Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І тарау.
Міржақып Дулатов- зерделі сөз зергері
.
. . . 4
ІІ тарау.
Міржақып Дулатұлының прозасы . . . 13
Қорытынды . . . 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымында ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы қоғамдағы объективті- субъективті жағдайлар нәтижесінде тереңдеп зерттеле қойған жоқ, жаңадан басталды, соңғы оң жылдың іші материалдар жинау, саралау, салмақтау, шолу, талдау жұмыстарымен сипатталады. Алғаш 1988 жылдан кейін мақала, естелік, пікір тұрғысыңда жарық көрген материалдар бірте- бірте кеңейіп, ғылыми еңбектерге ұласа бастады.
Міржақыптың қазақ әдебиетінің жанрлық байлығына қосқан үлесі, қазақ прозасын өркендетудегі қызметі, жаңашылдығы мен дәстүрлі жалғастырушылығы, публицистикалық мақаларындағы ұлттық тәуелсіздік идеясы мен адамгершілік мәселелері, проза саласындағы ізденістері, әңгімелеріндегі сатиралық әуендер арнайы зерттеулерді қажет етеді. Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде Міржақыптың қоғамдық- тарихи процестегі орны мен лирикалық шығармаларындағы азаматтық әуендер негізгі нысанаға алынғандықтан оның прозасы ара- тұра сөз етілгенімен толық жан- жақты зерттеу желісіне айналған жоқ. ХХ ғасыр басында Міржақыптың атын алты алашқа жайған оның өлеңдерімен қатар «Бақытсыз Жамал» романы мен өткір публицистикалық мақалалары, сатиралық, әңгімелері, оқу кітаптары. Осы жағдайларды негізге ала отырып, біз Міржақыптың прозасын арнайы зерттеуді мақсат тұттұм. Сондықтан жазушының прозалық шығармаларын өз дәуіріндегі әдеби жағдайлармен тығыз байланыста алып қарастыруға, идеялық- көркемдік ерекшеліктерін ашуға, бүгінгі кұн талабымен үндестігін ашып көрсетуге тырыстық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы, Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын әдебиет тарихы, сын ғылымында С. Қирабаев, Т. Кәкішев, З. Ахметов, Т. Қожакеевтар көлемді зерттеу мақалаларын жазса, З. Бисенғали «Бақытсыз Жамал» романының жанрлық ерекшелігін зерттесе, Ж. Өміржанова «Міржақып Дулатұлының прозасы» атты диссертациялық еңбек жазды. Дегенмен, ХХ ғасыр басында қазақ публицистикасы мен прозасының дамуына, көркейіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармасында қаралатын мәселелер әліде жетерлік. «Міржақып Дулатұлының прозасы» атты жұмыста М. Дулатұлының прозалық шығармаларын жан- жақты зерттеуге, олардың жанрлық- көркемдік ерекшеліктерін сипаттауға, бұған дейін ішінара сөз болып келген жазушы әңгімелері мен очерктерін, мақалаларын алғаш рет неғұрлым кең қарастыруға, Міржақып шығармашылығына ауыз әдебиеті дәстүрінен ауысқан сарынды анықтауға, әңгімелерін зерттеу нысанасына айналдыруға талпыныстар жасалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. М. Дулатұлының прозалық шығармаларын бүгінгі күн тұрғысынан зерделеу. Оның прозасының ХХ ғасыр басындағы қоғамдық санаға, әдеби процеске тигізген әсерін әрі қазақ әдебиетін дамытудағы маңызы мен үлесін анықтау. Осы мақсатқа орай алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- М. Дулатұлының әдеби- сын көзқарастарына сипаттама беру;
- Жазушының шығармаларының өз заманындағы тарихи, қоғамдық- саяси құбылыстармен байланысын ашу;
- Қаламгер әңгімелері мен публицистикалық шығармаларына талдау жасау;
- «Бақытсыз Жамал» романының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталу;
- «Бақытсыз Жамал» романындағы фольклорлық сарындардың орны мен мәнін анықтау.
І тарау. Міржақып Дулатов- зерделі сөз зергері
Еңбек жолын ауыл мұғалімі болудан бастаған Міржақып саяси- әлеуметтік жұмыстарға араласа келе, бұл істегі баспасөздің ролін тез түсіне қойған. Көнедегі ой- пікір мен игі идеяны қалың бұқараға жеткізуде, мемлекеттік үлкен мәселелер төңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыруда газет, журналдың аса қажетті құрал екеніне көзі жеткен. Жиырма жасынан кейін- ақ өзінің бүкіл шығармашылық өмірін баспасөзбен байланыстырған.
М. Дулатов журналистік қызметін петербургтен бастаған. Бірінші орыс революциясы тұсында онда татар тілінде «Үлфәт» атты газет шығып тұрған. Міржақып- 1906 жылы Кадеттердың Оралда өткен съезіне қатысады да, артынша оның делегациясы құрамында Петербургке кетеді. Бара салып «Үлфәт» редакциясымен байланыс жасайды. Қазақ оқушыларына арнап, оның «Серке» атты қосымшасын шығаруға келіседі. Келесі жылы наурыз айының басында «Үлфәт» газеті бірнеше рет мынадай хабарлама жариялады: «Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі осы март ішінде шықса керек. Алушыларға хақы: бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы 10 тиын.
Айтқандай-ақ, «Үлфәттің» сол жылғы 28 наурыздағы 67- нөміріне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.
«Серке» журнал емес, газет болып шықты. Оны дайындап, жарыққа әкелуде М. Дулатов үлкен еңбек сіңірді. Бірінші нөмірінде «Жастарға» атты өлеңін жариялады.
Етемін үміт жастардан
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұратын оңай кім табар.
Жар салып жұртқа қақсамай,
Халыққа, жастар, басшы бол.
Бұдан кейін М. Дулатовтың журналистік қызметі «Қазақ» газетінде жалғасты. Ол іскер газетші, даңғыл публицист ретінде осында қалыптасты. Газетті шығарушы А. Байтұрсыновтың ең сенімді серік, оң көзі, оң қолы болды. Ақпан революциясына шейін «Қазақ» газеті халық үшін бірсыпыра игі істер істеді. Бірақ ол үнемі қуғын- сүргінмен шығып тұрды, айыптан бас ала алмады. Бұл туралы Міржақып бірде мынаны айтты: «Газет шығару, баспахана алу - бес жылдан бері «Қазақты» шығарып келе жатқан, жас баласын тәрбиелеген анадай ыстық - суығын көрген бізге зор іс, зор қуаныш. «Қазақты» қай күні жауып тастайды, өзімізді қай күні айдап жібереді деген қауіп зор еді. Бірақ «бел байлап тәуекелге шоқыта бер, қаңсыраш қашан барып жығылғанша» деп Нұржан ақын айтқандай, біз «құдайдың» не салғанына көнуге риза болып, жолымыздан тоқтамадық».
Ахмет пен Міржақыптың жазуынша, жәбірді олар алыстан көрмеген, ағайыннан көрген. Жау жақындарынан шыққан. «Құдай» қарғаған «бауырлары» арыз- шағымның астында қалдырған. «Қазақ» газетін шығарушы Байтұрсынов әм Мирякуб, Дулатов өздерінің агенттері әм школдағы шәкірттері арқылы қазақ халқын үкіметке қару- жарақпен қарсы тұруға құтыртып жатыр», «министр шығарған законға көнбе . . . әділетсіздікке қарсы тұр» деп ақыл үйретіп жүр, «жастарды аздырып барады. Оларды Орынбордан айдап жіберсеңіздер екен» деп ызыңдаудан бір тыңбаған. Ақыры «Қазақ» газеті 1918 жылы жабылды.
Міржақыптың Совет дәуіріндегі журналистік қызметі «Ақ жол» газетінде басталды. Сұлтанбек Қожановпен бірге ол 1920 жылы 5 желтоқсаннан осы газетті жарыққа әкелді. Бұл алай-түлей төңкерістер жасалып, аумалы- төкпелі кезеңдер болып, алмалы- салмалы үкіметтер ауысып, бүгін біреу, ертең өзге деген замандарды бастан өткізіп, жұрт жоқшылықтың зардабын көріп, ашаршылық аранын ашып тұрған кез еді. Осындай қиын- қыстау тұста «Ақ жол» газеті бірде қателесіп, бірде тап басып, тауып сөйлеп ел санасын оятуға, советті идеяны таратуға ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосты.
Даңғыл журналист бұл газетте көптеген материалдар жариялап, қазақ- қырғыздың өмірлік проблемаларын «Әйтен келсе, Бәйтен жоқтың» көбіне ұшыратпай: «сабақты ине сәтімен» деп уақытылы шешіп отыруды күн тәртібіне қойды. Түсін бояп, тонын айналдырып киіп, халық билейтін мекемелерге отырып алып, баяғы тіске жұмсақ қазақ, қырғызды жем қылып, әлі де жүрегін жалғауды ниет еткендерді әшкерелеп тастап жүрді.
Бұл тұста Міржақыпта баспасөзге қатысты әрбір мәселеге белсене араласып, одан оқырмандарды хабардар етіп отырды. Бұған бір ғана дәлел: Советтердің Бүкілроссиялық VІІІ съезіне барған Түркістан өкілдері Москвадан 123 пуд мұсылман харіптерін ала келді. 1921 жылы 23 қаңтарда соны кімге, қалай беру туралы Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Н. Төреқұлов мәжіліс өткізген. Осы жиынның басы- қасында болып Міржақып газетке отчет берген. Онда әлгі харіптердің көбі Ташкентте қалдырып, оқу құралдарын шығаруға пайдаланылатын болғанын, біразын Әндіжанға, қалғанын Жетісуға жіберу ұйғарылғанын хабарлаған (26. 01(1921) .
«Ақ жол» газетінің тіл, стилін жақсартуға да М. Дулатов көп күш салған. Бір жиында Оразбаев, Юнусов, Сұлтанхожаев сияқты өзбек жолдастар өздерінің «Қызыл байрақ» газетін таза өзбек тілінде шықпайтындығы, өзбектер өмірін жазбайтындығы үшін қатты сынаған, «Біз осы күні «Ақ жол» газетін оқимыз, түсінеміз. Өйткені бұл газет таза қазақ тілінде жазылып, халықтың жай- күйін көзге көрсетіп отыр» деген.
Сөйтіп шығып тұрған «Қазақ тілі» газеті 1921 жылғы 29 шілдедегі нөмірінде «Қонақ» деген хабар берді. Онда «Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бас жазушысы Міржақып Дулат баласы 24 шілдеде Семейге келді. Жұмысшы баспасөзі істерімен таныстырмақ. Келген жұмысын атқарған соң, Ташкентке қайтады" деп мәлімдеді. Бірақ ол қайтпады, біраз уақыт сонда сот орындарында істеп қалды.
Баспасөздің даңғылы ендігі журналистік қызметін 1923 жылы Орынборда қазақтың халыққа білім беру институтында істей жүріп «Қызыл Қазақстан» журналында жалғастырды. Мұнда «Тай - мінер» деген бүркеншік атпен «Тұрмыс салт-сана, оқу»( №15), «Дін әм ғылым» (№16), «Жаңа жазу ережелері» (№17-18) деген сияқты ғылыми мақалалар жариялады. Бұларда автор елге ілім- білімнің маңызын түсіндірді, жұртты оқуға, ғылым жетістіктерін игеруге үндеді. Сауатты жаза білудің ережелерін түсіндірді. Әрі Совет үкіметі оқуға жаңа жол ашып, ол туралы арнаулы декрет қабылдаса да, бұл істің әлі де жөнді жолға қойылмай отырғанын сынады. Бірсыпыра кемшіліктердің бетін ашып, оны жоюға, істі түзетуге шақырды.
1926 жылы білгір журналист «Еңбекші қазақ» редакциясына қызметке ауысты. Мұнда ол әсіресе газеттің бұқаралық- ұйымдастыру жұмысына, тілін ұстартын, стилін айқындауға баса көңіл бөлді. Ең алдымен тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған дейін редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан нәтиже шыққаны жөнінде ешбір мәлімет болмайтын еді. Енді азды- көпті есеп жүргізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды. Мысалы, 1927 жылдың 10 айында редакцияға 1589 хат түскен. Оның 786- сы газетке басылған, 49- ы тексеруге жіберілген. 754- і пайдалануға жарамсыз болып шыққан.
Ал 1928 жылдың 7 айы ішінде «Еңбекші қазақта» 1274 хат жарияланған және тексеруге жіберілген. Соның 73 проценті расталған, 27 проценті дәлелденбеген. Бұл уақытта тілшілер саны 639- ға жеткен. Оның 135-і өндіріс орындарынан, қала өмірінен жазып тұрды. Қалғандары ауыл өмірін, дала тынысын көрсетіп отырды. Әйелдер өмірін, олардың хал- жайын жазатын 32 әйел тілші шықты («Еңбекші қазақ» газеті, 16. 09. 1928) .
Баспасөздің тілі туралы Міржақып «Газет тілі оңды болсын!» (28. 01. 1927) деген арнаулы мақала жариялады. Онда қазақ тіліне заңды түрде алынған терминдерден басқа да, жамау- жасқау сөздер, тілді шұбартып, оның ұғымын ауырлататын жат сөздер көп сіңіп бара жатқанын айтты. Автордың пікірінше, осыдан сақтандыратын, осыған тосқауыл болатын орындардың бірі- баспасөз. Ол күн сайынпәлен мыңнан тарап тұрады. Оған неше түрлі адамдар жазады. Оның бәрі жатық жазатын, тілге шебер кісілер емес. Оның біреуі бұтып- шатып жазса, екіншісі үйленген ескі қалыппен жазады, үшіншісі тілдің басын жарып, көзін шығарып жазады. Газет редакциялары осындай материалдарға биік талап қоймай, түзетпей, қырып- жонып, тезге салмай шикі күйінде жібере салады. Жұрт, әсіресе жазушы, тілші болу ойында бар жастар, осыдан үлгі алып, жарияланған нәрселерге сын көзімен қарамай, дұрыс- бұрысын парақтамай, орынсыз еліктеп, солай жаза береді. Мәселен, біреу «түсіне беремін» деп жазса, басқалар да солай айқындауға баса көңіл бөлді. Ең алдымен тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған дейін редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан нәтиже шыққаны жөнінде ешбір мәлімет болмайтын еді. Енді азды- көпті есеп жүргізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды. Мысалы, 1927 жылдың 10 айында редакциға 1589 хат түскен. Оның 786- сы газетке басылған, 49- ы тексеруге жіберілген. 754- і пайдалануға жарамсыз болып шыққан.
Ал 1928 жылдың 7 айы ішінде «Еңбекші қазақта» 1274 хат жарияланған және тексеруге жіберілген. Соның 73 проценті расталған, 27 проценті дәлелденбеген. Бұл уақытта тілшілер саны 639- ға жеткен. Оның 135- і өңдіріс орындарынан, қала өмірінен жазылып тұрды. Қалғандары ауыл өмірін, дала тынысын көрсетіп отырды. Әйелдер өмірін, олардың хал- жайын жазатын, 32 әйел тілші шықты («Еңбекші қазақ» газеті, 16. 09. 1928) .
Қызылорда, « Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында қызметте жүрген Міржақыпты 1927 жылы жазда қазіргі Жамбыл облысындағы Свердлов ауданында сол кезде адвокат болып істейтін, торғайлық жерлесі Жұмыр Есмурзин қонаққа шақырған. Жақаң жұбайы Ғайнижамал, ағасы Асқардың қызы Ботагөзді ертіп, ұлы Әлібекті алып Әулиеатаға келген. Үй тіккізіп, бие байлатып, қымыз ішіп, демалыс біраз жатқан. Ел аралап, жер таныған. Сол өңірдегі Дербіс бай, Бұралқы болыстармен жүздескен. Халықтың тіршілік сыңайына, салт- санасына деп қойған. Журналист ретінде кейбір шаруашылықта болып, оның жұмыс жайын көрген.
Осы сапарынан Міржақып бірсыпыра ойлар түйіп қайтқан. Кейін жергілікті халық, оның дағдысы туралы мынадай пікір қалдырған: «Әулиеата елі- малды қазақы ел. Ас- той, көкпар, бәйге дегенің бұл елде әлі қалған жоқ. Сентябрь туысымен үлкен- үлкен астар болады. Бұл елде бәйге аты аса қадірлі. Асты бұл ел бәсекемен береді, бірінен- бірі асырмақ болады. Бас бәйгеге 5 мың сом, 3 мың сом, иә пәлен жүз қой тігуші екінің бірінен табылады. Тек малы болсын, иә атағы болсын». Мұнда Жақаң, бір жағынан, ел байлығын, ел мырзалығын көрсетсе, екінші жағынан, бос дарақылықты, орынсыз мақтан құмарлықты іле кеткен.
М. Дулатов атты, жылқы баласын қатты қадірлеген. Ит ертіп, атқа мініп аңшылық етуді жаны сүйген. «Алакөз» атымен Сырдың қалың қорысында ең аулап, құс атып талай жорытқан. Атқа деген осы құштарлық Әулиеатадан 7-8 шақырым жерде жылқы заводы бар дегенді естігенде ол елең ете түскен, жаны жай таппаған. Әдейілеп екі рет сол заводқа барып, ондағы жылқы өсіру жайымен танысқан. Кейін «Еңбекші қазақ» газетінде «Әулиеата жылқы заводы» (13. 10. 1927) атты очерк жарияланған. Онда журналист бірінші Дүниежүзілік соғыс, революция, Азамат соғысы кезінде де асыл тұқымды мал шығарумен шұғылданған, Совет үкіметі тұсында шаруасы түзеле бастаған завод өмірінен бірсыпыра проблема көтерген.
Жақан алдымен заводтың жалпы жайын былай баяндайды: «Заводтың өзінің салдырған үйлері, қора- қопсысы, орман, шабындығы, ерісі бар . . . Заводтағы арғымақ айғырлардың ат қорасы (әрқайсысына жеке-жеке бөлме) біздің қырдағы байларымыздың үйінен артық . . . Онда ағылшын, түрікпен, ағылшын- араб, қара байыр секілді жақсы тұқымның бәрі бар. Завод әр тұқымды бірімен бірін араластырып, асылдандыру ісімен айналысады.
Мәселен, мұнда әкесі ағылшын, иә түрікпен тұқымдас, енесі қазақы бие будандар өсіріледі. Бір тұқымның өзді- өзін де асылдандырып, бағып- қағудың арқасында жүзіктің көзінен еткендей жалқыларды көрдік».
Мұнан соң журналист ондағы малшылардың жылқыларды біздің қазақ өз көзімен көрмесе, айтқанға нанбастай дәрежеде күтетінін тамсана әңгімелеген. Жақанның өзін тыңдап көрейік: «Заводқа бір барғанда кешкі сағат 4-5 шамасы еді. Завод бастығынан аттарын көруге рұқсат сұрадық. Ол «қазір аттар ұйықтап жатыр, мазасын алуға болмайды» деді. Амал жоқ, «ақсүйектердің тұруын» күттік. Бір мезгілде ат қоралардың құлыптары ашылды. Әр бөлмеде көздері оттай жанған, шиыршық атып, көкке қарап тұрған, суреттен сұлу жануарларды көрдік.
Мұнан соң завод бастығы әр ат, айғырдың атын атап, шежіресін сөйлеп, шұбыртып таныстырып кетті. Мынау «Пасманның» баласы деп темір қаракөк дөненді көрсетті. Бір көк дөненнің қасынан кеткіміз келмеді, сұлулығына көзіміз тоймады. Қасымыздағы атқұмар бір жігіт «шіркін-ай, мынаны ұрлар ма еді» дей алмадық. Көк дөненде өзіміздің де ойымыз бар еді. Бір бөлмеде жатқан қасқа дөненнің қасына келдік. «Мұның әкесі- ағылшын айғыры, шешесі- қазақ биесі» деді завод бастығы. Бұл да мінсіз сұлу екен. Қасқа дөненді тұрғызып көрмек болып, «шу-шулей» беріп едік, завод бастығы «қойыңыз, тимеңіз, мазасын алмаңыз» деп без-без етті. Бұл не деген күтім, бұл не деген жануарға жанашырлық. Осындай қамқорлық қазір қайда?»
Яғни ат бапкері Жақан завод еңбеккерлерінің арғымақтарды қалай бағатынына, суды, жемді неше мезгіл, қанша, қай уақыттарда беретініне, олардың бойларын қалай сергітетініне, қанын қалай тарататынына, қалай шомылдырып, қалай тазалайтынына дейін назар аударылады. Қыр қазағының жылқы малын қалай «бағып- қағатынын» еске алады. Құлынды жаздай күннің көзінде тұқыртып желіге байлап тастауды, енесін ертеңнен қара кешке шейін қақтап саууды, күзгі қара суықта, қысқы аяз бен боранда жаздай байланған құлынды далаға жіберуді, тай- құнан шыққан соң ақ қолау қылғанша көзіне шыбын үймелетіп мініп алуды, ақ айыл, ақ қаптал, жауыр болғанша иығынан түспеуді, бойын есіріп, бұғанасын қатырмай жасынан құл қылып жіберетін қыр қазағының әдетін қатты сынады. Солар мына заводтың жылқы бағысын көрсе, шіркін, таң қалар еді деп арман қылды. Қанша «жетіліп қалдық» десек өзіміз де таң қалдық» деп ағынан жарылды. Жағалап көріп байқасақ, - деп жазды одан әрі жақан, - кейбір жақсы арғымақ айғырлар арық, көтеремнің аз-ақ алдында секілді көрінді. Мұның мәнісі, бақсақ, бұл айғырлар бірінші рет осы жазда далаға жіберіліп, үйірге салынған екен. Әлгідей мәпелеп қолда өсірген асыл тұқымды айғырлар алғашқы жолы үйірге түсіп, далада жайылғанда осындай болып азады екен. Бұлар дала шбіне жүре-жүре үйренеді екен.
М. Дулатов осы сапарында 80-ге келіп қайтыс болған кемпіріне ат шаптырып, ас беріп жатқан ауылда болады. Сонда бәйгеге қосылып жатқан аттардың қара байыр, жабы жүйріктер екенін, неше жылдан бері қасында тұрған заводты пайдаланып, жылқыларын асылдандыруды қолға алмағанын байқайды. Жергілікті адамдардан мұның себебін сұрастырады. Олардың бірі «завод айғырларын бағу қиын, елсе- жетсе, телетеді, құнына шашымыз жетпейді» десе, екіншісі «завод айғырларын бермейді, берсе, жаманын береді, оның қажеті неі дейді. Енді бірі «ойбай, завод арғымақтарынан өзіміздің атымыз ұшқыр, олар- тыз етпе жүйрік, өнері бір-екі-ақ айналу, 4-5 шықырымдық қана» деп менсінбейді. Бұған завод бастығы: «Біз қазақтың бәйгесіне, көкпарына қосып, қымбат аттарымызды аяғынан қалдыра алмаймын», - деп шалқаяды.
Завод пен ел арасындағы осы түсінбестік, байланыстың осы жоқтығы. М. Дулатовты біраз ойға жетелеген. Асыл тұқымды айғырлардан тұқым алуға ынталы ел қазағының жоқтығына, жүйрікке құмар елдің завод арғымақтарының қадірін білмегеніне таң қалады. Осымен байланысты журналист Жақан мал тұқымын асылдандыру, малды ғылыми негізде бағып- күту, завод пен ел арасындағы байланысты жақсарту проблемаларын қозғайды. Завод арғымақтарының да ұзаққа шабатын жүйрік екеніне елдің кезін жеткізу үшін оларды жаратып, 25-30 шақырымға айдап, жарыстырып көрсету керек екенін ұсынады. Жер- су Халық комиссариаты осы жайларды ойластырса, қайтер еді деп мәселе қояды.
Журналист ретінде М. Дулатов баспасөзде тек қызмет істеп, оған қатысып қана қоймаған. Ол газет, журналдың мән-маңызын тыңбай түсіндірген, не үшін қажет екенін өлең етіп жырлаған. Жоғарыда аталған «Айқапқа» арнауында:
Газет, журнал, оқысаң,
Көзіңді, қазақ, ашасың,
Дүние халін білмесең,
Ілгері қалай басасың, - десе, «Газет- журнал» деген өлеңінде:
Білесіз дүние жүзі толған халық,
Олардың арасында бар көп жарық.
Алты айлық алыс сапар аралары,
Тұрады бір- бірінен хабар алып,
Шашатын сол хабарды газет, журнал,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz