Ақпарат туралы жалпы түсінік


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Ақпарат туралы жалпы түсінік.

2 Ақпараттың рөлі, жіктелуі, маңыздылығы.

3 Ақпараттық басқару жүйесінің мақсаты және ақпаратқа қойылатын талаптар.

4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 Ақпарат туралы жалпы түсінік

Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Ақпарат дегеніміз , оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды - түсінікті - бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:

синтаксистік, сематикалық және прогматикалық.

Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты.

Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай - ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы - оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Ақпарат - бұл білімнің ерекше түрі. Бұл шешім қабылдайтын адамдарға қажетті білім. Ақпарат - бұл алға қойылған мақсатқа сәйкес белгілі бір тапсырманы орындау үшін жиналған құрылымды мәліметтер жиынтығы. Ақпарат басшылар міндеттеріне ғана сәйкес келіп қоймай сондай-ақ процесстер үлгілеріне қолданылатындай болуы керек.

Ақпарат маңызды болуы тиіс. Ол тек қабылданатын шешімге әсер еткен жағдайда ғана маңызды болады. Ақпарат болған жағдайда менеджер қабылдаған шешімдермен берілген ақпараттың жоқ болған кезіндегісінің эквивалентті айырмасы ретінде ақпарат ақшалай түрде өлшенеді. Жалпы алғанда ақпараттың күрделілігі мәселе мен оның шешімінің маңыздылығының күрделілігі мен дәрежесіне байланысты. Шешім маңызды балған сайын соғұрлым көп ақпарат қажет болады және құны да жоғарылайды.

2 Ақпараттың рөлі, жіктелуі, маңыздылығы

Ақпарат негізінде оқиғаларды бағдарлау, ұсынылған әрекет бағытттарын бағалау жатыр. Ақпараттарды келесідей түрде жіктеуге болады:

Бақылау функциялары бойынша:

- экономикалық;

- ұйымдық;

- техникалық;

- әлеуметтік.

Басқару үрдісіндегі рөлдері бойынша:

- есеп беру;

- жоспарлы;

- бақылау.

Шығу көздеріне қарай:

- ішкі және сыртқы;

- кірген және шыққан.

Өңделу дәрежесіне қарай:

- алғашқы (өңделмеген) ;

- екінші ретті (қандай да бір мақсатқа сай өңделген) .

Дәлдік деңгейіне қарай:

- дәл;

- дәл емес.

Алу уақыты бойынша:

- тұрақты;

- дискретті.

Күнделікті шешімдер қабылдауға қолданылытын ақпараттардың көпшілігі бейресми жолмен алынады. Басшы бағыныштыларымен, қызметтестерімен клиенттер мен әңгімелеседі, газет және кезеңдік іскер басылымдарды оқиды.

3 Ақпараттық басқару жүйесінің мақсаты және ақпаратқа қойылатын талаптар

Ақпараттық - басқару жүйесінің (БАЖ) мақсаты - ағылған ақпараттар ағымын дұрыс тиімді шешім қабылдауда тиімді игеру. Ақпарттық - басқарушы жүйе әкімшілікке шешім қабылдауға қажетті ақпаратты беру үшін құрылған ресми ұйым ретінде анықталады. Компьютерлік революция ұйымдағы ақпараттарды өңдеуде айтарлықтай өзгерістер әкелді. Басқару практикасындағы зерттеулердің көрсетуі бойынша мәліметтерді электрондық өңдеу және ақпараттық - басқару жүйесі - бұл басқаруда кең қолданылатын құралдар болып табылады. Ұйымда компьютерлердің кең тарауы өз қызметтеріне ақпараттардың ауқымды көлемін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жергілікті супермаркет басшысы тауарлар түрлері, олардың бағалары, қанша көлемде қажеттілігі туралы, ағымды шығындары мен табысы қандай, олар келесі жылы қандай болатыны туралы күн сайын, апта, ай сайын, жыл сайын ала алады. Бұл ақпараттардың бір бөлігін тауар туралы қораптағы шифрланған ақпараттар бойынша компьютерленген кассса арқылы конртолер алады. БАЖ-нің мақсаты тек кейбір ақпараттарды беру және өңдеу емес, сонымен қатар ол қолданушысына бағытталуы тиіс, яғни өңделген ақпарат оны алатын басшылардың қажеттіліктеріне қызмет етуі тиіс. Ақпараттық жүйелерді жобалаған кезде, басшылардың қажеттіліктері әр түрлі және олар басшылардың иерархиядағы деңгейіне және функционалдық міндеттеріне байланысты.

БАЖ және басқару қызметі. Басшылардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттей отырып, Роберт Н. Энтони басшылық қызмет түрлерін үш категорияға бөледі:

1. Стратегиялық жоспарлау - «ұйым мақсатына, осы мақсаттарға жетуге қажетті ресурстарды қолдану және бөлуге сәйкес шешім қабылдау».

2. Басқарушылық бақылау - «басқарушылар ресурстарды алатын және оларды ұйымның жалпы мақсаттарына жету үшін тиімді қолдануды қамтамасыз ететін процесс».

3. Оралымды бақылау - «нақты тапсырманың тиімді де білікті орындалуын қамтамасыз ететін процесс».

Басшылық бақылау үшін қажетті ақпарат жоғарғы, және орта буындағы басшылар үшін қажет. Әрине ол ішкі және сыртқы көздерден алынады.

БАЖ жобалау кезеңдері. Расселла Акофтың жіктеуі бойынша БАЖ бес кезеңнен тұрады:

1. Шешім қабылдау жүйесін талдау. Процесс шешім қабылдауға қажет болатын ақпарат шешімдердің барлық типтерін анықтаудан басталады.

2. Ақпараттық талаптарды талдау.

3. Агрессивті шешіим. Егер әр шешім қабылдауға арнайы ақпарат қажет болатын болса, онда БАЖ өте күрделі болар еді.

4. Ақпаратты өңдеу процесін жобалау.

5. Бақылау жүйесін жобалау және бақылау.

Ақпаратқа қойылатын талаптар:

- анықтылық

- толықтық

- дәлдік

- құндылық

- уақытқа сәйкестік

- айқындылық

- қол жетімділік

- қысқалық

Пайдалы болуы үшін ақпарат келесі критерийлерге сай болуы қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Ғылыми зерттеудің әдістемесі
Көркем деректі жанр түрлері
Медиа және медиа білім беру
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Қызметтік хаттарды ресімдеу жолдары
Жеке тұлға психологиясы
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz