XVII ғасырдағы ғылыми революцияның механикалық дүние көрінісінің дамуы. И.Ньютон


ТАҚЫРЫБЫ: XVII ғасырдағы ғылыми революцияның механикалық дүние көрінісінің дамуы. И. Ньютон
XVII ғасыр - ғылыми революция кезеңі
Еуропа үшін жаңа заман (XVII-XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман - өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым - адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII ғасыр ғылыми революция - адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа - жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол - өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646-1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б. з. б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория - діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын - замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл - өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т. б. ) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI-XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т. б. болды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дөуірде әлем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы - ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т. б. ) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.
Исаак Ньютон - жаңа уақытта классикалық физиканы қалыптастырушы
Исаак Ньютон, ағылш. Sir Isaac Newton ( 4 қаңтар 1643 жыл - 31 наурыз 1727) - ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі.
1643 жылдың 4 ақпанында Англиядағы Линкольншир графстовасындағы Ньютондар отбасында бір сәби дүниеге келді. Сәбидің жетілмей туылғандығы барлық отбасы мүшелерін алаңдатып, оның тірі қалуы күмән тудырған еді. Десе де сәби Исаак тірі қалып, барлық адамзат баласының бақытына орай аман есен өсіп-жетіле берді.
Мектеп жасында Исаакта дарындылықтың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Оқытылған пәндердің көпшілігінен қанағаттанарлық деген баға алып жүрді. Бұны тек баланың оқытылған пәндерге деген қызығушылығының жоқтығымен ғана түсіндіруге болады. Оның өмірінің кейінгі кездерінде көрсеткен интеллектісіне қарап, тек осындай ғана тұжырым жасауға болады.
1660 жылы өздігінен Кембридж университетінің Тринити-колледжіне оқуға түскенде, ол не-бары он сегіз жаста болатын. Бұл университет сол кезеңдердің өзінде үлкен абыройға ие болып, шамалы адам оқуға түсе алмайтын. Айта кетер нәрсе Исаак өмір сүрген он жетінші ғасырдың ортасында Англияда революция орын алып, бірінші Карлдың басы шабылып, парламент таралып, ел ішінде бүліктің болып жатқан кез еді. Осыған қарамастан, Англияда университеттер қалыпты жұмыс істеп, баяу болса да ғылым дамып жатты.
Осылайша Ньютон 1665 жылы тіл білімдерінің бакалавры атанып, 1668 жылы магистр атағын алып, осы университетке мұғалім болып орналасады. 1669 жылы аты әлемге әйгілі математик әрі оның ұстазы Исаак Барроу оған кафедраны тапсырады. Осы сәттен бастап, 1689 жылға дейін ғалым университетте математика мен оптикадан дәріс оқиды.
Бір қызығы Ньютон жастайынан химияға қызығып, онымен де айналысқан. Бұған себеп болған нәрсе мынау. Грантэмдегі қоғамдық мектепте оқып жүрген кезінде ол дәріханашының үйінде бірге тұрған еді. Осының әсерінен химияға қызығушылғы пайда болып, осы саланы да біраз меңгерген.
Оның 1687 жылы жарық көрген «Табиғи философияның математикалық бастамалары» (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңынжәне қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.
Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: олрефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. ОлНьютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді.
Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.
Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.
Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т. б. ашты. Ол - термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі. Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Г. Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т. б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 - 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz