Сыпатай Әлібекұлының өмірбаяны мен күрескерлік қызметі



Қазақ халқының рухани биіктігі мен біліктілігінің куәсі- бай фольклоры мен жазба әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тууы мен қалыптасу, даму жолдары оның белгілі өкілдерінің шығармашылықтарын зерттеуде айтарлықтай іс тындырылғаны да белгілі. Қоғамдық санаға байланысты дамып, өзіндік арна тартқан әдебиетіміз әлемдік деңгейге көтерілген ұлттық қазынаға айналуда. Дегенмен, әлі де зерттелмеген, арнайы зерттеуді қажет етер мұраларымыз да жетерлік. Соның бірі- Тараз өңіріндегі әдеби, тарихи мұралар дер едік. Атап айтқанда, елі мен жерінің бостандығы үшін ±лт- азаттыќ ќозѓалысына белсене ќатынасќан, шейіт болса да, аңыз бен әдеби кейіпкерге, көзі тірісінде ұранға айналған ±лт ќайраткерлерініњ бірі- єрі батыр, єрі би Сыпатай Єлібек±лы. Кезінде, солақай саясаттың ықпалымен айтылған кейбір пікірлер Сыпатайдыњ өмірі мен ол туралы жазылған дүниелерді зерттеуге мұрсат бермеді.
Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегелі жан- жағымызға үңіле бастадық. Өз туған жерінде мерейтойлары өтіп, басына кесене орнатылып, ескерткіштер қойылғанымен, арнайы ѓылыми зерттеулер әлі де толық жүргізілмей келеді. Батырдың көрсеткен ерлік істері, шешендігі мен көсемдігі ел есінен кетпепті. Ұрпақтан- ұрпаққа мирас етіп, табыстап келіпті. Тек кейінгі жылдары батырдыњ µмірі мен шыѓармашылыќ ќызметі зерттеушілер мен жазушылар: Ш.м±ртаза, Є.Жылќышиев, М.Ќалдыбаев, Б.Әбілдаұлы, Ж.Дәдебаев, С.Дєуітов, К.Аманкелдиев, М.Ќойгелдиев, Б,Єлімханов, О.Ќабылов, Р.Жаржанов т.б. журналистер, жазушылар ењбектерінде бейнеленді, назар аударыла бастады.
Барайын енді аяндап Сыпатайѓа,
Айтпай оны кетпеймін тегі жайѓа.
¦лы ж‰здіњ тірегі батырмын ѓой,
Бір болмаѓан ыѓай мен сыѓайыња,
Ќайыры ќарашыѓа сондай жаќсы,
Ќандырар сусындатып ќант пен шайѓа.
Байлыќ, баќыт тек оныњ ерлігінде,
Ерлікпен ел намысын берді кімге?!
¤њкей сасыќ байларыњ сен маќтаѓан,
Ќолдарынан т‰к келмей ж‰р µмірде.
Кіміњ бар Сыпатайдай тµњіректе,
Арѓымаќ мінгізеді ат керекке.
Т‰гендеп бір ж±мада бола алмайды,
Кµсілтіп ќамшы басып кµксерекке.
Ерлігі мен жомарттыѓы жаннан асќан,
Пайдасы тиіп жатыр к‰нде кµпке.
Кім маќтамас ќайырымды ер Сыпатайды,
Дєулетімен ораѓан Алатауды,
Ќанша халыќ аралап ж‰рсем – даѓы.
Жалѓанда кµргенім жоќ ондай жанды-(1.86-87) деп, Жамбыл Жабай±лы єспеттей жырлаѓан Сыпатайдыњ к‰рескерлік ќызметіне єдебиет тарихыныњ ќазіргі µлшемімен баѓа берер уаќыт жетті деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жабаев Ж. Тањдамалы. А., “Жазушы”, Ітом. 1982, 86-87бб;
2. Жолдасбекұлы М, Салғараұлы Қ, Сейдімбек А. Елтұтқа. “Күлтегін”, Астана. 2001, 150 – 152 бет.
3. Єзірбаев К. Ањыздар сыры. А., “Ќазаќстан”, 1969.
4. Әбділдаұлы Б. Қойгелді батыр, Төле би, Алматы, “Мерей”, 1992.
5. “Ақжол” газеті. 12.04.1992.
6. “Меркі µњірі” газеті. 24.06.2001
7. Исаќов Є. µткен к‰нде белгі бар. А., “Мерей”, 1995, 170-171бб;
8. Әбділдаұлы Б. Сыпатай, А., 2002.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЄОЖ 821.512.122(093)

СЫПАТАЙ ЄЛІБЕКҰЛЫНЫЊ ӨМІРБАЯНЫ МЕН КҮРЕСКЕРЛІК ЌЫЗМЕТІ

С.Д. ¤мірзаќов
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ.

Қазақ халқының рухани биіктігі мен біліктілігінің куәсі- бай фольклоры
мен жазба әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тууы мен қалыптасу, даму жолдары оның
белгілі өкілдерінің шығармашылықтарын зерттеуде айтарлықтай іс тындырылғаны
да белгілі. Қоғамдық санаға байланысты дамып, өзіндік арна тартқан
әдебиетіміз әлемдік деңгейге көтерілген ұлттық қазынаға айналуда. Дегенмен,
әлі де зерттелмеген, арнайы зерттеуді қажет етер мұраларымыз да жетерлік.
Соның бірі- Тараз өңіріндегі әдеби, тарихи мұралар дер едік. Атап айтқанда,
елі мен жерінің бостандығы үшін ±лт- азаттыќ ќозѓалысына белсене
ќатынасќан, шейіт болса да, аңыз бен әдеби кейіпкерге, көзі тірісінде
ұранға айналған ±лт ќайраткерлерініњ бірі- єрі батыр, єрі би Сыпатай
Єлібек±лы. Кезінде, солақай саясаттың ықпалымен айтылған кейбір пікірлер
Сыпатайдыњ өмірі мен ол туралы жазылған дүниелерді зерттеуге мұрсат
бермеді.
Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегелі жан- жағымызға үңіле бастадық.
Өз туған жерінде мерейтойлары өтіп, басына кесене орнатылып, ескерткіштер
қойылғанымен, арнайы ѓылыми зерттеулер әлі де толық жүргізілмей келеді.
Батырдың көрсеткен ерлік істері, шешендігі мен көсемдігі ел есінен
кетпепті. Ұрпақтан- ұрпаққа мирас етіп, табыстап келіпті. Тек кейінгі
жылдары батырдыњ µмірі мен шыѓармашылыќ ќызметі зерттеушілер мен жазушылар:
Ш.м±ртаза, Є.Жылќышиев, М.Ќалдыбаев, Б.Әбілдаұлы, Ж.Дәдебаев, С.Дєуітов,
К.Аманкелдиев, М.Ќойгелдиев, Б,Єлімханов, О.Ќабылов, Р.Жаржанов т.б.
журналистер, жазушылар ењбектерінде бейнеленді, назар аударыла бастады.
Барайын енді аяндап Сыпатайѓа,
Айтпай оны кетпеймін тегі жайѓа.
¦лы ж‰здіњ тірегі батырмын ѓой,
Бір болмаѓан ыѓай мен сыѓайыња,
Ќайыры ќарашыѓа сондай жаќсы,
Ќандырар сусындатып ќант пен шайѓа.
Байлыќ, баќыт тек оныњ ерлігінде,
Ерлікпен ел намысын берді кімге?!
¤њкей сасыќ байларыњ сен маќтаѓан,
Ќолдарынан т‰к келмей ж‰р µмірде.
Кіміњ бар Сыпатайдай тµњіректе,
Арѓымаќ мінгізеді ат керекке.
Т‰гендеп бір ж±мада бола алмайды,
Кµсілтіп ќамшы басып кµксерекке.
Ерлігі мен жомарттыѓы жаннан асќан,
Пайдасы тиіп жатыр к‰нде кµпке.
Кім маќтамас ќайырымды ер Сыпатайды,
Дєулетімен ораѓан Алатауды,
Ќанша халыќ аралап ж‰рсем – даѓы.
Жалѓанда кµргенім жоќ ондай жанды-(1.86-87) деп, Жамбыл Жабай±лы
єспеттей жырлаѓан Сыпатайдыњ к‰рескерлік ќызметіне єдебиет тарихыныњ
ќазіргі µлшемімен баѓа берер уаќыт жетті деп ойлаймыз.
Әлібекұлы Сыпатай (1782-1867) – Қоқан басқыншыларына қарсы күресте аты
шыққан батыр, ерлігі мен шешендігі, әділдігі мен ақылдығы ел жадында
сақталып қалған үлкен бедел иесі.(2.151-153) Шыққан тегі – Дулат тайпасының
Ботпай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты
танылған адам екен. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да намысқой, өр
кеуделі жігіт болып өседі. Кµне кµз қарттардан естігені бойынша Сыпатай
батыр кескінін Кенен Әзірбаев: “зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні
бір түп қамыстай, құлағында тұрған қырауды қамшысымен қағып түсіреді екен.
Сөзге де шешен, тапқыр болыпты” - деп суреттейді.(3)
ХІХ ғасырдың басында Сырдыњ тµменгі аѓысынан Аќмешітке дейін, шыѓысында
Жетісуѓа, оњт‰стігі мен оњт‰стік шыѓысынлаѓы ќырѓыз жерлерін қоқандықтар
басып алады. Басқыншылардың елге көрсеткен зорлық– зомбылығын көріп өскен
Сыпатай Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді.
Атқа мініп, қол жинап, елге қырғидай тиіп, салық жинап жүрген Қоқан ханының
жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті
жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді.
Арқадан ығысқан Кенесары хан оңтүстікке келіп, Қоқан, Хиуа хандығының
бекіністеріне шабуыл жасағанын естіп, содан рухтанып атқа қонған ел
азаматтарын бастап, Сыпатай да көтеріліске шығады. Кейін Кенесарыға барып
қосылады, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары
қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай одан бөлініп, өз әскерін бастап кетіп
қалады. Оның өзіндік бір себебі бар еді. Біз бұл тұрғыдағы Б.Әбілдаұлының
пікіріне құлақ асқанды жөн көреміз.(4)
Жиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды
екі батыры – Андас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші
қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындары елін Қоқан
басшыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп,
алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қонысына жер береді. Қалың малын
төлеп қыз әпереді. Қырғыздың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың
екінші әкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп
өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты
қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасап, екінші
отанына айналған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата жұртының
ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым- қатынасты бұзғысы келмейді.
Кенесары көтерілісі жеңілгеннен кейін, Қоқан езгісінен елді құтқарудың
жалғыз жолы- Ресей қарамағына өз еркімен ену деп түсінген ол орыстың
патшасы Александр ІІ-ге хат жазады. Орта Азияны жаулап алу құлқынын тесіп
отырған патша өкіметі кідірмей, 1863 жылы Верный қаласындағы полковник
Черняевқа Қоқан хандығына қарсы жорыққа дайындалуға бұйрық береді.
Сыпатай- сексен бес жыл жасаған өмірінің саналы алпыс жылын күрес–
тартыспен өткізіп, шапқыншылықта ерлігін, бейбіт күнде мәмілегерлігін,
әділдігін танытып, халқына қалтқысыз қызмет еткен ерлердің бірі.
Оңтүстік өңірінде Сыпатай есімді екі батыр өткен. Оның бірі ұлы жүздің
Шапырашты ішіндегі Есқжа руынан шыққан атақты Саурық батырдың баласы–
Сыпатай батыр, екіншісі - қазіргі Жамбыл облысы, Меркі жерінде өмір сүрген
халық қамқоршысы Сыпатай Єлібек±лы.
Өтептің баласы Сәмен деген батырды бетке ұстаған Ботпай рулары Іле
өзенінінің Балқашқа құяр сағасын жоғары өрлей қоныстанған. Осы Ботпай
жұртының ішінде сіңірі шыққан кедей ағайындылар Әлібек пен Өмірбек бірге
жасаѓан. Әлібектің тµрт ±лы болѓан, біраќ екеуі ерте ќайтыс болѓан, екі
ұлы ќалѓан. Олардың есімдері Жалайыр елінде өткен, ерлігімен елге әйгілі
қос батыр есімімен Аңдас, Сыпатай деп аталѓан.
Өсе келе ат жалын тартып мініп, жұртқа әділдігімен, батырлығымен, қамқор
істерімен көзге түсе бастаған Сыпатай ел назарына ерте іліккен. Сөйтіп,
оңтүстік өңіріндегі қазақ халқының қамқоршысы, ақылшысы бола бастаған.
Болашағынан зор үміт күттірген Сыпатайдың кемтарға берген көмегі, жарлы–
жақыбайларға жасаған жақсылығы, әділдігі мен ерлігі, мәрттігі Ботпай
жұртына ғана емес, төрт Дулатқа тегіс естіліп жатқан. Елінің болашағын-
ойлаған ұлы жүздің рулары-Ысты, Ошақты, Шапырашты, Жалайыр, Сиқым, тағы
басқалар Сыпатай төңірегіне топтасқан.
Қырғыз- қазақ арасындағы ру шабысын, барымтасын тоқтатып, қырғыздың бас
батыры Тілеубердіұлы Қанаймен бітім жүргізіп, достықты қалыптастырған.
Сөйтіп, 1806 жылы Қарабалтадан бастаған Таластың төменгі сағасына, оңтүстік
Түркістанға дейін созылған даланы төрт Дулаттың еншісіне алған. Келісім-
шарт бойынша қазақ- қырғыз халқы бір- бірінен барымта мен ұрлыққа, адам
өліміне себепкер шапқыншылыққа бармайтын болған. Ал егер шартты бұзғандар
болса Ресей заңымен жазаланып, өтініш- шағымдар дала заңымен шешілетін
болып келісілген. Келісім шартқа Әлі Әділов, Әкіш Аблаев, Рүстем
Асфандияров, Сөк Аблаев, Бүлен Шанхаев, Туғанбай, Қойгелді, Ачекке
Даирбеков, Сыпатай Әлібекұлы, Биқанбай Көпсалов, Сары Алтаевтар қол
қойған.(5)
“Ол жас кезінен – ақ жаһұттай жарқырап, ел көзіне ерте түскен екен...
Осы орайда, ертеректе көнекөз қариялардың айтқанынан есімде қалған шағын
бір хикаяны тілге тиек етсем деймін”- деп жазады Қыдырбек Амангелдиев
“Меркі тынысы” газетінде.
Сыпатайдың 16-17 дегі бозбала шағы болса керек. Ол кезде Сусымыр
жайлауын қырғыз- қазақ жаз бойы қатар жайлайды екен. Бірақ, кейінгі жылдары
қырғыз ханы Орманханның халық арасындағы асқан беделін арқа тұтынған
қырғыздың атқамінерлері екі елге қашаннан ортақ Сусамырды өздерінің
басыбайлы меншігіне балап, қазақтарды шетқақпайлап, жайлаудың шұрайлы
беттеріне жібермей, теріскейден жай беріп, жеки сөйлеп, жат пиғыл
байқатады. Екі елдің арасында жік түсіп, бөрік ұшып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы
Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
Ноғайлы әдебиеті
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Түрік-қазақ әдеби байланыстары
М.Мағауин – қазақ әдебиетін зерттеуші
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары
Пәндер