Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі өндірістік практика есебі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Әлеуметтану және Әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Өндірістік тәжірибеден өту туралы

есеп беру

Орындаған: Тастемирова А. Г.

Тексерген: Кенжакимова Г. А.

Алматы 2010 жыл

Кіріспе

«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы жалпы сипаттама.

Негізгі бөлім

  1. Тәжірибеден өту барысындағы атқарған жұмыстарым мен міндеттерім.
  2. Бас мамандар нұсқауымен танысқан мәліметтерім.

Қорытынды

Мен Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенті Тастемирова Айгерим Галымовна 2010 жылдың 18 ақпанынан 20 наурыз аралығында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кәсіби практикадан өттім.

Бұл мемлекеттік мекемеде халыққа атаулы әлеуметтік көмекпен және жетім, мүгедек балаларға корсетілетін мемлекеттік жәрдемақы, жұмыссыз жүрген халықты жұмыссыздыққа орналастырып, немесе белгілі табылған жұмыстарға бағыттап, жұмысқа орналастырып, сол сияқты кәсіби білім беру мектептеріне әр түрлі мамандыққа оқытып, жол картасы, жастар практикасы сияқты мемлекеттік жұмыстармен айналысады екен. Сонымен қатар қарт адамдарға арнаулы санаторияларға жіберуге көмектесіп, оларды құлақ естуге көмектесетін аппараттармен, үйлеріне қажет материалдармен, су есептейтін аппараттар ауыстыру, т. б. осы сияқты көмектермен қамтамасыз етеді. Жалпы айтқанда қоғамның әлсіз топтарына көмектеседі, мемлекеттің тағайындаған көмектерімен қамтамасыз етеді.

Бұл мемлекеттік мекемесі ішінде көптеген бөлімдер жұмыс атқарады екен. Мысалы: «Атаулы әлеуметтік көмек», «Жетім балаларға көрсетілетін көмек», «Мүгедек балалармен көрсетілетін көмек», «Халықты жұмыспен қамту», «Жұмыссыздық», «Бухалтерия» т. б. бөлімдер жұмыс атқарады екен. Бұл бөлімде көптеген бас мамандар, және былтыр бітірген жас мамандар өте көп екен. Олар бір-бірімен өте жақсы қатынаста, халықпен тез және жақсы жұмыс істейді. Өз жұмыстарына өте мұқиятты екен. Маған бұл ұжым мүшелері өте қатты ұнады, олармен тез араласып, тез бауыр басыпта кеттім. Бұл бөлімнің бастығы да күнде әр бөлімді тексеріп, қандай қиыншылықтар болып жатыр, соны шешуге көмектесіп, ал бас есепшілер осы айға әр бөлімнен халыққа тағайындалған көмектерді есептеп, қандай көмекке қаржы керек, осындай жұмыстармен айналысады екен. Барлығы да іс-қағаздармен жұмыс істейді екен. Бұл бөлімде жұмыс жасау үшін біріншіден сауаттылық керек және іс-қағаздарды дұрыс білу керек, екіншіден адамдармен жақсы қатынаста, яғни халықты жақсы түсініп, оған қандай көмек беру керек, осы жағынан өте жақсы тәжірибе жинау. өз ұжымында белсенді болған дұрыс екен деген шешімде болдым.

Мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқару өте қызықты және қиын да сияқты. Бұл мекеме адамды жақсы қалыптасып, жақсы азамат болып өсуіне үлкен көмегін тигізеді екеніне көзім жетті.

Мен осы сала мамандарымен танысып, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімдерінде мамандармен бірге жұмыс жасадым.

Алғашқы бір айда «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бөлімінде жұмыс жасап, өз тәжірибемді шыңдадым. Бұл бөлімде жағдайы жоқ, житін нанын таба алмай жүрген, яғни тапқан пайдасы отбасы мүшелеріне шаққанда жетпейтін отбасыларына мемлекеттің тағайындаған атаулы әлеуметтік көмегімен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл барлық халыққа бірдей берілмейді екен. Ол үшін бірінші келген адамдармен сойлесіп, құжаттарын қарап, отбасы қандай, айына қанша кіріс келеді, осы сиқты мәселелерді басты назарға ұстап, барлық керек құжаттарын қабылдадым. Яғни осы әлеуметтік көмек белгіленген кедейшілік шегі бар, осыған тапқан кірісі жетпесе, әлеуметтік жағдайларына қарап, 6280 теңге көмек беріледі. Сол құжаттарын қабылдап, отбасы мүшесіне байланысты арнаулы база арқылы 3 айға берілетін ақшасын тағайындап, құжаттарын дайындадым. Осы жұмыспен айналысқанымда көбінесе келетіні жұмыссыз жүрген адамдар және коп кездескені жолдасынан ажырасып кеткен жас келіншектер. Куйеуімен ажырасып кеткен, қолында балалары бар, жумыс жасамайды, тіпті тұратын дұрыс үйі жоқ әйелдер болды. Осы мәселеге қатты наразы болып, өз дипломымның тақырыбын «Отбасындағы қарым-қатынас» деген тақырыпта алдым. Жас әйелдердің мұндай жағдайға душар болуына не себеп осыны зерттегім келді. Тіпті, мысалы келтіріп кетсем, бір бізбен қатар жас келіншек келді, 2 балам бар, күйеуім араққа салынып кеткен, тіпті тұрған үйін араққа салып, астында тұрып жатқан үйінен де айырылып, бір сарайды жалдап тұрып жатырмын, күйеуіммен ажырасайын десем де күйеуім тіпті Қазақстаннын пропискасында жоқ, өзі 2-3 күнде тек қонуға келіп кетеді деп, жылап келіп тұр. Міне, осындай жағдайларды қоріп, олармен қалай жұмыс жасау керек, қандай кеңес беру керек және қандай жағдайда осы әлеуметтік көмек ала алады осы жағдайларды үйрендім. 3 ай сайын атаулы көмек алатын адамдар бар құжаттарын жинап тапсырады, бұл құжаттарды бас маман тексеріп, одан кейін жинақталған құжаттарды коммисия мүшелеріне тапсырады, сосын коммиссия мүшелері барлық құжатты тексеріп, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды. Бұл бөлімде көптеген адамдармен кездеседі екенсін, әр адамның әр түрлі жағдайы болады, осындай кезде психологиялық көмекте керек екен. Сонымен қатар көп келетін халық оралмандар екен. Бұл бөлімде мен мұқтаж халықпен қалай сөйлесу керек, олардың жағдайларына қарап, қандай кеңес беру керек, қандай көмек беру керек және құжаттармен қалай жұмыс жасау керек, осы мәселелерді үйрендім.

Ал келесі айда «Халықты жұмыспен қамту» бөлімінде откіздім. Бұл бөлімде де көбінесе құжаттармен жұмыс жасадым. Бас маманның нұсқауымен жұмыс іздеп келген адамдардың құжаттарын қабылдадым. Сонымен қатар кәсіби білім беру мектебіне оқуға қабылданған адамдардың құжаттарымен айналыстым. Көбінесе аспазшы, «В» «С» категориясы, тракторист, электрик, компьютерлік мамандығын оқығысы келетін халық өте көп екен. Оларға жақсы оқығаны үшін тіпті мемлекеттік шәкірт ақы тағайындалады екен. Бірақ әр мамандықтың оқыту мерзімі әр түрлі. Мұнда мамандығы жоқ халыққа өмір сүріп кетуі үшін, айтеуір, бір мамандықты игертіп, өз табысын тауып, жақсы өмір сүруге көмектесуге бағытталған. Мұнда да оқуға жазылып жатқандар көбі оралмандар болды. Сонымен қатар, қазіргі кризиске байланысты көптеген мекемелер жабылып, көптеген адамдар жұмыстан қысқартылып қалған. Жұмыссыз жүрген халық өте көп екен. Осы халықты табылған жұмыстарға, тіпті қол жұмыстарына да бағыттап халықты жұмыспен қамтаасыз етіп жатырды.

Сонымен қатар жетім және мүгедек балалармен жұмыс жасайтын бөлімдерде де бас мамандарға көмектесіп, осы бөлімдерде қандай жұмыспен айналысады, барлығымен таныстым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шал Ақын ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі өндірістік тәжірибе есебі және қаржылық талдауы
Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі өндірістік тәжірибе: бөлім функциялары мен әлеуметтік төлемдер мен қолдауларды тағайындау
Алматы облысы әкімінің аппараты және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметі: өндірістік практика есебі
Диплом алдындағы өндірістік практика есебі: 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - Ақжар аудандық жұмыспен қамту орталығы (01.09.2021-02.11.2021)
Бейнеу аудандық ХҚКО-да өндірістік тәжірибе есебі: қызметтің құқықтық негіздері, басқару құрылымы және әлеуметтік қорғау саясаты
Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау: теориялық-әдістемелік негіздер және Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тәжірибесі
Халықты жұмыспен қамту орталығындағы практика есебі: жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту
СҚО Әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы техник-бағдарламашы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
Қазақстандағы әртүрлі халық топтарын жұмыспен қамту: саясат, заңнама және бағдарламалар
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру: Оңтүстік Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz