«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық ресурстарынның тұрақтылығын зерттеу


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОЛАРДЫ БАСҚАРУ
- Қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері
1. 2 Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
1. 3 Қаржылық ресурстарды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі
- «МаңғыстауМұнайГаз» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
2. 1 «МаңғыстауМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының баланс активтерінің орналасуын және құрылымын талдау
2. 2 «МаңғыстауМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау
2. 3 «ММГ» АҚ төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
3 ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайын жақсартудың негізгі жолдары
3. 2 «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ даму стратегиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауында: «Экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару» керектігін баса көрсетті . Бұл осыған дейінгі ауыр да, қиын кезеңдерден Қазақстанның үлкен жеңіспен шыққандығын және осы қалыптан таймай, оны ары қарай қарқынды дамыту керектігін білдіретін сөздер. Өйткені, Қазақстанның қазіргі жағдайы Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасында саяси тұрақты, экономикалық дамудағы көрсеткіштерді білдіріп тұр. Әлбетте, жетістікке жету салыстырмалы түрде алғанда оңай болғанымен, оны ұстап тұру және ары қарай дамыту өте қиын іс екені белгілі. Осы реттен қарағанда Елбасының саяси-экономикалық көзқарастары да осы жылғы жолдауда негізінен әлеуметтік секторға назар аударудан басталды.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік» - деп көрсеткен. Ғаламдық дамумен қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған Н. Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай Қазақстанның индустриалды-инновациялық технологияны пайдалану бағытындағы даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстана негізінен аймақтағы «көш басшыға» айналғандығымыз да белгілі.
Атап айтсақ, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «2008 жылға қарағанда ІЖӨ-ні еселеу жөніндегі біздің міндетімізге келесі жылы-ақ қол жеткізуге әбден болады. Бұл - тар өрісті мақсат емес, экономикалық өсудің жай нанымды көрсеткіші де емес, бұл - қазақстандықтардың өмірін жақсарта берудің біздегі нақты мүмкіндіктері», - деген сөздері астарлы саясаттың діңгегі екені көрініп-ақ тұр. Себебі, әлеуметтік жағдайы түзелмеген халықтың Елбасына да, оның саясатына да сенімі болмайтыны белгілі. Ал, Қазақстанның қазіргі жағдайы атап кеткеніміздей, бұл аталған істердің тар өрісті мақсаты еместігін айғақтайды. Сондықтан, әлеуметтік-экономикалық іргесі нық қаланған қазіргі Қазақстан болашақтағы зайырлы, өркениетті, халқымыздың рухани, материалдық құндылықтарын толық сақтайтын қоғам құруға негіз бола алатындығын Елбасы сөздерінен байқаймыз.
Қазақстан өзінің даму стратегиясын өтпелі кезеңдегі ауыр өзгерістерден аман алып шығып, болашаққа жаңа қарқынмен аяқ басу жолында. Бірақ, оның барлығы оңайлықпен келетін шаруа емес. Қазақстандық автор Дүйсенбаев К. Ш. бойынша қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсын, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Себебі, кәсіпорын өзінің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру арқылы ғана жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар қаржылық ресурстарды дұрыс және тиімді басқарудың да маңызы зор.
Қазақстандық автор Мейірбеков А. Қ. бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті капиталы, өтемпаздылығымен сипатталады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржылық ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде. Яғни, ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін талдау мәселесі аз зерттелген, осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті. Ұлттық экономикалық жүйенің нарық жағдайындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастырудың ғылыми теориясы мен практикасы, нақты кәсіпорын мысалында («МаңғыстауМұнайГаз» АҚ) .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпорында қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеп бағалау болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастырудың жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік базасы мен негізгі нышандарын айқындау дипломдық жұмыстың мақсаты және де осы тақырыпқа сәйкес бірнеше міндеттер алға қойылып отыр:
- кәсіпорынды қаржылық ресурстары мәселесінің ғылыми-теориялық негізін зерттеу және қаржылық ресурстарды басқару жағдайындағы кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыруды талдау;
- шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- нақты субъекті мысалында қаржылық ресурстарын қалыптастырудың талдау және кәсіпорындарды қаржылық ресурстарын қалыптастыруды басқару жұмыстарының басымдылықтары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық ресурстарынның тұрақтылығын зерттеу.
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде барлық дерлік Қазақстандық кәсіпорындар секілді нарықтық экономикада консалтингтік қызмет көрсету саласындағы компаниялардың бірі болып табылатын «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі . Кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыру мәселелері біздің тәжірибемізде нарықтық экономикаға көшумен байланысты болғанымен, ол экономикалық ғылымға бұрыннан танымал мәселе. Дипломдық жұмыстың әдістемелік базасы. Зерттеу жұмысының даярлау барысында экономикалық ғылымға танымал ғылыми әдістермен қатар шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған әдебиеттерден, Үкімет пен министрлік-ведомостволық заңды-нормативтік құжаттар, статистикалық-аналитикалық мәліметтер, бұқаралық-ақпарат құралдары мен интернет желісінің материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш тараудан, сегіз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім ғылыми жұмыстар жазу тәртібіне сәйкес рәсімделген.
Бірінші, «Қаржылық ресурстарының теориялық негіздері мен оларды басқару » тарауында зерттеу проблемасының негізінен ғылыми-теориялық астары талқыланды. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мәселесінің экономикалық жүйелер арасындағы айырмашылығы, тек нарықтық қатынастарға көшумен ғана байланысты еместігі дәлелденді. Сонымен қатар, қаржылық ресурстарды қалыптастыру мәселесінің шетелдік тәжірибесі зерттеліп, оның артықшылықтары мен кемшіліктері ұсынылды. Мысалы, барлық дерлік шетелдік модельдер біздің экономикамызға тікелей көшіріле алмайды, олай болуы мүмкін де емес. Өйткені шетелдерде, ондаған-жүздеген жылдар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан бизнес субъектілерін қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыруындағы айырмашылық өте үлкен. Сондықтан, бұл жерде экономикалық реформалары мен қалыптасу кезеңдері Қазақстанға ұқсас немесе көршілес болып келеді.
Екінші, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ шаруашылық және қаржылық жағдайларын талдау.
Бұл тарауда, жұмыс зерттеу объектісімен тікелей байланыстырыла жасалды. Кәсіпорынның тарихынан басталып, оның басқарушылық құрылымдары зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, зерттеу объектісі - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, барлық дерлік отандық кәсіпорындардай бастапқы кездерді басынан өткерді. Сондықтан, негізгі зерттеу кезең ретінде 2007-2010 жж. алынды. Дәл осы жылдар кәсіпорын үшін ең өтпелі жылдар болды. Зерттеу объектісі кейіннен нық дамушы компаниялар қатарына қосылғанға дейінгі кезеңдер қаржылық ресурстарды тиімді қалыптасытру қажетсіну кезеңдері болды деп санап, зерттеу жұмысын осы аралыққа арнадық. Қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыру жағдайындағы инвестициялық тартымдылық мәселелерін қарастыру кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайына баланстық талдау жасаумен жүргізілді.
Үшінші тарау, «Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану мен жетілдіру жолдары» деп аталып, Жүргізілген зерттеу жұмысының барысында айқындалған басым бағыттарды жетілдіру жұмыстарын әрбір кәсіпорын өз стратегиясына жасақтауы тиіс. Сондықтан, біз де зерттеу объектісінің болашақтағы мүмкін даму жолдарын осы тарауда қарастырыдық.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОЛАРДЫ БАСҚАРУ
1. 1 Қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері
Компанияның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Қаржы ресурстары мен капитал Компания қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал - бұл Компания айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.
Мұндай қағида Компанияның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары Компанияның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында Компанияның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, Компания соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.
Нақты өмірде қызмет етіп тұрған Компанияда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.
Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналдырылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.
Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда Компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі Компания табысы болып табылады. Таза табыс Компанияның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді /5, 44-47б. /.
Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген Компанияның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және Компанияды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі Компаниядарға салынған (инвестицияланған) капиталды ұсынады.
Ссудалық капитал - бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда Компанияға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.
Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б) .
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.
Компанияның барлық қаржылық ресурстары Компанияның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады /7, 31-36б. /.
Нақты өмірде Компанияның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Компанияның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы Компанияға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.
Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу Компанияның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1 кестеде берілген.
Меншікті тартылған қаржылық ресурстар - бұл Компанияның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Компанияның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Компания өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде Компанияның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.
Кесте 1.
Компанияның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:
- жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары) ;
- Компания жинақтаған резервтер;
- заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т. б. ) /8, 108-115б. /.
Компанияның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Компанияды құру кезінде негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып алу көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылады. Жарғылық капитал - бұл Компанияның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.
Жарғылық капитал категориясының мазмұны Компанияның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына тәуелді:
- мемлекеттік Компания үшін - толық шаруашылық жүргізу құқығын Компанияға мемлекет бекіткен мүлікін құндылық бағалау;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін - меншік иелерінің үлестерінің сомасы;
- акционерлік қоғам үшін - барлық түрлі акциялардың жиынтық номиналды құны;
- өндірістік кооператив үшін - қызметті жүргізу үшін қатысушылар ұсынған мүлікті құндылық бағалау;
- жалға берілген Компания үшін - Компания қызметкерлерінің жарналар сомасы;
- басқа нысандағы Компания үшін - толық шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген Компанияның мүлігін құндылық бағалау.
Компанияның
меншікті капталы
Меншік иесі-нің ұсынған капиталы
Заңды және же-ке тұлғалардың басқажарналары
Кәсіпорын жинақтаған резервтер
Жарғылық капитал
Акционерлік қоғамның акцияларына сыйақы
Қосымша
капитал
Жинақталған
табыс
Резервтік
капитал
Жинақ
қорлары
Бөлінбеген
табыс
Жарналар
Мақсатты қаржы-ландыру
Сурет 1. Компанияның меншікті капиталының құрылымы
қ
Компанияды құру кезінде оның жарғылық капиталына салымдар ақшалай қаражаттар, материалды және материалды емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға салым ретінде активтерді беру кезінде оларға меншік құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге көшеді, яғни инвесторлар осы объектілерге меншік құқығын жоғалтады. Сонымен, Компанияның ыдырауы немесе қоғам не серіктестік құрамынан қатысушының шығуы жағдайында инвестордың тек мүлік қалдығы шегінде өз үлесін өтеуге ғана құқығы бар. Сәйкесінше, жарғылық капитал Компанияның инвесторлар алдындағы міндеттемелер сомасын көрсетеді.
Жарғылық капитал қаражаттарды алғашқы инвестициялау кезінде қалыптасады. Оның мөлшері Компанияды тіркеу кезінде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерінде кез келген түзетулер (акцияларды қосымша эмиссиялау, акциялар номиналды құнын төмендету, қосымша жарналар салу, жаңа қатысушыны қабылдау және т. б. ) қызмет етіп тұрған заңнамада немесе құрылтайшы құжаттарында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте ғана жіберіледі.
Жарғылық капитал қаражаттардың қосымша көздердің (эмиссиялық табыс) пайда болуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл қаражат көзі акцияның алғашқы эмиссиясын номиналдан жоғары бағамен сату кезінде пайда болады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға есепке алынады.
Өнім өндірісі, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде өткізуден түскен түсім сомасымен анықталатын жаңа құн пайда болады.
Өткізуден түскен түсім өнім өндірісіне шығындалған қаражаттарды өтеу, ақшалай қаражаттар қорының қалыптасудың негізгі көзі болып табылады, оның өз уақытында түсуі қаражаттар айналымдылығының үздіксіздігін, Компания қызметі процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Өткізуден түскен түсімнің уақытында түспеуі табыстың төмендеуіне, келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына, айыппұлдық санкцияларға әкеледі.
Түсімді қолдану бөлу процестерінің алғашқы кезеңін көрсетеді. Өткізуден түскен түсім Компанияның шикізатқа, материалдарға, отын, энергия, басқа да еңбек материалдарына, сонымен қатар Компанияға көрсетілген қызметтерге материалды шығыстарды өтейді. Өткізуден түскен түсім кейінгі бөлу негізгі құралдар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіру көзі ретінде амортизациялық аударымдар қалыптасуымен байланысты. Өткізуден түскен түсімнің қалған бөлімі - жалпы табыс немесе еңбекақыны төлеуге және Компанияның табысын қалыптастыруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерге бағытталған қайта құрылған құн.
Өткізуден түскен түсім қаражаттардың айналымдылығының аяқталуын білдіреді. Өткізуден түскен түсім түспестен бұрын өндіріс шығыстары және айналыстары айналым қаражаттар көздері есебінен қаржыландырады. Қызметке алынған қаражаттар айналымының нәтижесі - шығыстарды өтеу және қаржыландырудың меншікті көздерін құру: амортизациялық аударымдар және табыс.
Табыс және амортизациялық аударымдар өндіріске салынған қаражаттар айналымының нәтижесі болып табылады және Компанияның меншікті қаржылық ресурстарына жатады.
Амортизациялық аударымдардың тағайындалуы - негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіруді қамтамсыз ету. Экономикалық мәні бойынша амортизация - бұл негізгі құралдар және материалды емес активтер (сонымен қатар құны аз және тез тозатын заттың) құнының олардың өндірілетін өнімдерге және тозу мөлшеріне байланысты біртіндеп көшіру процесі. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудың мақсатты көзі.
Экономикалық категория ретінде табыс - бұл қосымша еңбекпен қалыптастырылған таза табыс. Табыс кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұдан басқа, табыс арқылы оны бөлу және пайдалану процесінде материалды қызығушылық қағидасы, сонымен қатар материалды жауапкершілік қағидасы орындалады. Компания қолында қалатын табыс - бұл оның қажеттіліктерін қаржыландырудың көп мақсатты көзі, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттарын жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға болады. Жинақтау және тұтыну табысты бөлу пропорциясы Компанияның даму перспективасын анықтайды.
Табыс экономикалық мазмұны бойынша түрлі қажеттіліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлгенде мемлекет түрінде жалпы қоғам мүдделері, Компанияның кәсіпкерлік мүдделері және оның жеке қызметкерлерінің мүдделері қиылысады. Амортизациялық аударымдарға қарағанда табыс Компания қолында толығымен қалмайды, салық түріндегі оның маңызды бөлігі бюджетке түседі, ал ол Компания мен мемлекет арасында таза табысты бөлу бойынша қаржылық қатынастар сферасын анықтайды.
Бұл табыстың бөлігінен кейін қалдық бөлу - Компанияның артықшылығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz