Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері


ӘОЖ 37. 013 Қолжазба құқығында
СЕЙТКУЛОВ НУРЛЫБЕК АКЫНУЛЫ
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай
кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Пірәлиев С. Ж.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Шалғынбаева Қ. Қ.
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Асанов Ж.
педагогика ғылымдарының докторы
Ыбыраимжанов Қ. Т.
Жетекші ұйым: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Қорғау 2010 жылы «» сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, Кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2010 жылы «» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы: Б. Қ. Мұхамеджанов
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т. б. ), бүгінгі тәрбие саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды. Бұның, әсіресе мұғалімдер үшін пайдасы зор.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, В. А. Сухомлинский және т. б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
ТМД елдерінде XX ғасырдың соңғы ширегінен басталған ұлттық тағылымдардың білімдік және тәрбиелік әлеуетін зерттеу 90-жылдары қарқынды жүргізіле бастады. Сол зерттеулерде этнопедагогика пәнінің мазмұнын негіздейтін шығыс ғұламаларының ой-пікірлері, түрік ойшылдарының көзқарастары, қазақ ағартушыларының, зиялыларының, жеке тарихи тұлғалардың, қайраткерлердің шығармалары, ақын-жыраулардың өлеңдері, би-шешендердің даналық сөздері, жерін, халқын жауынан қорғаған батырлардың ерлік өнегелері ғылыми, тағылымдық тұрғыдан сараланып, талданып, ғалымдардың еңбектеріндегі этнопедагогикалық ойлар мен тұжырымдар жүйеленді.
Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде сол кездердегі Г. С. Виноградов (1926), А. Ф. Хинтибидзэ (1951) ғылыми еңбектер жазды. 1956 жылы жарыққа шыққан академик Г. Н. Волковтың «Чуваш халқының эгнопедагогикасы» атты еңбегі ТМД мемлекеттері кеңістігінде этнопедагогика ғылымының көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналуына себеп болды. Бұл орайда А. К. Алиевтың (Әзірбайжан, 1968), Я. И. Ханбиковтың (Татарстан, 1967), З. Миртурсуновтың (Өзбекстан, 1973), А. Ш. Гашимовтың (Әзірбайжан, 1970), Ю. А. Рудь (1980), З. П. Василькованың (Украина, 1983), Е. Л. Христованың (1988), К. Пирлиевтің (Түрікменстан, 1991), А. Э. Измайловтың (Қырғызстан, 1991) және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.
Халық педагогикасы мен этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, мазмұнын (Г. Н. Волков, А. И. Ханбиков, Я. Ф. Хинтибидзе, Ю. А. Рудь, Л. Христова, С. М. Саипаев, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова және т. б. ) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдардың, ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларын (Т. Әлсатов, И. Халитова, А. Айтпаева, К. Қалиева және т. б. ) зерделейді, енді бірі халық педагогикасы мен этнопедагогикадағы тәрбиенің мүмкіндіктерін тәрбие бағыттарына қарай (адамгершілік, эстетикалық, еңбек, музыкалық, патриоттық және т. б. ) (С. Ұзақбаева, Р. Төлеубекова, Қ. Шалғынбаева, Р. Жанабаева, Ұ. Әбдіғапбарова және т. б. ) зерттейді. И. Шоров, Х. Пирлиев, Қ. Бөлеев, Р. Дүйсембінова, Ж. Асанов, Қ. Т. Ыбыраимжанов, Г. Бахтиярова, Ш. Құлманова, Т. Сламбекова және т. б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.
Педагогиканың жеке бір бөлігі болып табылатын этнопедагогиканы жеке ғылым саласы ретінде құрудың негізгі қағидалары Қазақстанда іргелі педагогикалық зерттеулердің (Т. Тәжібаев, Ә. Сыздықов, Ә. Сембаев, Қ. Бержанов, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель, А. Х. Мұқамбаева, А. Көбесов, І. Халитова, А. Н. Ильясова, Ж. Асанов, В. Г. Храпченков, Э. А. Орынбасарова, Ш. А. Әбдіраман, С. Ғаббасов, К. А. Оразбекова, Қ. Шалғынбаева, Р. А. Джанабаева, А. П. Сейтешев, Қ. К. Жампейісова, Б. И. Мұқанова, Г. Т. Хайруллин, Б. Әбдікәрімұлы, Л. А. Байсерке, А. С. Иманғалиев, Н. Н. Хан, З. У. Кенесарина, Ш. Т. Таубаева, Қ. М. Арынғазин, Г. М. Храпченков т. б. ) нәтижелеріне сүйенеді.
Қазақ этнопедагогикасы ғылым мен оқу пәнінің әдіснамалық-теориялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін жасаушылар: этнофилософтар - Қ. Б. Бейсембаев, Н. Сәрсенбаев, Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, Р. Әбсаттаров, А. Х. Қасымжанов, С. А. Қасымжанов, М. Бурабаев, О. Сегізбаев, Г. Шалабаева, М. Орынбеков, Қ. Бейсенов, К. Нұрланова, А. Қасабеков, Ғ. Есімов, А. Тайжанов, Ж. Молдабеков, А. Айталы, А. Қалмырзаев т. б. этнографтар - Х. Арғынбаев, Ж. Артықбаев, А. Әбдрахманов, Ю. В. Бромлей, С. Кон, А. Янушкевич, С. Мұқанов, С. Касиманов, Ә. Тәжімұратов, Б. Төтенаев т. б. ; тарихшылар - С. Д. Асфендияров, Л. Н. Гумилев, М. Қозыбаев, М. Мұқанов, Э. Масанов, М. Сужиков, Н. Мыңжани, Б. Қ. Албани, С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев т. б. ; этномәдениеттанушылар - А. Сейдімбек, А. Жұбанов, Б. Ерзакович, С. Ақатай, Ж. Қаракөзова, Б. Қазыханова, Ә. Хасанов т. б. ; этнопсихологтар - Ж. Аймауытов, Н. Жандильдин, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, К. Жүкеш, Н. Елікбаев, Т. Сәрсенбаев, С. Нұрматов, т. б. ; этнопедагогтар - Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Т. Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, А. Көбесов, К. Құнантаева, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, Ө. Озғанбай, К. Қожахметова, М. Балтабаев, Ш. Құлманова, Р. Төлеубекова, Р. Дүйсембінова, З. Әбілова, А. Ильясова, І. Халитова, Т. Әлсатов, Қ. Ералин, Қ. Әмірғазин, М. Тәнекеев, Ә. Табылдиев, Е. Сағындықов, Ж. Асанов т. б. .
Еліміз егемендік алысымен қазақ этнопедагогикасы проблемалары ерекше қарқынмен жан-жақты зерттеле бастады: 1) қазақ отбасы этнопедагогикасының проблемасы (Қ. Сейсембаев, Ж. Сәкенов, С. Жамансариева т. б. ) ; 2) мектепке дейінгі жастағы балаларды халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу проблемасы (А. С. Әмірова, Т. А. Левченко, Ж. М. Ақпарова, Т. Иманбеков т. б. ; 3) халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу проблемасы (С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Қ. О. Жеделов, Б. А. Тойлыбеков, А. Қ. Айтпаева, Н. Албытова, Е. Сағындықов, Ж. Балкенов, С. А. Жолдасбекова, О. Стақанов, Р. К. Төлеубекова, С. Қ. Мұхамбетова, Э. И. Шыныбекова, Ә. Табылдиев, Т. Мұсақұлов, М. Исқақов, М. Т. Тұрыскелдина, Ш. М. Жанзақова, Т. Көбентаев, Ы. Оршыбекова, А. Х. Мұхамбаева, Қ. Нұрсұлтанов, Т. Ж. Бекбатшаев, Ж. М. Төлегенов, Қ. Ә. Өтеева, З. Әбілова, С. Құсайынова, К. Ж. Әмірғазин, Ә. Қамақ, Б. А. Әлмұхамбетов, Ұ. О. Асанова, Е. С. Асылханов, Ж. Б. Сәдірмекова, Т. Ә. Қоңыратбаева, А. Қ. Қисымова, Қ. Д. Сарыбеков, С. Т. Иманбаева, Г. Н. Жолтаева т. б. ; 4) оқушыларға этномәдени білім беру проблемасы (Ж. Ж. Наурызбай, Б. К. Каирова т. б. ) ; 5) дәстүрлі көркемөнер құралдары арқылы оқушы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру проблемасы (С. А. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, Ш. Б. Құлманова, А. А. Нұғманова, Р. К. Дүйсембінова, Т. А. Қышқашбаев, Ж. З. Өтемісов, М. А. Оразалиева, Л. Б. Бақтұғұлова, Е. Қозыбаев т. б. ) ; 6) жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру проблемасы (С. А. Ұзақбаева, Қ. Ж. Қожахметова, К. Бөлеев, К. Әбішев т. б. ) ; 7) орта арнайы және жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді және тәрбиешілерді даярлауда қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Қ. К. Болатбаев, Т. Қуанышев, Е. С. Асылханов, А. С. Мағауова, Ж. Хасанова, Б. М. Досқараев, М. Т. Тәнекеев, М. Х. Балтабаев, Ұ. М. Әбдіғапбарова, С. Әбілдина, Б. Ижанов, Қ. Ералин, Қ. Бөлеев, Г. Р. Бахтиярова, Қ. А. Сарбасова, Н. М. Көшеров, Б. Ж. Мұқанова т. б. ) ; 8) педагог кадрлардың мамандығын арттыру жүйесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Л. Қ. Бөлеева) ; 9) алыс шетелдердегі қазақ мектептерінде халықтық педагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Ә. Ашайұлы, Қ. Абыразақұлы) .
Қорғалған диссертациялардың тақырыптары қоғамдық практиканың қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған көкейкесті проблемаларды қамтиды. Олар республиканың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық тармақтарына қатысты: отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы және жоғары оқу орындары, біліктілікті арттыру жүйесі.
Ал, қазақ этнопедаогикасының тарихы бойынша Қ. Б. Жарықбаев, А. Көбесов, К. Құнантаева, С. А. Ұзақбаева, А. Ильясова, І. Халитова, А. С. Сыдықов, М. Тәнекеев, К. Камалиева, Е. Садуақасов, У. С. Иманқұлов, К. Шаймерденова, М. Б. Көккозова, Т. Әлсатов, Ш. Жалғасова, К. Ж. Ибраева, Б. М. Досқараев, А. Е. Дайрабаева, Ф. З. Бұланова, А. М. Құдиярова, Қ. Қ. Құламбаева, Р. Б. Үсембаева, Ж. А. Төлебаева, А. С. Қыдыршаев, Қ. Қ. Шалғынбаева, С. Жұматаева, Р. Көшенова, С. А. Баймұратова, А. Б. Тұрсынова, М. К. Ахметова, Қ. Т. Ыбыраимжанов, Б. Т. Махметова, Ұ. М. Әбдіғаппарова, Г. Алдамбергенова және т. б. ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.
Сонымен, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасалған талдау қарастырылып отырған проблеманың бұрын-соңды мақсатты түрде педагогика ғылымында зерттелмегенін, сонымен бірге педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және пайдалану проблемаларына аса мән беріліп отырғандығын дәлелдейді.
Демек, болашақ ұрпақты халық педагогикасы мен қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегенімен қатар оқу-тәрбие процесінде баланың жасына қарай адамгершілік қасиетін, сезімін қалыптастыру қажеттілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиедегі озық дәстүрлердің жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі таңда баланың жасына қарай адамгершілік тәрбиесі тұрғысында қазақ халқының озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері», - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі - қазақ халық педагогикасы.
Зерттеу пәні - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай адамгершілікке тәрбиелеу тәжірибесі.
Зерттеудің мақсаты - қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбие берудегі озық дәстүрлерді ғылыми тұрғыда жүйеге келтіру және оларды білім беру жүйесінде пайдалану жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп, тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, оны білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты нұсқаулармен қамтамасыздандырылса онда білім қызметкерлерінің халықтық педагогика және қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімі анағұрлым арта түседі. Ал бұл болса, олардың жады мен бойында ізгілік қасиеттерін, адамгершілік көзқарастарын қалыптастырады, өйткені халықтық педагогикадағы салт-дәстүрлер ұлттық ділдің тірегі мен алтын діңгегі болып саналады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттарын анықтау.
2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін анықтау.
3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.
4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуетін айқындау.
5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын жасау (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдарын анықтау.
6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасау.
Жетекші идея: қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп тәрбие берудегі озық салт-дәстүрлері бүгінгі таңда балаларды адамгершілік идеалға бағдарлайды және адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті мен құндылықтарға тәрбиелейді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық, логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.
Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің жалпы тәрбие, соның ішінде адамгершілік тәрбиеге байланысты ресми құжаттары (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, психологтар мен педагогтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени дәстүрлері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары және оларды адамгершілік, моральдық тәрбие беру мақсатында пайдалану туралы оқу бағдарламалары, озық тәжірибелер, сондай-ақ, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге этнопедагогикалық, философиялық, тарихи-этнографиялық, филологиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, филологиялық тарихи-теориялық талдау; қазақ халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге талдау жасау.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттары анықталды.
2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұны, әдіс-тәсілдері, мүмкіндіктері анықталды.
3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктері ашып көрсетілді.
4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуеті айқындалды.
5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасы жасалды (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдары анықталды.
6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Зерттеудің практикалық мәні:
- «Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) » тұжырымдамасы;
- қазақ халық педагогикасында балаға тәрбие берудегі озық дәстүрлерін пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік кешендер (эллективті курс бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар) жасалды.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлттық тәрбие кафедрасы құрылды. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жүрген жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілінде «Таным және студент» қосымша оқу құралы әзірленді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта оқу орындарында, және жалпы білім беретін мектептерде, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазақ этнопедагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөлудің мәні зор. Себебі, баланың негізгі қасиеттері бала жасының белгілі даму кезеңдеріне байланысты қалыптасады.
2. Қазақ халық педагогикасында балаларға адамгершілік тәрбие берудегі озық дәстүрлерді анықтап, педагогикалық жіктемеге келтіру (адамгершілік идеалға бағдарлау; адамгершілікке тәрбиелеу) бүгінгі адамгершілік тәрбиеге қойылып отырған талаптарды оңтайлы шешуде дұрыс бағдар береді.
3. Қазақ этнопедагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп адамгершілік тәрбие берудегі озық дәстүрлердің мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері олардың педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.
4. Қазақ ойшылдарының адамгершілік ілімдерінде көрініс алған гумандық идеялар адамгершіліктің негізгі құндылықтарын қарастырады, адамзат салт-дәстүрінің негіздерін терең зерделеуде және адамдар арасында озық адамгершілікті қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
5. Жалпы ғылыми талаптардың негізінде құрылған «Қазақ халық педагогикасында балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану» тұжырымдамасы қазақ балаларының адамгершілік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін және қазіргі біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін ескереді.
6. Оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны ұсынылып отырған тұжырымдаманы практикада жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және қазіргі заман балаларына ұлттық мәдениет негізінде адамгершілік тәрбие беруге септігін тигізеді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2005-2006 жж. ) қарастырылып отырған мәселенің тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.
Екінші кезеңде (2007-2008 жж. ) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама дайындалды, оқу-әдістемелік құралдар жүйеленіп, озық тәжірибелер қорытындыланды.
Үшінші кезеңде (2008-2009 жж. ) зерттеу материалдары құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, тұжырымдама, оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдалануымен, алынған нәтижелерді практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz