Экологияның тақырыбы мен міндеттері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ЭКОЛОГИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
- Экологияның анықтамасы
2. Экология тақырыбы
3. Экологияның ғылымдағы орны
Қорытынды.
Экологияның анықтамасы
Организмдер, олардың түрі бір тобы (популяция) жене бірге түрлі тобы (сообщество) белгілі бір жерді қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды.
Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер, басқа да тірі жеңдіктер өмір сүретін мекен-жай, ондағы жер-су, ауа мен жел, жылы мен суық, ас пен қорек, олардың достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және әлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар XX ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.
Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуден, табиғаттың қымбат ескерткіштерін қыйраудан қорғауды білдіретін.
Отызыншы жылдары қазбалы кен қорлары таусылу, ормандар мен су көздері жойылу қаупі төнген кезде бұл ұғым табиғат байлықтарымен қорғаумен толықты, 50-60 жылдары қоршаған ортаны қорғау ұғымына жоғарыда айтылғандарға қосымша ауаны, су көздерін, топырақты зиянды өндірістік және радиоактиіггі қалдықтардан, уақытты химиялық заттардан қорғау кіретін болды.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау жануарлармен өсімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, талан-тараж болудан, ауаны, топырақты, өзеңдерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.
Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің іс-әрекетінен де зиян көріп жатады.
Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлекеттік шекараға тоқтамай желмен, ағын сулармен өтіп, біреудің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр қашықтыкта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын, орманын ластап, оны тазалауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр етеді.
Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің қолынан келмейді. Сондықтан бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасасып, тез уақытта және арзан бағамен соңдай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау бір аймақтың немесе бір елдің проблемасынан көп елге қатысы бар, халықаралық проблемаға айналады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге конвениияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті. Онда өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жойылып кету қалпы төнген түрін қорғау, теңізден балық пен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қол жетті.
Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын мойындап, міндетті түрде орындауға келіседі. Жарғы талаптарын орындамаса немесе бұзса жауапқа тартылады. Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап, мемлекеттік орындар мен азаматтардың оны толығынан орындауын қатаң қадағалап отырады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы ролын атқарады. Кәсіпорын, ұжым, мекеме - басшыларынан, жеке азаматтардан заң талаптарын уақытында орындалуын талап етіп, көнбегендерін жауапқа тартады.
Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, құқық қорғау орындау орындары және қоғамдық ұйымдарда қатысады.
Мііне, сондықтанда табиғат жүмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті болып қоймай, оған бүкіл жұртшылық барлық азаматтар қатысуы қажет.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, уытты және басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер, құқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді.
Мемлекеттің заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын қоршаған ортаны қорғау деп атайды.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол гректің "oicos"-үй, мекен, тұрғын жер, және «Logos» -білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған.
Экология балық тірі организмдерді, олардың тұратын "үйін", "мекен-жайын" және сол "үйді" тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді.
Экология - белгілі бір ортада тұратын организмдерді зерттейтін, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен арақатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады.
Ең алғаш "экология" деген сөзді пайдаланған Генрих Девид Тюро. Ол 1858 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында бір досына "Гоар мырза әлі Конкордта, "ботаника және экологиямен айналысуда " деп жазған болатын.
Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дерігер, аса дарынды неміс ғалымы Э. Геккель. Ол ғылымға көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты, соның бірі экология.
1869 жылы Э. Геккель экологияға мынадай анықтама берді: Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланысын зерттеу.
Экология тақырыбы
Біздің планетамызда өмір сүруге қолайлы орта онша көп емес. Ауаның, судың және топырақтың жұқа қабатында ғана тіршілік бар. Tipі организмдер орналасқан ауаның (атмосфера), судың (гидросфера) және жердің (литосфера) қабаттары биосфера (bios-өмір, тіршілік, shpaqia- дөңгелек, шар) деп аталады.
Tipi организмдер өмір сүретін өзара байланыс, қарым-қатынас жасайтын табиғи ортаны - атмосфера мен гидросфераның төменгі қабаттарын, литосфераның жоғарғы қабатын биосфера деп атауды 1875 жылы ғалым Э. Зюсс ұсынған болатын.
Ғалымдар биосфераның ауадағы шекарасы жер бетінен есептегенде 15 км биіктікке дейін, суда-12 км тереңдікке дейін, жер қыртысында -5 км терендікке дейін болсын деген шешімге келді.
1969 жылы аэронавтор жер бетінен 350 мың километр қашықтықтағы Айға барып, онда аз уақыт болуына байланысты, ғарышкерлер орбиталық кемелер мен станцияларда ұзақ уақыт тұрып, жұмыс істейтін болғандықтан биосфераның ауадағы шекарасын Айға дейін, немесе орбиталық кемелер көтерілген биіктікке дейін кеңейту туралы пікірлер айтылуда.
Біздіңше, мұндай пікірлермен келісуге болмайды. Өйткені азронавтар да, ғарышкерлер де. Айға ұшқанда, орбиталық станцияларда тұрғанда жердегі ауамен тыныстанды, ішетін асы мен суы да жердің тағамдары болды. Кеме ішінде күре тамыр қан қысымы да жердегі дережеде сақталды. Басқаша айтқанда, ғарышқа ұшқанда оларға жердегі, үйренген жағдай қолдан жасалып, өмір сүру жүйесі өзгерген жоқ, Сондықтан биосфераның шекарасын ұлғайтуға негіз шамалы.
Болашақта да Homo; sapieps (саналы адамдар) биосфера шекарасынан алысқа кетіп, жағдайы жердегіден өзгеше Планетаға барып өмір сүреді деп айту қиын.
Осы күнгі биосфера туралы түсінік белгілі орыс ғалымы, академик В. И. Вернадскийдің 1924 жылы Францияның Сорбонн университеттерінде оқыған лекцияларында оқыған болатын.
Биосфера - адамдардың денесі сияқты дейді ол-қоғам мүшелерінің сапалы еңбек етуіне қажеттің бәрін береді. Олар бір жағынан биосфераның арқасында өмір сүрсе, екінші жағынан өздері табиғат құбылыстары мен өзгерістеріне, табиғаттағы заттар айналымына қатынасып отырады. Сондықтан өздерін өлтіргілері келмесе, табиғат процестерін елемеуге, ескермеуге, оларды бұзуға, кейіннен түзеуге болмайтын өзгерістер енгізуге хұқықтары жоқ. Сонымен қатар адамдар осы процестерді өздерінің саналы бақылауларына алып, өндірістік, тағы басқа іс-әрекеттер биосфераға тән процестермен үйлестіріп жүргізулері керек. Мұны адамдар өздері өмір сүретін ортаны жақсартуға, өзгертуге хұқықсыз деген үшіш тумайды. Тек сол жетілдірудің пайдалы, қолайлы жолын табу қажет. Қолайлы болғанда адамдардың бүгінгі қажеттерін өтеу үшін емес, табиғатта қалыптасқан теңдестікті қолайлы болуы дұрыс.
Экологияның ғылымдағы орны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz