Құран бойынша қаржыландыру өнері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қаржы факультеті

Баяндама:

Құран бойынша қаржыландыру өнері

Орындаған: Игманова Л,

311 топ

Алматы, 2010

Құран бойынша қаржыландыру өнері

Шариғат принциптеріне негізделген ислам банкингі Қазақстан нарығында тұрақтану бағытында сенімді қадамдар жасауда. Тек бір мәселе ғана бар, ол: отандық қаржы рыногы қандай жеміс алады және жаңа схемада қаншалықты үлесті алғымыз келеді?

Әлемде алғашқы ислам банкі қаржы институты ретінде 30 жылдан астам бұрын мұсылмандар үшін құрылды. Сондықтан оның қызметі толықтай шариатқа негізделеді.

Қазіргі уақытта әлемде ислам банкі белсенді өсу барысында. Осындай несиелік жүйелер тек қана өзіндік кәсіпорын ретінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі банктердің бөлімшелері ретінде ашылуда. Қазіргі кезде 650 млрд доллар жиынтық активпен 300 жуық ислам банкі бар. Олардың өсу қарқыны жылына 10-15% құрайды. 2013 жыл ислам қаржы институттарының активтері 1 трлн долларға жетпек.

Иснвестициялау принциптері

«Альянс Банк» АҚ халықаралық қатынастар департаментінің директоры Альмира Ахметкаримова ислам банкі туралы былай тұжырым жасаған: «Қазақстанда ислам банкингіне қызығушылық баяғыдан пайда болған, алайда нақты реттеу мен заңнама жоқтығынан банктер мен компаниялар тек қана зерттеумен айналысқан. Бірақ келісім шарттардың өздері іске асырылмаған. Ислам банкингінің Қазақстанға енуі мен оған қызығушылықтың артуы логикалы, ол Таяу Шығыс елдері мен Малайзияның айрықша құзіреті ғана емес. Өзара қызығушық екі жаққа да пайдалы: бұл өлкенiң мол өтiмдiгi анық, ал Қазақстанның қаржы институттары инвесторлардың базасының ұлғаюына және қор құру көздерінің әртараптауына тырысады. Осыған байланысты көптеген кампаниялар бұл принциптермен жұмыс істеуге дайын. Бұған себеп стандартты банктік өнімдерден гөрі ислам қаржы құралдары әр түрлі және ерекше бейімделгіш. »

Ислам банкингiнiң табыстары және оның салымшылары кәсiпкерлiктер қызмет нәтижесінде қалыптасады. Алайда пайдалылық алдын ала кепілдендірілмеген, өйткені несиелiк процент түрiндегi бекiтiлген шама қолданылмайды.

Шариғатқа сәйкес банктiк пайыз экономикалық айналымнан шығарылған. Тауарлық массамен қамтамасыз етілмеген несиелiк проценттен саналы бас тартуы инфляциялық процесс пайда болуының факторлардың бiрi болып табылады, бұл макроэкономика көз қарастан аса түсiнiктi жайт емес. Банктің пайдасы нақты тауар құратын операциялардың нәтижесiнде жасалады, осыған байланысты капитал тек қана өндiрiстiк мақсаттарда жұмыс iстейтiнi шығады.

Сенім - ислам банкингінің ерекшелігі

Кард-уль-Хасан банктiк өнiмі клиентке нақтылы мерзiм ішінде қайтарылатын белгiлі бір соманы алуға мүмкiндiк бередi. Осыған қарамастан, қарыз бойынша пайыздар банкте ешқашан талап етпейдi. Егер клиент ынта бiлдiрсе, банкке сый ақы ( Хибу ) төлейдi. Банк және клиенттiң қатынастары сенiм және аққөңiл достыққа қағидаларда негiзделген. Бұндай пайызсыз қарыз негізінен банктің серіктес-компанияларына беріледі. Бұл жерде маңызды жайт: нақты қаржыландыру көздерін материалды қажеттілігі жоғары немесе кедей жеке және заңды тұлғалар алады. Осындай қызмет атқару батыстық банктік жүйесінің схемасында толықтай алып тасталынған.

Мушарака бұл банк пен клиенттің белгілі өнімді бiрлесе қаржыландыруды қарастырады. Жоба әкелетін табыс және шығындар тараптар арасында үлестері боынша бөлінеді. Ал басқару процесі паритетті негізде екі жақпен іске асырылуы немесе әрқайсысы бөлек бөлек атқарылуы мүмкін.

Мудараба өнiм дәстүрлi сенiмдi басқаруды аналогы болып табылады. Банк мадарибқа (абыройы жоғары және жеткiлiктi тәжiрибесi бар кәсiпорынға) басқаруға өз құралдарын бередi. Соңғысы құралдардың инвестиция салуымен шұғылданады. Жемісті нәтиже жағдайында табыстар келiсiм шартына сәйкес бөлiнедi. Бірақ банк шығынға ұшыраса, онда мудариба өз комиссиялық пайдасын алмайды.

Жоғарыда айтылғандай алғашында ислам банктерi тек мұсылмандар үшiн әдейi құрылған. Батыс елдеріндегі мұсылмандар стандартты банктік өнімдерді қолдана алмауына байланысты (шариатпен харам болып есептелген) сол елдерде ислами несиелік кәсіпорындар пайда бола бастады.

Шариғаттың заңдары және халықаралық стандарттарға (мысалы, Sarbanes-Oxly және Basel II) бiр уақытта сәйкес болу қажеттіліктері ислам банктерiнiң өнiмдерi дәстүрлi банктiк жүйенiң ұқсас өнiмге қарағанда қымбатырақ болады.

Бастапқы этапта, ислам банкингі Қазақстанда жаңадан дамуына байланысты шариғат нормалары негізіндегі өнімдер қаржы институттары үшін салыстырмалы түрде жоғары болуы мүмкін. Оның себебі - елде заңи және реттеу негіздері болмауы.

Біз де сол жаққа бара жатырмыз

Қазақстан ислам қаржыландыруының саласындағы алғашқы адымдары iстеуде. Тежеудің негiзгi факторлары зайырлы мемлекеттiң ұлттық заң және институционалдық пайда болатын менталитетi шариғаттың заңдары бойынша жетiлмеген болып табылады. Қазақстан мұндай өнімдерді енгізетін алғашқы ел емес, шариғат нормаларын енгізу тәжірибесін Ұлыбритания, Франция сияқты батыс Еуропа елдерінен алуға болады. Ол елдерде ислам банктері толық қанды өз қызметін орындауда. Қазақстанға ислам банкингін енгізу кедергілеріне келетін болсақ, біріншіден, ислам транзакцияларын есептеу мен реттеу, екіншіден, салық салу сұрағы, шариғат бойынша салық алу қарастырылмаған. Егер ислам банктерінің тәжірибесіне жүгінсек, олар көптеген транзакцияларын арнайы құрылған компаниялар арқылы өткізеді. Мысалы, Голландияда. Әлемде және Қазақстанда ислам банкингінің дамуына байланысты шариғат нормаларына сәйкестендірілген өнімдер бәселестікке қабілеті жоғарлау барсында.

Ислам банкингін алғашқы рет ресми түрде БТА Банкі мақұладады. 2003 жылы несиелік мекеме Қазақстанда алғаш рет ислам несиесін тартты, ал екі жылдан кейін 50 млн долларға бірінші ашық келісім шарт істеді, 2006 жылы 200 млн долларға несие алды.

2007 жылдың наурызында Альянс банкі ислам қаржыландыру принциптеріне негізделетін несие тарту туралы келісім шарт жасады. Оған Calyon Corporate and Investment Bank SA және Abu Dhabi Islamic Bank көмек көрсетті. Несие соммасы 150 млн долларды құрады. Келісім шартқа Таяу шығыстың 19 банк-кредиторлары қатысты.

Өкінішке орай, қазірше ұлттық заңдар елде ислам қаржылық құралдарының кең дамуына кедергі жасап жатыр. Кейбір ислам банкингі өнімдері отандық құқықтық аумаққа мүлдем кірмейді. Бүгінгі таңда заңды өзгерпей қолдана алатын ислам банкингінің нақты өнімдерінің тізімінің жоқтығы жағдайды одан сайын нашарлатады.

Сонымен қатар, Қазақстанда шариғаттың нормаларын дұрыс анықтайтын, жоғары айтылған қаржылық операциялардың сапалы есеп жүргізетін және бақылайтын мемлекеттік орган немесе ведомства жоқ. Осыған бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жүргізу тәртібі тәжірибесі жеткіліксіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таяу және қиыр шығыс мемлекететтеріндегі тәлім-тәрбие
Ислам діні және Қазақстан мәдениеті
Әлемдік ғалымдардың пәтуаларын назарға ала отырып, ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Мұсылман мәдениетіндегі бейнелеу принциптері
Ислам банкінің Қазақстан Республикасындағы алатын орны мен құқықтық жағдайын анықтау
Діни-этикалық құндылықтар және исламдық қаржы жүйесі
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ КАЛЛИГРАФИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz