Инвестициялық институттардың рыноктық қатынастар жүйесінде алатын орны


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Инвестициялық институттардың рыноктық қатынастар жүйесінде алатын орны

Абиева С. Н.

«Қаржы» кафедрасының доценті, э. ғ. к.

Нурымбетова К. И.

«Қаржы» кафедрасының оқытушысы

Рыноктық экономика кезінде инвестициялық институттардың алатын орны ерекше. Инвестициялық институттарға инвестициялық компаниялар (анг) пайлық инвестициялық трастар (анг) инвестициялық қорлар, бірлескен қорлар, жылжымайтын мүлікке жасалынатын инвестицияға маманданушы трастар, өзара әрекет етуші қорлар.

Инвестициялық компаниялар бұл- жеке инвесторлардың қаржы құралдарын тарта отырып оларды кең қолданыстағы бағалы қағаздарға немесе активтердің кейбір түрлеріне инвестициялаушы қаржы делдары.

Инвестициялық компаниялардың басты міндеті-активтерді біріктіру. Әрбір инвестордың, инвестициялық компанияға инвестормен салынған сомаға пропорционалды, инвестициялық компаниямен құрылған актив портфелінің белгілі бір үлесіне құқығы бар, осылайша инвестициялық компаниялар ірі инвестициялаудан пайда табу үшін, жеке компаниялардың инвесторлары бірігіп, инвестициялық механизм ұсынады.

Инвестициялық компаниялар рыноктық қатынастар жүйесінде өздерінің инвесторларына қатысты бірнеше маңызды қызметтер атқарады:

  1. Құралдар есебі және басқару. Инвестициялық компаниялар мерзімді өздерінің қаржы жағдайлары жөнінде есеп беруп отырады, капитал, девидент, инвестиция және бағалы қағаздар бойынша өсімінің бөлу есебін жүргізіп отырады, сонымен қатар өздерінің акционерлерінің пайыздық табыстарын және девиденттерін реинвестициялай алады.
  2. Диверсификация және бөлінуі. Инвестициялық компаниялар өз инвесторларының қаржы құралдарын біріктіре отырып, түрлі бағалы қағаздар үлестеріне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда олар ірі инвесторлар сияқты әрекет етеді.
  3. Біліктілікті басқару көптеген инвестициялық компаниялардың қаржы сарапшыларымен портфелдерді басқарушы тұрақты штаты болады. Олар өз инвесторлары үшін максималды тиімді капитал қайтарымын алуға тырысады.
  4. Трансакцияда жүргізуге жұмсалатын шығындарды төмендету. Инвестициялық компаниялар бағалы қағаздардың ірі пакеттерімен сауда жасайтын болғандықтан бұл оларға комиссиондық және брокерлік гонорардың есебінен едәуір үнем жасауға мүмкіндік береді.

Пайлық инвестициялық трастар- құрамы қордың әрекет ету мерзімі ішінде тұрақты болып табылатын, актив портфелдеріне инвестициялаушы біріктірілген ақша құралдарын білдіреді. Пайлық инвестициялық трасты құру үшін, құрылтайшы, яғни биржадағы брокер фирмасы сенімді басқармасына (трастың) сенімді тұлғаға беретін, бағалы қағаздар портфелін сатып алады.

Пайлық инвестициялық траст басқарудағы минималды активтілігімен сипатталады, өйткені оның қалыптасып қойған портфелдің құрылымы әріқарайда өзгеріссіз қалады.

Басқарылатын инвестициялық қорлардың екі түрлері бар: жабық және ашық. Ашық инвестициялық қорлар таза активтердің құнымен акциялар шығарады және сатып алады. Жабық инвестициялық қорлар- таза активтер құнынан өзгеше бағамен сататын және сатып алатын акциялар қоры. Өзара қор бұл ашық инвестициялық компаниялардың жалпылама қабылданған атауы. Жабық қорлардан айырмашылығы өзара қорлардың акциялары биржаларда сатылмайды және сатып алынбайды.

Инвестициялық институттар оптималды инвестициялау процесін жүзеге асырады. "Инвестор"- біздегі теория мен практика үшін салыстырмалы түрде жаңа термин. Жоспарлы экономикалық аясында «капитал салымдары» деген түсінік. Оны негізгі қорлардың ұдайы өндрісіне, сонымен қатар оларды жөндеуге жұмсалатын барлық шығындар деп түсінетін. Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде бұл екі түсінік екі түрде беріліп жүр. Дәстүрлі түрде инвестиця деп белгілі бір экономикалық жобалардың (қазіргі кезде) болашақта пайда табу есебіне негізделе отырып қазіргі кезде жүзеге асырылуын айтамыз. Отандық және шет елдік экономикалық әдебиеттерде инвестиция көбіне осылайша беріледі.

Қаржы теориясында инвестиция нақты және қаржы активтерін сатып алу деп түсіндіріледі. Яғни, «бүгінгі күнгі белгілі бірн құн мөлшері болашақтағы белгісіз құнға айырбастау мүмкіндігі». Қаржыға экономикалық сөздіктерде келесі анықтамалар беріледі. «Инвестиция» - табыс алу мақсатында негізгі және айналымдағы капиталға салымдар. Материалдық активтерге салынған инвестициялар - жылжитын және жылжымайтын мүліктерге салымдар (жер, ғимараттар, құрал-жабдықтар және т. б. ), қаржы активтеріне салынған инвестициялар- бағалы қағаздарға, шоттарға және басқа да қаржы құралдарына салымдар».

Біздің ойымызша «инвестиция» анықтамасында макроэкономикалық және микроэкономикалық көзқарастарды біріктіру қажет, сонда ғана инвестициялық рыноктың ролі артады.

Рыноктық қатынастар жүйесінде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестицияларын портфелдік инвестиция ретінде қарастыруға болады, яғни «қаржы активтеріне жасалған инвестициялар».

Портфелдік инвестициялар бұл- ұзақ мерзімдегі бағалы қағаздар арқылы салынатын салымдар, сондықтан портфелдік инвестициялар қор рыногында, бағалы қағаздар рыногында әрекет етеді. Бұл қайталама инвестициялық рынок.

Қор рыногында бағалы қағаздар субьектілері институциональдық инвесторлар болып табылады. Оның қатарына жинақтаушы зейнетақы қорларының жатқызуға болады. Материалдық активтермен қатар, қаржы активтері де инвестициялық табыс көзі болып табылады.

Қор рыногындағы шаруашылық субьектілерінің өзара әрекеті қаржы делдалдарының және бағалы қағаздар рыногының білікті қатысушыларының көмегімен жүзеге асады. Экономикалық әдебиеттерде қаржы делдалдарының 3 тобын бөліп қарастырады:

1. Депозиттік (өзара жинақтаушы банктер, несие одақтары ) ;

2. Келісім- жинақтаушы (сақтандыру компаниялары, қаржы құралдары) ;

3. Инвестициялық қорлар (трастық, өзара қорлар) .

Қаржы институттарының келісім жинақтаушы тобына кіретін зейнетақы қорлары зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындаумен байланысты мақсаттарды және міндеттерді жүзеге асырады. Басқаша сөзбен айтқанда, зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің негізгі көзі болып табылатын инвестициялық табысты құруға қажетті инвестициялық бағдарламаларды орындайды. Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша, рыноктық экономиканың субьектісі болып табылатын зейнетақы қорлары қызметінің экономиаклық мазмұнын анықтауға болады. Келісім-жинақтаушы қорлардың бұл тобының қызметтеріне сипаттама беру маңызды болып табылады, өйкені ол айқын көрінетін әлеуметтік сипатқа ие.

Осылайша, экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп компанияларымен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету. Қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорлары келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

  • олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;
  • бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің

өсуіне байланысты изейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен

жарналар түсімдерімен аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт лагтары пайда болады. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы рыноктарының тікелей және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса алады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекет етуі 3 кезеңнен тұратын ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді:

  • бірінші кезеңде жарна түрінде ЖЗҚ-на салымдар жасалады;
  • екінші кезеңде жинақталған қаржы ресурстарын инвестициялау жүзеге асады;
  • үшінші кезеңде мерзімді зейнетақы төлеу жүзеге асады.

Қаржы құралдарының үздіксіз түсіп отыруы қаржы рыногында әріқарай инвестициялау үшін зейнетақы активтері бойынша төлем рентасын құрайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау табиғаты- бұл уақыт бойынша төлемдердің сатылылығы. Мысалы ретінде, жинақтаушы зейнетақы қорларының «кастодиондық шотына» түскен міндетті зейнетақы жарналарын орналастыруда, қаржы құралдарының жабуды, инвестициядан түскен мерзімді түсімдерді зейнетақы активтерін әріқарай реинвестициялауды қарастыруға болады.

Рыноктық қатынастар жүйесінде зейнетақы салымдарының есебінен жасалған инвестициялар оларды, сақтау немесе белгілі бір оң табыс мөлшерін алу мақсатында қаржы құралдарына салу деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір активтерге орналастырылмаған бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, өйткені олар белгілі бір табыс көзін қамтамасыз етпейді. Бұл процесс екі фактормен байланысты-уақыт және тәуекел. Кейбір жағдайларда уақыт маңызды болып табылады (мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздар үшін), басқа жағдайда тәуекел ( жай акцияларды сатып алатын опциондар үшін), кейбір жағдайда екі факторда маңызды болып табылады-уақыт және тәуекел (мысалы, корпоративті бағалы қағаздар үшін) .

Әдетте бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын қаржы инвестицияларымен өндірістік және өндірістік емес обьектілерге жұмсалатын нақты инвестициялар бөліп қарастырылады. Нақты инвестиция дегеніміз- өндірістік және өндірістік емес, негізгі қорларды құруға бағытталған капитал салымдарымен күрделі құрылыстарды қаржыландыру. Инвестициялық процесс түсінігі көптеген авторлармен бағалы қағаздарды таңдау, олардың төлемдері және тәуекел факторы, сенімділігін, табыстылығын, өтімділігін ескере отырып, жасалған инвестиция салымдарының мерзімдерін таңдауға байланысты шешімдер қабылдау процедурасымен байланыстырады.

Зейнетақы қорларының инвестициялық саясаты мемлекетпен бекітілген инвестициялық шектеулерді сақтай отырып, инвестициялық табыс алуды қамтамасыз етуге арналған қормен жинақталған қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттары. Біржағынан зейнетақы қорлары консервативті инвестор болуы керек және өзіне сеніп тапсырған қаржы құралдарын ұзақ мерзімді сенімді жобаларға салу тиіс, бірақ басқа жағынан алғанда қор инфляция деңгейінен жоғары болатын табыстылықтың нақты оң мөлшерлемесін беруге міндетті. Сәйкесінше, зейнетақы қорлары инвестициялау диверсификациясы- зейнетақы қорлары жұмыстарының тиімділігі мен сенімділігінің маңызды мәселесі болып табылады. Зейнетақы қорларының жиынтық инвестициялық портфелінің диверсификациялау кезінде келесі түрде инвестициялық саясатты негіздеу маңызды болып табылады:

  • стратегиялық мақсаттарды талдау, яғни инвестициялаудың бағыттары;
  • инвестициялық артықшылықтарды құру (инвестиция обьектілері) ;
  • инвестициялық шектеулерді белгілеу (белгілі бір активтің санының шекті мөлшері) .

Рыноктық қатынастар жүйесінде инвестициялық саясат зейнетақы қорларында маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ал оларды жасау қордың мақсаттарын, инвестициялаушы құралдардың көлемін және басқад маңызды міндеттердің шешілуін анықтауды талап етеді. Осы жағдайда зейнетақы қорлары оларға сенімді инвестициялық қорғау қызметін ұсына алатын капиталданған ұйымға (фирмалар) бағытталады. Бұл зейнетақы қорлары арасында қаржы ресурстарын орналастыруда бәсекелестің өсуіне алып келеді және қабылданған инвестициялық саясатқа сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық қызметтердің түрлі құралдарын өте ұқыпты талдауға итермелейді. Зейнетақы қорлары институциональды инвесторлар ретінде әрекет ете отырып, және салымшылардың қаржы құралдарын шоғырландыра отырып оларды түрлі активтерге инвестициялайды: бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне, мүліктерге және т. б. Зейнетақы құралдарын түрлі активтерге инвестициялауды жүзеге асырудың бірқатар ерекшеліктері бар, олардың негізгілері:

  • Салымшылардың зейнетақы жарналары қаржы қызметтерін реттеуші

заңнамаларға сәйкес табысты активтерге инвестицияланады. Банк депозиттері салымдар, акциялар бойынша девиденттер, мүліктер және бағалы қағаздардан түсетін табыстардан құралатын инвестициялық табыстар, зейнетақы қорларына өз салымшыларының болашақта зейнетақы алуына кепілдік беруге мүмкіндік береді.

  • Инвестициялық активтер белгілі бір уақыт аралығында зейнетақы

қорларының қарамағында бола отырып, қосымша инвестициялық табыс алу мақсатында қолданылады.

Қаржы инвесторлары келесі критерилерге сәйкес инвестициялық құралдарды таңдау мүмкіндігін кеңейтеді: сенімділік, өтімділік, табыстылық және диференциалдық. Ақша құралдарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялаудың схемасы диференцияланған сипатқа ие және қаржы құралдарының сенімділігін арттырады. Қаржы рыногы құрылымының өзгеріп отыруы берілген мақсаттан ауытқуды бақылап отыру үшін қаржылық инвестициялық процесінде контролинг жүргізуді қажет етеді.

Жоғарыда аталған инвестицияға қатысты жалпы теориялық көзқарастар инвестицияны басқару процесінің мәнін сипаттайды. Қазіргі сарапшылардың зерттеулері капиталды саналы түрде басқарғанда ғана жеңіске жетістікке жетеді деп көрсетеді. Қаржы жүйесіндегі қаржы инвестицияларын ұйымдастыру басқару өмірді сақтандыру жүйесінің әрекет етуінің жалпы принциптеріне сәйкес жүзеге асады.

Инвестициялық саясатты практикаға енгізудің негізгі мәселелерінің бірі инвестициялық тәуекелдердің болуымен түсіндіріледі. Инвестициялық тәуекел дегеніміз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жоспарланған пайданы ала алмауы. Мұндай жағдайларда тәуекел обьектісі зейнетақы қорлары болып табылады.

Тұрақты табыстылықты қамтамасыз ететін құралдар бойынша тәуекелділік қауіпі неғұрлым жоғары болса, олардың пайыздық ставкалары да соғұрлым жоғары. Егер қарыз алушылармен шығарылатын түрлі төленбей қалу қауіпімен сипатталатын долларлық номиналдағы облиғациялардың түрлі пайыздық ставкаларына талдау жүргізсек, онда келесідей қорытынды жасай аламыз: АҚШ-тың ұзақ мерзімді қазыналық облигациялары мұндай тәуекелділік қауіпінің ең төмен көрсеткішін көрсетеді, екінші кезекте жоғары сапалы корпоративті облигациялар одан кейінгі орынды орташа сапалы корпоративті облигациялар алады.

Айналыстағы корпоративті облигациялардың үнемі өсуіне қарамастан, жарты көлемінің жартысынан астамы қаржы емес ұйымдардың және басқа инвесторлардың портфелінде. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі облигацияларды институционалдық инвесторлардың үлес салмағы 29, 29% болды. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногына 183 ИПҚ қолданыста болды, оның ішінде 146 жабық (активтер - 194 486 млн. тенге), 19 ашық - (активтер 1589 млн. тенге) 18 - аралық (активтер 3461 млн. тенге) . 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде ИПҚ саны 97-ге артты (активтер 150959 млн. тенге) .

Дамыған 24 мемлекетте бағалы қағаздар рыногы ұзақ жылдан бері қолданылып келеді. Нью-Йорк қор биржасында ақпараттандыру ресурстарымен әр күн сайын шамамен 150-200 млн. акция сатылады, ол ақшалай қаражат есебінде 20 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл Ресей мемлекеті үшін бір айлық, ал Қазақстан үшін бір жылдық бюджетке қарайлас ақша. Бізде акционерлік қоғам саны өте көп болғанымен, олардың акцияларының кең қолданысқа ие болып, жаппай саудаға түсіп жатқандығын әлі көре алмай келеміз. Еліміздегі компаниялары табысты жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар шамасы келсе, акцияның мемлекеттік пакетіне ешкімді ортақтастырмай бірте-бірте бәрін де өздері иемденгенді жөн көреді. Екіншіден, акциялар еркін саудаға шығарылған жағдайда ертеңгі күні қоғам ішінде білікті акционерлер пайда болуы және акционерлік қоғам басшылығының алдына өз талаптарын қоя бастауы мүмкін.

Еліміздегі қаржы институттарының көпшілігі шоғырланған Алматы аумағында республикамыздағы барлық банктердің 70% -дан астамы, 30 шақты сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары орын тепкен. Бұған қоса, жергілікті капиталдың көп мөлшерде жинақталуы мен рынокқа шетелдік кәсіби қаржы делдалдарын кіргізудің либералды жүйесі АӨҚО құруға қазірдің өзінде алғы шарттар бар екендігін көрсетеді. Сол міндеттердің арасында халықаралық стандарттарға сай және шетел қатысушыларын тартуға жәрдемдесетін қаржы орталығын институттық дамыту; қаржы орталығында жұмыс істеу мақсатында инвесторлар мен брокерлік ұйымдар қатарына кәсіпқой қатысушылар мен эмитенттерді тарту; «Самұрық-Қазына» АҚ секілді мемлекеттік ұйымдардың құрамына кіретін компаниялардың қаржы орталығы қызметіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету; отандық экономиканы жаңғырту үшін бағалы қағаздар рыногы арқылы халықтың ішкі жинақтарын тарату; БҚР және қаржы орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру секілді көкейкесті мәселелердің қамтылып отырғандығын айта кетсек артық болмас.

2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық және қаржылық сауаттылығын арттыру 2007-2011 жыдардарға арналған бағдарламаға сәйкес халықтың қаржы рыногындағы инвестициялық белсенділігінің деңгейін білу мақсатында әлеуметтік таңдаулы зерттеулер болған, халықтың белсенділік деңгейі 1-ші суретте белгілі болды. Мұнда, халықтың жартысы, яғни инвестициялық белсенділік деңгейін арттыру бойынша ешқандай деп жауап беріпті, ал белсенділік бойынша ең көп бөлігі кредиттер болып тұр, ең аз бөлігі бағалы қағаздар (акция, облигация) болып тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елтік шығыстардың заңи мәселелері
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Сақтандыру және рыноктық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Қытай реформасының нәтижелері
Салықтар елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздері
Кәсіпкерлікті дамытудың жалпы сипаттамасы және өзіндік ерекшелігі
Салықтар ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде
Тұрғын үй нарығының теориялық-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz