Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Reanimator Extreme Edition
Reanimator Extreme Edition: [Введите название документа]
Reanimator Extreme Edition: [Введите подзаголовок документа]

Admin

[Выберите дату]

Мазмұны

КІРІСПЕ3

1. КОМПАНИЯНЫҢ ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері5

1. 1 Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні5

1. 2 Компанияның ақшалай қаражаттарын басқаруды оңтайландыру әдістері10

2. КОМПАНИЯНЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис»АҚ мысалында) 18

2. 1 Компанияның ақшалай қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау18

2. 2Компанияның ақша қаражаттарын басқаруды талдау23

3. КОМПАНИЯНЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ29

3. 1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 34

КІРІСПЕ

Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Қоғамымыз “Қазақстан - 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуге тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді. »-деп айтып кеткен еді. /1, 4-5 б/

«Қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. » - деп Елбасы өзінің 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында айтып кеткен. /2, 6-8 б/

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден, айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың рөлі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржысын басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру.

Курстық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

- айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаржаттарды басқарудың рөлін және оларды басқару әдістерін анықтау;

- «Кедентранссервис»АҚ мысалында кәсіпорында ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізу;

- кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын, қаржылық цикл ұзақтығын анықтау;

- ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі . Бұл жұмысты жазу барысында Әмірқанов, Тұрғұлова, Дүйсенбаев, Төлегенов, Асқарова, Әбдікерімова, Нарбекқызы, Кадерова, Сатыбалдин және т. б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс 3 негізгі бөлімнен, кіріспе, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен, кестеден, суреттен құралған, жалпы беттер саны- 44 .

Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаражаттарды басқарудың маңызы, ақшалай қаржаттарды тиімді басқарудың қаржылық жағдайға әсері, ақшалай қаражаттарды басқарудың әдістері анықталған. Екінші бөлімде «Кедентранссервис»АҚ мысалында кәсіпорындағы ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізілген, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы, қаржылық цикл ұзақтығы анықталған. Үшінші бөлімде ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық стратегияның әр нұсқауы бойынша әр бап бойынша ұсыныстарды сандық бағалау және олардың кәсіпорын балансына әсер етуін бағалау негізінде кәсіпорын көрсеткіштерінің болжамды мәндері есептелген, қаржылық менеджменттің стратегиясын жетілдіру жолдары ұсынылған.

1. КОМПАНИЯНЫҢ ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері 1. 1 Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні

Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе қалдық ақша қаражатын басқару, жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі. Кәсіпорын жұмыс барысында әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем қабілеттілік деңгейін анықтайды, операциялық кезеңнің мерзіміне әсер етеді, сондай-ақ белгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.

Кәсіпорынның салым ақшаларын қалыптастыру түрлі себептерге байланысты, олардың негіздері оның қалдық ақша-қаражатының жіктелуінде.

Сурет 1. Кәсіпорынның шетел банктеріндегі салым ақшаларының негізгі түрлері

Операциялық ақша активтерінің қалдығын қалыптастырудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық (операциялық) жұмыстарымен байланысты, ағымдағы төлемді қамтамасыз етуді қалыптастырады: шикізаттар, материалдар және жартылай фабрикаттар сатып алуға; еңбекақыға, салық төлеміне; басқа мекемелердің көрсеткен қызметінің төлеміне және т. б Бұл қалдық ақша қаражатының түрі-кәсіпорынның жинақты ақша активтерінің құрамының негізгісі болып есептелінеді.

Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы негізінен нарықтағы дайын өнімдер конъюктурасының нашарлануына байланысты және операциялық жұмыстан ақша қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін қалыптастыруға қажет. Қалдықтың бұл түрінің қалыптасуы кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық міндеттемелерді төлеуге қажет. Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу мүмкіншілігі әсер етеді.

Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттерінде қолайлы конъюктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімді қаржы салуды қалыптастырады.

Қалдықтың бұл түрі нысаналықпен тек сол уақытта қалыптастырылады, егер де ақша салымдарының қалыптасуы қажеттігін толық қанағаттандыратын болса.

Қазіргі еліміздің экономикалық дамуы жағдайында байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерінің бұл түрін қалыптастыруға мүмкіншілігі жоқ.

Өтемдік ақша активтерінің қалдығы - негізінен банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу қызметін көрсетуге және оған басқадай қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады. Ол- азаймайтын ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банкпен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек. Мұндай қалдық ақша активтерін құру банктен кәсіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.

Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша активтерін пайдаланбаған кезеңде - оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады. Бірақ та, жинақты қалдық ақша активтерінің көлемін қарағанда, әр аталған уәж есепке алынуы керек.

Қаржылық менеджментінің ақша активтерін басқару процесіндегі негізгі мақсаты -кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету. Бұл жағдайда ақша активтерінің қызметі, төлем қаражаты ретінде, сақтандыру және өтемдік операцияларды орындауға қалыптастырылады.

Қаржылық менеджменттің негізгі мақсатымен бірге ақша активтерін басқару процесіндегі маңызды мәселенің бірі - уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.

Ақша салымын жинақтау және төлем қабілеттігін басқару оның ақша активтерін келесі элементтерге бөлінеді:

Ұлттық валютамен ақша активтері;

Шетел валютасымен ақша активтері;

Өтімділігі жоғарғы қаржы бөлу түрінде ақша активтерінің қорлары.

Кәсіпорынның ақша активтерінің құрамын қаржылық менеджментінің көзқарасымен сипаттай отырып, атап кететін жай, мұндағы трактат бухгалтерлік есептен кең. Бухгалтерлік есепке қысқа мерзімді қаражат бөлу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп обьектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін қор түрінде орналастыруды қарайды, өйткені ол кез келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға қажет болуы мүмкін.

Қаржы менеджментінің негізгі мақсатына сай, ақша активтерін басқару процесінде, оны басқаруға сәйкес саясат қалыптастырылады. Осы саясатты қалыптастыру процесінде есепке алатыны, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы көп мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажеттілігін анықтайды, яғни кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.
Басқа жағынан қарағанда, ескертетін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақтылы құнынан айырылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарында сақтау кезінде өз құнынан айырылады, осыған байланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді.

Осы аталған қарамақайшылықтар талап ақша активін басқару саясатын жасаған кезде ескерілуі тиіс.

Соныменен, ақша активтерін басқару саясаты - кәсіпорынның айнылымды активтерін жалпы басқару саясатының бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиынтық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәсіпорынға тұрақты төлем қабілеттігі қамтамасыз етіледі.

Ақша қаражат ағыны- бұл фирманың жоспарланған немесе есеп беру период аралығында жинақталатын және төленетін ақшалай қаражат көлемі болып табылады. Ақша қаражат ағынын басқару келесі аспектілерді қосады:

- Қаражат қозғалысын есепке алу;

- Барлық қаражат ағынын талдау;

- Ақша қаражат қозғалысын бюджеттік құру;

- Ақша қаражат қозғалысын бюджетін қолдануға бақылау.

Келесі суретте кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы көрсетілген.

Сурет 2. Кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы

Жалпы қаржылық ағын және олардың элементтері қаржылық басқарудың объектісі болып табылады.

Кәсіпорынның ақшалай қаражат ағынының классификациясы келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Кәсіпорынның ақшалай қаражат ағынының классификациясы

Классификациялық белгі
Қаражат ағынының атауы
: 1
Классификациялық белгі: 2
Қаражат ағынының атауы: 3
: 1
Классификациялық белгі: Қаржы-шаруашылық қызметтің түрі бойынша
Қаражат ағынының атауы:
  1. Жалпы қаражат ағыны
  2. Ағымдағы қызыметтің қаражат ағыны
  3. Инвестициялық қызметтің қаражат ағыны
  4. Қаржылық қызметтің қаражат ағыны
: 2
Классификациялық белгі: Қаржы- шаруашылық үрдістерге қызмет көрсету көлемі бойынша
Қаражат ағынының атауы:

2. 1 Фирманың қаражат ағыны

2. 2 Құрылымдық бөлімшенің қаражат ағыны

: 3
Классификациялық белгі: Қозғалыс бағыты бойынша
Қаражат ағынының атауы:

3. 1 Түсетін қаражат ағыны

3. 2 Шығарылатын қаражат ағыны

: 4
Классификациялық белгі: Орындау формасы бойынша
Қаражат ағынының атауы:

4. 1 Қолма-қолсыз қаражат ағыны

4. 2 Қолма-қол қаражат ағыны

: 5
Классификациялық белгі: Айналым саласы бойынша
Қаражат ағынының атауы:

5. 1Сыртқы қаражат ағыны

5. 2 Ішкі қаражат ағыны

: 6
Классификациялық белгі: Валюта түрі бойынша
Қаражат ағынының атауы:

6. 1 Ұлттық валютадағы қаражат ағыны

6. 2 Шетел валютадағы ақша ағыны

: 7
Классификациялық белгі: Болжалмалығы бойынша
Қаражат ағынының атауы:

7. 1 Жоспарланатын қаражат ағыны

7. 2 Жоспарланбайтын қаражат ағыны

: 8
Классификациялық белгі: Қозғалысының үздіксіздігі бойынша
Қаражат ағынының атауы:

8. 1 Жүйелі қаражат ағыны

8. 2 Дискретті қаражат ағыны

: 9
Классификациялық белгі: Уақыт бойынша бағалау
Қаражат ағынының атауы:

9. 1 Қазіргі қаражат ағыны

9. 2 Болашақтағы қаражат ағыны

: 10
Классификациялық белгі: Қозғалыс әдісі бойынша
Қаражат ағынының атауы:

10. 1 Жалпы қаражат ағыны

10. 2 Таза қаражат ағыны

: 11
Классификациялық белгі: Тұрақтылығы бойынша уақыт интервалымен.
Қаражат ағынының атауы:

11. 1 Бір қалыпты уақыт интервалымен тұрақты қаражат ағыны

11. 2 Бір қалыпты емес уақыт интервалымен тұрақты қаражат ағыны

Ақша ағыны келесідей бөлінеді: нақты инвестициялау жобасын жүзеге асыру, капиталдық салымды қолдану нәтижесінде шығарылады.

Қызмет жасап тұрған кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметтен құралады. Ағымдағы қызмет кәсіпорынның өндірістік- коммерциялық қызметін орындауын қамтамасыз ететін, түсетін және қолданатын ақша қаражатттарын өзіне қосады. Ағымдығы қызмет табыс алудың басты көзі болғандықтан, ол негізгі ақша қаражат ағынын шығарады.

Инвестициялық қызмет инвестициялардан шығындарды (капиталдық салымдар) және табыстар, айналымнан тыс активтерді сатып алумен және сатумен байланысты түсетін және қолданатын ақша қаражаттарын өзіне қосады.

Қаржылық қызмет займ берушілерге пайыздар төлеу, алынған қысқа мерзімді қарыздар мен несие бойынша қарызды өтеу және қысқа мерзімді бағалы қағаздар эмиссиясы немесе қысқа мерзімді қарыздар мен несие алу нәтижесінде түсетін ақшалай қаражаттар болып табылады.

Кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметі арасындағы қатынасты келесі 3 суреттен көруге болады.

Сурет 3. Кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметі арасындағы байланыс.

Қозғалыс бағыты бойынша ақша қаражаттарын ақша ағындары екіге бөледі: түсетін және шығарылатын . Түсетін ақша ағыны (ақша түсімі) фирманың анықталған уақыт аралығында түсетін ақшалай қаражаттарын қарастырады. Шығарылатын ақша ағыны (ақша шығарылымы) белгілі бір период (жыл, тоқсан) аралығында ақша қаражатын қоданумен (төлеумен) сипатталады.

Орындау формасы бойынша қолма қол және қолма қолсыз ақша ағынына бөледі. Қолма қол-бухгалтерлік есеп шотына жазу арқылы орындалады. Ал қолма қолсыз- ақша қаражатты алу мен шығару формасында болады.

Айналу саласына байланысты ақша ағыны ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы ақша ағыны- фирмаға түсетін және оларға төленетін ақша қаражаттары болып табылады. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражат қалдығын өсіруге немесе азаюына әкеледі. Ішкі ақша ағыны- фирма ішіндегі айналымды құрайтын болғандықтан, ақша қаражат қалдығына әсер етпейді. (мысалы, өндірістен қоймаға материалдарды қайтару) .

Көлеміне байланысты қаражаттың түсуі мен жұмсауда ақша ағынының дефицитін және оптималдылығын, артықшылығын көрсетеді. Артық ақша ағыны- негізінен ағымдағы қажеттіліктен артық ақша қаражатының түсуі және шаруашылықта өз қолданысын таппаған қаражаттар болып табылады.

1. 2 Компанияның ақшалай қаражаттарын басқаруды оңтайландыру әдістері

Ақша ағынын тиімді басқару үшін кәсіпорында олар бойынша келесі мәліметтердің мәні зор:

- анықталған уақыт (ай, тоқсан, жыл) аралығындағы ақшалай қаражаттардың көлемі;

- ақша ағынының негізгі элементтері;

- ақша ағынын басқаратын қызмет түрлері;

- қарастырылған мерзімде жеке интервалдар бойынша ақша ағынының жеке түрлерін және жалпы көлемін білу.

Ақша ағынын қалыптастыруға әсер ететін басты факторлар - ішкі және сыртқы сипаттағы факторлар.

Практикада ақша ағынын есептеудің екі әдісі қолданылады - тікелей және жанама.

Тікелей әдіс - бұл қаржыгер және бухгалтерлерге - экономистерге таныс, қарапайым есептеу процедурасы болып табылады. Ол ақша қаражаттарының түсуі мен шығынын бақылауға және көрсеткішті есептеуге ыңғайлы, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп (бас кітап, ордер-журналмен, және басқа) тіркемелерімен байланысты.

«Кәсіпорынның ақшалай қаражаттары қозғалысы туралы» тоқсандық және жылдық есеп формасы тікелей әдіс негізінде жасалады. Кәсіпорын түсімінің төлемдерден жоғары болуы, ақша қаражат ағынын, ал төлемдердің түсімдерден жоғарылауы ақша қаражаттың шығынын білдіреді. Ақша қаражат қозғалысына талдау жүргізуде ақша қаражаттарының қозғалысына аналитикалық есептеме мәліметтері қолданылады. Келесі кестеде аналитикалық есептеме формасы келтірілген. Бұл кесте аналаитикалық есеп мәліметтерін, журнал-ордер және бас кітапты қолдана отырып, тоқсан сайын немесн ай сайын жасалуы мүмкін. Берілген форма тікелей есептеу негізінде ақша қаражатын оперативті басқаруға мүмкіндік береді.

Кесте 2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы аналитикалық есеп

Көрсеткіштер
Базалық жыл
Есеп беру жылы
№: 1
Көрсеткіштер: 2
Базалық жыл: 3
Есеп беру жылы: 4
№: 1
Көрсеткіштер: Период басына қалған қаражаттар
Базалық жыл: =
Есеп беру жылы: =
№: I
Көрсеткіштер: Ағымдағы қызметтегі қаражат қозғалысы
Базалық жыл:
Есеп беру жылы:
№: 1
Көрсеткіштер: Өнімді (ақшалай және ақшалай емес формада) сатудан түсетін табыс
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 2
Көрсеткіштер: Мүлікті сатудан түсетін
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 3
Көрсеткіштер: Жабдықтаушы шотын төлеу
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 4
Көрсеткіштер: Еңбекке төлеу
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 5
Көрсеткіштер: Бюджетке және мемлекеттік әлеуметтік бюджеттік тыс қорлар
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 1
Көрсеткіштер: 2
Базалық жыл: 3
Есеп беру жылы: 4
№: 6
Көрсеткіштер: Қосымша шығын
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 7
Көрсеткіштер: Банктердің ссудалары бойынша проценттер төлеу
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 8
Көрсеткіштер: Басқа түсімдер мен төлемдер
Базалық жыл: +, -
Есеп беру жылы: +, -
№: 9
Көрсеткіштер: Ағымдағы қызметтің нәтижесі (ағын+, шығын-)
Базалық жыл: =
Есеп беру жылы: =
№: II
Көрсеткіштер: Инвестициялық қызметтегі қаражаттар қозғалысы
Базалық жыл:
Есеп беру жылы:
№: 1
Көрсеткіштер: Негізгі қаражатты беруден түсімдер
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 2
Көрсеткіштер: Негізгі қаражатты сатып алу
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 3
Көрсеткіштер: Басқа да баптар
Базалық жыл: +, -
Есеп беру жылы: +, -
№: 4
Көрсеткіштер: Инвестициялық қызметтің нәтижесі (ағын+, шығын-)
Базалық жыл: =(+, -)
Есеп беру жылы: =(+, -)
№: III
Көрсеткіштер: Қаржылық қызметтегі қаражат қозғалысы
Базалық жыл:
Есеп беру жылы:
№: 1
Көрсеткіштер: Банктік несие
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 2
Көрсеткіштер: Бюджеттік несие
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 3
Көрсеткіштер: Несиені өтеу
Базалық жыл: -
Есеп беру жылы: -
№: 4
Көрсеткіштер: Толық қаржыландыру
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 5
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді қаржыландыру
Базалық жыл: +
Есеп беру жылы: +
№: 6
Көрсеткіштер: Басқа да баптар
Базалық жыл: +, -
Есеп беру жылы: +, -
№: 7
Көрсеткіштер: Қаржылық қызымет нәтижесі (ағын+, шығын-)
Базалық жыл: =(+, -)
Есеп беру жылы: =(+, -)
№: IV
Көрсеткіштер: Ақша қаражат түсуі БАРЛЫҒЫ
Базалық жыл: =
Есеп беру жылы: =
№: V
Көрсеткіштер: Ақша қаражат төленуі БАРЛЫҒЫ
Базалық жыл: =
Есеп беру жылы: =
№: VI
Көрсеткіштер: Ақша қаражат АҒЫНЫ (+), ШЫҒЫНЫ (-) БАРЛЫҒЫ
Базалық жыл: =
Есеп беру жылы: =

Ұзақ мерзімде қаражат көлемін есептеудің тікелей әдіс фирманың өтімділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оперативтік басқаруда тікелей әдісті қаражаттың жеткіліктілігіне қатысты қаржылық міндеттемелер бойынша төлемдер, өнімді сатудан түсетін табысты құру процесінде бақылау үшін қолданылуы мүмкін.

Бұл әдістің кемшілігі , ақша қаражатының абсолютті көлемінің өзгеруі мен алынатын қаржылық нәтиже (табыстар) ара қатынасын есепке алмауы болып табылады.

Жанама әдіс ақша қаражаттарының өзгеруімен алынатын қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражатының жанама әдіспен есептеу, таза табыстың көрсеткішімен жүргізіледі. Жанама әдіс қызмет түрі бойынша ақша қаражат қозғалысының анализіне негізделіп, нақты фирма табысының затқа айналдыруын және «ақша» қайда салынғандығын көрсетеді.

Жанама әдіс «табыс пен шығын туралы есеп» төменнен жоғары зерттеуде құралады, сондықтан оны кейде « төменгі»деп атайды. Ал тікелей әдісте «табыс пен шығын туралы есеп» жоғарыдан төмен талдау жасалатындықтан, оны «жоғарғы» деп аталады. «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп » жанама әдіс арқылы құралатын болғандықтан, ол бухгалтерлік баланстың есепті кезең басы мен аяғы арасындағы байланыстырушы бөлім болып табылады.

Түзетулер енгізу арқылы таза табыс көрсеткішін өсіруге немесе төмендетуге болады. Кәсіпорынның таза табысын өсіретін түзетулер мына көрсеткіштер:

- негізгі құралдар және материалдық емес активтер бойынша белгілі бір мерзімге аударылған амортизация;

- тауарлық- материалдық қор қалдығын төмендету;

- дебиторлық қарызды азайту;

- келешек периодтағы шығындарды төмендету;

- жабдықтаушылар алдындағы кредиторлық қарызды өсіру;

- бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың алдындағы кредиторлық қарыздың өсімі;

- басқа қысқа мерзімді міндеттемелерді өсіру;

- алынған материалдық құндылықтар бойынша ҚҚС төмендету;

Таза табысты келесі көрсеткіштер төмендетеді:

-негізгі қаражаттарды қайта бағалау;

-қордың ұлғаюы;

-дебиторлық қарызды өсіру;

-кредиторлық қарызды өсіру;

-басқа қысқа мерзімді міндеттемелерді төмендету;

-алдыңғы жылдың бөлінбеген табысын қолдану;

-резервтік қор қаражатын қолдану;

-келешек период шығынын ұлғайту;

-алынған бағалықтар бойынша ҚҚС қалдығының өсімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның ақша ағымдарын басқарудың теориялық негіздері
Компанияның ақша ағымдары
Ақша нарығындағы шоттар
Ақша қаражаттарын басқару
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Капитал құрылымын оңтайландыру
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы
Айналымды активтердің жіктелуі
Ақша қаражаттарын басқару модельдері. Ақша ағымдарын басқарудың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz