Бизнестің моделі мен стратегиясы


Бизнестің моделі мен стратегиясы.
Соңғы кездері стратегиялық жоспарлау мен бизнестің моделін құруға көп көңіл бөлінуде. Басты сұрақ - кәсіпорынның алдағы даму бағытын анықтау. Егер фирманың негізгі тапсырмалары мен мақсаттарын анықтап және сол бағытта жұмыс істеп жүрсе, онда бұл сұраққа жауап табу қиын емес.
Басқару теориясында нарық жағдайындағы кәіспорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, барлық ресурстарды оптималды қолдану үшін баламаларды бағалау және таңдауды қамтамасыз ететін стратегиялық жоспарлаудың басты міндеттері анықталған.
Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына жетуде басқарушылардың маңызда құралы болып табылады. Онда жоспарлаудың және бақылаудың нәтижелері, күтілетін және нақты түрде, сонымен бірге нақты көрсеткіштердің жоспардан ауытқуын көрсетеді.
Көп жағдайда стратегиялық жоспарлау компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктері мен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жасалады.
Стратегиялық басқаруды жоспарлау - бұл тез өзгермелі диверсификацияланған бизнес жағдайында кәсіпорынның іскерлік қызметін анықтайтын жүйе. Интегралды ақпараттық жүйелер жоспарлау процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді, алайда оларды ендіру қиындықтар туғызады, сонымен бірге ол қиындықтар стратегиялық жоспарлауды ендіруде міндетті түрде көрінуі мүмкін. Стратегиялық жоспарлаудың көмегімен басқарушылық шешімдерге қатысты жүйелі түрде талданған мәліметтерге негізделген алдағы іс -шаралар қабылданады. Төменде тәжірибеде бизнестің моделін жасауда жиі кездесетін стратегияның нұсқалары көрсетілген:
1. Бизнестің стратегиялары .
1. 1 . кең көлемді дифференциация стратегиясы, ол компанияның жоғарғы сапалы және құнды қызметтеріне негізделген. Бұл стратегия, фирманың қызметіне жоғарғы баға бекітіп, болжанған өнімге кешенді кәсіби қызмет көрсетуге және нарықта оның позициялануына бағытталған. Мүмкін бұл үшін белгілі бір әдіс - тәсілдері, өзгеше әдістемесі бар қызметтерді тарту қажет болар. Бұл стратегия саладағы бәсекелестікті қорғау мен төмендету үшін тартымды.
1. 2. Бір бағыттағы дифференциация стратегиясы, бұл стратегия өндіріліп жатқан өнімге қосымша мамандандырылған қызмет көрсетулерге негізделген. Бұл стратегия саланы жоғары дамытуда, нарықта жаңа көп фирмалар пайда болып және нарықта бәсекелестіктің айтарлықтай жоғарылаған кезінде ұйым үшін актуалды, тиімді болады.
1. 3. оптималыд шығындар стратегиясы. Бұл стратегия шығындарды азайтып және кқрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бұл стратегия жаңадан және тез өсіп, даму үстіндегі фирмалар үшін қажет, себеі бұл стратегияны қолдану арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкні және саланың дамуының ықтималды жағдайын ескереді.
2. Функционалды (өндірістік) стратегия.
Өндірістің даму деңгейі бойынша бір - бірінен ерекшелінеді және кқрсетілетін қызметтерді өз мүмкіндігімен, өз күшімен көрсетеді.
2. 1. Өз ресурстарымен барлық қызметтерді көрсету және серіктестерді тарту. Мұнда қосымша қызметкерлерді тарту қажет және бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан жұмысшыларды қайта оқыьу.
2. 2. Қалыптасқан арақатынастықты сақтау: кәсіпорынның мамандарымен жоғарғы буынның қызметтерінің бір бөлігін және орта буынның қызметтерінің негізгі бөлігін орындау; жоғарғы буынның қызметтерін жобалау үшін, сондай - ақ қиын және шешілмес сұрақтарды шешуге кеңес беру үшін басқа сырттан мамандарды тарту.
3. Маркетинг стратегиясы.
3. 1. Қызметтер үшін бағаны бәсекелестеріне қарағанда төмен қою және үлкен және орта кәсіпорындардың сегментіне бағытталған стратегия. Тек мамандандырылған қызметтер көрсету үшін бар күш - жігерді бағыттайды.
3. 2. Фирманың барлық деңгейіндегі тұтынушыларына үлкен көлемде өнімдерді сатып алуда жеңілдіктер беруге бағытталған стратегия.
4. Қаржы стратегиясы.
4. 1. кәсіпорынды дамыту үшін қосымша қаржылық құралдарды сыртқы көздерден тарту, олар: банктің несиесі түрінде, инвестордың немесе серіктестердің мақсатты қаржыландыруы формаларында болуы мүмкін. Нарықта фирма өз позициясын күшейту және сақтауы үшін қаржы ресурстарының жетіспеуі фирманың әлсіз жағы болып есептелінеді, сондықтан бұл стратегияны жүзеге асырудағы үлкен мән берілуі қажет.
4. 2. Ішкі көздер арқылы фирманың дамуы. Бұл стартегияны сала жақсы дамыған жағдайда, компанияның күшті жақтарын кең көлемде қамтамасыз еткенде және сол күшті жақтарын нарықта бәсекелестік артықшылығы ретінде қолдануға болады. бұл стратегия онша тартымды емес, себебі қаржылық тұтқаның тиімділігін қолдануға мүмкіндік бермейді, яғни заемдық құралдарды тиімді қолдану арқылы ұйымның қаржылық ресурстарын жылдам өсіруге мүмкіндік бермейді.
Кез - келген старегияны дайындау мен жүзеге асырылуы жайлы көрсетілген нұсқалар оның нәтижелілігін бақылау жөнінде маңызды ақпараттарды қамтиды.
Жиі жүргізілетін стратегиялық аудиттер тиімді стратегияны жасауға және фирманың қызметінде максималды нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
Стратегиялық аудиттер бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:
- Бақыланатын көрсеткіштердің жоспарланған мағынасының нәтижесін бағалау. Ауытқу дәрежесін анықтау. Бұл кезеңде жағымсыз нәтижелер туындағанда келесі кезең жүргізіледі.
- Ішкі және сыртқы ортаны талдау нәтижелерінің негізінде алға қойған мақсаттарды бағалау. Егер сәйкессіздік туындаса, келесі кезеңге өтеді.
- Стратегиялық басқару жүйесін келесі бағыттар бойынша бағалау: стратегияның құрылау процесі, сыртқы және ішкі ортаны талдау процедуралары, стратегияны жасау ережелері және оны жүзеге асыру бойынша функцияларды бөлу. Ұйымның стратегиялық басқару жүйесінде ойдағыдай нәтижеге жетпесе келесі кезеңге өтеді.
- Стратегиялық аудиттің өзін бағалау: басқару нүктесін анықтау ережесін бағалау және стратегияның баеытының өзгеруін, қолданып жүрген стратегияның нәтижесін бағалау.
Стратегиялық жобалар бойынша шешімдерді негіздеуде жоғарғы дәрежелі анықтылық пен бағалаудың сенімділігі қажет, сонымен қатар жобаның жүзеге асырылу барысын әрдайым бағалау және келесі бағыттар бойынша жобаға қажетті өзгерістер енгізу:
- Бюджетті қайта қарау;
- Фирманың ішкі және сыртқы саясатын өзгерту;
- Қайта ұйымдастыру:
- Қызметкерлерді басқару стратегиясын өзгерту;
- Ішкі фирмалық мәдениетті жақсарту;
- Фирманың көрсетіп жатқан қызметтерінің технологиясын өзгерту.
- Компанияның серіктестерімен жұмысында тиімді және өзара пайдалы шарттарды құру.
Стратегияны жүзеге асыру бойынша жұмыстар әкімшілік талаптарға жатады және келесілерді қамтиды:
- Стратегияның сәтті орындалуы үшін ұйымдастырушылық мүмкіншіліктер құру. Фирма болашақта өз клиенттеріне ұсыну үшін қосымша мамандандырылған қызметтерді анықтау. Мәміленің типтік формаларын жасау және фирманың серіктестерімен қызмет көрсету бойынша келісімшартқа отыру. Фирманың мамандандырылған қызметін дамыту. Бұған фирманың қызметін бағалу мен сапасын жоғарылату жатады, сондай - ақ жаңа жұмысшыларды тарту, негізгі бағыттар бойынша жұмысшыларды қайта оқыту. Жабдықтаушының қызметіне тәуелділікті азайтуға және ұйымның бәсекелестік позициясын ұлғайтуға басты тұтынушыларды оқыту. Қосымша жұмысшыларды тарту үшін ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту.
- Қажетті бағыттарды инвестициялау үшін қаржылық ресурстарды біріктіру мақсатында бюджетті бсқару. Сыртқы көздерден ақша және инвесторларды тарту үшін бизнес жоспар жасау. Құралдарды тарту бойынша шарттарды талқылау және инвесторлармен келісімшартқа отыру. Қаржылық түсімдер жайлы, баланс пен есеп жайлы, кіріс пе шығыс жайлы және ауытқулар бойынша жоспар жасау, ішкі қаржылық саясатты анықтау.
- Стратегияның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін фирманың саясатын анықтау. Қоғаммен байланысты орнататын саясатты анықтау, яғни ішкі ақпаратты ашатын және оынң бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялануы жайлы саясат. Потенциалды клиенттермен қарым - қатынасты қалыптастыру жайлы саясатты анықтау, фирма жайлы клиенттерді ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін қызметкерлерді мотивациялау, ішкі фирмалық мәдениетті қалыптастыру, оның стратегиясын анықтау және талқылау, сыйақыларды көтеру үшін мүмкіншіліктерді бағалау, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында саясатты қалыптастыру.
- Стратегияның одан әрі жүзеге асырылуы және бақылау үшін ішкі басұарушыларды қамтамасыз ету. Фирманыі дамуын бақылау нүктелерін керекті бағытта енгізу, яғни қаржылық көрсеткіштерді, өндірістік қызметтің көрсеткіштерін енгізу. Қажетті көрсеткіштердің бақылау әдістерін және түрлерін, кезеңдерін анықтау.
- Фирманың қызметкерлеріне күнделікті өзінің стратегиялық міндеттерін тиімді атқару үшін жағдай дасау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz