Жұмабаев Мағжан Бекенұлы



1)Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (25.06.1893, қазіргі Оңт.Қазақстан обл., Булаев ауд,. Сасыққөл басында - 19.03.1938) - ақын, аудармашы. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-23 ж. «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-26 ж. Москвада көркем әдебиет институтта оқиды. 1927-29 ж. Бурабай, одан соң Петропавлда муғалімдік, о,ытушылық қызметтер атқарады. Ақындық өнермен Қызылжар медресесінде оқып жүргенде айналыса бастайды. 1912 ж. Қазан шаһарында Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жиңағы жарық көрді.
Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді («Шын сорлы»)халқын өнер білімге шақырды (« Ләззат қайда», «Жазғы таң», «Сорлы қазақ», «Өнер!білім қайтсе табылар», «Балалық шақ»). Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады («Жас келін», «Зарлы сұлу», «Сүйгеніме», «Алданған сұлу»).
Ағартушылық реализмі қрістей келіп сыншыл реализмге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артуға үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Ақын халқымен бірге күйзелді, назаланды, ашу!ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (« Жарыма», «Есімде...тек таң атсын», «Жаралы жан», «Мен жастарға сенемін»). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсәресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жарлы жан», «Айға»). Мағжан символизміндегі ерекшелік - тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі екендігі мәлім.
Жұмабаев поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түрік тақырыбы. Мұнда реалистік һәм романтикалың сарындар астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы, сайып келгенде, ұлт-азаттық тақырыбы айдынына құяды, отаршылдыққа қарсы жанқиярлық күреске қайрап шындайды («Орал тауы», «Қазақ тілі», «Тез барам», «Түркістан», «Тұранның бір сауында», «Орал»).
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын терендетті, жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетті, адамның небір тылсым сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның әсіресе махаббат лирикасына тән («Сүй, жан, сәулем»). Мағжан әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты жырлаушылардың біріне жатады. («Айда атыңды, Сәпсемба», «Шойын жол»). Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, ол оның ұлттық мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Ол табиғатты аялауға шақырды. Жұмабаев ақын қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ол қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрады. Көп жылдар бойы Жұмабаевқа буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Оны қазақ даласындағы қас жауы етіп көтеруге тырысты. Шын мәнінде, ақын «кенестік ағысты» жатсынған жоқ. Оған «Қызыл жалау» өлеңі, «Тоқсанның тобы» атты өлеңдер куә.
Кеңес жылдары Жұмабаев екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқы 1922 ж. Қазанда, екіншісі - Ташкенте басылып шықты. Ақынның және бір пейіл қойып, ықыластана, беріле істеген қызметі - педагогика саласы. Мектеп оқушыларына , мұғалімдерге арнап «Педагогика»(1922,1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялады.
М.Жұмабаев аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
2) Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Мағжанның туып өскен жері – Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.
Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1)Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (25.06.1893, қазіргі Оңт.Қазақстан обл., Булаев ауд,. Сасыққөл басында - 19.03.1938) - ақын, аудармашы. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде оқиды. Осында жүріп Садақ журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып Бірлік әдеби үйірмесін құрысып, оның Балапан атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-23 ж. Бостандық туы, Ақжол газеттерінде және Шолпан журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-26 ж. Москвада көркем әдебиет институтта оқиды. 1927-29 ж. Бурабай, одан соң Петропавлда муғалімдік, о,ытушылық қызметтер атқарады. Ақындық өнермен Қызылжар медресесінде оқып жүргенде айналыса бастайды. 1912 ж. Қазан шаһарында Жұмабаевтың Шолпан атты өлеңдер жиңағы жарық көрді.
Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді (Шын сорлы)халқын өнер білімге шақырды ( Ләззат қайда, Жазғы таң, Сорлы қазақ, Өнер!білім қайтсе табылар, Балалық шақ). Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады (Жас келін, Зарлы сұлу, Сүйгеніме, Алданған сұлу).
Ағартушылық реализмі қрістей келіп сыншыл реализмге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артуға үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Ақын халқымен бірге күйзелді, назаланды, ашу!ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды ( Жарыма, Есімде...тек таң атсын, Жаралы жан, Мен жастарға сенемін). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсәресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді (От, Пайғамбар, Күншығыс, Жарлы жан, Айға). Мағжан символизміндегі ерекшелік - тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі екендігі мәлім.
Жұмабаев поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түрік тақырыбы. Мұнда реалистік һәм романтикалың сарындар астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы, сайып келгенде, ұлт-азаттық тақырыбы айдынына құяды, отаршылдыққа қарсы жанқиярлық күреске қайрап шындайды (Орал тауы, Қазақ тілі, Тез барам, Түркістан, Тұранның бір сауында, Орал).
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын терендетті, жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетті, адамның небір тылсым сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның әсіресе махаббат лирикасына тән (Сүй, жан, сәулем). Мағжан әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты жырлаушылардың біріне жатады. (Айда атыңды, Сәпсемба, Шойын жол). Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, ол оның ұлттық мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Ол табиғатты аялауға шақырды. Жұмабаев ақын қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ол қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрады. Көп жылдар бойы Жұмабаевқа буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Оны қазақ даласындағы қас жауы етіп көтеруге тырысты. Шын мәнінде, ақын кенестік ағысты жатсынған жоқ. Оған Қызыл жалау өлеңі, Тоқсанның тобы атты өлеңдер куә.
Кеңес жылдары Жұмабаев екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқы 1922 ж. Қазанда, екіншісі - Ташкенте басылып шықты. Ақынның және бір пейіл қойып, ықыластана, беріле істеген қызметі - педагогика саласы. Мектеп оқушыларына , мұғалімдерге арнап Педагогика(1922,1923), Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні еңбектерін жариялады.
М.Жұмабаев аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
2) Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Мағжанның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен - көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.
Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы Ғалия медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.
Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады.Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.
Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел - жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар - адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.
Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан Батыр Баян, Қорқыт, Жүсіпхан сияқты поэмалар туған. Батыр Баян поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі - батыр Баян. Батыр Баян поэмасы алашым деп еңіреп, майданда жолбарыстай ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.
Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев -- көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері туралы кемеңгер жазушымыз кезінде көрегенді ой айтқан еді.
ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі -- ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, бұл білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан білім жолында іздене түседі.
Жан -- жақты білімін жетілдірген Мағжан Жұмабаев бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алып, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Сөйтіп өзі де әдебиетпен шұғылдана бастайды. 1912 жылы небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен Шолпан атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазан қаласында басылған өлеңдер жинағында Мағжан жалындаған жасқа тән махабатты емес, ел - жұртының тағдырына алаңдаған әлеуметтік, ауқымы кең мәселелерді көтереді.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп халқына деген шексіз махаббатын жырлаған Мағжан алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өлеңдерін жариялап тұрған. Ол Міржақып Дулатұлының Оян, қазақ өлеңінің рухында Жатыр деп аталатын жырын жазады. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеуде оқыған кезде батыс Еуропа әдебиетімен, орыстың жазушы-ақындарымен етене жақын таныс болған.
1924 жылы Мәскеуде Кеңес пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылады. Социалистік реализімді орнату мақсатындағы бұл ұйымның Қазақтанда жүзеге асуына әдебиетте жүрген зиялы қауым өкілдері қарсы болады. Шығармашылық адамының өз ой-пікірін айтуына тосқауыл жасайтын саясатқа келіспеген қайраткерлер қатарында болған Мағжан сол жылы Мәскеуде жүріп Алқа ұйымын құруға әрекет жасайды. Қазақ жазушыларының басын ұлтттық бағытқа біріктіріп, Семей, Ташкент, Петропавлда жүрген белсенді қайраткерлерге Табалдырық атты жаңа бағдарламаны қолжазба түрінде таратып, өзінің саяси ұстанымын білдірген.
Өкінішке орай, ұлттық мүддені көздейтін құжат жарыққа шықпайды. Бірақ, осы әрекеті үшін 1929 жылы Мағжан Жұмабаев жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Сол кезеңде Мағжанның осы бастамасы қазақ зиялыларына терең ой тастап, қоғамның шынайы болмысын суреттеген туындылар жарық көре бастайды. Мысалы, Мұхтар Әуезов Хан Кене шығармасын жазса, Мағжанның Жүсіпхан деп аталатын көркем дүниесі соның айғағы.
Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда Мағжан ұлт -- азаттықты поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. 1929 -- 1938 жылдар аралығында көркем туындылары тоқырауға түскен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі тек 1936 жылы ғана бостандыққа шығып, Қазақстанға қайтып оралады. Петропавл қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда, оны қалалық оқу ісінің меңгерушісі саяси айыптап, қызметінен босатады. 1937 жылы Алматыға келіп аударма ісімен айналысқан Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатыр өлеңі
Қазағым өлеңі
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы туралы ақпарат
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж), Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж)
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Пәндер