Шағын және орта бизнестің дамуы үшін салық әкімшілігін жүргізуді жеңілдету қажет


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әлихан Н

Т. Рысқұлов атындағы КазЭУ магистранты

Шағын және орта биснестің дамуы үшін салық әкімшілігін жүргізуді жеңілдету қажет.

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономиканы басқаруда күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Ол әлемді шарпыған қаржы дағдарысы, еліміздің әлемдік экономикаға кіруі мен жаһандану жағдайында бизнесті ұтымды ұйымдастыру, басқару және тиімділігін арттыру сияқты мәселерді қамтиды. Шағын және орта бизнестің дамуы елдегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін табуға және экономиканың өсу қарқынына оң ықпалын тигізе алады. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады. Экономиканың нақ осы секторы мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді [1] .

Шағын және орта бизнес дүниежүзінің көптеген елдерінде экономикада алатын рөлі үшін салық салудың арнаулы жүйесін қажет ететін ерекше объект ретінде қаралады. Арнаулы салық режимдерінің ұлттық экономикада қабылданған жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен айырмашылығы 3 құрамдас бөлікпен- салық негізі, оның ставкасы және әкімшілікті жүргізу сипаттамалары арқылы көрініс табады. Салық салу жүйесі осы компонеттердің бірлігі болып табылады және шағын және орта бизнестің әрекет етуіне айтарлықтай әсер етеді. Мұнда барлық 3 компонент те маңызды болып келеді. Өйткені, ставка мөлшері шамадан тыс болса, салықты орнату үшін таңдалған негіз фирманың әрекетіне бұрмаланған әсерін тигізуі мүмкін, сонымен қатар төмен ставкалы салық әкімшілігін жүрізудің таңдалған тәртібінің өзі де салық төлеушілерге елеулі шығындар жүктеуі мүмкін. Мысалы, мөлшері бойынша көп емес, тоқсан сайын төленетін салықты төлеу жеке кәсіпкерден арнайы есеп және есептілікті жүргізу үшін бухгалтер көмегіне жүгінуге қажет еткендіктен кәсіпкерден салыстырмалы үлкен шығыстар шығады. Ал ондай қызметті көтере алмай өзіндік жасалған есептілік қате болып жатса, кәсіпкерлердің шығыны салық органдарының қызметкерлерінің табысы (оның ішінде көлеңкелі) болып кетеді де, ал салық салудағы ставканың төмендеуінен көрген фирманың пайдасы бюджет кірісінің азаюы болып табылады және т. б. Сондықтан барлық мүдделік жақтардың жағдайын ескере отырып, салық салу жүйесін жетілдірудегі жүзеге асырылатын өзгертулер шағын және орта бизнес секторының дамуына айтарлықтай оң әсер тигізуге қабілетті болатындай жасау қажет.

Трансформациялық экономиканың салықтық жүйесі үшін (әсіресе бұрынғы кеңес үкіметі мемлекеттерінде) типтік бірқатар кемшіліктер сипатты. Трансформациялық процестердің жүру барысында бірінші жолға бизнес табысының максималды бөлігін бюджетке алып қою проблемасы тұрды. Осы проблеманы шешуді салық заңнамасы көздеген болатын. Алайда заңнамада шағын және орта бизнестің дамуына демеу болатын аса жеңілдіктер қарастырылмады. Сондықтан кәсіпкерлердің көбі өзінің қызметінің бір бөлігін «көленкеде» жүргізді, яғни салықты толық төлемеді, көбісі шығынды азайту мақсатында бірақ салықтық есептілікте көптеген қателіктерге ұрындыратын біліктілігі жеткіліксіз бухгалтерлік персоналды ұстады. Осындай кәсіпкерлер әмірлі құрылымдарда таныстары болмаған жағдайда салық органдарының алақол қызметкерлерінің тарапынан үлкен қысым көрді.

Осылайша, шағын және орта бизнес үшін үлкен мәні бар келесі проблемаларды атап өтуге болады:

  • салықтық есеп пен есептілікті сапалы жүргізу үшін жоғары білікті бухгалтерлік қызметкерлерді ұстауды қажет ететін үлкен шығындар. Бұған әсіресе ұсақ және орта бизнестегі кәсіпкерлердің шамасы жете қоймайды;
  • осының кесірінен туатын көптеген қателіктер заңнамамен қасақана жасалған әрекеттер деп танылып, артынан әртүрлі санкциялар ала келуі;
  • шағын және орта бизнес субъектілеріне салық органдарының қызметкерлері тарапынан салғырт қарауы. Шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық есеп және есептілікте жіберетін қателердің елеулі бөлігін түзетуге мүмкіндігі бар консультациондық қызметтін жүргізілмеуі;

Барлық аталған үш проблемма шағын және орта бизнестің дамуын тежеп, маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларын орындауға кедергі тигізетіні анық. Оларды шешу үшін шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіне кешенді өзгертулер енгізу керек. Ең бірінші, салықтық процесті әкімшілендірудің өнімсіз шығындарын азайту керек, сол арқылы басқа екі проблемманы шешуге болады.

Дүниежүзілік тәжірибе шағын және орта бизнеске қолданылытын салық салу жүйесінің жеті үлгісін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар:

  • салықсыз режим, іс-жүзінде бейресми және көлеңкелі секторда орын алатын бизнес үшін салық салудың нұсқасы. Алайда ол мемлекет үшін ғана салықсыз, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің өзі «салықты» құқық қорғау органдардың қорғауында бола алмаған кезде қылмыстық құрылымдарға жинауға мәжбүр. Салық салудың ресми режимі ретінде практикада бұндай режим «салықтық демалыстар» нысанында қолданылады;
  • салықты аванстық төлеу нысаны түріндепатенталу. Шағын және орта бизнес субъектілерін есеп пен есептілікті жүргізудің трансакциондық шығындары мен салық службаларымен байланыстан туындайтын шығындарынан құтқарады, бірақ бизнесті жүргізудің алғашқы шығындарын көбейтеді. Әдетте ұсақ (қызметкерлердің саны 50 аспайтын) және шағын кәсіпорындар үшін қолданылады;
  • табыс салығын төлеу үшін ұсақ кәсіпкерлердің табысынресми мәлімдеу. Табыс салығының көлденең шкаласы қолданылған жағдайда кәсіпкерлер әкімшілік шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік алады;
  • шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолданылатынсалық салудың оңайлатылған схемаларыныңәртүрлі нұсқалары. Шағын және орта бизнес субъектілерінің айналым көлеміне байланысты оңайлатылған декларациясы бірнеше нұсқалардан тұруы мүмкін. Егер схемалар аса күрделі болмаса, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді;
  • шағын және орта бизнес қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне байланысты емес, нәтижені жанама көрсеткіштер арқылы сипаттайтын, мысалы, сауда бөлмесінің ауданы немесе қолданылатын жер учаскесі т. б. кейбір көрсеткіштермен есептелетінөзгерісті салықтар. Салық әкімшілігін анағұрлым жеңілдетеді, бірақ әдетте өзгерісті салықтарды орнатуды тапсырған жергілікті шенеуніктердің жемқорлығының өсуіне мүмкіндік ашады.
  • елде қолданылатын салық салудың жалпы схемасы бойынша бизнестен алынатынбарлық салықтардың ставкасына жеңілдікәкімшілік шығындарын азайтпайды;
  • салықты жинаудың төмен жиілігімен байланысты ставкаға жеңілдік, (мысалы, тоқсан сайын емес, жыл сайын) әкімшілік шығандарды салық салу жүйесінің алдыңғы типіне қарағанда бірнеше есе азайтады;
  • барлық бизнес субъектілері үшінсалық салу жүйесі. Шағын және орта бизнеске ерекше категория деп қарамағандықтан шағын және орта бизнес үшін ең ауыр тиетін жүйе болып саналады.

Осылардың біреуін немесе бірнешеуінің жиынтығын таңдаған кезде аталған жүйенің әрқайсысы әртүрлі критерийлердің жиынтығымен (1 кестені қараңыз) бағалануы тиіс.

Кесте 1

Төмендегілерге әсері

Салықсыз режим

Патент

Табысты ресми мәлімдеу

Оңайлатынған жүйе

Өзгерісті салық

Ставка бойынша жеңілдік

Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік

Жалпы схема

Төмендегілерге әсері: 1. Шағын бизнес
Салықсыз режим: +++
Патент: +++
Табысты ресми мәлімдеу: +
Оңайлатынған жүйе:

+

-

Өзгерісті салық: 0
Ставка бойынша жеңілдік: +
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: ++
Жалпы схема: --
Төмендегілерге әсері: 2. Мемлекеттік бюджет
Салықсыз режим: ---
Патент: +
Табысты ресми мәлімдеу: +
Оңайлатынған жүйе: +
Өзгерісті салық: +
Ставка бойынша жеңілдік: +
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: +
Жалпы схема: ++
Төмендегілерге әсері: 3. Жергілікті бюджет
Салықсыз режим: ---
Патент: +
Табысты ресми мәлімдеу: +
Оңайлатынған жүйе: +
Өзгерісті салық: ++
Ставка бойынша жеңілдік: +
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: +
Жалпы схема: ++
Төмендегілерге әсері: 4. Зейнетақы қоры
Салықсыз режим: ---
Патент: ?
Табысты ресми мәлімдеу: ?
Оңайлатынған жүйе: 0
Өзгерісті салық: 0
Ставка бойынша жеңілдік: 0
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: 0
Жалпы схема: +
Төмендегілерге әсері: 5. Жемқорлықтың азаюы
Салықсыз режим: +++
Патент: +++
Табысты ресми мәлімдеу: 0
Оңайлатынған жүйе: ---
Өзгерісті салық: ---
Ставка бойынша жеңілдік: ---
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: -
Жалпы схема: ---
Төмендегілерге әсері: 6. Бюджеттің салық жүйесіне кеткен шығыны
Салықсыз режим: +++
Патент: +++
Табысты ресми мәлімдеу: 0
Оңайлатынған жүйе: 0
Өзгерісті салық: 0
Ставка бойынша жеңілдік: 0
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: +
Жалпы схема: ---
Төмендегілерге әсері: 7. ШОБ дамуының динамикасы
Салықсыз режим: +++
Патент: +++
Табысты ресми мәлімдеу: ?
Оңайлатынған жүйе: ?
Өзгерісті салық: -?
Ставка бойынша жеңілдік: -?
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: +
Жалпы схема: ---
Төмендегілерге әсері: 8. Басқа сыртқы әсерлер
Салықсыз режим: --
Патент: 0
Табысты ресми мәлімдеу: 0
Оңайлатынған жүйе: +
Өзгерісті салық: +
Ставка бойынша жеңілдік: +
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: +
Жалпы схема: 0
Төмендегілерге әсері: Жүйенің жалпы бағасы
Салықсыз режим:

+

-

Патент: +
Табысты ресми мәлімдеу: 0
Оңайлатынған жүйе:

+

-

Өзгерісті салық: 0
Ставка бойынша жеңілдік: 0
Ставка мен есептілік жиілігі бойынша жеңілдік: +
Жалпы схема: --
Төмендегілерге әсері: «+» критерий бойынша жағымды, «-» теріс, «0» елеулі әсердің болмауы, «?» қосымша факторларға байланысты анықталмаған нәтиже береді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салық әкімшілігінің экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу және салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Салық әкімшілігінің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмінің экономикалық мазмұнын ашу және салықтық әкімшілік етудегі салықтық тексерудің рөлін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Прогресс-см жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Қазақстан Республикасының салық жүйесi: мәселелері мен даму болашағы
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет етуінің тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz