Әлемдік саясат туралы


Әлемдік саясат - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдықжүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.
Әлемдік саясат құрылымы:
- Легитимді халықаралық ұйымдардың сыртқы саяси қызметі;
- Аймақтық және субаймақтық институттардың саяси акциялары;
- Егеменді мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі.
Қазіргі әлемдік саясаттың сипатты белгілері:
- Революциялық және эволюциялық бастамалардың тығыз байланысуы;
- Саяси үрдіс субъектілері әрекеттеріндегі стихиялы және саналы, реттелген қимылдардың үйлесімі;
- Әлеуметтік-саяси құрылымдар қызмет етуіндегі түрлі бағыттардың болуы;
- Саяси үрдістердің салыстырмалы дербестігінің болуы;
- Қоғамдық дамудың демократиялануы мен күрделенуіне байланысты саясаттың жүзеге асырылу құрылымы, механизмі, формалары, әдістерінің түрін өзгертуі;
- Жеке адамды мемлекеттен, мемлекетті азаматтық қоғамнан бөлектеуден арылуға алғышарттардың қалыптасуы;
- Барлық саяси үрдістер мемлекеттік билік төңірегінде айналады.
Дүниежүзілік саясат және оны реттеу әдістерінің негізгі тұрғылары:
- Нормативтік тұрғы: Халықаралық тәртіп теориялық - саяси инструкция негізінде реттелу керек деген тұжырымға сүйенеді. Оның негізгі реттеушілері әмбебап адамгершілік нормалар және трансұлттық тәртіп нормалары.
- Реалистік тұрғы: Оның мәні саясатқа өзінің заңдылықтарына ие шынайылық тұрғысынан келу. Заңдылықтар "гуманизм" мен "авторизм" идеяларымен емес, керісінше әскери-экономикалық күш, ұлттық мүдде және т. б. ұғымдармен анықталады.
Халықаралық қатынастардағы негізгі субъектілері:
- Ұлттар
- Егеменді мемлекеттер
- Мемлекетаралық ұйымдар (БҰҰ)
- Мемлекеттер коалициясы
- Экономикалық және әскери-саяси одақтар
- Трансұлттық ұйымдар
Халықаралық қатынастардың субъектілерін ғылыми әдебиеттерде "акторлар" деп те атайды.
Мемлекет - халықаралық қатынастың негізгі субъектісі. Мемлекеттер - халықаралық қатынастар жүйесінде өздерінің сыртқы саясаты арқылы танылады.
Сыртқы саясат - мемлекеттер мен және қоғамның басқа саяси институттарының өздерінің мүдделері мен халықаралық аренадағы сұраныстарын жүзеге асырудағы іс-әрекеттері.
Қазақстан Республикасы және Біріккен Ұлттар Ұйымы(БҰҰ)
Біріккен Ұлттар Ұйымы Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін
1945 жылы 24 қазанда құрылды.
БҰҰ басты міндеттерінің бірі -бейбітшілікті бүкіл әлемде қолдау және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. БҰҰ көптеген жылдар бойы халықаралық дағдарысты болдырмауға ықпал етуде және ұласпалы жанжалдарды реттеуде басты рөл атқарып келеді. Ол бейбітшілікті орнату мен қолдауға және гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты кешенді операцияларды жүзеге асырып келеді. Оған өріс алып келе жатқан жанжалдарды бірнеше рет басып тастауға тура келді. Жанжалдан кейінгі жағдайларда ол көбінесе үйлестірілген, зорлықтың түпкісебептерін жоюға және берік бейбітшілік үшін негізін қалауға бағытталған күштерді қолданады. Қазақстанның 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына енуі маңызына қарай тарихи акция болып табылды, ол біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа нақты тәуелсіз мемлекет ретінде енуінің белгісін білдірді. Қазақстан БҰҰ әлемдік қауымдастықтың жаңа мүшесі ретінде емес, жаңа заманның ең өзекті халықаралық мәселелері бойынша белсенді ұстанымдағы, ядролық қарусыздану үшін қозғалыс авангардында тұрған мемлекет ретінде енді.
1991 жылы Семей полигонының жабылуы мен 1992 жылы Лиссабонда
ядролық сынауды жалпы қамтылған тиым салыну туралы Келісім-шартқа
(ЯҚНК) ядросыз мемлекет ретінде қосылу жөнінде міндеттеме қабылдауы
Қазақстанға биік бедел және БҰҰ Бас Ассамблеясының биік мінбесінен халықаралық қауіпсіздік саласында өзіндік бастамасын алға қоюына моральдық құқықты қамтамасыз етті.
Қазақстандық делегация БҰҰ толық құқықты мүшесі ретінде қатысқан бірінші форум -БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылы күзде өткізілген 47-сессиясы болды. Осы сессияда Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның
халықаралық саясаты туралы кеңінен сөз сөйледі. 1992 жылдан бергі өткен уақыт ішінде Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қауымдастығына табысты шоғырланып қана қоймай, онда белгілі орын ала білді. Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі қызметінің басты міндеттері жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы халықаралық аренада ҚР стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету, саясат пен экономикада әділ бейбітшілік тәртіпті орнату, әлемдік қауымдастық мүшелерінің арасында 18қарым-қатынасты тұрақты дамыту мен үйлестіру шеңберін жасау жөнінде жұмыс жүргізу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz