Жоғары мектеп педагогикасы


Жоспар
1. Жоғары мектеп педагогикасы - кәсіби мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым
2. Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері мен негізгі категориялары
3. Жоғары мектеп педагогикасының объектісі
4. Әдіснама. Э. Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымы
Жоғары мектеп пелагогикасы - кәсіби мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым.
Ғылым - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принцип тер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.
Ғылым дегеніміз бұл:
1) мәдениеттің бір саласы;
2) дүниетанымдық әдістің бірі;
3) адамды және табиғатты байта өңдеуші өндіргіш күш;
4) арнаулы институт.
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі - жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті ; екіншісі - іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория . Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Қазіргі педагогика 3 түрлі саладан тұрады: педагогика тарихы; педагогика (мектептке дейінгі, орта мектеп, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, кәсіптік әскери, салыстырмалы, т. б. ) және білім әдісі.
Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасы - тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Болашақ маман қазіргі студент - оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек.
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты - студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
- студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;
- студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;
- студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.
Жоғары мектеп педагогикасында қалыптасқан негізгі ұғымдар (категориялар) оқытушыларға педагогикалық жеке құбылыстардың мәнін ашып, ең бастысы, олардың өзара байланысын, бірі-біріне ықпалының қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының даму деңгейі үнемі оның ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі.
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама (Кесте 1) .
Кесте 1 - Дидактиканың негізгі ұғымдары
Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) жалпы бастауыш білім беру,
3) жалпы негізгі білім беру;
4) жалпы орта білім беру;
5) жалпы қосымша білім беру енеді.
Білім беру бағдарламасының үздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) орта білім беру,
3) кәсіптік жоғары білім беру;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент, т. б. жатады.
Жоғары мектеп педагогикасының объектісі - жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар мен қалыптасулар, студенттер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т. б. жатады.
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез-келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол заттар меп құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.
Сонымен заң дегеніміз - құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын және біршама тиянақты байланысы.
Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып біліп, зерттей алады және алған білімдерін өзінің қызметіне пайдаланады.
Диалектика дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп кояды. Ол - табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті - қозғалыс, өзгеріс.
Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және кері айналуы, терістеуді терістеу.
Диалектиканың ұғымдары : кеңістік пен уақыт, жекелік және жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындык.
Зерттеушінің тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымньң болса да, белгілі бір ізденісті қалай және қандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның өзі таным қызметін ұйымдастыруға, танымның белгілі бір «әдістер жүйесін» таңдап алуға көмектеседі.
Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу ғылымда әдіснама деп аталады.
Қазақ елінің мемлекеттік тіліндегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде де жазылып келе жатқаны белгілі. Қалай атаған күнде де бұл терминнің нақты мәні - «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын оның негізгі белгілі бір теорияны, ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алады. Педагогикалық идеяларды талдаудың объективтік негізі философия болып табылады. Сол себептен педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады. Философияның энциклопедиялық сөздігінде методология бұл - «система принципов и способов организации и построения теоретической и практической деятельности» (М., 1983. -365 бет) деп көрсетілген. Демек, әдіснама дегеніміз - іс-әрекетті құрудың теориялық және практикалық жолын ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдарының жүйесі болып шығады. Ендеше, педагогиканың да, басқа ғылымдардың әдіснамасы ғылыми зерттеудің танымдық жүйесін ұйымдастырумен бірлікте жүреді. Зерттеудің бағыт -бағдарындағы болжамға үйлесімді және жасалатын қорытынды педагогиканың теориясы мен технологиясына сай болса, оның нәтижесі де өміршең болатындығы ақиқат.
«Әдіснама» - ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.
Э. Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz