Сан тарихына үңілсек


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І тарау Сан тарихына үңілсек . . . 3

  1. Сандар саны сан алуан: ұлттық пайымдар . . . 3
  2. Қасиетті сандардың көркем шығармаларда зерттелуі . . . 7

ІІ тарау Қасиетті «жетілер » . . . 8

2. 1 Жеті санына қатысты көркем шығармалардағы пайымдар . . . 16

2. 2 Үш санының қасиетті симантикасы . . . 17

2. 3 Киелі үш санымен байланысты ұғымдар . . . 25

2. 4 Тоғыз санына қатысты көркем шығармалардағы пайымдар . . . 27

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Көркем шығармаларда қасиетті сан атаулары айрықша орын алады. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған.

Адам баласының даму тарихында есептің, яғни сандардың алар орны айрықша. Дүиенің бәрі есептен тұрады. Халқымыз ерте кезден-ақ, әр нәрсенің шамасын, мөлшерін, бір затпен екінші заттың тең еместігін білген.

Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан киелі сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.

Курстық жұмысының мақсаты: қазақ халқының салт- санасы мен ата- бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандардың көркем шығармаларында қолдану аясын зерттеу. Курстық жұмыстың міндеттері:

- Қасиетті сандармен танысу;

-Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру;

- Қасиетті 7сандардың орнын көрсету;

І тарау Сан тарихына үңілсек

Сан ұғымы математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі. Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал нәрселерді санау болды. Адам саннан бұрын-ақ «санауды», «түгендеуді» білген деуге болады. Осы санау, түгендеу әрекеттері негізінде сан ұғымы туды, біртіндеп кеңейді. Ежелгі қазақтардың төрт түлік малдарын санамай түгендеуі осының нақты мысалы. Ел аузындағы «түгендеймін санамай» деген сөз тіркесі осыны аңғартады. Осылайша сан ұғымы баяу дамыды, сандар шекарасы біртіндеп кеңейді. Қазақ тілінде 40 саны бір кезде сандар шекарасы болғанын сипаттайтын сөздер көп кездеседі: «40 шілтен», «40 уәзір», «30 күн ойын, 40 күн тойы», «Қырық құрау, қырық жамау», «қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» т. б. Түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырып, олардың бізге жеткені халық педагогикасынан байқалады. Мысалы: Ай - біреу, Күн - біреу. Осы бір санының сөздік баламалары - жеке, дара, жалғыз, саяқ деген ұғымдарды білдіреді. Енді адамдар 2 санын меңгере бастады, ал бұл санның баламалары - жұп, қос, егіз болса, жұптап тұратын ұғымдар пайда болды: екі көз, екі қол, екі құлақ. 1 мен 2 санынан кейін адамдар 3 санын ұзақ жылдар үйрене бастады. Бұл сан тұрмыста өте жиі кездеседі. Мысалы, ошақ бұты, тері киім 3 бойдан (кеуде мен жең) тұрады, шалбар да 3 бойдан (бел мен балақ) тұратынын байқаған. Осылайша, алақандағы 5 саусақты меңгеріп, екінші алақандағы саусақтарға көшіп отырған. Сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады. Сандық ұғымдар бізді қоршаған дүниенің бір жағын, яғни сандық қатынасын білдіреді.

  1. Сандар сыры сан алуан: ұлттық пайымдар

Сан - терең және қолдану ауқымы өте кең ұғым. Негізінен, сандық атау бола тұрып, адам өмірі мен табиғат өңірінен бастап, шаруашылықтың, оқу - білімнің, денсаулықтың, ғылымның түрлі салаларының жаңа қыры мен сырын ашып, өздеріне тән қасиеттерін байытады, сапалық мән, жаңа өң береді. Сан ой салады және екшейді. Кейбірі әлдебір себептерден халық ұғымында «жағымсыз» сипат алған. Мысалы, Еуропа елдерінде көптеген халық 13 санын жаманат, қауіп - қатер нышанына балап, күнделікті тіршілікте қолданыстан аластауға тырысады (қала үйлерінің реттік санында 12-ден соң 13ті аттап өтіп, 14 есептелеуі, ауруханада 13 сандық палата болмауы, т. б. ) Қазақтың кейбір ұлыстарында айдың 27 және 29 жаңаларын ақыр жеті, ақыр тоғыз атап, ол күндері алыс сапарға шықпау, мал сойып, қонақ шақырмау, тағы басқа үрдістер қалыптасқан. Жалпы алғанда, халықтың ой байламында санның философиялық мәні бар. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Жалпы таным проблемасымен байланысты наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз орамдарында өте көп кездеседі. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, сапалы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ой, мақсат пен мағына болатынын сезе, түйсіне білген. Аталған ұғымдар - мәдени мұрамыз, тіліміздей ерекше тапқырлық өнеріміздің биік әрі шеберлік көріністерін бай қазынасы, халықтың өмірлік тәжірибесі мен парасатты пайымы.

Сонымен, сандардың қандай сыры бар? Саны. Бір санының қасиетін халық ежелден Жаратушымен байланыстырған. Содан да «Алла - бір, пайғамбар хақ» дейміз. Адамның асыл мүшесі - жүрек те біреу. Саны - тіршіліктің негізі. Қосылу толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара.

Халқымыз «Жалғыздық тек бір Аллаға жарасқан» дегенде, екеу болып бас құра, ұрпақ өрбіт дейді. Мысалы, «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Екінің бірі, егіздің сыңары». Санына ұлтымыз салмақпен қараған. Үш санының қасиетін барша халық бағалаған. Қазақ қауымы ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтергенде отбасылық үштікті негізге алған. Отбасы үштік бірліктен құралған. Әке мен шеше және бала. Кәдімгі ошақтың үш бұты бар. Үлкендер бір-бірімен шүйіркелескенде «Ошақтың үш бұтындай емеспіз бе?» деп жақын тартады. Үштікті халық бірігудің негізіне жатқызған. «Үйірімен үш тоғыз», «Үш жүздің баласымыз», «Ер кезегі үшке 6 дейін». Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын салт дәстүрдің бірі шілдехананың да үш күн, үш түн бойы күзетуінің де себебі бекер емес. Яғни жаңа босанған ана мен жас нәрестені назардан тыс қалдырмай, сыртқы кері әсерлерден қорғау сенімінен туындаған ырым. Қазақ ұғымында осы күні, яғни аптаның үшінші күні басталған істің бәрі сәтті болады деп сапарға шығатын болған. Қазақ тілінде «жеті» тәрізді көп айтылмағанымен «үш» пен «тоғыздың» да ала-бөле қолданылатын жері бар. Мұсылман елдерінің ауыз бекіткен «Ражаб», «Шабан», «Рамазан» айларын басқа айлардан бөліп алып, айрықша «Үш айлар» деп атаған.

«Үшті» құрметтеу ислам дінінде де бар. Мәселен, қасиетті «Ыхылас» сүресі, кез келген аятты оқығанда үш рет қайталанып отырады. Түйіндей келгенде, «Үш - жаратылыстың дамуынан алғашқы баспалдағы немес даму заңдылығы «үштен» бастау» алады деген сөз.

Сандармен сырласа білген халқымыз тек «7» және «9» санын ғана емес, сонымен қатар «4» санына да ерекше көңіл бөліп қастер тұтқан «Бірінші бала - үй баласы, Екінші бала - ауыл баласы, Үшінші бала - аймақ баласы, Төртінші бала - ел баласы» - деп айтқанда бабаларымыз 4 санына сенім артып, одан жақсылық күтсе керек-ті. Бұл санды қаншалықты қастер тұтқанын халқымыздың мына жорамалдарынан аңғаруға болады. Төрт тұлға: От, Су, Жел, Жер. Төрт құбыла: Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік. Төрт асыл: Иман, Намаз, Ілім, Мейір-Шапағат. Төрт кітап: Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран.

Төрт тілсіз жау: Өрт, зілзала, жұт, сел. Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, Нақақтан қан төгу, Ата - анаға қол тигізу Өтірік куә болу Атақты Майқы би «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - дегендей, төрт саны толу, бірігу, толысу дегенді білдірсе керек. Төрт құбыла тең болса, бақыт та, береке де болады деген сөз.

Бұл санға қатысты ұлы Абай: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой Бес асыл іс көнсеңіз» - дейді Сонымен қатар, бұл сан діни ұғымда бес уақыт намаз, бес парыз сияқты түсініктермен беріледі. Киелі аталатын сандардың қатарына жатпаса да, қазақтардың өмір- тіршілігінде жиі қолданылатын сандық та, сапалық (кәделік, этнографиялық т. б. ) та мәні зор ұғымдардың бірі.

Бес саны да халықты бекемдікке бастайды, бүтіндіктің, толысу мен молығудың белгісі. Бес саны - ерлік пен сайма - сайлықтың да көрінісі. Мысалы; «бес қару, бес сайыс, бес аспан, бес саусақтың саласындай т. с. с. ) Бес санының исламдық ғұрыптағы мәні мынадан көрінеді. Мұсылман бес уақыт намазын қаза жібермеуге тиісті. Мұсылмандықтың да міндеті бесеу: иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, қайыр-садақа бері. Мұның бәрі тән мен жан саулығын арттыру. Саны да тіршілікте дәнекерші, тәрбие - тәлімге негіз. Қазақ қауымында қалыптасқан адамдар қарымқатынасына байланысты «міндет» ретінде емес, адам ретінде, оның әдептілігі тұрғысынан орындалуға тиісті алты парызға мына іс-әрекеттерді: 1) адамдардың бір-біріне әдейілеп барып сәлем беру; 2) құрметпен шақырған жерге бару; 3) біреу ақыл - кеңес сұрай қалса, оған ақыл қосуы; 4) біреу білгісі келіп сұрай қалса, оған жауап беруі; 5) ауырып қалған адамның көңілін сұрауы 6) қайтыс болған адамның жерлеу рәсіміне қатысуы жатқызылады. Түркі тектес ұлыстар «Алты алаш» делінген.

1. 2 Киелі сандардың зерттелуі

Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеулердің бастамасы ретінде академик І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Жалпы түркі тілдерінің сан есімдер ХҮІІ ғасырдан бері қаралып келеді. Сандар сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Маманов, А. Елешева, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаева еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.

ІІ тарау Қасиетті «жетілер »

Ең алғашқы сандар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған деген түсінік бар. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бӛлген. Ол ӛз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - сандар ілімін ашқан. Ол арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13, бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, тӛрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны белгілі. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда ӛзіндік мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Қазақ тілінде сандарды әртүрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мысалы, сандардың ішінен киелі сандарды бӛліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әртүрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілуде: Базен Л., Тенишев Э. Р., Чернышев В. И., Умаров Э. А., Уаңкі М. және т. б. Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен конференция ӛтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда «санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді» деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған. Жалпы түркі тілдеріндегі сан есімдер ХVІІ ғасырдан бері қаралып келеді: В. В. Бартольдтың сандарға қатысты «Система счисления Орхонских надписей в современном диалекте» еңбегін де атап кетуге болады. ХІХ ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г. И. Рамстедтің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді. Қазақ тіл білімінде сандар І. Кеңесбаев, Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, Ф. Ахметжанова, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әртүрлі аспектілерде қарастырылды. Жердің жүзін мекендеген халықтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар танымтүсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі - Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Сондай-ақ біздің таным - түсінігімізде ерекше аталатыны: Жеті ата. Бұл - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы - туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.

Ол - этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата - тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды. Жеті қазына. Ол жөнінде түрлі пікір бар. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған : 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары) . 4. Бала (өмір жалғасы) . 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды) . 6. Жер («Жерсіз - ел тұл, ерсіз - жер тұл») . 7. Ит. Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Қыдыр (қызыр) . Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі) . 4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол - Алланың адамдар мен жанжануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені) . 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі) . Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты - тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты - «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады. Жеті жарғы. Ол - Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін ӛмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Жеті жұт. Бұлар: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қы-рылу) . 3. Өрт. 4. Оба (ауру) . 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну) . Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде ӛлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән - жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі: а) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Тахир - Зухра, Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ. ә) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Баһрам - Күләнда, Сейпілмәлік - Бәдіғұл, Бозжігіт - Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда - Хорлы (Хорлы - Ғайын) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЖАНҚОЖА БАТЫР ЖЫРЫ ЖАЙЫНДА
Сахна тіліндегі сөйлеу мәдениеті
Ислам Құран Ғылым
Қазақ қоғамындағындағы батырлар рөлі
Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құрамы
Балалар ойынын жіктеудің тарихы жайлы ақпарат
КОРЕЙ ЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Температураның әсері
Ұлттық құндылық -тәрбие негізі
Чжэн Хэ саяхаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz