Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

64 тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.

Күрделі құрылыс - жаңа кәсіполрындар салуға, қызмет істеп тұрған өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға арналған материалдық өндіріс саласының бірі болып табылады.

Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:

  • пайдаланылған материалдық ресурстарды, жұмысшылардың еңбек шығынын, құрылыс машиналары мен дер кезінде, дұрыс және толық құжаттау, құжат айналымының сызбасына сәйкес мәліметтерді уақытында есепте көрсету үшін құжаттарды есеп бөліміне тапсыру.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындарды құрылыс объектілеріне байланысты калькуляция баптары бойынша дұрыс және уақытында көрсету.
  • Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың нормаларының сақталуын бақылау, нақты шығындардың нормадан ауытқуларын және оларды болашақта болдырмау үшін себептерін анықтау.
  • Бригаданың, бөлімшелердің және учаскелердің қызмет нәтижелері мен өнімнің өзіндік құндарын төмендету резервтерін анықтау және олардың есебін ұйымдастыру.
  • Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары мен аяқталмаған жұмыс көлемін анықтау.
  • Қаржылық, статистикалық есепті құру үшін және өндірісті талдау мен бақылау үшін мәліметтерді қалыптастыру.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құн құрамына құрылыс жұмыстарымен байланысты шығындар қосылады. Олар экономикалық элементі және калькуляция баптары бойынша топтастырылады. Экономикалық элементі бойынша шығындар деп - өндіріс процесіндегі рөлі мен экономикалық мазмұнына байланысты бір типті жұмсалған шығындарды айтамыз. Шығындарды элементі бойынша жіктеу өзіндік құнды төмендетудің негізгі резервтерін анықтау үшін және жоспарлы өзіндік құнды жоспардың басқа бөлімдері мен салыстыру үшін айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштерін талдау кезінде өте қажет болады.

Құрылыста шығындарды элементтері бойынша мынадай тәртіппен топтастырады:

  • Материалдық шығындар
  • Еңбекақы шығындары
  • Сақтандыруға аударымдар
  • Негізгі құралдардың тозуы
  • Басқа да шығындар.

65 тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.

Құрылысты жүзеге асырудың ең көп тараған әдістерінің түрлері болып мердігерлік, шаруашылық және аралас әдістер саналады. Құрылысты жүзеге асырудың ең жетілген түрі мердігерлік әдіс, мұнда тапсырыс берушімен жасалған келісім шарт бойынша мердігерлік ұйым келісім шартта көрсетілген объектінің құрылысын уақытында және жобалау- сметалы құжаттарға сәйкес салуға және тапсыруға міндетті болып табылады.

Құрылыстың шаруашылық әдісі бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын құрылыс учаскелері, жөндеу-құрылыстық цехтар немесе ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелері өткізеді. Өндірістің шұаруашылық әдісі кезінде арнайы құрылыстық немесе монтаждық-технологиялық жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын тікелей мердігерлік келісімшарт бойынша субмердігерлік-монтаждық және мамандандырылған ұйымдарды тартады. Жалпы құрылыстық жұмыстар қажет болған жағдайда бір мезгілде шаруашылық және мердігерлік әдістер арқылы (аралас әдіс) қатар жүргізіледі.

Мердігерлік құрылыс монтаж ұйымдары тапсырыс берушімен жасалған келісімшарт бойынша ұйымдар мен объектілердің құрылысын жүзеге асыру үшін кешенді жұмыстарды орындайды. мердігерлік келісімшарт тапсырыс берушімен бас мердігерлік ұйымдардың арасындағы байланыстарды зерттейді. Келісімшарт жасау кезінде мердігерлік құрылыс ұйымы тапсырыс берушіден объектінің жобалық-сметалық құжаттарын алады, оның негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың тәртібін, көлемі, мерзімі және құрылыстың келісім бағасы көрсетіледі. Келісім баға құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны, мердігердің қызметіне байланысты тапсырыс беруші төлейтін жұмыстар мен шығындардың бөлігі жатады.

66 тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары. орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.

Құрылыста құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық, жоспарлық және нақты құны анықталады. Объектінің құрылысына сметаны құру негіз болып табылады. Құрылыстық өндірістің жеке мәні болғандықтан әр құрылыс объектісіне жоба қабылданған шешімдер және құрылыс-монтаждау өндірісінің нақты жағдайлары есепек алынатын жеке смета жасалады. Сметаның құрылуы құрылыс объектісінің нормативті өзіндік құнының калькуляциясына негізделіп, бұл мақсатта материалдық, еңбек және ақша ресурстарының сметалық шығындарының көлемі есептеледі. Құрылыс өнімінің негізгі сметалық өзіндік құны құрылыс материалдарын дайындауға, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығындарының сметалық калькуляциясы болып табылады. Сметалық өзіндік құнды төмендетуді қамтамасыз ету мақсатымен ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жасалады және олардың орындалуының бақылауы ұйымдастырылады. Жоспарланған үнемдеу сомалары табыс баптары бойынша бөлінеді. Құрылыс ұйымы шығындарының бір бөлігі тапсырыс берушімен сметалық құннан тыс өтеледі. Нақты құрылыс объектілерінің жоспарлы өзіндік құны құрылыс-қаржылық жоспарды құру кезінде де, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны туралы есеп берулерді құрғанда да есептелмейді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарлы өзіндік құны өз күшімен орындалған жұмыстардың сметалық өзіндік құнын сметада көрсетілген жоспары жинақтар пайызына нақты өтелген өтемақы және сомалары қосылған сметалық өзіндік құнды төмендетудің жоспарлы пайызына түзету арқылы есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі
Құрылыс қызметінінң объектілері
Құрылыста бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктері
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Негізгі өндіріс шығындарының есебі және құрылыстағы калькуляциялау
Прокуратура жайлы
Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау
Инвестициялық жобаны бағалау
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz