Франциядағы қаржы дағдарысы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Франциядағы қаржы дағдарысы

Жаһандық дағдарыс әлемдік экономиканың көптеген әлсіз жақтарын ашып, еркін рынокпен бірге туындайтын біршама проблемалар мен сәйкессіздіктерді айқындап берді. Сонымен бірге дағдарыс дәстүр бойынша экономикалық орнықты деп саналатын Ескі әлемдегі дамыған елдердің мызғымастығына сынақ жасап, олардағы мемлекеттік басқарудың рөлі мен тиімділігі жайында ой сабақтауға себеп болды. Еуроодақ шеңберінде келісілген талаптар мен критерийлерге қарамастан, оның жетекші елдері бірқатар себептер бойынша түрлі дәрежеде дағдарыстан шығын шеккендігінің өзі көп нәрсені көрсетіп берді.

Сөйте тұра дағдарыс сабағы француз экономикалық жүйесінің кейбір басымдықтарын айқын дәлелдеді. Францияның ЕО шеңберінде дағдарыстан ең аз шығын шеккені белгілі. Оған тұрғындардың тұтынушылық қабілетін мемлекет тарапынан бекітіп берген ішкі рынокқа бағышталған өнеркәсіп бағдары бойынша банк саласындағы жеткілікті жоғары реттеу және дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жедел іске асыру қолға алынғандығы сеп болған еді. Шын мәнінде, француз үкіметінің дағдарысқа қарсы бастамалары көп жағынан Президент Н. Ә. Назарбаевтың әлемдік және отандық қаржы сәулетін реформалау, дағдарыс­тан кейінгі рынокты қалыпқа келтіру, банктік тәртіпті қатаңдату және бизнес-капиталдың моральдық жауапкершілігін орнату жөніндегі көреген, алысты болжаған, сондай-ақ жаңашыл идеяларымен үндес екенін атап өткен жөн.

Жоғары әлеуметтік бағытты рыноктық экономика тетігін сақтай отырып, стратегиялық маңызды салаларда мемлекеттік қатысудың елеулі мөлшерде болуын француз экономикасының сипатты ерекшелігі деп атап өтуге болады. Генерал де Голл уақытынан бері Францияда мемлекеттік дирижизм мәдениеті санаға сіңдіріліп келді. Яғни, ең маңызды салаларда индикативтік жоспарлау және олардағы мемлекеттік меншіктің белгілі бір үлесін сақтау қағидаттарына негізделген экономиканы басқаруға белсенді мемлекеттік араласу саясаты іске асып отырды.

Мемлекеттік араласу, бір жағынан, рыноктың ашықтығы жағдайында бизнестің бәсекелестік себептемесін төмендететіні бәрімізге белгілі. Екінші жағынан, “қолмен” жедел басқару “жұмыстағы іркіліске”, “рыноктың ақауына” уақтылы араласуға, сондай-ақ пайданы әдейілеп барынша жоғарылатуға ұмтылушы жеке бизнестің жиілеу қолданатын, ақтауға тұрмайтын тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің араласуы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпауға кепілдік туғызады. Мұның өзі ұзақ жылдар бойғы қоғамның “әлеуметтік құндылықтарын” қорғап келген мықты социалистік оппозицияның француздық болмысы үшін өте маңызды. Алайда Францияның бүгінгі басшылығы социалистік мұрадан ақырындап алыстап, оның бюджетке салмағын азайту мақсатында күш-жігер жұмсап келгенімен, экономикадағы мемлекеттік араласу деңгейі төмендемей отыр.

Сөйте тұра жаһандану жағдайындағы әлемнің күшті сыртқы факторлары рыноктың “табиғи” дамуы, тіпті ортақ еуропалық экономикалық кеңістіктің мықты протекциялық қолшатыры астында да, экономикалық қауіпсіздікке белгілі бір қатерді өзімен бірге ала жүретінін француздар айқын түсінеді. Француз үкіметі энергетика, телекоммуникация, автомобиль жасау, қоғамдық көлік сияқты жоғары технологиялық, ғылымды көп қажет ететін және ресурстық сыйымды өндіріс салаларында бақылауды сақтап отыр. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін экономиканың үшінші секторы - қызмет көрсету саласында орта және шағын бизнесті дамытуға көп күш жұмсалуда.

Салалық мамандандыру қағидаты бойынша біріккен Кәсіпорындар қауым­дастығының кәсіби институты Францияда мемлекет пен жеке бизнестің өзара әрекеттесуінің маңызды тетігі болып саналады. Шын мәнінде олар Францияның ішінде болсын, Еуропалық комиссияда болсын мемлекеттік деңгейде өз мүшелерінің мүдделерін қорғайды. Кәсіби қауымдастықтар қызметі Еңбек кодексімен реттеліп, нақты салада компанияның жалпы мүддесін алға бастыруға жол ашады. Оның өзінде компаниялар арасында еркін бәсекелестік қағидаты бұлжымай сақталады.

Дағдарыстан шығу жолдары

Бүгінде француз бизнесі ортақ еуропалық рынок шеңберінде жұмыс істейтіндіктен, Брюссель оның негізгі күйттеу аренасына айналып отыр. Бұл үдеріс қатаң құқықтық өрісте өрбиді: қауымдастықтар саланың проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында семинарлар және конференциялар ұйымдастырады, пікірлер тыңдалынып, проблеманың шешімін табудың алдын ала жоспары - “ақ қағаз” әзірленеді. Бұл құжат Еурокомиссияға және ЕО мүше елдерінің Өкілдеріне келісуге жіберіледі. Соңынан жоспар жобасы біртіндеп нақты заң жобасына немесе жарлыққа айналады. Еурокомиссияның оны ақырғы рет бекітуі әдетте кәсіби қауымдастықтың басты мақсатына айналады. Осы тұрғыда біздің Елбасының бастамасымен әзірленген, бүгінде өз күшіндегі “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның маңыздылығын атап өткен жөн.

Францияда қызметі елдің Конституциясымен бекітілген Экономикалық және әлеуметтік кеңес те маңызды рөл атқарады. Кеңес барлық экономикалық заң жобаларын қарауға және ол жөніндегі өздерінің қорытындысын Франция Парламентіне ұсынуға міндетті. Кеңес бес жылдық мандаты бар 231 кеңесшіден тұрады. Олардың 163-ін, кәсіподақтарды, өнеркәсіп қызметкерлері, ауылшаруашылық және басқа да салалар бірлестіктерін қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтар тарапынан тағайындалады. Бұл секілді француз тәжірибесі біздің ел үшін белгілі бір қызығушылық тудыра алады.

Озық технологияларды дамыту және оларды өндіріске ендіру жөніндегі Францияның тәжірибесі көп жағынан пайдалы. Бұл ретте бастысы бәсекеге қабілеттілік полюстерін құру жөніндегі саясат болып табылады. Полюстер белгілі бір аумақтарда инновациялық жобалар бойынша бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорын­дарды, дайындық орталықтары мен зертханаларды біріктіреді. Инновациялық жобаларды іске асыратын мекемелер үш жыл бойы корпоративтік салықтан, тіпті кейбір жағдайларда белгіленген жылдық салық салудан босатылатындығының маңызы зор.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде Француз үкіметі технологиялық басымдылықты күшейтуге ниет танытуда. Ол үшін 35 миллиард еуро мөлшерінде мемлекеттік заем ұйымдастыру көзделуде. Бұл қаражат жоғары білім беруді, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, жоғары технологиялық шағын және орта кәсіпорындарды, телекоммуникация мен биотехнологияларды, орнықты даму бағдарламаларын жаңғыртуға жұмсалады.

Француз экономикасында экологиялық мақсаттағы экономиканы дамыту тағы бір маңызды үрдіс болып саналады. Өйткені, қатаң экологиялық стандарттар ұзақ мерзімді перспективада еуропалық рынокта шешуші бәсекелестік фактор болып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы халықаралық экономикалық саясаттың өзекті бағыты болмақ.

Біздің ел үшін осы саладағы француз тәжірибесі ерекше маңызды. Әсіресе ол энергияны сақтайтын технологиялар мен өндірістерді дамыту тұрғысында құнды-ақ. Энергияны пайдалануды бақылау және Францияда қайтарымды энергия көздерін әзірлеу арты баламалы қуат көздерінің энергияны тұрмыстық пайдаланудың 12%-ына дейін жабуға мүмкіндік берді. Энергияны сақтағыш қондырғыларға жұмсалатын капиталдың жарты өтемін қайтаратын француз компанияларына салықтық несие беріледі. Мұның өзі электр қуатының шығыны өнімнің өзіндік құнында әжептәуір сезілетін салалардың бірқатарындағы өнеркәсіп өндірістері үшін айрықша өзекті. Елдің қайтарымды энергия көздерін пай­даланатын барлық дерлік өңірлерінде кластерлер бар. Францияның ірі электрэнергетикалық операторлары соңғы жылдары күн энергиясы өндірісіне инвестиция салуда.

Осы орайда Қазақстанда күн батареясы өндірісін дамыту жөніндегі біріккен жобаны атап өтуге болады. Оны қазақ-француз технологиялар трансферті орталығы іске асыруда. Францияның Күн энергиясы институты бүгінде қазақстандық кремнийдің қасиеттерін зерттеу үстінде. Осылайша күн батареясы үшін фотовольталық шыны өндірісін жолға қою көзделуде.

ЕО-дағы басым жағдайымен көзге түсіп, дүниежүзілік рынокта өнімділігі мен айналымдылығы жағынан тек АҚШ-қа ғана жол беретін Францияның ауыл шаруашылығы ерекше көңіл аударуға тұрарлық сала болып саналады. Саланы еуропалық субсидияландыру едәуір мәнге ие болғанымен, аграрлық база Францияда мақсатты мемлекеттік реттеудің арқасында тиімді болып келді және бола береді. Рыноктың орнықтылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік беру басты мақсат саналады. Мысалы, жас фермерлер 12 жыл мерзімге 4-5% мөлшерінде жеңілдік несиесін ала алады. Мұның нәтижесінде фермерлер саны тұрақты түрде көбейіп келеді. Арнайы құрылған мемлекеттік институттар фермерлік шаруашылықтарға төлемсіз негізде өздерінің инженер консультанттарын жіберіп отырады. Олар фермерлерге еуропалық субсидиялар үшін құжаттарды дұрыс рәсімдеуге, өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Секторға қаржылай көмек жергілікті бюджет, мемлекеттік бюджет және ЕО бюджеті есебінен бөлінеді. Сонымен бірге Францияның ауыл шаруашылығындағы жалпы табыс та, егіннің түсімділігіне байланысты, субсидия үлесі 5%-дан 15%-ға дейінді құрайды. Негізінен ол табиғи жағдайы қолайсыз аймақтардағы фермерлерге өтем ретінде беріледі. Сондай-ақ егістік жерлерді ауылшаруашылық өндірісінен шығаруға, өндіріс тиімділігін арттырып, фермерлер тұрмысын жақсартуға, шағын суландыру жүйелерді салу арқылы қоршаған ортаны қорғауға субсидия ретінде жұмсалады.

Жаһандық қаржы дағдарысы француз фермерлеріне көп қолайсыздық туғызды. Алайда осы жағдайдың өзінде француз үкіметі 2, 5 миллиард еуро сомасында қомақты көмек жоспарын бекітті. Ауылшаруашылық өндірісшілер ұлттық кәсіподақ федерациясы арқылы субсидия, мұнай өнімдеріне салықты қайтару жөніндегі грант, 2-3% жеңілдік ставка бойынша коммерциялық банк арқылы несие бөлінді.

Франция мен Қазақстанның дағдарыс деңгейі

Сонымен қатар Қазақстан үшін осы елдің қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнесті, ең алдымен туристік бизнесті қолдау жөніндегі француз тәжірибесіне назар аудару пайдалы болар еді. Елдің еңбекке жарамды жастағы адамдарының 8%-ға жуығын қамтитын туризм ел ІЖӨ-сінің 7%-ына дейін береді. Мұндай нәтижелерге француздар тек қана айрықша климаттық жағдай мен тамашалайтын көрнекті орындарының арқасында ғана емес, ең бастысы сауатты мемлекеттік саясаттың, адами және инвестициялық ресурстарды тиімді бөлу, ұзақ мерзімді басқаруға көнгіш рынок құру арқасында қол жеткізіп отыр. Әңгіме дамыған көлік инфрақұрылым, қонақүй және ресторандық бизнес, курорттық аймақтарды дамытуға, тарихи ескерткіштерді қайта жаңғыртуға тұрақты түрде инвестиция салу туралы болып отыр. Бұл сектордың дамуы 60-шы жылдарда ішкі туризм үшін француз өңірлерінде қуаты мол курорттық инфрақұрылымды құрудан басталғанын көпшілік біле де бермейді. Бұл өз кезегінде шетелдік туристерді тартудың қолайлы базасына айналып үлгерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және Франциядағы оңшыл экстремистік профашистік күштердің консолидациясы
Ұсақ буржуазиялық саяси экон-ң мәні
Парламент дағдарысы және фашизм
Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары
Француз буржуазиялық революция
Ағылшын буржуазиялық революциясы
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
Қасиетті Одақтың қызметі
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz