Қазақ тарихы жайлы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Алтын Орда .

Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Жошы өлген соң орнына баласы Батый отырды. Ол 1235 ж. Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс княздықтары талқандалды. Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтардың нәтижесінде Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақтар /половецтер/ даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа моңғол мемлекетін құрды. Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалар болды. Алтын Ордаға Жошы ұлысының жері - Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелділікке түсті. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. ХІV ғасырда Алтын Орда дәуірінде түркі тілінде Хұсрау мен Шырын шығармасы белгілі болды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары-хандарының атымен /Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б. / аталды. Астанасы Сарай-Бату /Астрахань маңында/, кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда қыпшақ тілі негізгі тілге айналған көп ұлтты мемлекет. Көп ұлттық діннің де көп түрін, бағытын бір аймаққа топтастырды. ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы «татарлар» деп аталды Алтын Орда мемлекеті Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы-құрылтай шақырылды. Әскерді және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган-диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық сыбаға жинау міндетті атқаратын даруг басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер түмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскебасылары сайланды.

Алтын Орда жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге-оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөлінді. Оң қанат /ұлыстың/ басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазіргі Қазақстан жерінің сол кездегі көп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке хан тұсының /1256-1266жж. /тұсында-ақ тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан /1266-1280жж. / өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орданың ХІV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе, Өзбек хан /1312-1342жж. / мен Жәнібек ханның /1342-1357жж. / тұсында гүлденді. 1312 жылы Өзбек хан ислам дінін Алтын Ордаға мемлекеттік дін етіп жариялады. ХІV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықпен әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін таққа 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі түрлі жолдармен тақтан тайдырып отырды. Алтын Орда езгісіне төзе алмаған халық ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Оның ішінде Алтын Орданы әлсіреткен 1380 жылғы түменбасы Мамайдың Дмитрий Донской бастаған орыс әскерлерінен Куликово даласында ойсырай жеңілуі себеп болды. Тоқтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. басқыншылықпен басып кіріп, Мәскеуді өртеп жібереді, Мәуреннахр мен Закавказьеге де бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға қайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді қайта көтеріле алмастай етіп құлатты. Темір жорықтары Алтын Орда үшін ең ауыр соғыс болды. Оның, әсіресе, 1389, 1391, 1395 жылдары жасаған жорықтары үлкен зардаптарға соқтырды.

ХVғ. ортасына қарай бірнеше үлкен ұлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола құлады. Бұл ұлыстардың ең ірісі ХV ғ. 30-жылдары Ертіс пен Еділ аралығында құрылған Ақ Орда болды. Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

Алтын Орда дала елінде құрылған моңғолдардың алғашқы және соңғы мемлекеті. Өзінің саяси құрылымы жағынан басқа мемлекеттермен салыстырғанда толық болмағанымен де бір орталыққа бағыну жүйесі орныққан мемлекет. Одан былай қарайғы сол Алтын Орданың ыдырау нәтижесінде бой көтерген моңғол ақсүйектері құрған, оның үстіне бұл тұста жергілікті халықпен қан араластққа ұшыраған маңғолдар өз тілі мен дінінен де айырылды. Реті келгенде айтып кететін жағдай, моңғолдардың түркіленуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, жойқын соғыстармен келгн моңғолдардың саны жағынан аздығы, екіншіден, түркі тілдес халықтардың мәдениетінің деңгейі жоғары болды. Моңғолдардың үстемдігі мұндағы елдердің дамуына үлкен зардап тигізді. Ол тек қазақ қауымының экономикалық, мемлекеттік, әлеуметтік, мәдени дамуына кері әсер етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының қалыптасуын 200 жыл шамасындай уақытқа тежеді.

Ақ Орда

Алтын Орданың ханы Батый Шығыс Еуропаға жорықта өзіне болысқан інілеріне сойырғалға жер береді. /Сойрғал - соғстағы ерліктері үшін таратылатын жер/. Алтын Орданың сол қанаты Ақ Орда болып аталатын, ол жер Орда Еженге берілді. Жошы ұлысының екі қанатқа бөлініп тарихта Ақ Орда және Көк Орда болып атала бастауы XIII ғасырдың 30 жылдарына жатады. Тарихшы ғалымдар “Ақ Орда” атауының Кутбаның “Хұсрау мен Шырын” еңбегінде алғаш кездесетінін мәлімдейді.

Бұл екі иеліктің орны, олардың “Ақ”, “Көк” болып түспен аталуы туралы пікірталастар көп. Кейін біртіндеп бұл екі Орда қосылып, жалпы Ақ Орда деп аталып кетті. Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласы. Ақ Орда Ертіс, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігін, қазіргі Қазақстан орталығын алып жатқан кең байтақ өлке.

Ақ орда билеушілері өз иеліктерін кеңейту мақсатында жаңа жайылымдық жерлер үшін соғыстар жүргізді. Ол, әсіресе, Сыр бойындағы қалалар мен Жетісудың шұрайлы аймақтары үшін Шағатай әулетімен қақтығыстарынаң байқалады. Сыр өңірі олардың өздерінің экономикалық маңызымен қызықтырды. Ақ Орда негізін салушы Орда Ежен болып саналады. Ақ Орда билеушілері Алтын Ордаға жиі шапқыншылықтар жасап отырды. Орыс ханмен Мүбәрәк қожа тұсында Ақ Орда өрлеу байқалды. Әсіресе, Ақ Орданың нығаю кезеңі XIV ғ. Екінші жартысы- Орыс хан тұсы. Ол дербестік үшін күресіп, 1368 жылы Ақ Орданың хандық тағына отырды.

XIV ғасырдың екінші жартысы Ақ Ордада ішкі өзара қырқысу соғыстарының күшейген кезеңі. Соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін Тоқтамыстың әкесі өлтірілді. Тоқтамыс сұлтан Самарқанд билеушісі Әмір Темірге шағым айтып, әскери күш сұрады. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Әмір Темір Тоқтамысқа әскер бөліп, оған қарсы айдап салды. Тоқтамыстың жорығы 1374-1375 жылдары өтті. Жеңістің арқасында Тоқтамыс 1377 жылы Ақ Орданың хандық тағына отырды. 1380 жылы ол Сарайды, Қапсы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Бұл жағдай Алтын Орданың толық күйреуіне әкеп соқты. Оның үстіне моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірдің жорықтарының күшеюі моңғол билеушілерін бұрынғыдан да әлсірете түсті. 1381 жылдан Алтын Орданың да ханы болған Тоқтамыстың өрлеуіне себеп болған 1380 жылғы Куликово шайқасы еді. Мамайды сол жылы жеңгенмен орыс әскері де қатты шығындалды. Тоқтамыстың Русь княздығына шабуылының аяғы, Мәскеуге де қәуіп төңдірді. Мәскеу оқиғасынан кейін орыс княздарының бар тағдыры Алтын Орданың қолына өтті. Орыс княздарының таққа отыруы, салық жүйесі түгелдей Орда арқылы шешілді. Мысалы, 1383 жылы Нижнегород князы Дмитрий қайтыс болғанда, Тоқтамыс оның орнына Бористі қоюға жарлық берді. Күшіне мінген тоқтамыс 1385 жылдан бастап, алыс аймақтарға жорыққа шықты. Тебриз қаласын 100 мың әскер жіберіп жаулап алды.

Тоқтамыстың бұл әрекеті Әмір Темірді соғысқа итермеледі. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ жеріне де туын тіккен Шыңғыс империясының іргесін Әмір Темір шайқалтты. Тоқтамыс Әмір Темірден 1391, 1395 жылдары ойсырай жеңілді. Ол бас сауғалап Сібірге қашты. Әмір Темір Алтын Ордаға өзінің сенімді қолбасшысы Қойыршық Темір Құтылықты хан етіп отырғызды.

Темірдің жорықтары Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайына үлкен зардаптарын тигізді: отырықшылық, егіншілік мәдениет құлдырап, дәстүрлі шаруашылық әлсіреді.

Шыңғыс ұрпақтары Алтын Орданы қайта жандандыруға күш салды, бірақ бұл мүмкін емес еді. Түбінде Алтын Орданың күйреуі Ақ Ордаға да қыруар зардабын тигізіп әлсіретті. XV ғ. Басында Ақ Орданың ең соңғы ханы Орыс ханның немересі Барақ Темірланның ұрпақтарымен үлкен шайқастар үстінде қайтыс болды. Міне, осы себептердің бәрі негіз болып, Ақ Орда XV ғ. 20 жылдары құлады.

Батыс Түрік қағанаты: әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Құлдырау себептері.

Батыс түрік қағанаттың астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Батыс түрік мемлекетінің бірінші басшысы - қаған жоғарғы билеуші, бүкіл жердің иесі болды. Жоғарғы лауазымдар - жабғы, шад және елтебер қаған әулетінен шыққандарға берілді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі еңбекші халық - “қара бұдын” (қара халық) деп аталды. Жегуй қаған (610-618 жж. ) мен оның інісі - Түн-жабғы қаған (618-630 жж. ) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін кеңейтеді. Батыс түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен өрістеді.

VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.

ҒҒҒ

ҒҰН

Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б. з. д. 822 аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б. з. д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайлаған көсем басқарды. Б. з. д. 209 ж. Тоумань атты көсемнің баласы Моде өзін «жоғары мәртебелі» деп жариялап Ғұн мемлекет құру барысында қызмет ете бастады.

Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз саяси және экономикалық байланыстардың болмауы қатты әсер етті.

Б. з. д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен қатар бұрынғы бірлестік құрамында болған ғұндар б. з. д. 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжичжи шаньюй басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз тайпаларының қысымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен батысқа қарай қоныс аударды.

Ежелгі ғундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Сыма - Цянь, Бань - Гу, Фай Е.

Ғұн атауы алғаш қытай деректерінде б. з. б III ғ. ғ кездеседі. Ежелгі ғұн тайпалары Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген. Ғұндардың қоғамында патриархалды - рулық қатынастардың белгілері күшті болған. Деректердегі мәліметтерге қарағанда ғұндар 24 руға бөлініп, олардың басында ұрпақ ұлыстары отырған.

Ғұндар қоғамының әлеуметтік құрылымы өте күрделі болды. Мем-ті қолында шексіз билігі бар шаньюй басқарды. Оны «аспанның ұлы» д. а

Ғұндар қоғамының шаруашылық өмірі, экономикасы, әлеуметтік құрылымы көшпенділерге тән еді. Ғұндардың негізгі шаруа-ғы көшпелі мал шаруа-ғы болды. Сыма Цянь былай деп жазды: «Қытайдың солт. жағын қоныстанған олар өздерінің малдарымен бір жайылымнан екіншісіне ауысып отырады. Үй малдарынан жылқыны, ірі қараны өсіреді, су мен жайылымға байланысты бір жерден екіншісіне көшеді. Мал етімен қоректенеді, терісінен киім тігеді. Әсіресе ғұндардың тіршілігінде жылқының орны ерекше» деп айтады.

Мәдениеті: Ғұндар арасынада қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдардың көп табылғанынан белгілі. Қабырғаларда кездесетін н/е құмыра шеңберінде жасалған керамика, құмыралар мен көзелер, саптыаяқтар- құмырашы өнерінің жоғары дәрежеде өркендегенінің дәлелі.

Отан және әлем тарихындағы ғұндардың рөлі. - Ғұндар тарихта жақсы белгілі. Жоғалып кеткен халықтың аты жауынгерлікпен, қатыгездікпен, тағылықпен аталып жатқан. Ғұндар Атилланың басшылығымен еуропалық елдерге ойран салып, қырып-жойып кетіп отырған. Олар рим империясын құлатқан халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болды.

Ежелгі үйсіндердің әлуметтік және саяси тарихы

Б. з. д. ІІ - б. з ҮІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін - қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дәлел-деуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды.

Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: “Үйсін мемлекеті дегеніміз - үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б. з. д. ІІ - ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы “Усунь” деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес” . . . Аталмыш “Үйсін” деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған “Тарихнама - Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”, - деп көрсетеді.

Үйсін мемлекетінің негізгі терр-сы қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсі мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жағасында орналасқан.

Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда - үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Әлеуметтік қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйымдасқан әскері болып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.

Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары - тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара - малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралды және үй шаруашылығында пайдаланылды.

Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жазба деректер мәлімдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандарының көлемі әртүрлі - үлкен, орташа және шағын болып келеді

Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т. б. ) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады.

Үйсін шаруа-ғы:

Үйсіндердің шаруашылығы мен мәдениеті жайындағы деректер археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Қытай жазбаларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б. з. б. 105 жылы үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығы. Әсіресе, жылқы мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір байлардың 4-5 мың жылқысы болған. Сонымен қатар егіншілік те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір қожалықтар жартылай отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан суландыру жүйесінің іздері анықталды. Обалардан табылған мәдени мұралар қолөнер кәсібінің болғандығын да дәлелдейді.

Үйсін мемлекеті біртұтас ел ретінде б. з. ҮІ ғасырының ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қағанатының құрамына енеді.

Енисей және солтүстік моңғол жерінен табылған руналық мәтіндердің мазмұны мен маңызы. Ертедегі түрік жазуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Қытайтану (синология) жайлы
Қазақ елінің мәдени мұрасы
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
Жырау және тарих
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Ежелгі қазақстандағы психология ғылымының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz