Ұлттық қор туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық қор.

Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.

Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.

Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгі табиғи ресурстардың экспортынан түскен түсiмдер есебiнен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура жылдарындағы шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ қорлары басқа елдерде де жұмыс iстейдi. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды.

Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.

Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн. Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра мемлекеттердiң тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн шикiзатқа бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн көрсетедi.

Мұндай қорларды құрудың жағымды жақтары :

1. баға конъюнктурасына тәуелдi табиғи ресурстар секторынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен республикалық бюджет шығыстары арасындағы өзара байланысты барынша азайту;

2. қолайсыз конъюнктура бағасы кезеңдерiнде мемлекеттің қаржылық мiндеттемелерiн қолдау үшiн қолайлы конъюнктура бағалары кезеңдерiне қаражат жинақтау;

3. болашақ ұрпақтың мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қайта толмайтын табиғи ресурстарды сатудан түскен қаражатты жинақтау;

4. валютаның басы артық түсуi нәтижесiнде монетарлық өлшемдерге жасалатын шамадан тыс қысымды болдырмау үшiн ақша массасын залалсыздандыру болып табылады.

Ұлттық қордың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi

Ұлттық қордың негізгі мақсаты тұрақтандыру функциясы - Республикалық бюджеттің әлемдiк баға конъюнктурасына тәуелдiлігін төмендету болып табылады. Ұлттық қор болашақ ұрпақтарға қор жинауды қалыптастыру арқылы жинақтау функциясын да атқарады.

Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Жинақтау мен пайдалану транспарентті болуы тиiс, мұның өзi қойылған мақсаттарға қол жеткiзу кезiнде Ұлттық қордың ойдағыдай жұмыс iстеуiнiң кепiлi болып табылады.

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың

және пайдаланудың қағидаттары

  1. Ұлттық қордың қаражатын жинақтау

Әлемдiк тәжiрибенi талдау жинақтаулар үшiн қандай да бiр белгiленген шек болмайтынын және көптеген елдер қол жеткiзiлген жинақ көлемiне қарамастан жинақтау саясатын жалғастырып отырғанын көрсетедi. Мәселен, әртүрлi уақытта Норвегияда Қор активтерiнiң деңгейi ел IЖӨ-iнiң жартысынан асты, ал Аляскада штаттың бүкiл IЖӨ-iн, Кувейтте ІЖӨ-нiң үш жарым бөлігін, Оманда IЖӨ-нiң бестен бiр бөлiгiн құрайды. Қазақстанда 3 жыл iшiнде Ұлттық қорда IЖӨ-нiң шамамен 12%-i жинақталды.

Ұлттық қорда жоғары баға конъюнктурамен туындаған қосымша түсiмдер шоғырланғандықтан, Ұлттық Қордың ең жоғары мөлшерi шектеле алмайды. Оның үстiне Ұлттық қордың жинақтаушы қызметiн атқару үшiн төмендетiлмейтiн қалдық белгіленедi.

Ұлттық қордың қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.

Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың негізгi көздерi мыналар болып табылады деп болжанады:

мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергілiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме пайда салынатын салық, роялтилар, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегі үлес, экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтiн басқа да салық түрлерi тиiстi бюджеттерге есептелуге жатады. Бұл ретте мұнай секторының кәсiпорындарына шикi мұнай мен газ конденсатын өндiрумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады;

1. республикалық меншiктегі және кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;

2. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.

Ұлттық қордың жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс.

2. Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн таңдау

Ұлттық қорға қойылған мiндеттердi тиiмдi iске асыру мақсатында, жағымды әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып теңгерiмдi бюджет әдiсi әзiрлендi.

Бұл ретте кепiлдiк берiлген трансферт болашақ ұрпақ та пайдаланатын жобаларды инвестициялауды көздейтiн бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиiс. Осылайша, ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар экономиканың мұнай емес бөлiгінен республикалық бюджетке аударымдар есебiнен, ал бюджеттiк даму бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт есебiнен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттiң шығыс бөлiгінiң белгілi бip үлесi оның iшiнде белгіленген шектеулер шеңберiнде қарыз (сыртқы және iшкi) алу есебiнен жабылуы мүмкiн.

Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң республикалық бюджетке мөлшерi жеке бiр кезеңде Ұлттық қор активтерiнiң осы кезең басындағы шамасына, яғни бұрынғы жылдардағы жинақтардың мөлшерiне байланысты. Бұл ретте Ұлттық қорға осы кезеңде түсетiн түсiмдер республикалық бюджетке жiберiлетiн сомаға әсер етпейдi. Республикалық бюджетке Ұлттық қордан түсетiн трансферт көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.

Ұлттық қордың "сарқылуына" жол бермеу мақсатында кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгінен аспауы тиiс. Егер кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi осы шектен асып кеткен жағдайда, онда Ұлттық қордан алынатын ең жоғарғы сома тиiстi жылдың басындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгінiң баламасын құрайтын болады, ал қалған үштен екi бөлiгі болашақ ұрпақтың қоры ретiнде жинақталатын болады, бұл Ұлттық қордың негiзгi бiр мақсаттарына сәйкес келедi.

Егер Ұлттық қордан алулар мөлшерi кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерiнен аз болған жағдайда, тиiстi жылға арналған бюджеттi жоспарлау кезiнде бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды қысқарту көзделедi. Бұл ретте егер бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарды көзделiп отырған қысқарту жеткiлiксiз болса, шығыстар белгiленетiн шектеулер шегінде үкiметтiк қарыз алу есебiнен бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберiнде жабылатын болады және ағымдарды бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар азайтылуы мүмкiн.

Активтердi "сарқылуына" жол бермеу мақсатында (бiр жағынан Ұлттық қорда жинақтау жүзеге асырылғанда, ал екiншi жағынан шамадан тыс үкiметтiк қарыз алынады) бюджет тапшылығын үкiметтiк қарыз алу есебiнен қаржыландыру деңгейi бес жылдық кезең үшiн орташа жылдық мәнiнде IЖӨ-нiң 1%-iнен аспайтын мөлшерде шектелетiн болады, өйткенi халықаралық ұйымдардың (Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзiлiк Банк және басқалар) зерттеулерiне сәйкес мұнай дағдарысының орташа ұзақтығы шамамен 4-5 жылды құрайды. Бұл бюджетке түсiмдердiң деңгейiне жағымсыз әсер ететiн қолайсыз экономикалық конъюнктура кезеңiнде бюджет тапшылығының көрсеткiшi бес жылдық кезең үшiн орташа мән шеңберiнде ұлғаю жағына қайта қаралуы мүмкiн екенiн бiлдiредi.

Сонымен қатар, бюджет тапшылығы кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi алынған Ұлттық қорға жалпы түсiмдер ретiнде есептелетiн Ұлттық қордың орташа жылдық өсуiнiң бес жылдық кезеңiнен асып кетпеуi тиiс.

Жоғарыда айтылғаннан басқа, үкiметтiк қарыз алу қор нарығында тиiсті бағдар белгілеу үшiн айналымда мемлекеттiк бағалы қағаздардың жеткiлiктi көлемiн ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, үкiметтiк борыштың Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты 50-70%-тiк арақатынасқа қол жеткiзуге бағдарланатын болады.

Кепiлдiк берiлген трансферт шегiнде мұнай түсiмдерiн пайдалану салмақты фискальдық саясат жүргізуге мүмкiндiк бередi, өйткенi салық режимiн ырықтандырудан "таза" бюджет нәтижесi көрiнетiн болады, бұл әдетте, мұнай секторы кәсіпорындарының кiрiстерi есебiнен бұрмаланатын.

Кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi формуламен шектелгендiктен және бюджет тапшылығының мөлшерiн шектеудi ескере отырып тек бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды қаржыландыратындықтан, республикалық бюджеттiң ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына арналған шығыстарды көбейту экономиканың мұнай емес бөлiгі түсiмдерiнiң баламалы өсуiнсiз мүмкiн болмайды, бұл экономиканың мұнай емес секторын дамытуды ынталандыру қажеттiгін көрсетедi.

Трансферт формуласы айқын және оңай есептелiнедi. Алайда, А абсолюттiк көрсеткiшiнiң жоғары мәнi Ұлттық қор қаражатын шамадан тыс жұмсауға, төмен мәнi - бюджеттiң үлкен құбылмалылығына әкеп соқтырады.

  1. Ұлттық қордың активтерiн пайдалан

Мұндай қорлар қаражатын пайдаланудың әртүрлi бағыттары бар - республикалық бюджетке түсетiн тұрақтандыру трансферттерi, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кiрiстің бөлiгін халық арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және т. б.

Сол сияқты балама ретiнде мұнай ақшасын халық арасында бөлудiң мүмкiндiгі де қаралды. Алайда, бiрқатар кейбiр себептерге байланысты мұндай тәсiл бүгінгі таңда тиiмдi бола қоймайды.

Бiрiншiден, елге мұнай долларының артық ағылуы ақша массасының ұлғаюын тудырды, ол инфляцияның өсуiне түрткi болады және ұлттық валютаның нығаюына әкеп соғады. Бұл отандық өндiрушiлердi бәсекеге қабiлетсiз етедi және бағасы арзандаған импорттық өнiмге сұранысты қайта бағдарлауға әкеп соғады. Бұл ретте, егер "саудасы қызған" секторда (тұтыну тауарлары, жабдық) жоғары сұраныс импортпен қанағаттандырылатын болса, онда елдiң iшiнде өндiрiлетiн "саудасы жүрмейтiн" сектордың тауарлары мен қызметтерi (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау) әкелiне алмайды, ол бағаның күрт өсуiне әкеп соқтырады.

Екiншiден, мұнайдың бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығына ұшырайды және әлеуметтiк мiндеттемелер бойынша тиiстi деңгейде есептесе алмайды. Ұлттық қордың болуы Қазақстанның фискальдық тұрақтылығына ықпал етедi, ал Ұлттық қорда қаражат жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықты тең бөлу қағидатына сәйкес келедi.

Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепiлдiк берiлген трансфертті қамтамасыз етуге және басқарумен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға жiберiлетiн болады. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнай емес сектордан түсiмдердiң төмендеуi салдарынан ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға деген шығыстардың өсуiн қаржыландыру үшiн қосымша қаражат алынбауы тиiс, ал ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға деген шығыстардың өсуi көзделген шектеулердi ескере отырып, тапшылықты қаржыландыру шеңберiнде қарыз алу есебiнен жабыла алады.

Ұлттық қордың активтерiн басқару

Ұлттық қордың активтерiн сенiмдi басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Ұлттық қорды басқару кезiнде инвестициялық операциялардың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

Ұлттық қор активтерiнiң сақталуы;

Ұлттық қор активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстау;

тәуекелдiң бiркелкi деңгейiнде ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қордың активтерiнiң кiрiстiлiгін қамтамасыз ету.

Ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiстілiгiн қамтамасыз ету кiрiстiлiктiң қысқа мерзiмдi ауытқуын көздейдi.

Жоғарыда санамаланған мақсаттарды орындау үшiн Ұлттық қордың активтерi тұрақтандыру және жинақтау қоржындарына бөлiнедi. Тұрақтандыру қоржыны Ұлттық қор активтерi өтiмдiлігінiң жеткiлiктi деңгейiн ұстау үшiн қажет. Жинақтау қоржынын негiзгі арналуы тәуекелдiң бiркелкi деңгейiнде ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiстiлігін қамтамасыз ету. Өз кезегiнде, жинақтау қоржыны 75%-тiк тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздар қосалқы қоржыны және 25%-тiк акциялар қосалқы қоржыны болып бөлiнедi.

Тұрақтандыру қоржыны тиiстi жылға бекiтiлетiн кепiлдiк берiлген трансферт сомасының шеңберiнде анықталуы тиiс.

Ұлттық қор үшiн "индекстiк басқару" қағидаты пайдаланылады. Сондай-ақ "дәстүрлi" деп аталатын индекстiк басқару эталондық қоржынға сәйкес келетiн үйлесiмде әртүрлi қаржы құралдары қоржынын қалыптастыру болып табылады. Осы эталон индекс деп аталады. Басқару нәтижелерi (кiрiстiлiк) мен инвестициялық тәуекелдер эталондық қоржынға немесе индекске қатысты бағаланады, сондай-ақ оған едәуiр шамада тәуелдi болады. Эталондық қоржын - инвестордың мүддесiмен айқындалатын бағалы қағаздар жиынтығы. Эталондық қоржынның кiрiстiлігі активтердi басқарудың кiрiстілігiн бағалау кезiндегi өлшем ретiнде қызмет етедi. Эталондық қоржын ретiнде әлемдегi жетекшi қаржы компаниялары әзiрлеген және қадағалап отыратын индекстер пайдаланылады.

Ұлттық қордың активтерi шетелдiк валютада номинацияланған шетелдiк қаржы құралдарына ғана инвестицияланады және олардың шетелдiк валютада номинацияланған бағалы қағаздардан тұратын Эталондық қоржындары болады.

Тұрақтандыру қоржыны үшiн эталондық қоржын алты айға дейiнгі өтеу мерзiмiне ие АҚШ қазынашылық векселдерiнен тұратын Merrill Lynch компаниясы жасайтын индекс болып табылады. Өтеуге дейiнгі қысқа мерзiм тұрақтылық портфелi кiрiстiлiгiнiң жоғары өтімдiлігі мен төмен ауытқуын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру қоржыны жоғары кредит рейтингі бар елдердiң ақша нарығының жоғары өтімдi сенiмдi активтерiне инвестицияланады.

Ұзақ мерзiмдi перспективада әртараптандыру және ең жоғары кiрiстiлiк алу мақсатында жинақтаушы қоржын әлемнiң дамыған елдерiнде айналысатын борыштық ретiнде де және үлестiк қаржылық құралдар ретiнде де инвестицияланады.

Жинақтаушы қоржынның тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздардың қосалқы қоржыны үшiн эталонды қоржын Citigroup Inc компаниясы жасаған индекс болып табылады, қазiргi уақытта ол эмитенттерi 19 ел: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Жапония, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ болып табылатын тiркелген кiрiсi бар мемлекеттік бағалы қағаздарды қамтиды.

Жинақтаушы қоржынның тiркелген кiрiсiмен бағалы қағаздар қосалқы қоржыны эталондық қоржынға енетiн елдерде айналатын мемлекеттiк бағалы қағаздарда инвестицияланады, сондай-ақ мемлекеттiк, агенттiк, корпоративтiк бағалы қағаздардан, Қазақстан Республикасы эмитенттерiнiң бағалы қағаздарын қоспағанда активтерге кепiлге берiлген бағалы қағаздарды және жылжымайтын мүлiкке кепiлге берiлген бағалы қағаздардан тұратын Lehman Global Aggregate (LGA) құрамына - Lehman Brothers компаниясының индексiне енетiн барлық валюталарда және инвестициялық сыныптағы құралдарда инвестицияланады.

Облигациялардың (тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздардың) эталонды қоржыны Ұлттық қор мөлшерiнде ауытқуларды төмендету үшiн АҚШ долларына АҚШ долларынан өзгеше валюта бағамдарының қысқа мерзiмдi ауытқуларынан iшiнара сақтандырылады (хеджирленедi) .

Акциялардың қосалқы қоржыны үшiн Моrgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын энергетикалық сектордың компанияларын қоспағанда, әлемнiң дамыған елдерi компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталонды қоржын болып табылады. Ағымдағы сәтте индекс 23 елдi қамтиды: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Гонконг, Ирландия, Италия, Жапония, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ.

Жинақтау қоржыны акциялары қосалқы қоржыны активтерi эталондық қоржынға енгізiлген қарапайым және артықшылықты акцияларға ғана инвестициялануы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы
2009 жылы
2008 жылы
Баптың атауы: 1
2009 жылы: 2
2008 жылы: 3
Баптың атауы: Активтер
2009 жылы:
2008 жылы:
Баптың атауы: Ақша және оның баламалары
2009 жылы: 200 429 000
2008 жылы: 49 161 183
Баптың атауы: Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары
2009 жылы: 3 536 888 162
2008 жылы: 3 258 923 673
Баптың атауы: Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар
2009 жылы: 276 814 215
2008 жылы:
Баптың атауы: Туынды қаржы құралдары
2009 жылы: 1 568 264
2008 жылы: 4 901 962
Баптың атауы: Дебиторлық берешек
2009 жылы: 2 543
2008 жылы: 1 259 171
Баптың атауы: Активтер жиыны
2009 жылы: 4 015 702 184
2008 жылы: 3 314 245 989
Баптың атауы: Міндеттемелер мен таза активтер
2009 жылы:
2008 жылы:
Баптың атауы: Туынды қаржы құралдары
2009 жылы: 1 956 773
2008 жылы: 2 466 448
Баптың атауы: Кредиторлық берешек
2009 жылы: 4 216 533
2008 жылы: 2 408 017
Баптың атауы: Міндеттемелер жиыны
2009 жылы: 6 173 306
2008 жылы: 4 874 465
Баптың атауы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер
2009 жылы: 4 009 528 878
2008 жылы: 3 309 371 524

Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады.

  1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
  2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
  5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиім салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

  1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойныша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы срмасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтемжүзеге асырылмайды;
  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансфеттер түрінде;
  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
  2. Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
  3. Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
  4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестік құрамын құрады;
  2. Қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
  3. Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
  4. Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
  5. Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестік функциялары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры жайлы
Қазақстан Республикасының ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері
Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық негіздері
Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының тиімді перспективаларын анықтау
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Қазақстан Республикасы ұлттық қордың есептілігі мен активтері
Қазақстандық бағалы қағаздардың және қаржы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
ҚР-ның Ұлттық қоры және оның даму тенденциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz