соның ішінде, шаруашылықтың бөлек
салаларыны қызмет көрсететін коммерциялық және басқа банктерді ұйымдастыру
процессі жүріп жатты. Одақ үкіметінің 1930 жылғы 30-ші қаңтарындағы үкімі
бойынша елде несиелік реформа жүрді. Бұл реұорма коммерциялық несиелеуден
тікелей банктік несиелеуге көшуді жүзеге асырды. Несиелік жүйені қайта құру
1932 жылғы 5-ші мамырдағы үкіметтің “Банктердің күрделі салымдарды
қаржыландыруы және ұзақ мерзімді несиелеуі туралы” үкімімен аяқталуы.
Ұлы Отан Соғысы Қазақстанның экономикасының алдында келесі негізгі
міндеттерді қойды: Ұлттық шаруашылықты әскери етіп қайта құру, әскери
өнімді көбейту, армияны қарумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Соғыс өтуімен Қазақстандағы Мемлкеттік Банктің мекемерелі ақшаның
айналысқа түсуі және алынуы ережелерін қатаң сақтады. Банктердің кассасына
қолма-қол ақшаларды түсіру және олармен бүкіл халық шаруашылығын қамтамасыз
етуіне байланысты үлкен жұмыс жүргізілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі өзінің
қызметін белсенді белсенді жүргізуге шақырылды, экономиканың дамуы және
қайта жандануына тиімді ықпалын тигізуі қажет болды 70-ші жылдары халық
шаруашылығында экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Оларды өту үшін
өндірісті дамыту және салалық банктік мекемелер арқылы тиімді басқару
тетіктерін құру көзделді. Банк ісі үш ірі несие институттарымен көрінді:
КСРО Мемлекеттік банкі, КСРО Құрылыс банкісі, КСРО Сырты сауда банкісі.
Бірақ қабылданған шаралар қалаған нәтижелерге алып келген жоқ
Ұлттық Банкпен “ҚРҰБ туралы ” және “ҚР банктер және банк қызметі
туралы” заңдардың жобаларын өңдеп жасалып шығарылды. Бұл заң жобалары
Республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1993 жыдың сәуір айында қаралып
қабылданған. Оларды ҰБ-мен коммерциялық банктерге бекітілетін экономткалық
нормативтер шеңбері кеңейтілген, ҰБ-тің лицензия берудегі және алудағы
құқықтары кеңеитілген және нақтылынған. Яғни ұлттық валютаны енгізу сәтіне
– Қазақстанда банктік сфераны реформалау бойынша көп жұмыс атқарылған: екі
деңгейлі банктік жүйе жұмыс істеп тұрды, барлық арнайы банктер акционерлі
банктер болып қайта құрылды.
Теңгенің ену сәтінен бастап ҚҰБ ақша-несиелік сфераның қызмет етуіне
және реттеу және механизмдерін берік қылумен банктік қызметті қадағалауға
толық жауапты болды. Бұдан кейін банктік жүйенің дамуы түпкілікті жаңа
этапқа көшті.
1993 жылғы банктік жүйесінің жағдайы.
1993 жылдың басында республикада 204 ком. Банк тіркелген – бұл
банктердің 1023 филиалы болған. Сонымен қатар жинақ банкінің 4 мыңнан
астам агентстволары болды.
1993 жылы банк жүйесінің әрі қарай дамуы банктердің салалық сомманың
өсуімен де және олардың капиталының өсіруімен байланысты болды. Оған
көбінсе коммерциялық банктердің жарғылық қорының минимальді мөлшерінің
өзгеруімен байланысты шаралар өз ықпалын тигізді. 1992 жылдың аяғында
коммерциялық банктердің жарғылық қорлары келесі көлемде белгіленеді:
- мемлекеттік банктер үшін. 10
млн. теңге
- бірлескен және шетелдік банктер үшін 1 млн. доллар
АҚШ
- валютаның операцияларды жүргізуге
лицензиясы бар банктер үшін 5
млн. теңге
- жеке банктер үшін
500 мың теңге
1993 жылы комерциялық банктердің жарғылық қорларының жалпы соммасы 68
млн. теңгеден 527 млн. теңгеге өсті (7 есе). Жарғылық қорлардың өсуімен
бірге коммерциялық банктердің жеке ресурстарыда өсті, 25,4 млрд. теңгеге
(8,9 есе).
1993 жылы кейбір банктердің қызметін тоқтату процесі басталды – 15
коммерциялық банк жойылды. Бұл ең бірінші кезекте, ҰБ-тің олардың жұмысына
қадағалауы және бақылауының күшеюімен байланысты болды.
1993 жылдың сәуірінде Республиканың Жоғары Кеңесімен “ҚРҰБ туралы”
Заңды қабылдады. Бұл заңға сәйкес басқарудың 2 деңгейі құрылды. Бірінші
деңгейі – ҰБ-тің басқармасы. Екінші деңгейі – яғни оперативтік міндеттерді
орындау, директоратқа жүктелді. Директораттық – Төрағаның бірінші
орынбасарымен басқарылатын барлық департаменттердің директорларынан тұрды.
Сонымен бірге, Заңға сәйкес ҰБ неізгі міндеті – ҚР-сының ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығы болды. Бұл міндетін орындау үшін
ҰБ өзінің жұмысында ақша-несиелік реттеудің әртүрлі құралдарын қолданды,
жекеше тоқталсақ, міндетті резервтерді және несиелер көлемін өзгерту арқылы
ақша массасының құрылымы мен көлемін реттеу, бағалы қағаздар және шетел
валютасымен операцияларды жүргізу, проценттік ставкаларды реттеу.
ҰБ-нің бақылау және қадағалау функцияларының негізгі мақсаты
комерциялық банктердің кредиторлары және салымшыларының құқықтарын қорғау
болып табылады. Қадағалау функциясын күшейту мақсатында ҰБ-нің құрылымында
арнайы бөлім құрылды, ол бөлім – банктік қадағалаудың департаменті,
облыстарда өзінің бөлімшелері бар. Депортамент республиканың бақылаушы
органдарын тексеру жүргізгендерінде өзінің қызметінің үйлестірілуін жүзеге
асырады.
Республикадағы банкаралық есеп айырысулары тездету мақсатында 268 ЕКО-
тар құрылды. Олар 1994 жылдың 1 қаңтарында барлық коммерциялық банктер мен
олардың филиалдарына қызмет ете бастады.
1994 жыл.
1995 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдаймен ҚР-сының территориясында 184
банк және 1042 филиал, 8 мелекеттік емес ломбарт жұмыс істейді. Қазақстан,
Қырғыстан және Өзбекстан арасындағы үкімет аралық келісімдерге байланысты
Ынтымақтастық және даму Орта-Азия банкісі құрылды. Сонымен бірге 2 Рессей
еншілес банкілері, Голландия АБН-Амро банкісінің еншілес банкісі, Сауд
Аравиясымен Қазақстанның біріккен банкісі құрылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы негізінде үш
мемлекеттік банк ашылды: “Жилистройбанк”, “Эксимбанк” және Қазақстан даму
банкісі; Арал регионының проблемаларын шешу үшін “Арал Экобанк”ашылды,
украиндық “Приватбанктің” өкілеттілігі ашылды.
1994 жылы жұмыс істеп тұрған банктердің ішінде 31 банктің (17%) 50-
ден 200 млн. теігеге дейін жарғылық қоры болды. Ал жарғылық қоры 1 млн.
теңгеден аз емес, сол кездегі банктердің жалпы санының 60%-де болған.
1994 жылы ҰБ-те банктік қадағалауды жүзеге асыру үшін негіздерді құру
процессі жалғастырылынды. Ортақлық аппараттың банктік қадағалау штаты өсті
және ұйымдастырушылық құрылымы жұмыстың талаптарына және әлемдік тәжірибеге
сай сәйкестендірінді.
Пруденциалдық реттеудің нормативтік базасын құру бойынша үлкен жұмыс
жүргізілді. Банктердің жұмысын реттейтін экономикалық нормативтер, Банктік
қадағалау бойынша Базельдік комитеттің және басқа халықаралық қаржылық
ұйымдардың ұсыныстарына кезең-кезең бойынша сәйкестендірілді. Банктердің
қаржылық тұрақтылықты, ақша-несие жүйесінің тұрақтылықты және
депозиторлардың мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен банктердің
миинмальды жарғылық капиталына талаптар жоғарыланды.
1994 жылы сәуірде экономикалық нормативтер бекітілді, оларға –
жарғылық қордың минимальді мөлшері, тәуекелді активтерге қатынасы бойынша
банктердің капиталына жеткіліктік коэффиценті, өтімділік коэффициенті, бір
қарыз алушыға шаққандағы тәуекелділіктің максималады мөлшері минималады
резерфтік талаптар кірді.
1994 жылы ҰБ-тарда, барлық банктік жүйеде де, бухгалтерлік есеп және
есептілікке көп көңіл бөлінді. Шілде айынан бастап екінші деңгейлі
банктердің есептілігін реформалау басталды. Банктердің шоттар жоспарында
және ҰБ-тің шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің облысындағы соңғы
халықаралық принциптер және стандарттар ескерілді. Өз кезінде есеп айырысу
проблемаларының маңызды шешімі-төлем жүцелерінің қызмет етуінің сапалы жаңа
деңгейін құру болды. Бұл бағытта ҰБ-пен төлем жүйесін модернизациялау
саясатын жүргізді. Осы мақсатпен Ұлттық төлем Кеңесі құрылды, оның негізгі
міндеті – төлем жүйесінің құру облысында банктердің қызметін үйлестіру
болып табылады. Кеңестің құрамына ҚР-сының қаржы министрлігінің, ҰБ-тің
және 9 ірі комерциялық банктердің өкілдері кірді. Төлем жүйесін құрудың
әсерлі механизмі құрылған, оының жұмысының негізгі принциптері Қаржы
министрлігінің, ҰБ-тің және комерциялық банктердің үйлесімде шешімдерді
қабылдау болып табылды.
1995 жыл.
ҰБ-тің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің және
капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюуі нәтижесінде банктердің
жалпы саны 1995 жылы 191-ден 130-ға қысыарды, филиалдары бар банктер 48-ден
36-ға қысқарды.
Банктердің жалпы санының қысқаруы орта және кіші банктердің есебінен
болды, ал сол уақытта бірнеше ірі банктер жағдайы жақсарта алды.
Шетел банктерінің саны бұрынғыдай қалды (6), ал біріккен банктердің
саны 6-дан 7-ге өзгерді. 1995 жылдың соңына республикада шетел банктерінің
7 өкілеттілігі ашылды: Дойче Банк АГ, Дрезднер-банк АГ, Венгерский банк
сыртқы сауда үшін, “Приват” коммерциялық банкі, Сити-Банк, Сосьете
Женераль, Коммерцбанк АГ.
1995 жылы Агропромбанкті санация жүзеге асты, Халық жинақ банкісінде
мемлекеттік меншік формасы қалпына келтірілген. Реабилитациялық банк
құрылып өзінің жұмысын жүзеге бастаған. Функциялардың қайталануын жоюі
мақсатымен ҚР үкіметінің шешімімен Эксимбанкпен Қазақстан даму банкісін
қосу жүргізілді.
1995 жылдың 16 қарашасында бекітілген “Ломбардтар туралы жағдайға”
сәкес Қазақстан териториясында жылдың соңында 27 ломбард жұмыс істеді.
1995 жылдың 15 сәуірінен бастап банктердің жарғылық қоры 500 мың АҚШ
доллары болуға тиісті болды. Ал шетел валютасымен операцияларды жүргізуге
лицензия алу үшін лицензияларына ие болу үшін минималды жарғылық қоры 1,5
млн. АҚШ долларын құрауы керек болды.
ҚР Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда
банктік жүйенің реформалау Бағдарламасы бекітілді. Реформаның басты мақсаты
ақшалай ресурстардың қайта реттелінуінің орталықтандылығын максималды
қысқарту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде ақша-несиелік реттеудің
құралдары және әдістерінің дамуы жүрді, банктерді қайта қаржыландыру
механизмі үлкен өзгерістерге ұшырады.
1995 жылдың ақпанынан бастап директивті несие беру тоқтатылды. 1995
жылы ҰБ-тің Басқармасымен 45 банктен бекітілген банктік заңдылық
нормаларын бұзғаны үшін банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар
жойылды, банкті ашуға рұқсаттары қайта шақыралды. Жойылу процессі үстінде
62 банк болды, бұл процес 7 банкте аяқталған еді.
1995 жылдың қаңтарында “Ұлттық Төлем Кеңесінің құру және ҚР-сының
Ұлттық төлем жүесін құру облысындағы ынтымақтастық туралы” келісім жасалды.
Ұттық Тлем Кеңесін ҰБ-тің және ірі екінші деңгейі банктерінің өкілдерінен
құралды. 1995 ж. Алматы клиринктік палатасы ұйымдастырылды. Ол халықаралық
стандарттарға толық жауап берді.
1996 жыл.
ҰБ-тің екінші деңгейі банктерінің өтімділігінің және
капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюі банктердің қосылу және
жойылу процессін тездетті. 1996 жылдың аяғында ҚР-сында 101 екінші деңгейлі
банкілері тіркелген, соның ішінде: мемлекетаралық – 1; мемлекеттік – 5;
шетел қатысуымен – 8.
1996 жылдың ақпанында ҰБ-тің есепайырысу-кассалық орталықтарының
функциялары жаңа құрылған Мемлекеттік кәсіпорынға жүктелді – Республикалық
бюджеттік банкке. Сонымен бірге, 1997 жылдың 1 қаңтарында республикада
мынадай банктік емес қаржылық мекемелер жұмыс істеді: 36 ломбарт, 1
зейнетақы қоры, 1277 айырбас пункттері банктермен өкілеттіктері және 1147
заңды тұлғалардың айырбас пункттері. 10 шетел банктерінің өкілеттіктері
тіркелген, соның ішінде – Пакистан ҰБ-сінің өкілеттігі және Credit
Commerciale France.
Екінші деңгей банктерінің тіркелген жарғылық қорының жалпы соммасы
19646 млн. теңгені құрады, нақты төленгені 17740 млн. теңге болды. ҚР-сының
екінші деңгейі жиынтық меншілік капитал 1996 жылдың аяңында 13533 млн.
теңгені құрады. Меншік капиталының жеткіліктік коэффициенті (КІ) – 0,048
құрады, ал минималдыталап 0,04, бұл капиталдың адекваттылығын көрсетеді.
Жалпы, банктік жүйенің 1996 жылғы дамуы оның себебі ҰБ-тің екінші деңгей
банктеріне талаптарды жоғарлату болды. ҰБ-пен бұл мәселелерді шешу екінші
деңгей банктерінің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасының құрамдас
бөлігі ретінде болды. Банктер мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларын
белгілі дәрежеде диверсифицикициялады. Бірқатар банктер халықаралық
капиталдар жарықтарына шығу үшін әрекеттер жасай бастады, ол үшін олар
халықаралық аудиторлық тексерулерден өтіп, халықаралық рейтингтерге қол
жеткізуге бастады. Бірақ, 1996 жылғы екінші деңгей банктерінің қызметі
нәтижесінде 1468 млн. соммада олар шығынға ұшырады. Алдыңғы жылдар
шығындары 1236 млн. теңгені құрады. Банктермен резерфтік қор қалдықтары
және тұтыну қор қалдықтары есебінен 821 млн. теңге соммасында шығын
жабылды. Осыны алып тастағанда қаржылық қызмет нәтижесінде банктер 1883
млн. теңге шығынға ұшырады, бұл,әрине банктердің қызметінің негізгі
принциптеріне жауап бермейді.
1997 жыл.
1997 жылы екінші деңгейлі банктерінің жалпы саны 101-ден 82-ге
қысқарды. 82 қызмет етіп тұрған банктердің ішінде: мемлекетаралық – 1,
мемлекеттік – 5, шетел қатысуымен (еншілес банктерді қосқанда) – 22.
Банктердің санының азаюы оларды жабудың есебінен де және олардың қосылуының
есебінен де болды.
ҚР-сының Үкіметімен банктердің жарғылық қорларында мемлекттің үлесін
азайту үшін шаралар жүргізілді. 1997 жылы 3-ші қазандағы ҚР-сының
Үкіметінің “ҚР Экспорттық-импорттық мемлекеттік банкісінің түрлендірілуі
туралы”. Жарлығына сәйкес, Эксимбанк акционерлік банкке түрлендірілді. 1997
жылдың 27-ші маусымындағы ҚР-сының Үкіметінің “Қазақстанның Халық
Акционерлік Жинақ Банкісінің кезең бойынша жекешелендіру бағдарламасы
туралы”. Жарлығына сәйкес Қазақстанның Халық Акционерлік Жинақ Банкісінің
жекешелендіру бағдарламасы бекітілді (1997-2001 жылдарға).
1997 жылы 4 банк ашылды әжне 1 банк өзінің жұмысын жалғастырды. КАБ
“Туранбанк” және АБ “ӘлемБанкҚазақстан” акцияларын мәжбүрлеп сатып
алынғызылды. Олар кейін ЖАҚ “БанкТуранАлем” болып қайта құрылды. ААҚ
“Каздорбанк” болып бірікті. ААҚ “Казкредсоцбанктің” акциялары мәжбүрлі
түрде сатып алынып, ол ЖАҚ “Жилстройбанкке” қосылуы жүзеге асты.
1997 жылдың 5-ші желтоқсанынна бастап жарғылық қордың минималды
мөлшері ашылып жатқан банктер үшін – 300 млн. теңге, ла жұмыс істеп тұрған
банктер үшін – 100 млн. теңге болды.
Банктік жүйенің меншік капиталы 1997 жылдың аяғында 29,3 млрд. теңге
құрады (1996 жылдың соңына – 29,9 млрд. теңге).
Банктік жүйенің активтерінің құны 1997 жылдың аяғында 169,0 млрд.
теңгені құрады (1996 жылдың аяғына – 141,0 млрд. теңге).
Сыйақы алуменен байланысты активтер жиынтық активтердің 75%-н құрады.
ҚР-сының 1997 жылғы 11-ші шілдесінен “Банктік қызмет
сұрақтары бойынша ҚР-сының кейбір заңдылық актілеріне толықтырулар мен
өзгертулер енгізу туралы.” Заңымен банктердің жойылу тәртібі өзгертілді.
Банктердің дпозиттік және инвестициялыққа бөлінуі үшін жойған банктік
қызметтің түрлерін кеңейту қарастырылған. Банктерді ашуға және
лицензиялауға жоғарырақ талаптар енгізілген.
Банктің қаржылық жағдайын CAMEL жүйесімен рейтингтің бағалауы
енгізілді. Екінші деңгейлі банктеріне Ереже қабылданды. Банктердің
мемлекеттік емес жинақ зийнетақы қорларындағы және зейнетақы активтерін
басқаратын компаниялардың жарғылық қорындағы қатысулары анықталған.
Бұл жылға банктердің жиынтық қаржылық нәтижесі 7,2 млрд. теңге
көлемінде шығын болды, соның ішінде 15 банк шығынға ұшырады, 66 банк –
пайда тапты.

1998 жыл.
1998 жылы мемлекеттің 100%-тік қатысуымен банктердің саны 5-тен 1-ге
азайды. Банктік секторда консолидация процессі белсенді жағдайда болды.
1998 жылда 9 бакн ҰБ-тан қайта құрылуға рұқсат алды, екі осы жылы қосылуын
аяқтады.
Отандық қаржылық нарыққа 3-ірі әлемдік банк кірді. Олар өзінің
еншілес банктерін құрды, яғни: ЖАҚ “Банк Сосьете Женераль Қазақстан”, ЖАҚ
“СитибанкҚазақстан” және ЖАҚ “HSBC Банк Қазақстан”. Жылдың соңына 16 шетел
банкісінің өкілеттіліктері жұмыс жүргізді, 2 шетел банккілерінің
өкілеттіліктері ашылды.
Банктік сектордың копитализациясының деңгейі жоғарылады.банктік
жүйенің жиынтық меншік копиталы 1998 жылдың аяғында 47,3 млрд. теңгені
құрады. Банктердің жарғылық копиталының өсуі банктердің халықаралық
стандарттарға өту бағдарламасы есебінен өсті.
1998жылы банктік копиталдың консолидациясы, банктік сектордағы
мемлекеттік үлесті жекешендіру бойынша жүргізілген шаралар және жалпы
банктердің санының азаюы кезінде, банктердің капитализациялану деңгейінің
едәуір жоғарылауы ғана емес сонымен бірге жиынтық активтердің мөлшері
үлкейіп банктік секторға тартылған ресурыстар анағұрлым өсті.
Банктердің жиынтық активтері жылдың басына 169 млрд. теңгені құрады,
ал жылдың соңынна 195,8 млрд. теңгені құрады (жылжың ішінде 26,8 млрд.
теңгеге өсті немесе 16%-ке өсті). Банктік жүйенің міндеттемелерінің жалпы
соммасы 146,3 млрд. теңгені құрады. 1998 жылы банктердің жиынтық
міндеттемелерінің жалпы өсуге беталысы сақталды. Жылдың нәтижелері бойынша
жеке тұлғалардың депозиттерінің өсуі байқалды (28,9 млрд. теңгеден 31,6
млрд. теңгеге). Осы жылы Қзақстанның 15 ең ірі банктері халықаралық
қаржылық ұйымдары және банктердің зайымдарын игеруге қатысты жекелей айтсақ
халықаралық Европалық даму және қайта құру банктерінің, Азия даму
банккісінің және басқалардың.
1998 жылы банктердің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасын
жүзеге асыру жалғастырылды. Бағдарламада жылдың басында 60 банк қатысты,
жылдың соңына олардың саны 50-ге төмендеді.
1998 жылдың аяғында халықаралық агентіктерден несиелік рейтинг төрт
отандық банктерде болды (ААҚ ”Казкоммерцбанк”, ААҚ “ Халық Жинақ банк
Қазақстан”, ААҚ “ Банк ТуранАлем “, ААҚ “ТемірБанк”), сонымен бірге 9
еншілес банк –резиденттердің бас банктерінде болды. Бұл банктердің банктік
сектордағы жиындық активтердегі үлесі 69,7%-ті құрады
1998 жылы банктердің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша
олар 3,8 мрлд. теңге таза пайда тапты.
1999 жыл.
1999 жылы банктік секторды сауықтыру және консолидациялау процесстері
екінші деңгейлі анктерінің жалпы санының қысқаруына себеп болды. Екінші
деңгейлі банктерінің саны 71 ден 55 банке қысқарды.
Мемлекеттің 100%-ті қатысуы бар банк – жалғыз ЖАҚ “Эксимбанк
Қазақстан” қалды. Сонымен бірге жарғылық қорында мемлекеттің қатысуы 100%-
тен аз 2 банк жұмыс істеп тұрды (ААҚ “Халықтық Жинақ Банкі Қазақстан”, ААҚ
“Центр Кредит Банк”). Бұл банктердің банктік сектордағы жиындық
активтерінің үлесі 25,5%-тен 24%- ке қысқарды, ал жиынтық меншік
капиталдағы үлесі12,7%-тен 19,6%-ке көбейді.
1999 жылы халықаралық стандартарқа өту бағдарламасының жүзеге
асырылуы жалғастырылды. Барлық жұмыс істеп тұрған банктер халықаралық
тәжірибеде қабылданған стандарттарға 2000-шы жылдың аяғына дейін жетуге
тиіс болды. Бұл талаптарға сай келмеген банктер, соңында қосылу жолымен
қайта құрылуы тиіс болды.
Халлықаралық сандарттарға өту бойынша банктердің топтары.

1-ші Кесте.

Көрсеткіш 01.01.99 01.01.00
І топ банктері 16 11
ІІ топ банктері 34 25
Бағдарламаға кірмеген банктер 17 14
Резидент емес бас банктер “А” 4 4
категориялы – еншілес банктері
Бағдарламаны орындаған 1
банктер

Халықаралық рейтингтің агентіктерден несиелік рейтингтері бар отандық
банктердің саны 4-тен 7-ге өсті, ал резидент бас банктер – рейтингтерге ие
болған, еншілес банктрдің саны 9-дан 10 банкке өсті. Сонымен қатар
01.01.00.ж. берілген 17-ті банктің банктік сектор жиынтық активтеріндегі
77.8%-ті құрады.
Жылдың өтуімен банктік жүйенің өтімділік позициясының деңгейі
артылғандай сипатталды. 1999 жылдың нәтижелері бойынша банктермен 9.5мрлд.
тенге көлемінде жиынтық пайда табылды.

2-Кесте


№ Жалпы банктік сектордың көрсеткіштері 1998 ж. 1999 ж.

1. Сыйақы алумен байланысты пайда 20.5 30.3

2. Сыйақы төлеумен байланысты шығын 7.0 12.2

3. Сыйақы алумен байланысты таза пайда (1-2) 13.5 18.1

4. Провизияна құруға қаржы бөлінуі 9.4 18.4

5. Негізгі банктік операциялар бойынша таза 4.1 -0.3
пайдасы (3-4)

6. Таза комиисиондық пайда 6.3 7.6

7. Қарж. (дилинигтік) операциялар бойынша таза 7.4 5.2
пайда

8. Қайта бағалау бойынша таза пайда 0.0 11.8

9. Басқада банктік операциялар бойынша таза 13.7 24.6
пайда (6+7+8)

10. Әкімшілік шығындары 14.6 21.1

11. Банктердің салықтық төлемдері 1.2 2.0

12. Таза пайда 4.2 10.0

Қазіргі кезде ҚР-сында қаржылық сектордың банктік емес облысы
белсенді түрде дамып жатыр. Банктік операциялардың бөлек түрлерін
жүргізетін ұйымдар, бірте-бірте банктік жүйеде өзінің орынын ала бастады.
Олар микронесиелеудегі халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып ғана
қоймай, сонымен бірге қызметтің арнайы түрлерін көрстті.

3-Кесте


Ұйымның түрі Саны Филиалдардың Жарғ. Актив.
саны капитал

Ломбардтар 36 078 189.7 594.2

Несиелік серіктестіктер 5 - 30 45.5

Ұйымдар

Арнайы ұйымдар 2 170 87.3 284

Қазынашылық жүйесінің 17 - - 1998.7
ұйымдары

Почта жинақ қызметті 1 16 903.7 2348.8
жүргізетін

Ұйымдар

Басқа да ұйымдар 4 180 813 1190
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Пәндер