Қазіргі ғылымның жалпы сипаты: нақты әдістер мен нақты теорияларның жаңа деңгейі



1. Ғылыми танымның деңгейлері, формалары және әдістері
Ғылыми таным аса күрделі құрылымның үнемі даму үстіндегі біртұтас жүйесі, аталған жүйенің элементтері арасындағы өзара тұрақты байланысты білдіретін процесс. Ғылыми танымның құрылымы әр ортада әртүрлі көрінеді және өзінің арнайы элементтерінің жиынтығына сәйкес болуы мүмкін. Ғылыми танымның негізгі құрылымын қарастыра келе, В.И.Вернадский «ғылымның негізгі, анық (талассыз), мәңгілік қалқаны (оның негізгі ұйытқысы)» төмендегі басты элементтерден тұрады деп көрсетеді:1) Математикалық ғылымдардың барлық қыры; 2) Логикалық ғылымдар толығымен; 3) Олардың жүйесіндегі ғылыми фактілер, жіктеулер және ғылыми аппаратты қоса алғанда олардан шығарылған эмпирикалық жалпылау. Ғылыми білімнің бұл тұстары біртұтас ғылым ретінде қарқынды дамуда болады және олардың қамтитын аумақтары күн өткен сайын ұлғая береді. Сонымен қатар, В.Вернадскийдің пікірінше, біріншіден, жаңа ғылымдар толықтай осы элементтермен қамтылған және олардың көмегімен құрылады; екіншіден, жалпылау мен фактілердің ғылыми аппараты ғылыми жұмыстың нәтижесінде үнемі гоеметриялық прогресс бойынша дамиды; үшіншіден, ғылыми тұрмыстың тірі, динамикалық, өткенді қазіргі уақытпен байланыстыратын мұндай үрдісі адамның өмір сүру ортасына өз-өзінен әсер етеді, ол үрдіс биосфераны ноосфераға яғни ақыл-ой сферасына айналдыратын даму үстіндегі геологиялық күш болып табылады.
Ғылыми танымның субъектісі мен объектісінің өзара ықпалы тұрғысынан қарасақ, ғылым өзара бірліктегі ең қажет төрт компоненттен тұрады.
Ғылымның субъектісі – ғылыми танымның ең негізгі элементі – жеке зерттеуші немесе ғылыми қоғамдастық, ұжым, жалпы алғанда қоғам. Ғылымның субъектілері материалдық және рухани объектілердің әртүрлі құбылыстарын, қасиеттерін, ерекшеліктерін және өзара байланыстарын зерттейді. Ғылыми қызмет зерттеуші субъектінің арнайы дайындығын талап етеді, дайындық барысында ол тарихи және қазіргі концептуалды материалдарды және ғылыми зерттеуде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгереді.
Ғылымның объектісі– ғылыми танымның пәндік жағы, аталған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтін мәселесі, зерттеушінің барлық ой-танымы бағытталған нәрсе.
Ғылыми танымның пәні кең мағынада – объектілер әлемінен адам қызметі үрдісі кезінде танылатын қандай да бір шектеулі біртұтастық, немесе нақты объект, зат және оның түрлі ерекшеліктерінің, қасиеттерінің, байланысының жиынтығы.
Аталған ғылымға немесе ғылыми пәнге тән және оның пәнінің ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі ғылымның жалпы сипаты: нақты әдістер мен нақты теорияларның
жаңа деңгейі
1. Ғылыми танымның деңгейлері, формалары және әдістері
Ғылыми таным аса күрделі құрылымның үнемі даму үстіндегі біртұтас
жүйесі, аталған жүйенің элементтері арасындағы өзара тұрақты байланысты
білдіретін процесс. Ғылыми танымның құрылымы әр ортада әртүрлі көрінеді
және өзінің арнайы элементтерінің жиынтығына сәйкес болуы мүмкін. Ғылыми
танымның негізгі құрылымын қарастыра келе, В.И.Вернадский ғылымның
негізгі, анық (талассыз), мәңгілік қалқаны (оның негізгі ұйытқысы)
төмендегі басты элементтерден тұрады деп көрсетеді:1) Математикалық
ғылымдардың барлық қыры; 2) Логикалық ғылымдар толығымен; 3) Олардың
жүйесіндегі ғылыми фактілер, жіктеулер және ғылыми аппаратты қоса алғанда
олардан шығарылған эмпирикалық жалпылау. Ғылыми білімнің бұл тұстары
біртұтас ғылым ретінде қарқынды дамуда болады және олардың қамтитын
аумақтары күн өткен сайын ұлғая береді. Сонымен қатар, В.Вернадскийдің
пікірінше, біріншіден, жаңа ғылымдар толықтай осы элементтермен қамтылған
және олардың көмегімен құрылады; екіншіден, жалпылау мен фактілердің ғылыми
аппараты ғылыми жұмыстың нәтижесінде үнемі гоеметриялық прогресс бойынша
дамиды; үшіншіден, ғылыми тұрмыстың тірі, динамикалық, өткенді қазіргі
уақытпен байланыстыратын мұндай үрдісі адамның өмір сүру ортасына өз-өзінен
әсер етеді, ол үрдіс биосфераны ноосфераға яғни ақыл-ой сферасына
айналдыратын даму үстіндегі геологиялық күш болып табылады.
Ғылыми танымның субъектісі мен объектісінің өзара ықпалы тұрғысынан
қарасақ, ғылым өзара бірліктегі ең қажет төрт компоненттен тұрады.
Ғылымның субъектісі – ғылыми танымның ең негізгі элементі – жеке
зерттеуші немесе ғылыми қоғамдастық, ұжым, жалпы алғанда қоғам. Ғылымның
субъектілері материалдық және рухани объектілердің әртүрлі құбылыстарын,
қасиеттерін, ерекшеліктерін және өзара байланыстарын зерттейді. Ғылыми
қызмет зерттеуші субъектінің арнайы дайындығын талап етеді, дайындық
барысында ол тарихи және қазіргі концептуалды материалдарды және ғылыми
зерттеуде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгереді.
Ғылымның объектісі– ғылыми танымның пәндік жағы, аталған ғылымның
немесе ғылыми пәннің зерттейтін мәселесі, зерттеушінің барлық ой-танымы
бағытталған нәрсе.
Ғылыми танымның пәні кең мағынада – объектілер әлемінен адам қызметі
үрдісі кезінде танылатын қандай да бір шектеулі біртұтастық, немесе нақты
объект, зат және оның түрлі ерекшеліктерінің, қасиеттерінің, байланысының
жиынтығы.
Аталған ғылымға немесе ғылыми пәнге тән және оның пәнінің
ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі.
Ғылымның тілі – арнайы таңбалар жүйесі, табиғи және жасанды (белгілер,
символдар, математикалық теңдеулер, химиялық формулалар т.с.с.) тіл.
Жоғарыда аталғандардан басқа қырынан қарастырғанда ғылыми танымның
тағы да төмендегідей элементтері анықталған:
• эмпирикалық тәжірибелерден жиналған фактілік материалдар;
• оны алғашқы концептуалы категорияларға жалпылау нәтижелері;
• фактілерге негізделген мәселелер және ғылыми болжамдар
(гипотезалар);
• олардан шығарылған заңдар, принциптер және теориялар, ғаламның
бейнесі;
• философиялық негіздеме;
• әлеуметтік, мәдени, құндылықтық және дүниетанымдық негіздер;
• ғылыми танымның әдістері, ережелері, мұраттары;
• ойлау түрлері және басқа да элементтер, мысалы санадан тыс.
Сонымен қатар, барлық ғылыми білімнің құрылымында дәстүрлі ғылымилық
ұғымына кірмейтін элементтер де бар: философиялық, діни ойлау (елестету);
психологиялық стереотиптер, қызығушылық және қажеттік (мұқтаждық);
вербализацияға және рефлекске бағынбайтын инеллектуалды және сенсорлық
дағдылар; қарама-қарсылықтар мен парадокстар; жеке құмарлық және адасулар.
Осындай жағдайларды ескере келе, Вернадский ғылыми ойды анықтайтын
және ғылыми нәтижелер мен ғылыми қорытындыларды философиялық және діни
пікірлерден бірден айыратын бір негізгі құбылыс бар. Ол жалпыміндеттілік
және талассыз дұрыс жасалған ғылыми тұжырымдар, ғылыми пікірлер, ұғымдар
және қортыныдылар деп жазған.
Даму үстіндегі білім жүйесі ретінде ғылым екі негізгі кезеңнен тұрады
– эмпирикалық және теориялық. Оларға өзара байланысты әрі өзіндік
ерекшеліктері бар таным қызметінің екі түрі – эмпирикалық (тәжірибелік)
және теориялық (рационалды) зерттеу – ғылыми танымның негізін қалаған екі
формасы және құрылымдық компоненттер мен ғылыми білімнің деңгейлері сәйкес
келеді.
Эмпирикалық зерттеулер нақтылы объектіге бағытталған және бақылау мен
тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Бұл деңгейде сезімдік таным басым болды.
Мұнда рационалды ойлау және оның формалары (түсінік, талдау) қатысады,
бірақ олар бағынышты күйде болады. Сондықтан эмпирикалық деңгейде
зерттелетін объект өзінің сыртқы байланыстары мен көріністерінің
артықшылығы тұрғысынан бейнеленеді. Эмпирикалық зерттеуде бақылау мен
эксперименттен басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты
тәсілдер қолданылады. Факт эмпирикалық зерттеудің басты элементі және
ғылыми білімнің формасы болып табылады.
Факт (лат. factum – жасалған, істелген сөзінен): а) шындық түсінігінің
синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама- қарсылық; б)
эмпирикалық білімді тіркейтін ерекше ұсыныс, яғни бақылау мен эксперимент
барысында алынған білім. Факт ғылыми білім жүйесінің нақты логикалық
құрылымына енгенде ғана ғылыми болады. Н.Бор көрсеткендей, ешбір факт
белгілі бір ұғымдар жүйесінен тыс құрала алмайды. Қазіргі ғылым
әдіснамасында фактінің табиғатын тануда екі көзқарас қалыптасқан – фактінің
әр түрлі теорияларға қатыссыз және тәуелсіз екенін көрсететін фактуализм
және керісінше фактілер толықтай теорияларға тәуелді және теория өзгергенде
ғылымның факт қоры түгелдей ауысады дегенді алға қоятын теоретизм. Бұл
мәселенің дұрыс шешімі ғылыми факт теориялық жүктеме ала отырып,
салыстырмалы түрде теориядан тәуелсіз болады, себебі ол негізінен
материалды шындыққа негізделген дегенді қабылдау болмақ. Ғылыми танымда
фактілер жиынтығы гипотеза ұсынуы мен теория жасаудың эмпирикалық негізін
құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды түсіндіру,
белгілі болмағандарын болжау болып табылады. Фактілер теорияны тексеруде,
дәлелдеуде және терістеуде маңызды рөл атқарады: фактіге сәйкес келу ғылыми
теорияға қойылатын басты талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің
теориялық жүйесінің аса күрделі кемшілігі деп есептеледі. Дегенмен, егер
теория бір немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп
санауға болмайды, өйткені мұндай қарсылық теорияны дамыту немесе
эксперименталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін.
Теориялық зерттеу ғылымның түсінік (ұғым) аппаратының дамуымен,
жетілдірілуімен байланысты және шындық болмыстың байланысын, заңдылықтарын
жан-жақты тануға бағытталады. Ғылыми танымның бұл деңгейі білімнің
рационалды формаларын – ұғымдарды, теорияларды, заңдар мен басқа да ойлау
формаларын кеңінен пайдаланумен сипатталады. Ал сезімдік таным қосалқы,
яғни таным процесіне бағынышты болады. Теориялық таным құбылыстар мен
процестерді олардың әмбебап ішкі байланыстары мен эмпирикалық зерттеулер
мәліметтерін рационалды түрде өңдеу нәтижесінде қол жеткізген заңдылықтар
арқылы көрсетеді.
Теориялық зерттеуді ғылыми білімнің жоғары әрі ең дамыған формасы
ретінде қарастыра келе, оның проблема, гипотеза, теория сияқты құрылымдық
компоненттерін көрсетуге болады.
Проблема – теориялық зерттеудің формасы, оның мазмұнын әлі адам танып,
білмеген нәрсе қамтиды. Проблема таным процесі кезінде пайда болатындықтан
ғылыми танымның формасы емес, екі негізгі нәрсені қаулы және шешімді
қамтитын процесс болып табылады. Адам танымының даму жолының барлығы
алдымен бір проблеманың шешу жолын табу, одан соң жаңа проблемаларды
анықтау ретінде көрінеді.
Гипотеза – теориялық білімнің формасы, ғылыми теорияның фактілер
негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мәні әлі анықталмаған және
дәлелдеуді қажет ететін құрылымдық элементі. Ғылыми гипотеза әрқашан нақты
қандай да проблеманы шешу үшін, жаңа эксперименталды мәліметтерді түсіндіру
немесе теориядағы қайшылықтар мен эксперименттің теріс нәтижелерін жоққа
шығару мақсатында ұсынылады. Гипотезаның ғылыми білімнен алар орнын
көптеген атақты философтар мен ғалымдар атап өткен болатын. Атақты британ
философы, логик және математик А.Уайтхед жүйелі ойлау кейбір арнайы
қосымшалы жалпы жағдайларға арналған гипотезаларды пайдаланбай алға
баспайтындығын айтқан: Жеткілікті дамыған ғылым екі жағдайда алға басады.
Бір жағынан, білімнің дамуы жұмыста пайдаланатын басты гипотезаны анықтау
әдісінде байқалса, екінші жағынан, осы гипотезаларды түзету жұмыстары
жүргізіледі. Теориялық білімнің формасы ретінде гипотеза оның туындауы мен
негізделуіне қажет кейбір міндетті шарттарға сай болуы керек: ғылымда
қабылданған заңдарға, өзі түсіндіруге тиіс мәселе төңірегіндегі факті
материалдарына сәйкес болуы керек, формалды логика заңдарына қайшы келмеуге
тиіс, қарапайым әрі дәлелдеуге немесе терістеуге келетін болуы керек.
Теория ғылыми білімнің ең дамыған және күрделі формасы. Ғылыми
білімнің басқа формалары – ғылымның заңдары, жіктеулер, топтастырулар,
алғашқы түсіндіру сызбалары теорияның туындауына алғы шарттар жасайды.
Сонымен қатар, олар көп жағдайда теориямен бірге өмір сүреді, ғылым
жүйесінде оған ықпал ете отырып, тіпті құрылымдық элементі ретінде теорияға
да кіреді. Ғылыми білімнің басқа формаларынан теорияның өзіндік ерекшелігі
ол болмыстың белгілі бір саласындағы кездесетін байланыстар мен заңдылықтар
– аталған теорияның объектісі туралы тұтас көрініс болуында. Ғылыми
теорияға Ньютонның классикалық механикасы, Дарвиннің эволюциялық теориясы,
Эйнштейннің сәйкестік теориясы. Эйнштейннің пікірінше, кез-келген теория
төмендегі белгілерге (критерийлерге) жауап беруі тиіс: тәжірибе
мәліметтеріне қарсы шықпау; тәжірибе жасалған материалдар бойынша тексеруге
келетін табиғилығымен; логикалық қарапайымдылығымен ерекшелену; неғұрлым
анықталған жағдайдан тұру; көріктілігімен, сұлулығымен, үйлесімділігімен
ерекшелену; қолдану аясының кең болуы; жаңа, жалпылама теорияларды жасауға
жол сілтеу. Өзінің құрылысына қарай теория іштей бөлінген
(дифференцияланған), бірақ бір элементтің екіншіге логикалық жағынан
тәуелді болатын және теория мазмұнының кейбір пікірлер мен ұғымдар
жиынтығы, арнайы логика- әдіснамалық ережелер арқылы шығарылатындығын
сипаттайтын біртұтас білімдер жүйесін құрайды.
Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлері бір- бірімен
тығыз байланысты. Эмпирикалық зерттеулер бақылау мен эксперимент арқылы
жаңа мәліметтер ала отырып, теориялық зерттеудің дамуын ынталандырады,
оларға жаңа міндеттер жүктейді. Теориялық зерттеулер ғылымның теориялық
мазмұнын дамыта, нақтыландыра түсіп, фактілерді болжау мен түсіндірудің
болашағын, жаңа жағын көрсетеді, эмпирикалық зерттеуді бағыттап отырады.
Ғылым біртұтас динамикалық жүйе ретінде тек жаңа эмпирикалық зерттеулермен
байып, оларды теориялық құралдар жүйесі, таным формалары мен әдістерінде
пайдалана отырып қана, сәтті дамуы мүмкін. Ғылым дамуының белгілі бір
сатысында эмпирикалық зерттеу теориялық зерттеуге өтеді және керісінше. Бұл
ұғымдардың біреуін дамыту үшін екінішісін тежеуге болмайды.
Ғылымда шынайы білімді алу мен негіздеу түрлі ғылыми әдістер арқылы
жүзеге асырылады.
Әдіс (гр: metodos – зерттеу жолы немесе таным) – іс-әрекетті
практикалық және теориялық жағынан меңгеру ережелері, тәсілдері және
операцияларының жиынтығы. Ғылыми білімдегі әдістің негізгі қызметі –
белгілі бір объектіні тану үрдісін іштей ұйымдастыру және бақылау.
Әдіснама әдістер жүйесі, жалпы әдістер теориясы ретінде анықталады.
Қазіргі әдістер жүйесі ғылымның өзі сияқты сан алуан. Ғылым зерттейтін
объектілердің мазмұны жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
әдістерін бір-бірінен айыратын белгі рөлін атқарады. Өз кезегінде
жаратылыстану ғылымдарының әдістері іштей өлі табиғатты және тірі табиғатты
зерттейтін әдістер болып бөлінеді.
Әдістің сипаты көптеген факторлар арқылы анықталады: зерттеу
нысанымен, қойылған міндеттің жалпылығы, жинақталған тәжірибе, ғылыми
білімнің даму кезеңдерімен және т.б. Ғылыми білімнің бір саласына
пайдаланған әдіс басқа салада көздеген мақсатқа қол жеткізуге көмек бере
алмауы мүмкін. Ғылыми пәннің қалыптасу дәуірінде қолданылған әдістер ол
дамыған сайын аса күрделі және жетілдірілген әдістерге орын босатады.
Дегенмен көптеген жетістіктер бір ғылымда жоғары нәтиже көрсеткен әдістерді
басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны
Келіссөздер
Тұлға теорияларының компоненттері
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
Әлеуметтік жұмыста болжаудың типологиясы
Философиядағы таным мәселесі
Әдістеме - таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің бірлігі
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері жайлы ақпарат
Пәндер