Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы



Мазмұны
1.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2. Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі сурет коллекциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының қор сақтау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми . зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
5. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының халықаралық қарым.қатынас жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
6. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына 80 жыл ... ... ... ...11
7. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қор сақтау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы

Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер музейі 1935 жылы құрылды. Мұражай жинағында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Шығыс, батыс елдерінің өнер туындылары жиылған 21.500-ге жуық экспонат бар. Бұл музей Т.Г.Шевченко атындағы қазақ көркемсурет галереясы мен Республикалық қолөнер музейі негізінде құрылды. Көрермендер үшін музей 1976 жылы ашылды. Ал, 1984 жылы музейге Қазақ ССР-нің Халық суретшісі Ә.Қастеевтің есімі берілді. Музей өте бай қорға ие. Бұлар — Қазақстан бейнелеу өнерінің ерте және қазіргі кезеңдегі шығармалары, Кеңес кезеңіндегі өнер туындылары, 17-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнері, Батыс Еуропаның 16-20 ғ.ғ. өнері, Үнді, Қытай, Жапон сәндік-қолданбалы өнері шығармалары. Музей меншігінде кескіндеме, графика, мүсін, металл, жұмсақ заттарды қайта өңдейтін шеберханалар мен қор сақтау бөлмелері, кино, фотолабораториялар, компьютерлік орталық бар. Сәулетшілер Э.Кузнецов, О.Наумов, В.Новиковтер жобасымен салынған музей ғимараты негізгі композиция бойынша қалалық сәулет кеңістігіндегі ерекше көркем құрылысқа айналды. Көрме залдары музейдің 2-ші және 3-ші қабаттарында орналасқан. Бай және алуан жинақ Қазақстан, батыс Еуропа, Шығыс елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы айқын түсінік бере алады. 250 орындық лектория залында түрлі-түсті слайдтар, бейнефильмдер пайдаланылып, классикалық және қазіргі әлем өнері тарихынан лекциялар оқытылады, баспасөз мәжілістері, музыкалық кештері, суретшілермен кездесулер өткізіледі.
Музей 12 залдан тұрады. 1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған. 1992 жылдан бастап, Қазақстан мүсіншілерінің шығармалары қойыла бастады. Бұл залға қойылған көптеген шығармалар мұражай қорынан емес, авторлардың жеке меншігі болып табылады. Музей Халықаралық Музейлер кеңесінің мүшелігіне өткен.
2-ші зал – Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға “Шөп шабу”, “Бие сауу”, “Қалың малға сатылған қалыңдық”, “Жас Абай”, “Кеңесары Қасымовтың портреті”, “Түркісіб” т.б. шығармалар қойылған.
3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. қамтитын қазақтың сәндік-қолданбалы өнері қойылымы үлкен үш бөлімнен тұрады. Бұл қойылымда түскиіздер, тоқыма бұйымдары, кілем тоқу, ағаш, темір, тері, сүйек, кесте тоқу сияқты өнер түрлері ерекше көзге түседі. Халық шеберлері шығармаларының негізгі қоры 1970 жылдың басында жинақталды. Экспозицияға тақыр, түкті кілемдердің неше түрлері қойылған. Зергерлік өнер түрлері өңіржақ, шолпылар, т.б. көркемдігімен экспозицияны байытып тұр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”
3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
4. Қ.Қамбаровтің «Хас суретші» атты мақаласы (Жұлдыз) журналы, 1978 жыл.
5. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
6. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма
7. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
8. Байжігітов Б., Ибраева М. Эстетикалық оқу тәрбие жүйесі мәселелері. - Қазақстан мектебі. 1993 ж.
9. С.Ә. Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, 2006 ж.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004
11. Балабақшадағы бейнелеу іс әрекетінің теориясы мен методикасы. «Мектеп», Алматы, 1983. –245 б.
12. Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 115 б.
13. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы - Астана, 2010. - 89б.
14. Әлібеков Ш. Жалпы білім беретін орта мектеп, эстетика пәні бағдарламасы. - Қазақстан мектебі. 1992 ж
15. Сарықұлов Г. Қазақстан өнері. – Алматы: Өнер, 1981

16. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
17. Аманжолов С. Ә. Эстетикалық тәрбие және халықтық бейнелеу өнері. –Қазақстан мектебі. 1990 ж.
18. Балкенов Ж. Сурет салуға үйрету. –Алматы, мектеп, 1987.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2. Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі сурет коллекциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының қор сақтау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми - зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
5. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының халықаралық қарым-қатынас жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
6. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына 80 жыл ... ... ... ...11
7. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қор сақтау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер музейі 1935 жылы құрылды. Мұражай жинағында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Шығыс, батыс елдерінің өнер туындылары жиылған 21.500-ге жуық экспонат бар. Бұл музей Т.Г.Шевченко атындағы қазақ көркемсурет галереясы мен Республикалық қолөнер музейі негізінде құрылды. Көрермендер үшін музей 1976 жылы ашылды. Ал, 1984 жылы музейге Қазақ ССР-нің Халық суретшісі Ә.Қастеевтің есімі берілді. Музей өте бай қорға ие. Бұлар -- Қазақстан бейнелеу өнерінің ерте және қазіргі кезеңдегі шығармалары, Кеңес кезеңіндегі өнер туындылары, 17-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнері, Батыс Еуропаның 16-20 ғ.ғ. өнері, Үнді, Қытай, Жапон сәндік-қолданбалы өнері шығармалары. Музей меншігінде кескіндеме, графика, мүсін, металл, жұмсақ заттарды қайта өңдейтін шеберханалар мен қор сақтау бөлмелері, кино, фотолабораториялар, компьютерлік орталық бар. Сәулетшілер Э.Кузнецов, О.Наумов, В.Новиковтер жобасымен салынған музей ғимараты негізгі композиция бойынша қалалық сәулет кеңістігіндегі ерекше көркем құрылысқа айналды. Көрме залдары музейдің 2-ші және 3-ші қабаттарында орналасқан. Бай және алуан жинақ Қазақстан, батыс Еуропа, Шығыс елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы айқын түсінік бере алады. 250 орындық лектория залында түрлі-түсті слайдтар, бейнефильмдер пайдаланылып, классикалық және қазіргі әлем өнері тарихынан лекциялар оқытылады, баспасөз мәжілістері, музыкалық кештері, суретшілермен кездесулер өткізіледі.
Музей 12 залдан тұрады. 1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған. 1992 жылдан бастап, Қазақстан мүсіншілерінің шығармалары қойыла бастады. Бұл залға қойылған көптеген шығармалар мұражай қорынан емес, авторлардың жеке меншігі болып табылады. Музей Халықаралық Музейлер кеңесінің мүшелігіне өткен.
2-ші зал - Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға "Шөп шабу", "Бие сауу", "Қалың малға сатылған қалыңдық", "Жас Абай", "Кеңесары Қасымовтың портреті", "Түркісіб" т.б. шығармалар қойылған.
3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. қамтитын қазақтың сәндік-қолданбалы өнері қойылымы үлкен үш бөлімнен тұрады. Бұл қойылымда түскиіздер, тоқыма бұйымдары, кілем тоқу, ағаш, темір, тері, сүйек, кесте тоқу сияқты өнер түрлері ерекше көзге түседі. Халық шеберлері шығармаларының негізгі қоры 1970 жылдың басында жинақталды. Экспозицияға тақыр, түкті кілемдердің неше түрлері қойылған. Зергерлік өнер түрлері өңіржақ, шолпылар, т.б. көркемдігімен экспозицияны байытып тұр.
4-ші зал 1930-1950 жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнеріне арналған. Музейдегі Қазақстан өнері саласындағы бірнеше залдардан орын алады. Экспозицияда Н.Хлудовтың, Л.Леонтьевтің, И.Иткиннің, С.Калмыковтың шығармалары орын алды.
5-ші зал 1950-60 ж. Қазақстан бейнелеу өнері. Бұл бөлімге Қазақстанның ұлттық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан А.Черкасин, К.Телжанов, Ә.Исмайлов, Х.Наурызбаев, т.б. шығармалар қойылған.
6-шы зал 1960-1980 жылдардағы Қазақстаның бейнелеу өнеріне арналған. Мұнда С.Романов, А.Степанов, Ж.Шәрденов, т.б. шығармалары қойылған.
7-ші зал. Бұл бөлімде Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнерін қамтиды. Қазақстанның өнер қайраткерлерінің 1990 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі кескіндеме және мүсіндік шығармалары орналастырылған. Бұлар Ә.Сыдыханов, Б.Бапишев, А.Нода, Қ.Ибрагимов, т.б.
8-ші зал Қазақстан графикасына арналған. 6000 данаға жуық Қазақстан графикасы музей коллекциясының ең маңызды бөлігі. Ә.Қастеев, Х.Ходжиков, А.Исмайлова, т.б. шеберлердің суреттері мен акварельдері шынайылығымен таңдандырады. Е.Сидоркин, М.Қисамеддинов, И.Исабеков, т.б. суретшілердің шығармалары ұлттық рухани дамуды көрсететін энциклопедияға айналды.
9-шы зал 18-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнеріне арналған. Орыс өнері жинағы 1200 дей экспонаттардан тұрады. Жинақтың негізі 1936 жылы қаланған болатын.
10-шы зал 18-20 ғ.ғ. Батыс Еуропа өнеріне арналған. Экспозицияда 16-19 ғ.ғ. Италия, Фламандия, Голландия, Германия, Франция елдерінің туындылары қойылған. Батыс Еуропа елдерінің туындылары 750 шығармадан тұрады. Жинақтың негізін Қазақ мемлекеттік сурет галереясына Мемлекеттік Эрмитаж, А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейінің берген және 1937 жылы жеке жинаушылардан алған шығармалар құрады. Қорда Л.Камбиазо, Ф.Денис, А.Кейн, Г.Дюге, т.б. атақты шеберледің жұмыстары бар.
11-зал Кеңес Одағы кезеңіндегі өнерге арналған. Кеңес кезеңіндегі өнер туындырын жинау 1935 жылдан басталды. Бұл бөлімде жинақ әр түрлі үлгіде жазылған және стилистикалық бағыты шындықтан абстрактілі полотноға дейін баяндалған. Жинақта өнердің әр саласынан кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер туындылары бар.
12-зал 18-20 ғ.ғ. шығыс халықтары өнеріне арналған зал. Шығыс халықтарының қолданбалы өнері, қоры мыңға жуық экспонаттан тұрады. Жинақтың негізін 1936 және 1956 жылдары Мемлекеттік Шығыс Халықтары өнері музейінен, Мемлекеттік А.С.Пушкин атындағы өнер музейінен, Мемлекеттік Эрмитаждан түскен шығармалар құрады. Жинақтың біраз бөлігін жеке жинақшылардан сатып алған өнер туындылары құраған.
2. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі сурет коллекциялары
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі - Алматы қ-ндағы аса ірі өнер мұражайы. Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ КСР-і Мемл. көркем сурет галереясы (1935) және Респ. халық қолөнер мұражайы (1970) коллекцияларының қосылуы негізінде құрылды (1976). 1983 ж. музейге суретші Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. 2003 ж. ЮНЕСКО-ның Халықар. музейлер Одағының құрамына кірді. Мұражай қорында 22 мың 200-ден астам бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнері туындылары бар. Сондай-ақ оның қорында бұрыннан келе жатқан халық шығарм-ның мол қазынасы жинақталған. Әшекейлі төсеніш киіздер, текеметтер, сырмақтар, алашалар, қабырғаға ұстайтын кілемдер, аяққаптар, сандыққаптар бар. Тоқыма өнер туындылары, түкті және тықыр кілемдер, қоржындар, киіз үйдің баулары мен басқұрлары, кестелер, түскиіздер, зерленген төсек жапқыштар, ер мен әйел киімдері, сондай-ақ ағашты ою, безендіру арқылы жасалған сандықтар, кереуеттің бастары, табақ пен тостағандар, қымыз құятын ожау, тұрмысқа қажетті тері бұйымдары (ат әбзелі мен ер-тоқым, белдік), зергерлік өнері бұйымдары (әйелдерге арналған сақина, жүзік, білезік, сырға, алқалар, киім ілгектер, түймелер, белдіктер мен ат әбзелдерінің жапсырмалары) секілді халық шығарм-ның негізгі түрлері сақтаулы. Сонымен бірге музейде кейінгі кезде соны сипатпен жедел дамыған өнер туындылары да толық көрсетілген. Мұражай негізінен бүгінгі талапқа сай компьютерлік озық технологиямен жабдықталған 4 үлкен залдан тұрады. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Қастеевтің мемориалдық залы бар. Қазақстанда кескіндеме мен графика, мүсін өнерін дамытқан аға ұрпақ өкілдері Н.Г. Хлудов, Н.И. Крутильников, Ә.Ысмайылов, І. және І.Қожықовтар, А.А. Риттих, Л.П. Леонтьев, Г.А. Брылов, А.М. Черкасский шығармалары қойылған. Республиканың осы замандағы үздік суретшілерінің сан қырлы шығарм. мұражай қорын байыта түсті. Сонымен қатар 17 - 20 ғ-лардағы орыс өнерінің аса көрнекті туындылары да сақталып жинақталған (К.П. Брюлов, И.В. Айвазовский, Н.Н. Крамской, А.В. Саврасов, И.И. Левитан, В.В. Верещагин, т.б.). Мұражайда көп ұлтты ТМД елдері өнерінің барлық даму кезеңдері молынан қамтылып, көрнекті қылқалам шеберлерінің еңбектері, сондай-ақ Бат. Европа өнері (А.Дюрер, Рембрандтың графикалары, Ф.Франс ІІ, К.Антран, Д.Каспар, Р.Артуро, Д.Альберт, т.б.) мен Шығыс елдерінің қолданбалы өнер туындылары да қойылған. Соңғы жылдары музей коллекциясының алдыңғы қатарлы туындыларынан тұратын "Ә.Қастеев атындағы өнер музейі" және музей қорынан алынған "Орыс өнерінің қазынасы", Қастеевтің 100 жылдық мерейтойына арналған "Ә.Қастеев", О.Таңсықбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған "О.Таңсықбаев" атты альбомдар басылып шықты.
Мұражай ғимараты 1970 - 76 ж. арх-лар Э.К. Кузнецова мен О.Н. Наумованың жобасы бойынша салынды. Мұражайдың жалпы көл. 94068 м3, барлық алаңының ауд. 19428 м2, оның ішінде экспозиц. алаңы (14 зал) 5642 м2. Мемл. өнер мұражайының үйі мемлекет қорғауына алынған, респ. маңызы бар тарихи және архит. ескерткіш.
Е. Жангельдин, Ә. Төлебиев. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің септігінің арқасында суретші Александр Риттихтың 1930-шы жылдары салынған 4 картинасыМӨМ-ге сыйлық ретінде табыс етілді. Аталған акцияның бастамашысы мәскеу тұрғыны Александра Понютина болды. А. Риттихтың Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасуындағы рөлін түсіне және бағалай отырып, өзінің жеке коллекциясында бар картиналарды қазақстандық мұражай қорына табыс етті, - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Бұл суреттерді кезінде А. Понютинаның әжесіне А. Риттихтың қызы сыйлаған екен, дейді елшіліктегілер. Ә. Қастеев мұражайынан айтқандай ол картиналарды мұражай қоры ағымдағы жылы шілдеде қабылдаған.
ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы Қазақстандағы ірі өнер орталығына айналып отыр. Музейдің негізгі мақсаты - бейнелеу және қолөнер туындыларының коллекцияларын жинақтау, сақтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, қайта қалпына келтіру, өнер тарихы мен теориялық негіздерін анықтау, елді әлемнің озық өнер туындыларымен таныстыру. Музей қорында 2009 жылы 22000 жәдігер сақталған. Олар Қазақстанның бейнелеу өнері туындылары, батыс елдері, орыс, кеңес дәуірлерінің өнер туындылары, Қазақстанның дәстүрлі және бүгінгі қолданбалы өнер бұйымдары, Қытай, Үнді, Жапон елдерінің қолөнер туындылары болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының қор сақтау бөлімі
ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының коллекциясы жәдігерлерінің көркемдік деңгейі жөнінен ТМД аумағында алдыңғы қатардан орын алады. Бұл Қазақстан Республикасындағы ұзын саны 23 мыңнан асатын бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ең үлкен қоры бар. Қор сақтау бөлімінің негізгі міндеті - мұражай құндылықтарын сақтау және оларды сақтау мен зерттеу үшін қолайлы жағдай жасау. Мұражай қоры қатаң түрде мемлекеттің есебінде тұрғандықтан, келіп түскен жәдігерлер міндетті түрде мұражайдың есептеу секторында қажетті құжаттармен тіркеліп, реттік нөмірі беріледі. Мұражай қорын жинау, оны жүйеге түсіру, коллекцияның есебін алып, сақтау - мұражай жұмысы, қалай да осылардан басталады. Бұлар - қор сақтаушылардың еңбегінің көрсеткіші. Қордан сыртқа шығатын туындылардың сақталу сипаттамасын актілеу, ұдайы картотекамен (авторлық жалпы және жұмысшы) жұмыс істеу, туындыларды суретке түсіру, сипаттамаға беру, көрмелерді кешендеп, бір жаққа жіберуге дайындау, мұражайдың жалпы каталогымен жұмыс істеу - мұражай қорындағы жұмыстардың көзге көрінетін жағы ғана. Мұражай қорындағы бүкіл коллекция әлденеше түрге бөлінеді. Олар: Ежелгі шеберлердің кескіндемесі; Ежелгі орыс өнері (икондар); Қазақстан кескіндемесі; Графика, әшекей бұйымдар қоры; Тері (былғары); Тоқыма; Киіз; Гобелен; Заманауи сәндік-қолданбалы өнер; Шығыс өнері қоры; Мүсін қоры. ЮНЕСКО-ның араласуымен және көмегімен мұражайдың есеп қоры коллекциямен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама жасады. Мәліметтер базасына мұражайдың барлық туындыларының келіп түсу тарихы, фотосуреті түгелдей енгізіледі және қорға келіп түскен жұмыстар жаңа мәліметермен толықтырылып отырады. Қордағы заттың бар-жоғы, туындыларды консервациялау (қатырып тастау) және реставрациялау (қайта қалпына келтіру) - мұражайдың бүкіл коллекцисының тұтастығына кепілдік береті жүйе.
Мұражай қорында өнер туындыларын дұрыс сақтау үшін барлық жағдай орнымен қарастырылып, ойластырылған. Кең, жарық бөлмелер, картиналарға арналған жылжымалы щиттер, 1, 2, 3 қатарлы стеллаждар, арнайы жабдықталған сөре-шкафтар, графикалық жұмыстарға арналған шкафтар мен столдар, кілемдер мен гобелендерге арналған біліктер.
Қыста жылы және жазда салқын ауаны бір орталықтан кондиционерлеп жіберуді, ылғалдылық және жарық режимінің сақтауды, температуралық-ылғалдылық режимін жұмыс күніне екі рет (ертеңгісін және кешке) өлшеп, реттеп отыруды тәжірибелі инженер-климатолог жүргізіп отырады. Осының бәрі Мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқауға сәйкес дұрыс сақтауға жағдай жасайды.
Қайта жөндеуді керек ететін туындыларды табу мақсатымен мұражай қорын қарап шығу, олардың сақталу сипаттамасын жазу, жұмыстарды консервациялау және реставрациялау Орталық мамандарының көзге көрінбейтін күнделікті харекеттері. Олардың жұмыстарының бүкіл процесі реставрациялық паспорттарда жазылып, мұражайдың реставрациялық кеңесінің тұрақты бақылауынан өтеді.

4. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми - зерттеу жұмысы

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы әрқашан келем деуші қонақтарға құшағын жайып қарсы алатын мұражайлардың бірі. Халықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Мұражайдың шығу тарихы
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Балалар мұражайлары
Ә. Қастеев
Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші
Әбілхан Қастеев өмірі
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы
Майлы бояумен көктем көрінісін салу
Музей ісі және есткерткіштерді қорғау
Пәндер