Ақын – жазушылар айтқан құдіретті сөздері



Жоспар

І Негізгі бөлім
а) Ақын . жазушылар айтқан құдіретті сөздері
б) Қазақ фольклорындағы сөз магиясының алатын орны.

ІІ Пайдаланылған әдебиеттер
Қалың жұртшылық, оның ішінде жастар мен мектеп оқушылары сүйіп оқитын батырлар жырлары мен лирикалық эпостарда, XV—XIX ғасырларда өмір сүрген қазақтың ақын-жырауларының өлең-толғауларында, бағзы заманнан келе жатқан мақал-мәтелдерде, сондай-ақ кейбір ежелден қалыптасқан сөз тіркестерінің құрамында бұл күнде аса көп қолданылмайтын, мағынасы күңгірт тартқан немесе мүлде түсініксіз біраз сөздер кездеседі. Сонымен қатар, қазірде жиі айтылатын актив сөз болғанымен, жырлар мен ертеректегі өлең-толғауларда беретін мағынасы бұл күнгіден басқаша келетіндері тағы бар. Мысалы, батырлар жырларында жиі кездесетін:
Мінгенде аты ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды —
деген жолдардағы ала сөзі қазіргі «шұбар» деген түсті білдіретін сөз емес, «жылқы», оның ішінде «азбан» деген мағынадағы сөз (ала~алаша~алаша ат: орыстың лошадь дегені осы тіркестен шыққан деген пікірлер бар).
Немесе XV—XVI ғасырларда өмір көшкен Шалкиіз (Шәлгез), Қазтуған, Доспамбет жырауларда:
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен...
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде...—
деген тармақтар бар. Мұндағы ала сөзі де түске қатысты емес деп ойлаймыз, бұл — «ұрыс балтасы» деген мәнде, яғни «өлтіру, қырып-жою» мағынасындағы сөз. Бұдан басқа да ала сөзі қатысқан «ұрыс, соғыс, қырып-жою, бүліншілік» деген ұғымдағы туынды сөздер мен тіркестер тілімізде едәуір: алапат, аламан, алау, алаулау, ала сүргін, ала қырғын т. т. Мысалы, қазіргі тілімізде алаулау сөзінің «соғысу, шабуылдасу» мағынасы ұмыт болған, ал Махамбет ақында (XIX ғ.):
Алты күндей алаулап,
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Р.Сыздықова “Сөздер сөйлейді” Алматы - 1994 ж.
2. Ә.Қоңыратбаев “Қазақ фольклорының тарихы” Алматы 1991
3. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” Алматы - 2003 ж.
4. Р.Сыздықова “Абайдың сөз өрнегі”.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Негізгі бөлім
а) Ақын – жазушылар айтқан құдіретті сөздері
б) Қазақ фольклорындағы сөз магиясының алатын орны.

ІІ Пайдаланылған әдебиеттер

Қалың жұртшылық, оның ішінде жастар мен мектеп оқушылары сүйіп оқитын
батырлар жырлары мен лирикалық эпостарда, XV—XIX ғасырларда өмір сүрген
қазақтың ақын-жырауларының өлең-толғауларында, бағзы заманнан келе жатқан
мақал-мәтелдерде, сондай-ақ кейбір ежелден қалыптасқан сөз тіркестерінің
құрамында бұл күнде аса көп қолданылмайтын, мағынасы күңгірт тартқан немесе
мүлде түсініксіз біраз сөздер кездеседі. Сонымен қатар, қазірде жиі
айтылатын актив сөз болғанымен, жырлар мен ертеректегі өлең-толғауларда
беретін мағынасы бұл күнгіден басқаша келетіндері тағы бар. Мысалы,
батырлар жырларында жиі кездесетін:
Мінгенде аты ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды —
деген жолдардағы ала сөзі қазіргі шұбар деген түсті білдіретін сөз емес,
жылқы, оның ішінде азбан деген мағынадағы сөз (ала~алаша~алаша ат:
орыстың лошадь дегені осы тіркестен шыққан деген пікірлер бар).
Немесе XV—XVI ғасырларда өмір көшкен Шалкиіз (Шәлгез), Қазтуған,
Доспамбет жырауларда:
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен...
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде...—
деген тармақтар бар. Мұндағы ала сөзі де түске қатысты емес деп ойлаймыз,
бұл — ұрыс балтасы деген мәнде, яғни өлтіру, қырып-жою мағынасындағы
сөз. Бұдан басқа да ала сөзі қатысқан ұрыс, соғыс, қырып-жою, бүліншілік
деген ұғымдағы туынды сөздер мен тіркестер тілімізде едәуір: алапат,
аламан, алау, алаулау, ала сүргін, ала қырғын т. т. Мысалы, қазіргі
тілімізде алаулау сөзінің соғысу, шабуылдасу мағынасы ұмыт болған, ал
Махамбет ақында (XIX ғ.):
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап —
деген жолдардағы алаулау етістігі көрсетілген көне мағынасында қолданылып
тұр.
Ала сөзінің ертеректегі берген мағыналары әлдеқайда көбірек болған.
Мысалы, ала топалаң, алай-түлей, ала сапыран, алас-қапас дегендердегі ала
сөзінде бейберекет, тәртіпсіз, ретсіз, анық емес деген мән бар. Осы мән
ауа райына, табиғат құбылыстарына қатысты айтылатын ала құйын, ала көлеңке,
алағаншық боран, ала таң, елең-алаң сияқты сөздерде де байқалады.
Эпостық жырлар мен ертеректегі ақын-жыраулар мұраларында ғана емес,
өлеңдері көкейімізге ұялап, сүйіп оқитын, көп жерін жатқа білетін күні
кешегі Махамбет өлеңдерінде де арнайы түсіндіруді қажет ететін сөздер мен
сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, атақты Ереуіл атқа ер салмай деп
басталатын өлеңіндегі ереуіл — моңғол тілінің тың, мықты деген ұғымды
білдіретін эруул сөзінің қазақша тұлғасы.
Кейбір жеке сөздер мен қалыптасқан тіркестердің де бұл күндегі
қолданылуы, яғни беретін мағынасы мен ертеректегі қолданысы бірдей еместігі
байқалады. Мысалы, ауыр сөзін қазір біз салмаққа байланысты ұғымда (ауыр
жүк) немесе осы ұғымнан шыққан ауыспалы мәнде ауыр сөз, ауыр тиді, жұмыстың
ауыры деген сияқты тұстарда айтамыз. Ал бұрын бұл сөз ауыр жұрт, ауыр қол
деген тіркестерде де келіп, көп, сансыз деген ұғымды да білдірген.
Көне өлең-жырларда кездесетін, қазіргі көпшілік оқырманға түсініксіз
бірқатар бейтаныс сөздер, оның ішінде, әсіресе, араб-парсы сөздері мен көне
сөздер, қару-жарақ, киім-кешек атаулары бірқатар кітаптар мен оқулықтарда,
хрестоматиялар мен жинақтарда мүмкіндігінше түсіндіріліп отырған. Бірақ,
өкінішке орай, кей сәттерде қате түсіндірілгендері де аз емес.
Сондай-ақ, контекске қарап ұғуға болатын көбеген, кебенек, жосын,
түлей (Түлкі жортпас түлейден), барым (Талауға салды барымды), кіреуке
(Кіреуке тонды жамыльш), сана (Қайда барып төгемін ішімдегі сананы), удере,
удеру (Үдере көшіп барады немесе: Кей жерде жаяу үдеріп...), кен (Әзіреті
Қаратау Әулиенің кені еді), сан (он сан ноғай, алты сан қазақ) сияқты
сөздердің де сол контекстегі мағынасын, түп-төркінін ашып берудің артықтығы
болмайды. Бұлардың сырын, тегін, мән-мағынасын біле жүру, бір жағынан,
қалың көпшілік үшін қызғылықты болса, екінші жағынан, ана тіліміздің
байлығын игере түсулеріне, мұндай сөздерді орнымен қолдана білулеріне
көмектеседі.
Әрине, ертегі-жырлардағы, бұрын өткен ақын-жыраулар шығармаларындағы
сөздердің басым көпшілігі бұл күнде де қалың оқырманға әбден таныс, мән-
мағынасы түсінікті сөздер. Баса айта кететін нәрсе — қазақтың бай ауыз
әдебиеті мен өткен ғасырларда өмір сүрген ақын-жырауларының тілі қазіргі
көпшілікке де өте түсінікті, анық болып келеді, өйткені бұлар қазақтың
жалпыхалықтық сөйлеу тілінің негізінде жырланған мұралар. Бірақ сонымен
қатар, бұларда жырланған таңырыпқа, көнеден келе жатқан образдарды
пайдалануға, ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған
немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен тіркестердің
кездесуі табиғи да заңды. Сондай сөздердің сырын біліп, қолданылған
жеріндегі мағынасын түсіну, олардың түп-төркінін танып отыру өте қажет деп
білеміз. Әсіресе, бұл — мектеп оқушылары мен студенттерге, атап айтқанда,
болашақ мұғалім, филолог-ғалым, журналист, жазушы, ақындарға өте-мөте қажет
болмақ. Жалпы бұлар ғана емес, кім-кімге де ана тілінің сөз сырына үңілу
артық болмайды. Ұлы Абай айтқандай, пенде адам болып жаратылған соң,
дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін
іздеген кезі өмірінің ең бір қызықты уақыты болып ойында қалады. Ал ана
тілінің бары мен бояуын, сөздерінің нәрі мен нақышын қызықты құбылыс деп,
оны білмекке ұмтылу да бір ғанибет болар деп ойлаймыз, Әсіресе, бүгінгідей
ана тіліміз — қазақ тілінің дәрежесі көтеріліп, әлеуметтік жүгі артқан
кезде, осы тілдің барша байлығын игеру, тарихын білу — рухани парызымыз
болмақ.
Сөйтіп, ертедегі ұшан-теңіз әдеби мұрамыз бен сөйлеу тілімізде
кездесетін бұл күнде не мүлде түсініксіз немесе мән-мағынасы өзгеше түсетін
бір алуан сөздердің сырын ашу үшін олардың өздерін сөйлеттік. Бұл сөздер
тек өз табиғатын таныту үшін ғана сөйлеп қоймайды, халқымыздың өткендегі
тарих көшінен де хабар береді.
ЖЕР БОЛУ, ЖЕР ҚЫЛУ. Жер болды тіркесін ұятқа қалды, абыройы түсті,
беті күйді деген мағыналарда жұмсаймыз. Соған орай біреуді жер қылу —
ұятқа қалдыру, абыройын түсіру болып шығады. Мұндағы жер сөзі жеке
алғанда түсінікті сияқты. Бірақ дәл осы тіркесте қара жер, жер шары
мағынасындағы жер сөзінің “ұят” дегенге қатысты тұрақты тіркес жасауында
көңілге қонбайтын қисынсыздық бар. Іздестірсек, мұндағы жер сөзінің
төркіні басқа болып шықты.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде ир сөзі ұялған, қысылған
деген мағынаны білдірген. Ер ир болды деген сөйлем кісі ұялып қалды, яғни
дәл қазіргіше кісі жер болды дегенді білдіргенін XI ғасыр лексикографы
Махмұт Қашқари көрсетеді (ДС, 211). Демек, ұялғанда, ұялтқанда айтылатын
жер болды, жер қылды дегендердегі жер сөзінің қара жер мағынасындағы
жерге тікелей қатысы жоқ болып шығады. Қазақ тілінде ир (жир - жер)
сөзінің ұятқа қатысты ұғымы ұмыт болғандықтан, жоғарғы тіркестердегі бұл
сөзді кәдімгі жер ұғымымен ұштастырып, ұятқа қалдыру мәнінде жерге қарату
деген тіркес те жасалған, бірақ бұл қолданыстағы жер сөзін кәдімгі жер деп
те тануға болады, өйткені ұялған адам төмен қарайды, бұл тіркес осыдан
барып жасалған дегенге сая аламыз.
ЖЕСІР. ЖЕТІМ. Бұл сөздердің осы күнгі мағыналары айқын: жесір ері
елген әйел дегенді, жетім әкесі не шешесі, не екеуі де жоқ бала дегенді
білдіреді. Ал ертеректегі қазақ, тілінде бұл сөздердің беретін мағынасы
өзгеше болған. Шоқан былай деп жазады: Қазақтар құлдарды екіге бөлген:
соғыста қолға түскен құлды олжаласқан құл немесе жесір деп, ал сатып алған
немесе өзге жолмен (соғыста емес) келген құлды жетім деп атаған
(Валиханов, I, 127). Шоқанның осы сөзін қазақ жырлары мен көне әдеби
нұсқалары дәлелдейді. Мысалы, Қобыланды жырында:
Екі пәнде әкелдім,
Берсем сөні күйеуге
Бас жетімің еткендей —
дейді әкесі қызына. Мұндағы екі пәнде деп тұрғандары — қапыда қолға түскен
екі тұтқын батыр Қобыланды мен Қараман. Көбікті қызына: сені күйеуге бере
қалсам, осы екеуін құл етіп (бас жетім етіп) беремін дейді. Ал бұрынғы
қазақ салтында ұзатылған қызға жасаудан өзге малшы-жалшы, құл-құтан қоса
беретін дәстүр болғаны мәлім. Мысалы, Қобыланды батыр жырынан:
Қырық құл мен қырық күң
Қосып берді қызына —
дегенді еске түсірелік. Батырлар жырының және біреуінде:
Пұшығы жоқ, кемі жоқ,
Бір мың жетім оған бер —
дейді. Мұндағы жетім деп отырғаны — құлдар.
Қыз Жібек жырында жесірі Жібекті іздеп келіп, қалмақ ханынан
жеңіп алған Сансызбайға қайын жұрты:
Сексен нарды толтырып жасау артып,
Бес жетім, алтын отау берді дейді —
деп келеді. Мүндағы бес (сірә, бас болар) жетім де ұзатылған қыздың
жасауына қосып беретін құл немесе (бесеу болса) құлдар.
Махамбет ақын көтеріліс жеңілгеннен кейін Баймағамбет сұлтанның
алдына келуге мәжбүр болады, яғни Баймағамбеттің қолға түсірген тұтқыны
және ұрыста қолға түскен емес, өз аяғымен, өзі келіп түскен құлы — тұтқыны.
Баймағамбетке айтқан атақты сөзінде ақын:
Ұрмай-соқпай келтірген
Арманың бар ма құдайға
Мынау Махамбет сынды жетімді-ай! —
дейді. Мұндағы жетім сөзін ақын мұрасының басылымдарында тырнақшаға алып
жазып, жүр, бұл — ақын өзін қорғансыз екенін білдіру үшін осы күнгідей әке-
шешесіз деген мағынадағы жетім сөзін қолданып тұр дегенге меңзейді. Ал
дұрысында ақын бұл сөзді сол кездегі (ертеректегі) өз мағынасында, яғни
соғыста емес, өзге жол мен қолға түскен тұтқын деген ұғымда қолданған,
сондықтан ешқандай тырнақшаның қажеті жоқ. Махамбеттің:
Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім —
дегенінде де жетім мен жесір деп отырғаны қатын-қалаш, бала-шаға емес, мал-
мүліксіз кедейлер тұтқын-құл тәрізді бейшаралар).
Жесір — тұтқын және тұтқынға түскен деген мағынадағы арабтың есир
деген сөзінің қазақшаланған тұлғасы. Бұрынырақ қазақ тілінде бұл сөз
соғыста қолға түскен тұтқын — құл дегеннен гөрі, жалпы тұтқын мағынасында
жиірек қолданылған. Мысалы, Айман — Шолпан жырында:
Екеуін сүйреп шықты екі жігіт
Қылады екі пақыр неден үміт,
Жесірді қолға түскен аясын ба,
Қорқады кетеміз деп нарға мініп —
деген жолдардағы жесір сөзі қолға түскен тұтқын мағынасында айтылған,
олар Айман мен Шолпан. Сол сияқты Теңге тоқал жесірін жұрт мақтаған
көрейін деп, Айман қыздың алдынан шығады. Бұл жерде де Айман — қолға
түскен тұтқын ғана.
Сонымен қатар жесір сөзі әйелге қатысты айтылса, қазіргідей, тек ері
өлген әйелді ғана емес, қалың малы төленген қызды немесе әйелді де даушар
тұсында жесір деп атаған. Бұл — қалыңы төленген әйел де тұтқын, құл, күң
есепті, мал берушінің меншігіне жататын басыбайлы болады дегенді
білдіреді. Алпамыс жырында баласын ойнап жүріп Алпамыс өлтіріп алған
кемпір оған:
Күшің болса барсаңшы,
Жесіріңді алсаңшы —
дейді. Мұндағы Алпамыстың жесірі — оған айттырылған Гүлбаршын.

Қазан революциясына дейін қазақ даласында даушар, сот ісінде жиі
қолданылған жер дауы, жесір дауы дегенде, үнемі ері өлген әйел туралы дау
емес, бұл термин айттырылған, қалың малы төленген қыздың дауы туралы да
айтылған. Әрине, ертедегі қазақ әдеби нұсқаларында жесір, жетім сөздерінің
қазіргідей мағынада жұмсалған тұстары да жоқ емес. Мысалы,батырлар жырында:

Бәрі де жесір тұл қалды—

дегенде, әңгіме ерлері соғыста қаза тауып, жесір қалған әйелдер жайында.
Жетім сөзінің басына азаттық берген құл деген мағынасы болғанын
өткен ғасыр сөздіктері көрсетеді (1878 жылы Санкт-Петербургте шыққан А.
Старчевский құрастырған Спутник русского человека в Средней Азии деген
кітаптың қазақша-орысша сөздігін қараңыз.
ЖІТІМ: ӨЛІМ-ЖІТІМ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде йіт -
етістігі жоғалу, жоқ болу деген мағынаны білдірген, мұнда да өл-йіт - деп
қосарынан қолдану бары көрсетілген (ДС, 263). Демек, өлім сөзі бүгінгі
қазақтарға түсінікті, ал жітім — бір нәрсенің жоқ болуы, яғни жоқ іздеп
жүрмін дегендегі жоқ сөзінің мағынасын беретін тұлға. Көне түркілерде
жоғалған зат (мал) ұғымына йітүк (жітік) тұлғасы болған: ер йі-түк сорды —
кісі жоғалған нәрсе (жоқ) туралы сұрады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Шешендік өнері туралы түсінік
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің міндеттері
Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі
Хаббас Тоғжановтың саяси өмірі мен қызметі
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Қазақтың кәсіби әдебиеті
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Иса Байзақов
Пәндер