Дайын өнім есебінің мақсаттары. дайын өнімді бағалау


37 тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны оның біртұтастығы стандарт пен техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты, басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнім есептеу үшін 1320«Дайын өнім» деп аталатын активті, инвентарлық шот пайдаланылады.
Дайын өнім ұйымның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзнідік құны бойынша көрініс табады.
ӨӨҚ есепті кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста болады. Сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады. Ол үшін дайын өнім өткен айдағы нақты өзнідік құны яғни тіркелген бағасы бойынша бағаланады.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың % мен сомасын есептеу жолымен шығарылып оның есептік бағасын нақты өзіндік құны жеткізеді. Ауытқудың % - н мына формула бойынша анықтайды.
38 тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
Дайын өнім босату үшін бұйрық жүкқұжаты жасалады, онда 2 құжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрық және босату жүкқұжаты. Қоймаға берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде сатып алушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін және жіберу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға - әрбір бұйрық бойынша өнімдерді жинақтап оларды сату үшін экпедиторға береді және жіберілді деген графаға өнімнің санын көрсетеді. Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экпедитор қол қояды. Бұл құжат 2 данада жасалады. Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында шығыс деген графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, құжат бухгалтерияға өткізіледі.
Өнімнің өткізіліп жұмыстың, қызметтің жасалғанын көрсету үшін бухгалтерияға келісім шарттың орындалғанын қәландыратын құжаттар табыс етіледі. Олар: бұйрық жүкқұжаты, жүк тасымалдау құжаты, тауарлы көлік жүкқұжаты, жұмысты қабылдау-өткізу актісі, шот-фактуралар және басқа да құжаттар болуы мүмкін.
39 тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Өнімнің ырғақты түрде шығарылып тұруы, «Сатып алушыларға өнімдерді жіберіп тұру» туралы келісім шарт бойынша қабылданған міндеттерін уақытында орындауға және төлемдерді кешіктірмей орындап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады. Сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жөнінде натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады. Өндірілген дайын өнімге қарап ұйым қызметінің қорытындысын бақылауға болады. Шығарылған өнімдер өткізу бағасымен бағаланып соған орай түсім көлемі және өндірілген өнімді сатқаннан кейін алынатын пайда мөлшерін болжауға мүмкіндік туады.
Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын шоттар тобының дебетінде және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын шотының кредитінде көрсетіледі.
1320 шотының сальдосында ұйымның қоймада қалған дайын өінімнің қалдығы, нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.
Дебеттік айналым бойынша негізгі өндірістің шығарылған өнімі, өзіндік құны бойынша және сыртқа жіберілген жартылай фабрикаттар мен сатып алушының қайтарған өнімдері көрсетіледі.
Кредиттік айналым бойынша есепті айда жөнелтілген өнім нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ № 5 карточкасы ашылады.
Қоймадағы дайын өнім келіп түскен сайын және босатқан сайын құжаттарға сай карточкада құндылықтың мөлшерін, кірісі мен шығысын және қалдық көлемін жазып отырады.
Бухгалтер күн сайын қойма есебін қабылдап отыруға тиісті. «Қабылдау беру жүкқұжаты», «тауарды тасымалдау жүкқұжаты», «жөнелту-босату жөніндегі бұйрықтар». Қойма есебінің дұрыс жүргізілгені туралы бухгалтер қойма есебінің карточкасына қол қоюға тиіс.
Қойма есебінің карточкасының негізінде материалды жауапты тұлға ай сайын есеп беру ведомосын толтырып онда дайын өнім қалдығын номенклатура бойынша өлшем бірліктерін, санын көрсете отырып бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерия қойма есебі мен бухгалтерлік есепті сома бойынша салыстырады.
40 тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
Ұйымдарда дайын өнімнің есебін жүргізуге, оларды уақытында жіберіп және сатуға басты назар аударылады, себебі, оның барлығын ұйымның қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді. Дайын өнміінң бухгалтерлік есебін жүргізудегі мақсаты - дайын өнімді шығаруды, құндылықтардың жағдайын және олардың қоймада сақталуын тұрақты түрде бақылау:
- жіберілген өнімнің (жұмыс, қызмет) құжаттарын уақытында және дұрыс жасаы, сатып алушылармен есептесуді ұйымдастыру.
- әкімшілік басқару аппаратының жұмысын бағалап отыру үшін, сатылған өнімнің көлемімен түріне сай, келісім шарт талаптарының орындалуын бақылау.
- сатылған өнімнің есебін жүргізіп, оған кеткен нақты шығындарды және алынған пайданы уақытында және дұрыс есептеу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін ұйым: тұрақты, қалыпты жағдайда жұмыс атқарып, шаруашылық операцияларының құжаттарын уақтында жасап, өнімді сату мен олардың қоймада дұрыс сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Жүк жеткізуші мен сатып алушының арасында жүк жеткізу шарттары анықталып, соған орай өнімді жеткізуге байланысты шығындардың құрамы және тараптардың міндеттері айқындалады. Ол шығындар өнімді сату шығындарының құрамына қосылады. Олардың санатында: дайын өнімдер қоймасында заттарды ыдыстарға салып, орау шығындары ( орам қағаздары, ағаш үгінділері, шпагат) тасымалдау шығындары (тиеу, жеткізу, түсіру) ; жеткізуші және басқа да делдал кәсіпорынына төленетін комиссиялық алымдар шығыны, сатылатын жерде өнімдерді сақтайтын ғимараттарды ұстауға және ауыл шаруашылық кәсіпорындағы өнімді сатушылардың еңбек ақысына жұмсалатын шығындар, жарнама шығындары және басқа да шығындар.
Егер дайын өнімдер қоймаға өткізілгеннен кейін ыдыстарға салынатын болса, онла ол шығындар сату шығындарына қосылады. Егер заттар қоймаға өткізілмей тұрып ыдыстарға салынатын болса, онда ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына қосылады. Әдетте шығынның басты бөлігін келісім шартта көрсетілген тасымалдау шығындарына алады.
Жүкті жеткізудің төмендегідей кезеңінен таралған:
Франко-қойма жеткізуші ұйым жүкті жөнелтуге кеткен шығынның барлығын төлем талабына қосады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz