Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1. 1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары . . .
1. 2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері . . .
1. 3. Қаржылық бақылау комитетінің негізгі міндеттері, функциялары және қызметін ұйымдастыру . . .
2. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдарының қызмет ету механизімін және экономикалық көрсеткіштерін талдау
2. 1. Қаржылық бақылаудың субъектісі, объектісі және компоненті . . .
2. 2. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау комитетінің бақылау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау
2. 3. Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу барысында аудиторлық бақылау механизмі
2. 4. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының құзыреті . . .
. . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Рыноктық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субьектілерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.
"Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит” ревизиялық - бақылау органдарының мамандарын даярлауды жақсарту туралы және INTOSOL, IFAC, ЮСАЙД, ТАСИС халықаралық ұйымдарының ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, әзірленген. Ұсынылған кітаптың тиісті бөлімдерінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австрия, апония, Финляндия, Швеция, Италия, Канада тәрізді дамыған елдердің бюджеттік - қаржылық бақылауының ілгершіл тәжірибелері пайдаланылған.
Рыноктық экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, обьектілері, функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.
Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептемелері мен бухгалтерлік есептерінің ішкі жағдайларына қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит жүргізудің әдістемелік негіздері мен тәртіптері қаралған.
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді.
Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.
Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.
Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.
Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау) ; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.
Қаржылық бақылаудың міндеттері:
-ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;
-мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
-қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;
-кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;
-қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;
-кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету, т. б.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін
қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;
есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.
Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады.
Қаржылық бақылаудың жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады.
Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы, заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады.
Диплом жұмысын жазудағы негізгі мақсат - Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдарының қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктеріне экономикалық талдау жасай отырып, жүзеге асырылудың теориялық және практикалық тұрғыда зерттеп, жетілдіру жолдарына ұсыныстар беру.
Бұл мақсатқа қол жеткізуде келесі міндеттерді шешуді қажет етті:
- қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттарына сипаттама беру;
- қаржылық бақылау комитетінің негізгі міндеттері, функциялары және қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдарының қызмет ету механизімін және экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының құзыретін айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдарының тексеру қызметіне және оны жетілдіру жолдарына ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдары алынған.
Зерттеу барысында ғылыми жаңалықтар келесілерден көрінеді:
- қаржылық бақылаудың экономикалық мазмұны ашылды.
- қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдарының қызмет ету механизімін талданды;
- қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдарының тексеру қызметіне және оны жетілдіру жолдарына ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудыяң мемлекеттік органдарының мекемелермен өзара байланысы кезінде пайда болатын ұйымдық-экономикалық қарым қатынасы.
Зерттеудің ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының заң актілері, ҚР Президентінің жарлықтары, Салық кодексі, Бюджет кодексі, нормативтік актілер құрады.
Зерттеу ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері негізінде құрылған.
3 Іазаєстан Республикасында єаржылыє баєылауыны» жiктелуi жёне жетiлдiру ба№ытында№ы мёселелер мен шешу жолдары
3. 1 Іазаєстан Республикасында єаржылыє баєылауыны» жiктелуiн
жѕзеге асыру ерекшелiктерi . . . 57
3. 2 Іазаєстан Республикасында єаржылыє баєылауды жетiлдiру
ба№ытында№ы мёселелер мен шешу жолдары . . . 60
Іорытынды . . . 64
Пайдаланыл№ан ёдебиеттер тiзiмi . . . 66
ІІ Қаржылық бақылаудың халқаралық тәжірибиесі: нысандары,
әдістері мен олардың бейімделу мүмкіндіктері
2. 1 Қаржы бақылау жүйесінің нарық шарттарына сәйкес
реформалау проблемалары 16
2. 2 Аудит тәуелсіз қаржылық бақылауының
нысаны ретінде дамуы19
2. 3 Халықаралық қаржы бақылау тәжірибиесін талдау21
2. 4 Дамыған елдердің бюджеттік-қаржылық бақылау
органдарына сипаттама23
2. 5 Шетел ілгерішіл бақылау тәжірибиесі қорытындысы27
2. бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шаралар
2. Қаржылық бақылау комитетінің бақылау қызметінің көрсеткіштері
2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
2. 3Аудиторлық бақылау (аудит)
1. 3. Қаржылық бақылаудың әдістері
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері
ік қаржылық бақылаудың принциптері мен
стандарттары
2. 4. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының құзыреті
2. 1Қаржылық бақылаудың субъектісі, объектісі және компоненті.
2. 3. Ішкі қаржылық бақылау саясаты
Нәтижеге бағдарланған бюджеттеуге көшу жағдайындағы мемлекеттік қаржылық бақылау: үрдістер және перспективалар»
1. 1. Қаржылық бақылаудың міндеттері: Қаржылық бақылаудың функциялары:
Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін
елеулі түрде нығайту қажет
Мемлекеттік басқару органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті болып табылады
2, 3 Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу барысында аудитлық бақылау
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қаржылық бақылау комитеті туралы ереже
1, 3 Комитеттің функциялары мен құқықтары . Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Экономиканы жаңғырту кезеңінде сыртқы қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру
Қазақстан мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін реформалауы қажет - сарапшылар
Қаржылық бақылау нәтижелері
2. Қаржылық бақылау комитетінің бақылау қызметінің көрсет кіштері
аржылық бақылаудың субъектілері және объектілері
1. 4. . Қаржылық бақылау комитетінің негізгі міндеттері, функциялары және қызметін ұйымдастыру
Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады
ШҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының ақпарат қызметі
Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылауын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп жатыр
1. Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1. 1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ре-тінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдаумен қатар) бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы- қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсатыболып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешілігі- оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылаудың объекті
қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үдерістері, ақшалай қорларды жасау және пайдалану болып табылады.
Алайда қаржылық бақылаудың объекті тек ақшалай қаражаттарды ғана тексерумен шектелмейді. Түпкілікті қорытындыда қа-зіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақшалай қатынастармен ол елдің материалдық, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Қаржылық бақылаудың іс әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылау мен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылықтық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін бол-майды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық қызметтің басқа үдерістері бейнелеп көрсетіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Тәуелсіздік қағидаты - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың жұмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтілік қағидаты - бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.
Анықтық қағидаты - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық қағидаты - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.
Құзырлылық қағидаты - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
Жариялылық қағидаты - құпиялылық режімді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлкеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу . Бұл стандарттарды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.
Қаржылық бақылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша-лай ресурстарды (бюджеттік және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;
мемлекет, ұйымдар және халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орындалуын тексеру;
қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнім, қызметтер рентабелділігін арттыру жөнінде ішкіөндірістік резевтерді анықтау;
кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық операцияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай қаражаттарды сақтау ережелерін сақтауды материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру;
қаржылық тәртіпті бұзуларды жою және ескерту.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп ны-ғаяды.
Қаржылық тәртіп- бұл мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау. Қаржылық тәртіптің талаптары кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, олардың лауазымды тұлғаларына да таралады. Сөйтіп, қаржылық бақылау мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың мүдделерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ нақтылы азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына мүмкіндік туғызады (мысалы, бюджет-ке төленетін төлемдер бойынша жеңілдіктер беру заңнамасының сақталуын, салықтарды алудың дұрыстығын, бюджеттен бөлінетін қаржының уақтылығын бақылау және т. б. ) .
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі) ;
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақтылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме ережелерінің сақталуын тексеру.
Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дә-режеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық үдерістерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ын-талы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектінің басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халық-тық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.
Басқарудың әкімшілік нысанынан рыноктық нысанына өту кезеңінде қар-жылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан бола-тын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.
Алайда рыноктық қатынастар жағдайларында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі барлық келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділеттілікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндігін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу үдерістеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Рынок жағдайларында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжі-рибеесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешендік бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:
мемлекеттік бақылауды нығайту;
тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы . Қаржылық бақылауды сыныптау субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы бел-гілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, субъектілері, оныжүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға ) жалпымемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (Кесте1) .
1 кесте
Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
Дерек көзі:
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекетті қаржылық бақылау-бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау оны жүзеге асыратын органға қарай сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттің тиісті деңгейіне қарай республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін бақылау болып бөлінеді.
Сыртқы бақылау-Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
Сыртқы бақылауды: 1) республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқа-рылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; 2) жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Ішкі бақылау-ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оны ішкі бақылау службалары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz