Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3 тақырып . Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.

1030- ағымдық банктік есеп айырысу шоты

Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шар-қ субьектілері өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:

  1. Шот ашуға арналған өтініш
  2. Қойылатын қол мен мөртаңба белгісінің үлігісі бар карточка
  3. Субьектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы.
  4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
  5. Жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субьектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегіне осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:

1. Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.

2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда чек кітапшасы рәсімделеді.

3. Басқа субьектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.

4. Субьект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болған жағдайда төлем тапсырмасы жазылады.

5. Шаруашылық істері жөніндегі алқанын (комиссия) бұйрығы сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан құжаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:

А) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына (дербес бланстың бар болуы және т. б) әкеп соқтырған субьект қызметі сипатының өзгерісі кезінде

Ә) субьектіні құрған органның шешімі бойынша

Б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ суббектіңн атауы өзгерген жағдайд шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы құжаттардың қалдығын растауға міндетті.

Есеп айырысу операцияларының есебі

ҚР-а қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады : төлем-тапсырмасы, чек, аккредитив, төлем-талап тапсырмасы, вексель, инкассалық өкім.

Төлем-тапсырмасымен есеп айырысу дегеніміз ақша берушінің тапсырмада көрсетілген соманы бейнефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.

Қызмет пен жұмысты және ТМҚ өтеу үшін есеп айырысу кезінде осы төлем тапсырмаларын пайдаланады. Тапсырмаға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот фактуралаоры және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарымен бірге тапсырылады.

Төлем тапсырмасы төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ұсынылады. Ол 2 данада жасалаы., біреуі банкте қалдырылады, екіншісіне қол қойылып, штамп басылып иесіне қайтарылады.

Бейнефециар - аудару жасалған кезде ақша қаражатты алушы .

Төлем тапсырмалары:

1. Мерзімді

2. Мерзімінен бұрын (алдын-ала төлем)

3. Кейінге қалдырылыған болып келеді.

Чектермен есеп айырысу . Чек берудің төлемдерді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады.

Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белігілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.

Чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш беріледі.

Лимиттелген чек кітапшасы иесінің жеке шотындағы қаражатты депонеттеуге болады.

Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу. Мұндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап-тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағанан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарылады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомаларды бух-к жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі.

Аккредитив. - келісім бойынша контрагенттің (өзара уағдаласушы) пайдасына жасалған клиенттің тапсырмасы бойынша банкіде берілген шартты ақшалай міндет.

Есеп айырысудың мұндай нысанында төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімдеме өз банкінің бөлімшесіне өзіне жіберілген ТМҚ шоты ашу үшін төлем жасауға арналған аккредитивқоюды тапсырады. Белгілі бір жеткізушілерге:

1. Жабық (депонеттелген) немесе жабылмаған (кепілденген)

2. Шақырылып алынатын және шақырылып алынабай аккредитивтер ашылуы мүмкін

Аккредитив алу үшін төлеуші өзінің банкіне шарттары көрсетілген өтініш береді. Оны орындаған кезде жөнелтілген тауарлар немесе орындалған қызметтер үшін жеткізушінің есептік құжаттары төленуі мүмкін. Аккреидтив мерзімін сатып алушы 25 күн шамасында белгілейді. Қажет болған кейбір жағдайларда жеткізудің шарты бойынша жеткізушінің банкіндегі аккридитивтің әрекет мерзімі алушының банкінің рұқсатымен 45 күнге дейін ұзартылып белгіленуі мүмкін. Мерзімді әдетте, жеткізушімен төлеуші белгілейді. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін төлем жасауға рұқсат етілмейді.

Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі. Вексельдің 2 түрі бар:

  1. Жай вексель- оны борышқор жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе пайыз төлеу жөніндегі міндетте бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолары көрсетіледі.
  2. Аудармалы вексель-бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген мерзімде ұстанушыға немесе үшінші тұлғаға төлеу жөнінде кредитордың борышкерге берген бұйрығы.

Инкассалық тапсырмалармен есеп айырысу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемелер аудиті
Ақша қаражаттарының есебі
Бухгалтерлік және қаржылық есеп
Дебиторлық және кредиторлық берешектер есебі
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі
Бағалы қағаздардың түсініктемесі
Ақшалардың бухгалтерлік есебі
Есеп айырысу операцияларының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz