Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясы



4.тақырып.Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясы.
4.1 Нарық қалыптасуының теориялық аспектілері.
4.2. Нарықтық жүйені құрып, жұмыс істейтін негізгі алғышарттар.
4.3. Басқару құралдарын жіктеу.
4.4 Экономикалық өсу теориясы және басқару,
Бұл маселені сан алуан көздерден ұшыратуға болады.Алайда оның кейбір шоғырланған түрдегі жауаптарын «Теория рыночной экономики»
оқулығынан (Учебник «Рыночная экономика»-МЭСИ,1991 г. және «Экономикс; принципы, проблемы и политика»-Макконнелл К.Р.,Стэнли Брю) табуға болады. Онда нарықтық экономиканы дамытудың негізгі алғышарттары баяндалған.
Оқулықта нарықтық шаруашылық жүргізудің теориясы мен тәжірибесінің мәселерін схема түрінде баяндауға талпыныс жасалған.
Нарықтық экономиканың жалпы теориясы «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Экономикс», «Основы бизнеса», кәсіпкерлік тұжырымсамасын және т.б.қамтыган.
Нарықтық экономиканың теориясы нарық шаруашылығы жүйелерінің іс-әрекет жасау негіздерін түсіндіріп берекді.Мұндай жүйе барлық елдерде болды,тек социалистік жүйедегі елдерде (КСРО және т.б.) ғана болмады.
Нарықтық көптеген ұғымдары кездеседі.
Нарық қозғаушыларына Тұрақтылық заңы, бәсекелестікті реттеуші; ынталандырушылардан—сұраныс пен ұсыныс заңы жатады.
Нарық-бұл сахна,онда экономикалық шешім қабылайтын барлық қатысушылардың өзара әрекеттері туралы пьеса ойналады.
Нарық-көпшіліктің ойлағандай,ол жоғары бағаны, яғни бағаның жоғары болуын білдірмейді, ол біреудің өнімді жоғары сапамен шығаруы арқылы немесе бағаны төмен белгілеуі арқылы басқс біреуден бастаманы тартып алуды,артықшылықты осындай жолдармен жеңіп алуды білдіретін бәәсекелестік болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
4-тақырып.Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясы.
4.1 Нарық қалыптасуының теориялық аспектілері.

Бұл маселені сан алуан көздерден ұшыратуға болады.Алайда оның кейбір
шоғырланған түрдегі жауаптарын Теория рыночной экономики
оқулығынан (Учебник Рыночная экономика-МЭСИ,1991 г. және Экономикс;
принципы, проблемы и политика-Макконнелл К.Р.,Стэнли Брю) табуға
болады. Онда нарықтық экономиканы дамытудың негізгі алғышарттары
баяндалған.
Оқулықта нарықтық шаруашылық жүргізудің теориясы мен тәжірибесінің
мәселерін схема түрінде баяндауға талпыныс жасалған.
Нарықтық экономиканың жалпы теориясы Макроэкономика, Микроэкономика,
Экономикс, Основы бизнеса, кәсіпкерлік тұжырымсамасын және
т.б.қамтыган.
Нарықтық экономиканың теориясы нарық шаруашылығы жүйелерінің іс-
әрекет жасау негіздерін түсіндіріп берекді.Мұндай жүйе барлық елдерде
болды,тек социалистік жүйедегі елдерде (КСРО және т.б.) ғана болмады.
Нарықтық көптеген ұғымдары кездеседі.
Нарық қозғаушыларына Тұрақтылық заңы, бәсекелестікті реттеуші;
ынталандырушылардан—сұраныс пен ұсыныс заңы жатады.
Нарық-бұл сахна,онда экономикалық шешім қабылайтын барлық
қатысушылардың өзара әрекеттері туралы пьеса ойналады.
Нарық-көпшіліктің ойлағандай,ол жоғары бағаны, яғни бағаның жоғары
болуын білдірмейді, ол біреудің өнімді жоғары сапамен шығаруы
арқылы немесе бағаны төмен белгілеуі арқылы басқс біреуден
бастаманы тартып алуды,артықшылықты осындай жолдармен жеңіп алуды
білдіретін бәәсекелестік болып табылады.
Әбден кемеліне келіп қалыптасқан нарықтық экономика жүйесіне әр
түрлі бәсекелесуші күштерді бір-бірімен теңестіру тән.
Осының нәтижесінде барлық күштер монополияға қол жеткізе
алмайтындай жағдайда болады. Күштерді теңестіру тезисі 30 жылдан
астам уақыт Батыс елдерінде өте әйгілі болды.
Мынаны айта кету керек, нарықтық экономиканың жүйелі ұғымын К.Маркс
тапқан болатын. Біз нақты өмірде оның формуласы болып табылмайтын
бәсекелестікті, монополизмді, оның антагонизімін, сондай-ақ оның
синтезін де оған жатқызып қоймай, қозгалысты да осылардың
қатарына кіргізе аламыз.
Монополия бәсекелестікті тудырады, бәсекелестік монополияны
тудырады ... Оның синтезі—монополия тек ұдайы бәсекелестік күресте де
болады (Маркс К.,Энгельс Ф.Соч.2-е изд. Т.4.с.166)
Нарықтық экономика тұтас жүйеге тек бұл қатынаста экнонмикалық
субьектілердің бәсекелесу тәртібін қоғамдық реттеуді қалыптастырудың
нәтижесінде айналды. Олар әрбір субьектінің экономикалық қызметіне
еркіндік беретін кепілдемені тудыра алады.Мұндай кепілдеме жекелеген
экономикалық субьектілердің немесе олардың топтарының экономиканы
монополизациялауына мүлдем жол бермейді.Экономикалық қызметті
жүргізуде аты аталған субьектілердің еркіндікті ұдайы қажетсінуі осы
кепілдеменің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Еркін бәсекелестік бұл
жағдайда әрбір субьектінің экономика саласында қоғамдық
пайдалы істерді жүзеге асырудың қажеттілігін танытушы ретінде
болады. Әрі-беріден соң олар экономикалық қатынстағы басқа
субьектілердің обьективті мүдделерінің есебіне негізделеді
(әрекет етеді).
Осы тероиялық алғышарттардан осы заманғы нарықтық экономиканың
еекшеліктері келіп шығады.Олар мыналар:- салааралық және
аймақаралық байланыстарды ұзақ уақыт бойы тұрақты
қалыптасуын қамтамасыз ететін біртұтас нарық кеңістігін
қалыптастыру. Ол жан-жақты дамыту (әртараптандыру) процестерін кеңінен
таратуымен сипатталуы керек:
-бір жағынан—“қажеттіліктеріді арттыруды”,екінші жағынан-ұсынысты
ұлғайтуды өзара шарттастыру (яғни бір-біріне байланысты ету):
- бәсекелесуші әлеуметтік топтардағы (ең алдымен кәсіпкерлер мен
жалдамалы жұмысшыларды) әлеуметтік қарма-қайшылығын жұмсартуға
мүмкіндік беретін экономиканы реттеушілердің әлеуметтік бағдары:
-теріс пиғылды бәсекелестіке, экономиканы және монополистік
тәжірибені монопоизациялауға қарсы бағытталған тауар
нарығындағы бәсекелестік қатынастарды заңдық және экономикалық
тұрғыдан әрі орталықтандыру арқылы реттеу:
- акционерлік және басқа да ұжымдық меншік формасын дамыту
арқылы тауар нарығындағы бәсекелестік қатынасқа кез келген
азаматты қатыстырудың үлкен мүмкіндіктері.
Нарықтық экономиканың бұл ерекщеліктері экономикалық қатынастағы
субьектілердің, бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тәуелсіз
болуын қамтамасыз ету арқылы, ал екінші жағынан-- олардың
мүдделерін ортақ келімсімге (консенсуске) келтіру арқылы еркіндік
деңгейін бейнелей алады. Бұл консенсус оларды тікелей немесе
олардың өз араларында делдалдық жолымен бір келісімге келуіне
мәжбүрлейді.
Интеграциялық процестер (біріктіруші үдеріс) нарықтық
экономиканың қалыптасқан жүйесіндегі жаңа өзгешеліктерді
тасымалдаушы ( бір субьектіден басқасына жеткізуші) қызметін
атқарады.
Мұндай өзгешеліктердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- маркетинг жүйеін.Ол бәсекелестіктің бағадан тыс әдісінің даму
нәтижесінде пайда болса да, өндіріс пен тұтыну интеграциясының
(тұтынушылар мен тауар өндірушілердің келісімі) ықпалды тетігіне
айналды:
- кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы
бәсекелестіктің, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың өз аралығындағы
бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болған халықтың жұмыспен
қамтылуына ықпал ету жүйесі.
Ол азаматтарды жұмыс қамту аясына қоғамның әр қилы
әлеуметтік топтарын қатыстыруды көздейтін әлеуметтік—бағдарлы
экономиканың пәрменді (аса қуатты деген мағынаны береді)
элементіне айналды.
- тауар нарығындағы моополизм мен бәсекелестіктің мемлекеттік
реттеу жүйесі. Ол тауар өндірушілердің өз арасындағы
бәсекелестің, сондай-ақ олардың мемлекетпен заңды тұрғыдан
реттемелеудің негізгі ретінде болды:
- өндіріс шарттарын меншіктеушілер арасындағы бәсекелестіктің
нәтижесінде пайда болған өндірісті ұйымдастырудың акционерлік
формалар жүйесі. Ол нарықтық экономиканың тәуелсіз
субьектілерін демократиялық интеграцияға алып келді, жалдамалы
жұмысшылардың өндіріс құралдарымен тікелей жұмыс істеуін
ұйымдастырды және кез к келген экономикалық субьектіні әлеуетті
меншік иесіне айналдырды.
Интеграциялық тенденция әрбіреуі монополиялық жағдайға
ұмтылатын экономика субьектілерінің бәсекелесуін сақтай отырып
дами алады. Бұл арада экономикадағы интеграция әр түрлі
формадағы (мемлекет, қайырымдылық, қоғамдық шаруашылық және
т.б.) қоғамдық ұдайы өндірісі дауының нақты қол
жеткізген нәтижесі ретінде емес, ол тенденция ретінде болады.
Сонымен қатар, бұп тенденцияның әрекеті тәуелсіз
экономика субьектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды
тұрақтандырады. Сондықтан да экономикадағы монополиялық тенденцияны
стратегиялық тұрғыдан бәсекелестік арқылы өзін-өзін реттеп,
интеграциялауымен еңсеруге (жоюға) болады.

4.2. Нарықтық жүйені құрып, жұмыс істейтін негізгі алғышарттар.
Нарықтық жүйенің пайда болуы мен жұмыс істеуінің объективті
алғышарттарына немесе экономикалық саладағы “ табиғи тәртіпке ” Адам Смит
мыналарды жатқызады:
- еркін бәсекелестік;
- жеке меншіктің үстемділігі;
- монополияның барлық түрін шектеу;
- сауда еркіндігі;
- мемлекеттің экономикаға араласпауы.
Еркін кәсіпкерлік табиғаттының, нарық пен мемлекет рөлдерінің
теориялық алғышарттарына Адам Смиттің көзқарастарын жатқызуға болады. Оның
пікірі бойынша, өздерінің әл-ауқатын жақсартқысы келетін адамдардың табиғи
тілек-қалауы – аса қуатты ынталандырушы күш болып табылады, егер олардың іс-
әрекетіне толық еркіндік берілсе, олар өз күштерімен-ақ қоғамды өркендетуге
қабілеттері жететін болады.
Француздық философ-материалист Гельвеций Клод Адриан қоғамдағы жеке
мүдденің рөлін табиғаттағы бүкіл әлемдік тартылыс заңымен салыстырды. Бұдан
қоғам ұтпаса, ұтылмайды.
Исаак Ньютон ақша сарайының жетекшісі болды әрі стерлинг фунты әлемдік
валюта болуы үшін күш салды.
Нарықтық экономика қалай жұмыс істейтінін ұғу үшін әрбір экономикалық
жүйенің жауабын тауып бере алатын бес іргелі меселенің барын мойындауымыз
қажет:
1. Қаншалықты өндіру қажет? Ресурстардың қанша бөлігін немесе қанша
көлемін өндірістік процесте пайдалануға болады?
2. Нені өндіру қажет? Тауарлар мен қызметтердің қандай іріктемесі
қоғамдың материалдық қажеттілігін толық қанағаттандыра алады?
3. Бұл өнімді қалай өндіру қажет? Өндіріс қалай ұйымдастырылуы керек?
Қандай фирма өндірісті жүзеге асыруы керек және өндірісте қандай
технологияны қолдану қажет?
4. Бұл өнімдерді кімдер алуы керек? Оның ішінде, өнім жеке
қажеттіліктерге қалай бөлуіні керек?
5. Жүйенің өндірістегі бейімделе алатын қабілеті бар ма? Жүйе
өндірістерге қарай тұтынушылық сұранысқа, ресурстармен жабдықтауға
және өндіріс технологиясына тиісті түзерулерге қол жеткізе ала ма?
Өнім мен ресурстың бағасын нарыққа сәйкес бәсекелесетін, сатушы мен
сатып алушы белгілейтін жағдайда, қандай тауар түрлерін және олардың
қаншасын өндіру керек? Кәсіпорын табыс табуға және залалды болдыртпауға
ұмтылатынын ескерсек, былай деп қорытынды шығаруға болады: тек пайда
түсіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі нарық теориялары және оның даму тарихы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ҚАЗІРГІ НАРЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
Саяси экономия ғылымы
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдері
Экономикалық теория ғылымы
Жеке меншік және экономикалық жүйені ұйымдастыру модельдері
Экономикалық жүйе мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Пәндер