Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

7 тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары-Дебиторлық қарыздар деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Қысқаша айтқанда Дебиторлық қарыз дегеніміз бұл-иелік ететін құқықты қосқанда заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар мекемелердің құқықтары мен міндеттері болып саналады. Яғни бірі қарыздарды қайтаруды талап ететін болса, екіншісі қайтаруға міндетті.

Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетуге болады.

Саудалық дебиторлық берешек - негізгі іс әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен (өніидер) көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек - іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде мысалы, субьект қызметкерлеріне аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талаптар және басқа жағдайларда пайда болады.

Дебиторлық берешек шот фактуралармен расталады.

1200
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1200: 1210
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1200: 1220
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1200: 1230
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1200: 1240
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек:

Филиалдар мен құрылымдық

бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1200: 1250
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1200: 1260
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1200: 1270
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1200: 1280
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1200: 1290
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: Күмәнді талаптар бойынша резерв

Бұл шоттар: активті, негізгі, есеп айырысу.

Кредиторлық берешек бұл міндеттеме болып табылады.

Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субьектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мен ресурстар ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық аққшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзінде жүзеге асырылады,

  • Ақшалай қаражат пен төлеу
  • Активтерді табыстау
  • Қызмет ұсыну
  • Міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру.
  • Міндеттемені капиталға аудару.

Міндеттеме ағымдық ( қысқа мерзімді кредиторлық берешек) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Күмәнді дебиторлық берешек.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қаблеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысаны болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгілеген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» д. а. . Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қ. Р-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есе, птен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178- бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 жыл болып белгіленеді. 3 жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қараздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. Қ. Р-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған қарыз бойынша резерв есебінен есептеп шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылды.

Кез келген к/о мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттарды төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтпрдың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдіс қолданылады:

  • несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі ( қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде) ;
  • дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есепетеу әдісі ( бухгалтерлік баланста) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық және кредиторлық есептің аудиті
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дебиторлық және кредиторлық берешек
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Алынуға тиісті борыштар шоты
АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Дебиторлық және кредиторлық қарыздарыдың аудитін ұйымдастырылуының ерекшеліктеріндегі проблемаларды айқындау
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz