Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері



Жоспар:

Кіріспе

1. Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері.
2. Инвестицияларды жоспарлау мен капитал салымдарын анализдеу
3. Инвестициялар есебін ұйымдастыру
4. Инвестициялар есебі.

Қорытынды
Өзінің дамуы барысында кез–келген кәсіпорын өзінің болашақ дамуына ақшалай қаражаттар салудағы балама мүмкіндіктері арасында шешім қабылдай білуі керек. Кәсіпорын бизнесінің дамуына қойылған мақсаттар арнайы бекітілген дамудың инвестиция бағдарламасымен бекітіледі. Бірақ, кәспорынның жобаларының инвестициялық бағдарламасын құрмастан бұрын, көрсетілген жобалардың кәсіпорынға қажет екендігіне көз жеткізуіміз керек. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің есебі жобаны немесе оның бөлімдерін жүзеге асыру туралы белгілі бір шешім қабылдауға негіз бола алады. Жоба өз құнын қайтармауы да мүмкін деп есептеледі. Бірақ, біз берілген жобаны жүргізуге шешім қабылдаймыз. Мысал ретінде кәспорын қызметкерлері үшін демалыс үйін салып беру немесе реконструкциялау. Жоба әлеуметтік қалпын алады, өзіне жұмсалған құнын ешқашан қайтармауы да мүмкін, бірақ кәсіпорынға бұл құрылыс өзінің әлеуметтік саясатын жүргізу үшін қажет болады. Ірі кәсіпорындарға келтірілген тағы бір мысал – өндірісті бу мен электр қуатымен қамтамасыз ету үішн жылу электр стансасын салу көзделген. Берілген жағдайда, жоба өндіріске электр қуатын үздіксіз жеткізіп отыру үшін арналады делік. Егер, жобаның кәсіпорынға ешқандай экономикалық әсерін тигізбейтіні белгілі болса, онда экономикалық тиімділік есебі емес, құрастыруға кеткен шығындардың смета есебі жүргізіледі. Оның мақсаты қаржыландыру көзі және жобаны қаржыландыру графиктері жайлы шешім қабылдау үшін жобаның шығындалатын бөлімін анықтау болып табылады.
Ал, экономикалық жағынан тиімді жобаларға келсек, оларды экономикалық тиімділік түріне байланысты екіге бөлеміз:
1. Нәтижесінде кәсіпорын қосымша табыс алатын жобалар. Мұндай жобаға мысал ретінде жаңа өнімді орайтын жаңа құрылғылар сатып алып, орнатуды жатқызамыз. Бұның негізінде, кәсіпорын нарыққа жаңа өнім шығару арқылы сату көлемін арттыра алады.
2. Нәтижесінде, кәсіпорын өзіне тиісті пайданы шығындардан алады. Мұндай жобаға мысал ретінде, жалға алынып отырған көліктің орнына өзінің жеке көлігінді сатып алу жатады (егер, есептелер берілген жағдайда экономияны көрсетіп отырса ғана).

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері.

2. Инвестицияларды жоспарлау мен капитал салымдарын анализдеу

3. Инвестициялар есебін ұйымдастыру

4. Инвестициялар есебі.

Қорытынды

Өзінің дамуы барысында кез–келген кәсіпорын өзінің болашақ дамуына
ақшалай қаражаттар салудағы балама мүмкіндіктері арасында шешім қабылдай
білуі керек. Кәсіпорын бизнесінің дамуына қойылған мақсаттар арнайы
бекітілген дамудың инвестиция бағдарламасымен бекітіледі. Бірақ,
кәспорынның жобаларының инвестициялық бағдарламасын құрмастан бұрын,
көрсетілген жобалардың кәсіпорынға қажет екендігіне көз жеткізуіміз керек.
Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің есебі жобаны немесе
оның бөлімдерін жүзеге асыру туралы белгілі бір шешім қабылдауға негіз бола
алады. Жоба өз құнын қайтармауы да мүмкін деп есептеледі. Бірақ, біз
берілген жобаны жүргізуге шешім қабылдаймыз. Мысал ретінде кәспорын
қызметкерлері үшін демалыс үйін салып беру немесе реконструкциялау. Жоба
әлеуметтік қалпын алады, өзіне жұмсалған құнын ешқашан қайтармауы да
мүмкін, бірақ кәсіпорынға бұл құрылыс өзінің әлеуметтік саясатын жүргізу
үшін қажет болады. Ірі кәсіпорындарға келтірілген тағы бір мысал –
өндірісті бу мен электр қуатымен қамтамасыз ету үішн жылу электр стансасын
салу көзделген. Берілген жағдайда, жоба өндіріске электр қуатын үздіксіз
жеткізіп отыру үшін арналады делік. Егер, жобаның кәсіпорынға ешқандай
экономикалық әсерін тигізбейтіні белгілі болса, онда экономикалық тиімділік
есебі емес, құрастыруға кеткен шығындардың смета есебі жүргізіледі. Оның
мақсаты қаржыландыру көзі және жобаны қаржыландыру графиктері жайлы шешім
қабылдау үшін жобаның шығындалатын бөлімін анықтау болып табылады.

Ал, экономикалық жағынан тиімді жобаларға келсек, оларды экономикалық
тиімділік түріне байланысты екіге бөлеміз:

1. Нәтижесінде кәсіпорын қосымша табыс алатын жобалар. Мұндай жобаға
мысал ретінде жаңа өнімді орайтын жаңа құрылғылар сатып алып, орнатуды
жатқызамыз. Бұның негізінде, кәсіпорын нарыққа жаңа өнім шығару арқылы сату
көлемін арттыра алады.

2. Нәтижесінде, кәсіпорын өзіне тиісті пайданы шығындардан алады.
Мұндай жобаға мысал ретінде, жалға алынып отырған көліктің орнына өзінің
жеке көлігінді сатып алу жатады (егер, есептелер берілген жағдайда
экономияны көрсетіп отырса ғана).

Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын
немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің
обьектілі жұмсалған мүліктік және интелекттік құндылықтардың барлық
түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді
жұмсалымы.

Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты
инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға
жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен басқа дад кәсіпорындардан,
инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға
бағытталған. Бірінші жағдайда, инвестор өзінің өндірістік капиталының
көлеміне – өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші
жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы
капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-
дағы Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау заңы бойынша тікелей
инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және
арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық
инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестицилар, басқаша
айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға
кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің
инвестциялар қоржынында жетекші рөлге ие болып отырған меншіктік
инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді
активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық
операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша
қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:

- табиғи активтерге инвестициялар;

- ақша қаражаттарына инвестициялар;

- материалдық емес активтерге инвестициялар;

Табиға активтерге – өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету
уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс
процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне – басқа да жеке заңды тұлғалардан ақша қаражатын
алуға болатын құқық жатады. Мысалы: банкіде – депозиттер, облигациялар,
акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдер.

Материалдық емес активтерге – фирманың жұмысшыларын қайта жеке оқыту
және біліктілігін жоғарылату арқылы сауда белгілерін жасау, патенттер мен
лицензия алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы
алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

– Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың
негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және
өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға
қарай аыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға ықпал
жасау;

– Өндірісті кеңейтуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Қоржындық инвестиция қарекеті
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Өндірісті кеңейту инвестициясы
Жергілікті инвестиция есебі
Инвестиция туралы
Инвестициялық жобаны қаржыландыру жайлы
Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны
Инвестициялық процестердің даму жағдайы
Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және тиімділігі
Пәндер