Бұрғылау жұмыстарының қоршаған ортаға тигізетін әсері


  1. Бұрғылау жұмыстарының қоршаған ортаға тигізетін әсері.

Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай - химиялық кешенде қоршаған ортаның ластануы іздеу - барлау және газ өндіретін ұңғылар құрылысынан басталады. Скважиналардьң құрылысы кезіндегі негізгі ластау көздері: бұрғылау қондырғыларының дизелдерінің түтіндері (выхлопы), бұрғылау сұйығының дегазаторлары, ұнтақ тәріздес сусымалы материалдарды сақтайтыгн ыдыстар, өндірістік - технологиялық қалдықтары бар қоймалар, сондай - ақ циркуляциялық жүйелер. Кей жағдайларда, бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қоңдырғылар аймақтары қатты жабынмен жабдықталмаған және құм төгілмеген . Осының салдарынан, жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен ластанады. Кейін бұл зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан жерлерге және су қоймаларына қарай шайып кетеді Топырақтың ластану үрдісі топырақтарда өнімді қабаттар мен сіңіретін қабаттарда қабат қысымын көтеру мақсатыңда айдалатын минералдылығы жоғары қабат және бұралқы сулардың болуымен күрделінеді. Бұрғылау мұнарасыдан 500 - 800 м радиуста өсімдіктер 70-80%, ал 100 м радиуста бұрғылау сұйығымен ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады.

Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қоймаларда жиналады және оларды кейін арнайы қалдық сақтау орындарына алып кетіп, орналастыруды талап етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын (дәрежесін) бағалау маңызды орын адады. Жер асты суларыңда ластағыш заттардың мөлшері мен улылығына тәуелді болады. Бұрғылау жұмыстарындағы ең негізгі жөне күшті ластағыш - бұрғылау сұйығы. Оны дайындау үшін жиырмаға жақын химиялық реагентер қолданылады, олардың көбінің мүмкін болатын шектік концентрациясы орнатылғаннан жоғары. Бұрғылау сұйықтығының құрамында химиялық реагенттер, диспергирленген саз, бұрғыланған тау жыныстары, ауырлатқыштар (механикалық қоспалар), майлағыш майлар, бұрғылау шламдары. Бұрғылау сұйығы құрамы бойынша 0, 8 - 7, 5% мұнайдан, 15% химиялық реагенттер, бұрғыланған жыныстан, 30 - 90% саздан және 10 - 30% ауырлатқыштан тұрады. Скважиналар құрылысы мен бұл кезде жиналатын қалдықтар өндірістің басқа түрлерінен бұрғылау кешендерінің шашыраңқылылығы мен қалдықтардың сипаттардың әрекеттілігімен және олардың уақыт өте өзгеретіндігімен ерекшеленеді.

  1. Бұрғылау сұйықтығын тазалаудың тұйықталған түрі.

Бұрғылау сұйықтықтарын өндірісте қолдану тұйықталған схема бойынша жүргізіледі, ол төмендегі кестедегі талаптарға сай болуы керек.

Таблица 1 - бұрғылау сұйықтықтарын технологиялық қажеттіліктерге қолданғандағы сапасының көрсеткіші.

Пайдалану түрі
Су сапасына қойылатын талаптар
Пайдалану түрі: Сазды және тампонаждық сұйықтықтарды дайындау
Су сапасына қойылатын талаптар: Тұщы және теңіз сулары механикалық қоспасыз
Пайдалану түрі: Виброситті жуу; бұрғылау құралдарын және шегендеу құбырларын нығыздау; бұрғылау сораптарының штоктарын суыту; гидротежегіш; бұрғылау қондырғыларын шаю
Су сапасына қойылатын талаптар: Қондырғыларды коррозиядан сақтау мақсатымен алынған минералдық құрамы төмен су
Пайдалану түрі: Шаруашылық қажеттіліктерге
Су сапасына қойылатын талаптар:

СаНПиН сәйкес 2. 1. 4. 559-

96/104

Пайдалану түрі: Бу өндіру
Су сапасына қойылатын талаптар:

СаНПиН сәйкес 2. 1. 4. 559-

96/104

Бұрғылау технологиясы шаруашылыққа қолданатын суларға бұрғылау сұйықтықтарының өтіп кетпеуін қадағалау керек. Бұрғылау сұйықтықтарын тазалау мақсаты олардың құрамындағы әр түрлі ластаушы заттарды жоюға немесе неитралдауға бағытталған. Тазаланған сұйықтық айналмалы сумен қамтамасыз етуде қолданылады.

Бұрғылау сұйықтығын тазалауда реагентті тәсіл қолданылады. Мұнда ластанған ақаба су коагулянтпен және фокулянтпен өңделеді, осыдан кейін айналмалы сумен қамтамасыз етуде қолданылады.

Бұрғылау сұйықтығын тазалау реагенттері ретінде таблица 2. Материалдар қолданылады:

Таблица 2 - бұрғылау сұйықтығын тазалауда қолданылатын коагулянт пен флокулянттардың қасиеті.

Аталуы
Тауарлық түрі
МЕСТ
Сұйықтың жұмыстық концентрациясы
Аталуы: Алюмини сульфаты
Тауарлық түрі: Ұнтақ немесе ірі бөлшек
МЕСТ: ГОСТ 12966-85
Сұйықтың жұмыстық концентрациясы: Су ерітіндісінде 5-10%
Аталуы: Темір сульфаты
Тауарлық түрі: Ұнтақ
МЕСТ: ГОСТ 4 148-78
Сұйықтың жұмыстық концентрациясы: Су ерітіндісінде5-10%
Аталуы: Темір хлоры
Тауарлық түрі: Ұнтақ
МЕСТ: ГОСТ 111-59-76
Сұйықтың жұмыстық концентрациясы: Су ерітіндісінде5-7%
Аталуы: Полиакриламид
Тауарлық түрі: Гель
МЕСТ:
Сұйықтың жұмыстық концентрациясы: Су ерітіндісінде0, 1-0, 5%
Аталуы: Полиакрилаттар
Тауарлық түрі: ұнтақ
МЕСТ: Импортпен әкелінген
Сұйықтың жұмыстық концентрациясы: Су ерітіндісінде0, 005-0, 01%

Сурет 1- де бұрғылау сұйықтығын тазалайты мобильді қондырғының техноогиялық схемасы көрсетілген.

Сурет 1 Бұрғылау сұйықтығын тазалау қондырғысының схемасы. Шартты белгіленуі:

_ _ _ _ _ _ _ _ Бұрғылау сұйықтығы ағатын сызық;

Тазаланған бұрғылау сұйықтығы ағатын сызық;

1 - бұрғылау қондырғысы; 2 - бұрғылау сұйықтығын беретін желобты жүйе; 3 - амбар ; 4 - тазаланған бұрғылау сұйықтығы бар амбар секциясы; 5 - сорып алушы патрубка; 6 - су насосы; 7 - бұрғылау сұйықтығын реагенттермен араластыратын қондырғы; 8, 12 - реагенттер; 9 - цементтеуші агрегат; 10 - сорап; 11 -Қабылдаушы отстойник; 13 - қосушы труба; 14 - бұрғылау сұйықтығы бар амбар.

Тазалаудың технологиялық схемасы келесідей жүзеге асады. Цементтеуші агрегат 9 БС 14 амбарының қасында орналасады. БС жинақтаушы амбардан 14 цементтеуші сорап агрегаты 9 арқылы өңдеу узеліне 7 жіберіледі. Онда қажетті көлемде коагулянт 8 пен флокулянт 12 ерітінділері келіп түседі. Бұрғылау сұйығымен реагенттердің араласуы ағу кезінде болады. Реагенттер мөлшерін реттеу олардың шығысында орналасқан вентиль арқалы реттеліп отырады. Осылай тазаланған сұйықтық тазаланған БС 4 амбарына келеді. Ол жерде сұйықтық тұнып тазаланады. Арықарай тазаланған су қайта айдалуға немесе төгуге жіберіледі. Тазалаудан кейінгі қалдықтар арнайы сақтау амбарларына жөнелтіледі.

  1. Бұрғылау жұмыстарынан кейінгі жер бетін қалпына келтіру жұмыстары.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бөлінген жерлердің алдымен беткі құнарлы, қарашірікке, минералды заттарға бай бөлігін алын бұрғылау алаңынан басқа жерге жинақтайды. Алдымен беткі, қалыңдығы 30 - 40 метр болатын қабаты алынады, одан кейін 69 - 80 сантиметрлік қабаты арнайы бульдозерлермер тез аралықта алынады. Жердің бұл беткі құнарлы қабатын арнайы белгіленген орындарда биіктігі 4-тен 10м-ге дейін, ал ұзындығы 180 метрге жететін жерлерге төгеді. Оны жел және су эрозиясынан сақтау үшін көпжылдық өсімдіктермен жабады. Топырақты көбінесе биік жерлерде сақталынады.

Бұрғылау алаңдарының жерін қалпына келтіру жұмыстарында алдымен төменгі бөлігін төгіп жаяды, кейін беткі бөлігін төсейді. Жасалған құрарлы қабаттың қалыңдығы 50 - 70 сантиметрден кем болмау керек. Топырақты қалпына келтіру жұмыстарына мыналар жатады:

  • Қалыңдығы 50 см болатын және көлемі 5000 м3болатын топырақтың қарашірік қабатын алым 90 метр қашықтыққа апару;
  • Сыйымдылығы 3000 м3болатын амбар қазып оның топырағын 90метр қашықтыққа әкету;
  • Сыйымдылығы 700 м3болатын көму амбарын қазып, оның топырағын 70 метр қашықтыққа орын ауыстыру;
  • Сыйымдылығы 3000 м3болатын амбарды көму, топырағын 70 метрге орын ауыстыру;
  • Сыйымдылығы 700 м3амбарды көму, топырағын 70 метрге орын ауыстыру;
  • Жалпы сыйымдылығы 1000 м3болатын бұрғылау сұйықтығының әртүрлі қалдықтарымен толтыруға арналған қосымша амбарларды қазу, топырағын 60 метр қашықтыққа орын ауыстыру;
  • Жалпы сыйымдылығы 1000 м3болатын бұрғылау сұйықтығының әртүрлі қалдықтарымен толтыруға арналған қосымша амбарларды көму, топырағын 60 метр қашықтыққа орын ауыстыру;
  • Көлемі 5000 м3болатын құнарлы топырақ төгу;
  • Топырақ төккен соң алаңды тегістеу;
  • Топырақты қопарып әртүрлі тыңайтқыштар мен 2 тонна көлемінде гипс шашу керек.
  1. Бұрғылау сұйықтығын төгетін амбар.

Қазіргі кезеңдегі сұйық, қойыртпақ түріндегі технологиялық тұрмыстық-шаруашылық қалдықтарын, бұрғылау алаңы аумағындағы шұңқырлау жерді таңдап, соған жинақтайды. Мұндай нұсқада шығарылым құрамындағы зиянды химиялық заттар жер қойнауына сіңіріліп, жер асты суларын, минералдарды ластайды. Осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында арнайы «Карбофол» геосинтетикалық материалын пайдаланумен шұңқырлы қоймаларын жасау ұсынылады (сурет 8) .

Сурет 8 - Техногенді сұйық түріндегі шығарылымдарды қоймаға орналастыру құрылымының ұсынылған нұсқасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың төгілуі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері
Жайрем кен - байыту комбинатының жұмыскерлер денсаулығына өндіріс факторларының әсері
Теңізшевройл және қоршаған орта
Жаңажол мұнай-кен орнының радиациалық жағдайын бағалау
Көмірсутекті шикізаттарды пайдаланудың экология-экономикалық мәселелері
Каспий өңірінің экологиялық ахуалы
Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма
Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Өндірістік кәсіпорындардың Каспий маңы өлкесіне антпропогенді әсері
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz