Тін жасушалары.Медициналық белгілері



Тін (лат. textus, грек. hіstos), биологияда – адам мен жануар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жүйесі. Тіннің құрамына клетка тіршілігі өнімдері – жасушааралық заттар мен құрылымдар да кіреді.
Тін біржасуша жануарларда ғана болмайды. Губкаларда да тін толық жіктелмеген. Ішек қуыстылардан бастап тін айқын жіктелген. Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 4 топқа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке) бөледі. Эпителий тіні терінің сыртқы қабатын, ішкі органдардың ішкі қабатын және организмдегі бездерді құрайды. Олардың жасушалары бір-бірімен тығыз әрі жанаса орналасып, қорғаныштық қызмет атқарады, организмде су мөлшерінің қалыпты болуын, зат алмасуды реттеуге қатысады. Дәнекер тін барлық тінді біріктіріп тұрады. Оған сүйек, шеміршек, сіңір, қан, лимфа,май және тін сұйықтығы жатады. Тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, т.б. болып бөлінеді, тінге мықтылық қасиет береді, сіңір мен терінің ішкі қабатын түзуге қатысып, тіректік, қоректік және тасымалдау қызметтерін атқарады.
Бұлшық ет тіні организмдегі бұлшық еттерді түзіп, қимыл-қозғалыс қызметін атқарады, яғни оларға тән қасиет – жиырылғыштық. Бұлар көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүректің бұлшық ет тіні деп бөлінеді. Жүйке тіні нейрондар мен нейроглия жасушаларынан құралады. Оларға тән қасиет – қозғыштығы және
Қолданылған әдебиеттер:
1.Корочкин Л.И. Что такое стволовые клетки // природа (Россия) -
2005
2.Репин В.С. Эмбриональная стволовая клетка (от фундаментальной биологии к
медицине)//Успехи физиол.наук.-2001.
3.Сорокин А.В. Стволовые клетки пуповинной крови //Мед.сестра.
-2005.
4.Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития. М., 2002
5.Онтогенез. 2003. Т.34. No3. Выпуск целиком посвящен проблеме стволовых клеток
6.Stem Cells: A Primer. National Institutes of Health, May 2000,
http://www.nih.gov/news/stemcell/primer.htm
7.Куртова А.В. Зуева Е.Е Фрегатова Л.М Методы банкирования пуповинной крови// Иммунология .-2005. Том 6, No9.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тін жасушалары. Медициналық белгілері

Тін (лат. textus, грек. hіstos), биологияда - адам мен жануар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жүйесі. Тіннің құрамына клетка тіршілігі өнімдері - жасушааралық заттар мен құрылымдар да кіреді.
Тін біржасуша жануарларда ғана болмайды. Губкаларда да тін толық жіктелмеген. Ішек қуыстылардан бастап тін айқын жіктелген. Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 4 топқа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке) бөледі. Эпителий тіні терінің сыртқы қабатын, ішкі органдардың ішкі қабатын және организмдегі бездерді құрайды. Олардың жасушалары бір-бірімен тығыз әрі жанаса орналасып, қорғаныштық қызмет атқарады, организмде су мөлшерінің қалыпты болуын, зат алмасуды реттеуге қатысады. Дәнекер тін барлық тінді біріктіріп тұрады. Оған сүйек, шеміршек, сіңір, қан, лимфа,май және тін сұйықтығы жатады. Тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, т.б. болып бөлінеді, тінге мықтылық қасиет береді, сіңір мен терінің ішкі қабатын түзуге қатысып, тіректік, қоректік және тасымалдау қызметтерін атқарады.
Бұлшық ет тіні организмдегі бұлшық еттерді түзіп, қимыл-қозғалыс қызметін атқарады, яғни оларға тән қасиет - жиырылғыштық. Бұлар көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүректің бұлшық ет тіні деп бөлінеді. Жүйке тіні нейрондар мен нейроглия жасушаларынан құралады. Оларға тән қасиет - қозғыштығы және қозу өткізгіштігі болып саналады. Бұл тін организмдегі барлық органдарды өзара және оларды қоршаған ортамен байланыстырып тұрады. Тіндердің әрбір тобының дамуы (қ. Гистогенез) бірте-бірте бастапқы жасушалардың бөлінуінен қалыптасады. Кейде ересек организмдерде де регенерация процесі арқылы қалпына келеді. Кез келген органның құрамында тіннің барлық тобы кездеседі. Дегенмен бір органда бір тін тобы басым болады. Тіндер қоректену және үйлесімді қызмет атқару кезінде бір-бірімен тығыз байланысады. Әсіресе бұлшық ет пен жүйке тінінің байланысы айқын байқалады. Тін топтары бірігіп, белгілі бір органды құрайды. Ал тін құрамындағы жасушалар өзара бірігіп, органдарда құрылымдық әрі қызметтік бірліктерді құрайды. Мысалы, бүйректегі - нефрондар, өкпедегі - ацинустар, т.б. Тәжірибелік жағдайдағы зерттеулер барысында тіндерді организмнен тыс ортада қолдан өсіруге де болады. Адам мен жануарлар тіндерін гистология ғылымы зерттейді. өсімдіктердегі тінді ұлпа деп атайды.
Бағаналық жасушалар ағзаның бастапқы біріншілік негізі, өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар.Бағаналық жасушалар кез
-келген жасуша ортасына тез бейімделіп, мамандана алады. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасиеттерге ие
болады, ал тін жасушалары өздерінің бастапқы бағаналық қасиетін сақтап қалады. Тіршілік ету барысында адам ағзасындағы барлық жасушаларөздеріне тиесілі қызметтері бойынша ғана жұмыс атқарады, ал тін жасушалары әр түрлі жасуша түріне айналып, шексіз бөліну қасиетіне ие.Тін жасушалардың түрлері: эмбрионалдық, постнаталдық, гемопоэтикалық тін жасушалары, мезанхималық тін жасушалары, кіндік қанының тін жасушалары.
Эмбрионалдық-тотипотентті тін жасушалары ішіндегі ең аз маманданған, аналық жұмыртқа жасушасын жасанды жағдайда ұрықтандырғаннан кейін 5-7 тәулік өткен сон эмбрионның даму сатысының бастапқы кезінде, яғни бластоциста кезеңіндегі ішкі масса. Жасанды қоректік ортада эмбрионалдық тін жасушаларын өсіру арқылы шексіз көп өсу мен мамандану қасиеті жоғары линияларды алуымызға болады. Постнаталдық-табиғаты
жағынан әртүрлі постнаталдық ұлпалардан алынған немесе табиғи потенциялы өмір сүру барысында төмендеген ересек ағзадан алуға болады.Бүгінгі күні жасушалық терапия бағытының дамуына үлкен үміт артқан жасушалар - осы постнаталды түрге жатады.Гемопоэтикалық тін жасушалары-мультипотентті қанның әртүрлі жасушаларын түзуші, оттегін тасмалдау қасиетіне ие, ұю жүйесінің қызметіне жауапты және бактерия,вирус, ағзадан тыс агенттерден қорғау, иммундық жауап қайтару қызметтерінің
атқарылуын қамтамасыз ететін жасуша түрі. Мезанхималық тін жасушалары-адамның барлық қатты ұлпаларының құрамдас бөліктерін түзу қасиетіне ие; сүйек пен шеміршектен жүрек пен бауыр жасушаларына дейін, қаңқа бұлшық еттері мен жүйке
жүйесіне дейін.Қан түзуші тін жасушаларынан айырмашылығы "терапиялық мөлшерде" алу мақсатында мезанхималық жасуша
ларды жасанды қоректік ортада алдын ала өсіріп,көбейтіп алу постнаталдық жасушалар арасындағы ең жас және мамандану қасиеті жоғары түрі.Кіндік қанының басым бөлігі қан түзуші жасушалардан тұрады,сонымен қатар жасанды қоректік ортада бұлшық-ет және тамыр, бауыр және жүрек жасушаларына, жүйке, эндокриндік және ағзаның басқа да жүйелеріне айналуға бейім. Шетел ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек бағаналық жасушаларды медицинада пайдалану саласы енді дамып келеді. Жаңа туған дені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша культурасын ауруларды емдеуде қолдану
Тін жасушалардың зерттелу тарихы
Бағаналық клеткалар
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Трансплантация тарихы
Дизентерия және ішек амебалары
Жеке гистология
Биология және денсаулық
Иммунология
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Пәндер