Демэкология немесе популяциялар экологиясы



Жоспар
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім а) Демэкология немесе популяциялар экологиясы б) Түрдің популяциялық құрылымы в) Популяциялар динамикасы.
3.Қорытынды
Кіріспе
Экология ерте заманда пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған.
Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология ғылыми пән ретінде XX ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. . Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т. б. сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линнейдің ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағанын көрсетеді. Франңуз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Экологияның бірнеше салалары бар. Олар: аутэкология, демэкология, синэкология, геоэкология, эйдэкология.

Жоспар
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім а) Демэкология немесе популяциялар экологиясы б) Түрдің популяциялық құрылымы в) Популяциялар динамикасы.
3.Қорытынды

Кіріспе
Экология ерте заманда пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған.
Экология сөзі гректің оіkоs - үй-жай және lоgos - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология ғылыми пән ретінде XX ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. . Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т. б. сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линнейдің ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағанын көрсетеді. Франңуз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Экологияның бірнеше салалары бар. Олар: аутэкология, демэкология, синэкология, геоэкология, эйдэкология.

Негізгі бөлім
Демэкология немесе популяциялар экологиясы
Популяция (лат. populus -- халық, тұрғын халық) -- белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайындаөзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 -- 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы -- популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.
Популяция туралы түсінік әрбір түр белгілі бір аумақта - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
Популяция ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.
Популяция ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік түруші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар. Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуан түрлілігіне, құрылымдық - Функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады. Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: ағза-популяция-биоценоз-биогеоценоз -биосфера Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың Филогенетикалық байланысын: ағза-популяция-түр-тұыстұқымдас-отр яд-класс-патшалық көрсететін генетикалық- эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.

Түрдің популяциялық құрылымы Түрдің популяциялық құрылымы әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда) тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б. анықтайды. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласып жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипатталады. Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды. Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл, бөгеттер - үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.
Популяциялар құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология
Демэкология популяциялар экологиясы
Дара организмдер экологиясы
Популяциялар экологиясы (демэкология) туралы ақпарат
Популяция тығыздығы
Жалпы экология
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Пәндер