Этнология пәні және міндеттері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Этнология пәні және міндеттері

Орындаған:Төкен А. Н

Тексерген: Мухамеджанова Р. Ж

Семей қаласы - 2014жыл

Жоспар;

  • Этнология пәні және міндеттері
  • Эволюционизм.
  • Географиялық бағыт
  • Диффузионизм
  • Тарихи географиялық бағыт
  • Функционализм.
  • Француз әлеуметтану мектебі
  • Американдық мектеп.
  • Структурализм

Этнология пәні және міндеттері.

Этнология - негізгі зерттеу объектісі әлем халықтары туралы тарихи пән. Оның ерекшелігі - этнологияны гуматитарлық және жаратылыстық ғылымдарға бірдей жатқызуға болады, себебі этнос тек қана әлеуметтік емес, сонымен бірге биологиялық феномен.

Курстың мақсаты - этносты, адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процес негізінде пайда болған әлеуметтік топтың ерекше түрі ретінде көрсету.

Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер шешіледі:

  • Этнологияның әдістері мен ұғымдық аппараты зерртеледі;
  • Әлемнің этникалық көрінісі, этностардың географикалық, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени топтасуы зерттеледі;
  • Әлем халықтарының шығу тегі, этникалық тарихының негізгі кезеңдері зерттеледі;
  • Дәстүрлі мәдениеттің негізгі сипаттамаларын, әлемдегі этномәдени, этнодіни процестердің негізгі заңдылықтарын зерттеу.

Тарихи ғылымдардың жалпы жүйесінде этнологияға, оның жалпығылымдық ролін шектемей, жеке дербес дүниетанымдық (әдіснамалық) мағна беру керек.

Этностарды бүкіл жиынтығында зерттеп, этникалық және әлеуметтік тарихтың байланысына назар аударып, мәдениеттің бүкіл салаларындағы өзгерістерді көрсетіп, этнология жеке елдер мен халықтарды тарихи, археологиялық, экономикалық-географиялық тұрғыдан зерртеу барысына ұлттық-мәдени өзгешіліктерді сипаттауға маңызды мәлімет береді. Бұл жағдайда басқа ғылым өкілдері этнологиялық материалдарды тарихи, экономикалық-географиялық немесе басқа ой-желістерін ашуға көмектесетін қосымша мәлімет ретінде пайдаланады. Сонымен, этнология өзінің дәстүрлі мағынасында көмекші тарихи пән ретінде болып шығады. Ақырында, этнологияға әртүрлі континенттердегі болып жатқан кәзіргі саяси процестердің ең қалың ортасына, әсіресе өзінің коллизиялары мен салдарынан аса шиеленіскен ұлтаралық қатынастар мәселелеріне қатысу тән. Кәзіргі саяси процестердін этнодіни негізінде жандандырылу жағдайында объективті этникалық тарихты, мәдени интеграция мен ассимиляцияның заңдылықтарын, этникалық территориялардың мемлекеттік шекараларға сәйкестігін білудің практикалық маңыздылығы сөссіз.

Сонымен, этнология оның жалпығылыми және әлеуметтік мағнасы тұрғыдан келесі түрлерде қарастырылады::

  1. адамзат және жеке (ең алдымен өз жазуы жоқ) халықтар тарихының маңызды әдіснамалық мәселелерін жеке мәселелерін шеше алатын дүниетанымдық ғылым ретінде;
  2. адам және қоғам жөнінде басқа ғылымдарға ерекше этникалық мәлімет беретін көмекші пән ретінде;
  3. саяси маңызды білім саласы.

Этнологияны оқытудың алдында келесі жалпыгуманитарлық пәндер оқытылады: Қазақстан тарихы, Философия, Мәдениеттану. Осы пәнмен келесі жаратылыстық пәндер: Экология, Кәзіргі жаратылыстану концепциялары және профилдік пәндер: Алғашқы қоғам тарихы, Археология тікелей байланысты.

Эволюционизм.

Эволюция латын сөзі «бірте-бірте даму» бұл мәдениетті зерттеудің бағыты. ХІХғ ортасында эволюция термині қалыптасты. Этнография ғылым ретінде қалыптасты. Теология - дін туралы ғылымның ықпалына қатысты табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі туралы басым болатын. Эвалюцмялар -адамзат мәдениетінің жалпы даму заңдылықтарын ашты.

Географиялық бағыт - тарихи географиялық аспектілерін пайдаланды. Географиялық фактрдың маңыздылығына тоқталды. Андре, Надеждин негізін қалағандар. ХІХғ аяғында антропологиялық тарихи мектептін ашылуынан жабылды.

Диффузионизм.

Диффузиянизм - физикадан алынған ұғым, араласу, сіңу, бірігу деген мағына білдіреді. Негізін қалаған Фридрих Рацель лепциг университетінің профессоры, еңбегі «антропогеография». Адамның жер бетіне таралуын қарастырады. Мәдениет дамуының жалпы көрінісін географиялық жағдайда зерттеуге тырысады. «Халықтар, тілдер, рассолар жоғалады, пайда болады». Этнографияны зерттегенде заттар рөл ойнайды. Әшекей, киім, есірткі бір халықтан екінші халыққа ауысып отырады. Ат әбзелдері, металл өз иелерімен бірге жүреді.

Тарихи географиялық бағыт- Скандинавия елдерінде тарады, мәденет таралуын зерттейді.

Мәдени шеңберлер мектебі. Алғашқы қоғам тарихын ғаламдық негізде қалпына келтіруге тырысты. Фриц Глебнер неміс этнологы ХІХғ. аяғы ХХғ. Бірінші жартысына дейін өмір сүрді. Этнология «Мәдениет шеңберлері» еңбегі бар. Вена өкілі, католик пастері Вильгелм Шмидт. Гребнердің идеясын жалғастырушы. Еңбегі «құдай идеясының шығуы». Ғылыми әдіс көмегімен биологиялық дәстүр бойынша моногамияның ежелден келе жатқаның, әке құқығының және тек бір құдайға сенушіліктің анық ақиқат екендігін айқындай түсті.

Геолиталық мектеп.

Бүкіл мәдениеттің шығуын Ежелгі Мысырмен байланыстырады. Негізін қалаушы дәрігер-невропотолог Уильям Риверс ағылшын диффузионизмінің өкілі болып табылады. Еңбегі: «Меланезия қоғамының тарихы». Эволюциялизммен диффузионизмнің ортасын қарастырды. Эллиот-Смит мәйітті мумиялау, күнге, отқа, жыланға табыну, пұтарды жасау, тоқыма кәсібі, сүндетке отырғызу, құлақты тесу және созу салты.

3. Функционализм.

Функциянализм ілімі: Англиядағы әлеуметтану мектебінің идеялық жалғасы және оның принциптерінің дамуы. Бронислав Малиновский ХІХғ аяғы ХХғ бірінші жартысы. Еңбегі:

  • «Тынық мұхитының батыс бөліктерінің аргонафтары»
  • «Тағылық қоғамдағы қылмыспен әдет- ғұрып»
  • «Мәдениет теориясы»

4. Қазіргі этнология.

Француз әлеуметтану мектебі . Бұл ағымның ірі өкілі және негізін қалаушы-философ, педагок, әлеуметтанушы Эмиль Дюркгейм 1858-1917 жж өмір сүрді. Қоғамның аһуалын, жалпы адамзаттық қоғамды емес, нақты адамзат бірлестігін зерттейді. Олардың әрқайсын дербес, басқа тәуелсіз бірлік ретінде қарастырды. Дюркгейм «жеке қоғамдар» үлгілерін жасауда оның негізін алғашқы орда, ру тәрізді ең қарапайым қоғамды алды.

Американдық мектеп. ХІХғ. аяғы АҚШ-та эволюционистік бағыттан басқа тарихи этнологияның «Американдық мектебі» деп аталған Франс Боас негізін құрған мектеп пайда болды. Ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық істермен де айналысты, отаршылдық, нацизм, алалаушылыққа қарсы шықты. Ғылымның жалпы міндеті әлеуметтік өмір құбылыстарының барлық жиынтығын (тіл, әдет-ғұрыптар, көші-қон, физикалық белгілер) зерттеу болып табылады және бұл зерттеу жалпы алғанда тек өркениетті ұлттардың ғана емес, барлық адамзат баласы тарихының мұз дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі бүкіл кезеңдерін, яғни «адамзаттың тарихын» жасап шығу. Бұл үшін әрбір жеке халықтың тарихын оның ұлттық ерекшеліктерімен қоса алып зерттеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнология ғылымының тарихы
Этнос, этникалық қауымдастық
Этнопедагогика: лекция мәтіндері мен семинар сабақтарының жоспарлары
«Этнология» пәнінен дәрістер
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Психологиялық және психоаналитикалық антропология
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі (XVIII–XIX ғғ. деректері бойынша)
Антропология тарихы мен теориясы пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz