Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Әлеуметтану ғылым ретінде

б) Даму кезеңдері

в) Деректер мен зерттеулер

г) Әлеуметтік мектептер мен өкілдері

3. Қорытынды

Кіріспе

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің"Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.

Негізгі бөлім

Әлеуметтану ғылым ретінде

"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "По­зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Пла­тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға­сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді. Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы­лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді. Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті.

Даму кезеңдері

Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі. Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар) . Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н. Макиавелли, Ж. Боден, Т. Гоббс және т. б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы) . Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш. Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т. б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады.

Зерттеулер мен деректер

Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т. б. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М. Вебер, Э. Дюркгейм және т. б. ) . 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады. Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды) . Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т. б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті - отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Бірінші кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады. Екінші кезең - метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді. Үшінші кезең - позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм - дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм - пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм - бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады. Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент, салыстырмалы және тарихи әдіс. Әлеуметтанудың кейінгі дамуына Конт еңбектерінің маңызы зор болды. Қазіргі батыс әлеуметтанушылар Контты әлеуметтанудың әкесі деп бағалайды. Конт еңбектерінде нақты эмпирикалық зерттеулерге көшу алғышартын қалыптастырды. 19ғ. аяғы мен 20ғ. басында әлеуметтік ойдың негізгі бағыттарының сипаттамасына тоқталайық. 19ғ. аяғы мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л. Гумплович, А. Гобино және т. б.

Әлеуметтік мектептер мен өкілдері

Биорганикалық мектеп өкілдері , әлеуметтанудың негізін салушылардан гөрі, қоғам ағза деп дәйектеді және қоғам мен ағза арасындағы жаңа ұқсастықтарды іздеумен айналысты. Олардың ойынша, мысалы, сауданың қоғамдағы қызметі, ағзадағы қанайналым қызметімен тең келеді, ал үкімет қызметі бас миы қызметіне ұштастырылады. Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші». Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Осылай биорганикалық мектеп әлеуметтік тұтастық құрылымына назар аударса, нәсілдік-антропологиялық - адамның биологиялық табиғатының, оның нәсілдік қасиеттері мен генотипінің қоғамдық өмірге ықпалын, ал социал-дарвинизм - өмір сүру үшін күрес пен тұқым қуалаушылық, географиялық мектеп - географиялық сала мен кеңістігінде адамдардың орналасуы. Әлеумет - дарвинизмнің негізгі идеясы бұл барлық табиғаттағы қозғалыс күшін адамның қозғалыс күшімен байланыстыру болды. 19ғ II жартысы 20ғ басында пайда болған антропологиялық мектептің негізгі бағыттары төмендегідей болаты: а) әлеуметтік өмір мен мәдениет антропологиялық қозғалыс факторының нәтижесі; ә) көршілік қауым өзара интеллектуальдық, шығармашылық және басқада жағдайларда бір- бірімен тең емес; б) көпшілік қауым байланысқан жалпы физика- антропологиялық белгілер әлеуметтік- тарихи процестердің негізгі субъектісі болып табылады; в) адамның әлеуметтік тәртібі немесе қозғалысы бұл биологиялық үрдістермен байланысты. Демографиялық мектеп (өкілдері М. Ковалевский, К. Джини, Дж. Браунли) халық тығыздығы мен мөлшерінің әртүрлі әлеуметтік -мәдени құбылыстарға ықпалын зерттеуге көніл бөлді. Өмір үдістерінің статистикалық зерттеулері (туу, өлу, неке, ажырас және т. б. ) арнайы халық әлеуметтануын белгілейді. Тығыздық биологиялық факторлары мен халықтың мөлшері әлеуметтік ұйымдастырудың, саяси құрылыстың, идеологияның сәттері мен сәтсіздігін айқындау - бұл әлеуметтік мектептің негізгі оқытуын құрайды. Географиялық мектеп өкілдері : Э. Реклю, Ж. Ратцель, Л. Мечников ойынша, өмірлік кеңістік мемлекеттің саясатын белгілей алады. Бұл мектеп әлеуметтану үшін құнарлы ойлар әкелді, географиялық ортаның және оның бөлек компоненттерінің (климат, ландшафт және т. б) айрықша рөлі. Психологиялық мектеп (Л. Уорд, Ф. Гиддингс, Г. Тард, Г. Лебон, Ч. Кули) . Әлеуметтануда психологизм әлеуметтік үрдістерді адамдардың психологиялық қасиеттері негізінде түсіндіріледі. Психологиялық әлеуметтану бағытының 19ғ. соңында пайда болуы, психология жетістіктерімен, әсіресе тәжірибе саласында байланысты болды. . Психологиялық бағыт күрделі құрылымға ие болды. Онда психологиялық эволюционизм (өкілдері Л. Уорд пен Ф. Гиддингс), топтық психологиялық (француз социологы Гюстов Лебон), еліктеу психологиялық (француз социологы Габриэль Тард) және интеракционизм(тұлға аралық өзара әрекетін зерттейтін бағыт) қағидалары ажыратылады. Қосымша қоғамдық институттфр (сынып, ұлт, партия және т. б) қоғамның әлеуметтік құрылымын құрайды. Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қоғамның нақты мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді. Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі М. Вебермен терең ықпал етілді. Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. . ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді. Бұл дегеніміз - арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді. Статистиканың А. Кетле, Ч. Бут, А. Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау. Қазіргі заманда эмпирикалық әлеуметтану ғылыми білім саласында сандық өзгерістермен байланысты болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алғаш рет АҚШ-та құрылып, бірте-бірте басқа елдерге кең тарады. Әлеуметтанушылар эмпириктер кәсіпті әрекеттің жаңа түрін қалыптастырды. Бұл эмпирикалық әлеуметтану саласынан социологиялық қағидаларды ығыстырудың басталуына әкелді. Осы уақытта социологиялық қағидалық ойдың карқында даму кезеңі өтті. Дәл осы кезеңде әлеуметтануда теориялық және эмпирикалық зерттеудің деңгейлері -макро және микроәлеуметтану арасында қарама-қайшылық туындады. 1918-1920 ж. ж. жарық көрген Ф. Знанецкий мен У. Томастың «Польский крестьянин в Европе и Америке» деген еңбегі әлеуметтануда эмпирикалық әдістердің дамуы мен бекітілуінде үлкен рөл атқарды. Дәл осы жолы алғаш рет жеке бас құжаттар анализінің әдісі өңделген және негізделген. Осы әдісте белгілі бір қиындықты шешу үшін адамның әлеуметтік оқиғаларға қатысын көрсететін материалдарды жинайды және жалпылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану туралы
XIX –XX ғасырлардағы әлеуметтанушылардың көзқарастары
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Әлеуметтік ақыл-ой тарихы
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Білім беру әлеуметтануы
Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz