Тауық а-авитаминоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы


Аннотация
Жануарлар патологиясы пәнінен "Тауық А-авитаминоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы" тақырыбына жазылған курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс 30 беттен турады.
Қысқартулар мен белгілер
% - пайыз
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграмм
м-метр
л - литр
Q - жылу
Анықтамалар
Этиология - бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім.
Патогенез - мал ауруының пайда болу механизмі дамуы, барысы және ақыры туралы ілім.
Мешел - Д авитаминозы
Асқазан полиневриті - В1 авитаминозы
Перозис - (жалған буын шығу, жылжымалы буын) кезінде аяқтың бұлшық еті, буынды жалғастырып тұратын тканьдер және аяқ сіңірі босап әлсірейді, осының нәтижесінде буын еркін қозғалмалы болады.
Каннибализм - бұл құстың бірін-бірі шұқылап жұлмалап тастауы.
Каротин - А витаминнің негізін қалаушы
Клиникалық өлім - өлімнің қайтымды кезеңі, ол тіршіліктін сыртқы белгісінің жойылуымен сипатталады.
Биологиялық өлім - орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде, ми қыртысында, содан кейін оргонизмнің басқада тканьдерінде қайтымдық өзгерістер басқалады.
Өлексенің салқындауы дене t
алғашқы күні 1
, екінші күні 0. 2
С кемиді.
Өлексенің сіресуі - өлгеннен кейін 8-10 сағ. басталады.
Өлексе теңбілі - гиностаздар ыдыраған қанның тканьдерге сіңіуінен пайда болады.
Өлексенің шіруі - сұр жасыл теңбілдер пайда болады.
Анабиоз - тіршілік процесі кенеттен тежелетін организмдердегі ерекше күй. Мұндай жасырын тіршілік кейде нерв ауруға шалдығып, бүкіл тіршілік функциясы әлсіреген жануарларда болады.
Қысқы ұйқы - эволюциялық процесте қалыптасқан тіршіліктің ерекше формасы болып саналады Мұндай құбылыс сыртқы орталық қолайсыз жағдайында байқалады.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Тауықтың А авитаминозы . . . 9
1. 2 Д авитаминозы - мешел . . . 10
1. 3 В1 авитаминозы - асқазан полиневриті . . . 10
1. 4 В 2 авитаминозы - арибофлавиноз . . . 11
1. 5 В 12 авитаминозы . . . 12
1. 6 Е авитаминозы . . . 12
1. 7Подагра . . . 13
1. 8 Перозис . . . 14
1. 9 Каннибализм . . . 14
1. 10 Каротин мен витамин А организмдегі әсері мен оны анықтау жолдары . . . 15
1. 11Ретинол (А витамині) . . . 16
1. 12 Ауру туралы түсінік . . . 17
1. 13Жалпы этиология . . . 19
1. 14 Жалпы патогенез . . . 20
2Өзіндік зерттеу . . . 23
3Техника қауіпсіздігі . . . 27
Қорытынды . . . 29
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2014ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организм мен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизмін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
А витамині организмнің тіршілік үшін маңызды барлық қызметіне қатысады және бұл витамин жеткіліксіз болса, барлық тканьдердің тіршілік әрекеті әлсірейді және организмнің түрлі індет ауруға төтеп беру қабілеттігі кемиді.
Ауру құстың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті кемиді, жұмыртқалағыштығы төмендейді. Қауырсыны құрғайды, сынғыш келеді үрпиіп тұрады. Балапанның өсуі тежеледі. Жоғарғы тыныс жолының кілегей қабықтары қабынады. Көздің дәнекер қабығы қабынған, қабағының астына ақ ірімшік тәрізді зат жиналып, ол көздің қасаң қабығын басып кетеді [1] .
Курстық жұмыстың мақсаты - тауықтың А-авитаминозының патолого - анатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Тауықтың А авитаминозы
Бұл ауру рационда демек, құс организмінде А витаминінің болмауы немесе жетіспеуі салдарынан пайда болады.
А витамині организмнің тіршілік үшін маңызды барлық қызметіне қатысады және бұл витамин жеткіліксіз болса, барлық тканьдердің тіршілік әрекеті әлсірейді және организмнің түрлі індет ауруға төтеп беру қабілеттігі кемиді.
Белгілері. Ауру құстың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті кемиді, жұмыртқалағыштығы төмендейді. Қауырсыны құрғайды, сынғыш келеді, үрпиіп тұрады. Балапанның өсуі тежеледі.
Жоғарғы тыныс жолының кілегей қабықтары қабынады.
Көздің дәнекер қабығы қабынған, қабағының астына ақ ірімшік тәрізді зат жиналып, ол көздің қасаң қабығын басып кетеді.
Бауырда, жұмыртқа сары уызында А витаминінің мөлшері әдеттегіден кем болады (дені сау тауық балапаны бауырының 1 грамында 30-60 мкг А витамині, ал тауықтың сапалы жұмыртқасы сары уызының 1 грамында 8-12 мкг А витамині және 20-30 мкг каротиноидтар болады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. А авитаминозынан өлген құсты жарып қарағанда ауыздың, өңештің және артқы тесіктің кілегей қабығының үстін оңай сыдырылып алынатын жұқа қабық басқаны байқалады.
Бұған қоса өңештің кілегей қабығынан қара қурай дәніндей түйіршіктер жиі табылады. Артқы тесіктің кілегей қабығында қызғылт жалақтар көрінеді. Бүйректер ұлғайған және ұлпасы түйіршіктеніп өзгеріп кеткен.
Ауруды анықтау. А авитаминозын сыртқы белгілеріне және патологиялық-анатомиялық белгілеріие қарай анықтайды. А авитаминозын күл-дифтериттен ажырату керек.
Емі және аурудан сақтандыру. Аурудан сақтау және ем ретінде рационға көк жоңышқа, беде, қалақай ұнын, пішен ұнтағын, сол сияқты қызыл сәбіз, қызыл қызылша, сүрлем, сары жүгері, томат, өнген бидай, витаминдендірілген балық майы қосылады. Витаминді препараттардан мыналар қолданылады: А витамині - ацетат, майға қосылған А витаминінің концентраты, А витаминінің сұйытылған препараты. Бұл витаминдер ертеңгісін құстың аш кезінде ботқаға араластырылып беріледі.
Аурудан сақтау мақсатында 1 кг құрғақ жемге мынадай мөлшерде А витамині қосып беріледі: тауық балапаны мен үйрек балапанына 3 мг, күрке тауық балапанына - 6 мг, тауыққа, үйрекке, күрке тауыққа - 4-5 мг. Ем ретінде бергенде А витаминінің мөлшері аурудан сақтау үшін берілгенге қарағанда 25-50% арттырылады [1, 4] .
1. 2 Д авитаминозы - мешел
Д витамині жетіспеуі не болмауы зат алмасуын бұзады, мешел ауруының дамуына әкеп соғады. Сонымен қатар, кальций мен фосфор тұздары жетіспесе де және олардың арақатысы дұрыс болмаса да құс мешелге ұшырайды. Д витамині кальций мен фосфор алмасуын реттейді.
Белгілері. Мешелге көбіне 3 апталығынан 5 айлығына дейінгі балапандар яғни өсуі жеделдей түсетін кезінде шалдығады.
Ауру құстың қауырсыны үрпиеді, қанаты салбырайды, тәбеті кемиді. Қауырсынның өсуі мен дамуы баяулайды. Жас балапанның қауырсыны нашар өседі, аяқтары әлсіз болады, жүргенде теңселеді, «аяғына шөгу» басталады. Аурудың барысы қатты болса, құс еңбектеп қозғалады. Балапан арықтайды, сүйектері жұмсарады, төсі, түтікті сүйектері және саусақтары қисаяды, түтік сүйектер мен қабырғаларының буын ұштары жуандайды. Басы үлкейіп кетеді, денесіне сай келмейді. Ауру ұзаққа созылса, кұс көтерем болып өледі.
Мешелден айыққан балапан әлжуаз болады, осыған байланысты оның өнімділігі мен тұқымдық сапасы кемиді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Төс сүйегі мен түтікті сүйектері саңылаулы болады, жұмсарады, қисайып кетеді және олар қайшымен одай кесіледі. Буындары өзгеріске ұшыраған.
Ауруды анықтау . Мешелді оған тән сыртқы және патологиялық-анатомиялық белгілеріне қарай анықтайды.
Аурудан сақтандыру және емі. Көктем мен жазда, ішінара күзде кұс өз бетімен далада жайылғанда күннің ультра күлгін сәулесі әсерінен организмдегі зоостерин (провитаминдер) Д витаминіне айналады.
Күзде, қыста және құсты торда ұстағанда құсқа ПРК-2 лампасы арқылы сәуле түсіріледі, рационға ультра күлгін сәуле түсірілген Д 3 витамині бар балық майы, немесе Д2 және Дз витаминдерінің арнайы препараттары қосылады. Сонымен қатар қустың жемінде А витамині және В витаминінің комплексі, минералдық заттар жеткілікті болуы шарт.
Мешел өршіп кеткен жағдайда балапанды емдеу қиын және ол әрдайым нәтижелі бола бермейді. Емдеу және аурудан сақтау үшін витамин қосылған балық майы қолданылады.
Аурудан сақтаңдыру үшін 1 кг құрғақ жемге қосып тауық пен үйрек балапанына 0, 30 мг, күрке тауық балапанына 0, 60 мг, тауыққа 0, 95 мг, үйрек пен қазға 0, 75 мг Д витамині беріледі. Ем үшін қолданғанда Д витаминінің мөлшері аурудан сақтау үшін берілгендегіден 25-50% арттырылады [3] .
1. 3 В1 авитаминозы - асқазан полиневриті
Организмде В1 витамині (тиамин, аневрин) жетіспеуі көмірсу, май, белок алмасуын және нервті гуморальды реттеуді бұзады.
Белгілері. Ауру құстың тәбеті кемиді, өсуі тежеледі, болмашы тітіркендіргішке тез қозады, кейде нерв қызметі бұзылып, құс басын шалқайтады, шала паралич, паралич соғады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлген құстың бауыры ілжіреп кеткен, май басқан, өтінің қабы кеңейген және өтке толы болады. Ішектің кілегей қабықтарын қалың кілегей басқан. Бүйрек безі үлкейген. Аталық ұрық безінің салмағы 30-40% кеміген. Шеткі нерв пен жұлынның артқы жағында миелиннің құрылымының өзгергені байқалады.
Ауруды анықтау. В1 авитаминозы өзіне тән сыртқы белгілеріне, патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне және қанды зерттеу, рационға талдау жасау арқылы анықталады.
В1 авитаминозын энцефаломиелиттен, Е авитамииозынан, азықтан уланудан ажырату керек.
Аурудан сақтандыру және емі. Аурудан сақтандыру және ем үшін раиионға В1 витамині бар жем-азық, наубайханалық және мал азықтық ашытқы, астық, өнген астық, кебек, күнжара (зығыр, соя, мақта күнжаралары) жас шөп, витамин В1 препаратын қосу керек.
Аурудан сақтау үшін балапанға да, ересек құсқа да 1 кг құрғақ жемге 2 мг В1 витаминін қосады. Ем үшін бергенде В1 витаминінің мөлшерін аурудан сақтау үшін берілген мөлшерден 25-50% арттырады [4, 5] .
1. 4 В 2 авитаминозы - арибофлавиноз
В 2 витамині (рибофлавин) жетіспегеи жағдайда организмде тотығу процесі бұзылады, белок сіңіру және белок синтезі төмендейді. В 2 авитаминозына ұшырағанда өте маңызды амин қышқылдары (триптофан, гистидин, фенилаланин) өзгермеген күйінде орғанизмнен шығарылады. Жоғарыда көрсетілген белокты қосылыстардың: организмде болмауы флавопротеиндердің түзілуіне мүмкіндік болмайды, осының салдарынан белок алмасуы бұзылады.
Белгілері. В 2 авитаминозы көбіне туғанына 20 күннен асқан балапандар шалдығады. Ауру балапанның өсуі тежеледі, тәбеті өте нашарлайды, қаны азаяды, аяқтары әлсірейді, саусақтары құрысады, басы мен мойын терілері қабынады. Ересек құстар арықтайды, жұмыртқалағыштығы төмендейді, жұмыртқаның сары уызында рибофлавин мөлшері кемиді, жұмыртқаның инкубациялық қасиеті нашарлайды және балапан шығаруы кемиді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлген құсты сойып қарағанда бауырды май басып кеткені, кейде нерв сабақтарының қанталағаны, пішінінің өзгергені байқалады. Ішектің кілегей қабығында кілегей көп жиналғаны және оның қанталағаны байқалады. Аналық без бен аталық бездің салмағы 20-30%кемиді. Бүйрек безі 10-20 % ұлғайған.
Емі және сақтандыру шаралары. Ем және аурудан сақтандыру мақсатында рационға, сүт өнімдері, өнген астық, кебек, мал азықтық не наубайхана ашытқысы, кристалл түріндегі рибофлавин қосылады. Аурудан сақтандыру үшін 1 кг құрғақ жемге тауық пен үйрек балапанына 3 миллиграмнан, күрке тауық балапаны мен ересек құсқа 4 мг В 2 витамині беріледі. Ем үшін қолданғанда В 2 витаминінің мөлшерін аурудан сақтандыру мөлшеріне қарағанда 25-50% арттырады [1, 4] .
1. 5 В 12 авитаминозы
Бұл ауру В 12 витаминінің (кобаламин) жетіспеуінен не оның жоқтығынан пайда болады. В 12 витамині белоктың, әсіресе, өсімдіктекті белоктың сіңірілуін жақсартады.
Белгілері. Ауру құстың тәбеті кемиді, құс мең-зең болады. Айдары, сырғасы және терісінің түсі бозғылт тартады, ісікті (пернициозды) анемия өрши түседі. Балапанның өсуі тежеледі, мекиеннің жұмыртқалағыштығы төмендейді. В 12 витамині жеткіліксіз болса, инкубацияланып жатқан жұмыртқаның ұрығы дамуын тоқтатады және инкубацияға салынғаннан кейін 17-18 күні ұрық өледі.
Аурудан сақтандыру және емі. Аурудан сақтандыру және ем үшін рационға В 12 витамині бар жем-азық қосу керек. Мұндай жемге мыналар жатады: көк шөп (жоңышқа, беде, қалақай және басқалар), балық, ет-сүйек ұны, сүт өнімдері. В 12 витамині биовит-40 және пропион-ацидофильді сорпада (ПАБК) көп болады. 1 кг биовит-40-та 10-15 мг, 1 л ПАБК-да 1, 5 мг В 12 витамині болады. Тауық және үйрек балапанына тәулігіне бір рет 3-5 күн бойы 1-2 мл ПАБК беріледі содан кейін оны беруді тоқтатады және қажет болса қайталап қолданады.
Аурудан сақтандыру мақсатында В 12 витамині тауық, күрке тауық балапандарына, тауыққа, күрке тауыққа 1 кг 12 мкг, ал үйрек пен үйрек балапандарына 6 мкг мөлшерінде құрғақ не ұн қоспасына қосып беріледі.
Ем үшін берілетін В 12 витаминінің мөлшері аурудан сақтандыру үшін берілетін мөлшерден 25-50% көп артық болады [1, 2, 3, 5] .
1. 6 Е авитаминозы
Бұл ауру құс организмінде Е витаминінің (токоферол) тапшы болуы немесе мүлде болмауы себепті орын алады.
Белгілері. Құс мең-зең болады, тәбеті кемиді. Бұлшық еттері осалдайды, аяқтары әлсірейді, ауру құс еңбектеп қозғалады.
Бұған қоса құс бір орында шыр айналады, басын шалқайтады. Шәует шығаруы кемиді не тоқталады, ұрықтандыру қабілеті кемиді. Эмбрион 3-6 күндері өледі. Жұмыртқадан шыққан жас балапан осал болады және індет ауруларға өте шалдыққыш келеді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Бұлшық еттері бозғылттанған миы сарғыш түсті сопақша миы - жұмсарған. Гистологиялық жолмен зерттегенде жыныс бездері мен сперматозоидтардың пішінінің өзгергені байқалады.
Аурудан сақтандыру және емі. Аурудан сақтандыру және ем жасау мақсатында рационға жем, бидай кебегі, картоп, сәбіз, капуста, көк шөп және беде, жоңышқа, қалақай ұндары, сол сияқты жидек, өнген астық, наубайханалық не мал азықтық ашытқы қосылады.
Құс 1 кг жемге орта есеппен 0, 3 мг Е витаминін қажет етеді.
Тауық балапанының бұлшық етіне 8-15 мг токоферол жіберіп емдегенде жақсы нәтиже алынған [1, 2, 4, 6] .
1. 7 Подагра
Бұл ауру кезінде организмде несеп қышқылы көп түзіледі және оның тұздары тканьдерде ішкі органдар қабықтарында, буындарда жиналады. Негізінен алғанда бұл ауруға барлық құс балапандары шалдығады, ересек құс сиректеу ауырады, басқа құсқа қарағанда тауық жиірек шалдығады. Құс эмбриондарында да вицеральді подагра болады.
Себебі және патогенез. Аурудың себептері: 1) белоктың организмге үнемі көп берілуі (ет-сүйек және балық ұнын өте көп беру) ; 2) рационда А және Д витаминдерінің жетіспеуі; 3) рационда қышқыл және сілті заттардың ара салмағы ретінің бұзылуы (қышқыл рацион) ; 4) таза ауада серуендетудің жеткіліксіздігі (тотығудың жеткіліксіз болуы) ; 5) рационда жоңышқа, беде шөптерінің және т. б. болмауы.
Азықтандырудың тәртібі жоғарыда айтқандай бұзылғанда қандағы несеп қышқылының мөлшері 3-5 рет артады, соның салдарынан оның несеп қышқыл тұздары, әсіресе ураталар, етте, буындарда, ішкі органдарда және әсіресе, бүйрек каналдарына және несеп жолдарына жиналады. Бұл жағдайда көбіне несеп жолы бітеліп қалады да, құс. өледі.
Белгілері. Бұл ауру буын подаграсы және вицеральді подагра болып бөлінеді. Прдаграның бұл екі түрінде де құс мең-зең болады, тәбеті кемиді, арықтайды, айдары және сырғасы бозарады. Буын подаграсы болса, әлгі белгілерге қоса құс ақсайды, буыны жуандайды. Вицеральді подагра кезінде құс саңғырығы ақ түсті болады. Артқы тесігінің төменгі жағындағы қауырсыны бөлінген несеп қышқыл тұздың әсерінен ағарады, ластанады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Буын подаграсы кезінде буында несеп қышқыл тұздарының жиналғандығы байқалады. Вицеральді подогра кезінде бауырдың, ішектің, бүйректің, өкпенің сірі қабығында, сол сияқты несеп жолында, жүрек қабында және жүректе ақ дақ көрінеді.
Аурудан сақтандыру және емі. Подаградан сақтандыру үшін белогы көп жем тежеп беріледі және қышқыл азықтар азайтылады. Құсқа витаминді азық қажетінше көк шөп және пішен ұнын (жоңышқа, беде) беру керек. Қораны жақсы желдетіп, құсты мүмкіндігіне қарай серуенге шығарып тұру шарт.
Аурудан сақтандыру үшін құсқа қос көмір қышқыл соданың 1%-тік ерітіндісін немесе карловар түзының 0, 5%-тік ерітіндісін ішкізеді. Оған қоса әр құсқа тәулігіне 0, 5-1 г атофан береді. Ауру құсты емдеу экономикалық жағынан алғанда тиімді емес [3, 4, 6] .
1. 8 Перозис
Перозис (жалған буын шығу, жылжымалы буын) кезінде аяқтың бұлшық еті, буынды жалғастырып тұратын тканьдер және аяқ сіңірі босап әлсірейді, осының нәтижесінде буын еркін қозғалмалы болады.
Себебі. Ауру ацидоз кезінде және организмде марганец, холин, А және Д витаминдері жетіспеген жағдайда пайда болады.
Белгілері. Ауруға шалдыққан балапан аяғынан басып тұра алмайды - тілерсектеп жүреді. Түтікті сүйектері қысқарады, жуандайды. Ауру құс сүйегін 100 г құрғақ затында 0, 06 мг марганец, ал дені сау құста 0, 2 мг марганец болады. Ауру созылмалы түрде өтеді. Құстық аурудан айығып-айықпауы емдеудің дер кезінде жүргізілуіне байланысты болады.
Аурудан сақтандыру және емі. Аурудан сақтандыру және емдеу ретінде мыналар қолданылады: А және Д витаминдерің минералдық заттарды мөлшермен беру, су орнына 2-3 күнде бір рет 1 : 2000 сұйылтылған йодты калий ерітіндісін, су орнына 2-3 рет күніне бір рет калий перманганатын (1 : 20 000), беру, содан кейін оларды беруді тоқтатылады да, 4 күн өткен соң қайталанылады. Сонымен қатар жазда құсқа жоңышқа, беде және басқа шөптер майсасы ұсақтап турап беріледі [4, 5, 6] .
1. 9 Каннибализм
Бұл құстың бірін-бірі шұқылап жұлмалап тастауы. Онымен көбіне балапан ауырады.
Себебі. Бұл ауру азықта белоктық, витаминнің және минералдық заттардың арасалмағының тиісті ретте сақталмауының салдарынан пайда болады.
Бұл ауруға құс түлеу, жарақаттану, жарақаттанғанда қан кету, жұмыртқа жолының не тік ішектің түсуі, түрлі тұқымға жататын әр түрлі жастағы балапандардың бірге ұсталуы, балапан қораның тар болуы, құстың серуенге шығарылмауы және күтудегі басқа да кемшіліктер себепті шалдығады. Бірнеше рет шұқығаннан кейін құсқа осы жаман дағды әдетке айналады.
Аурудан сақтандыру және емі. Белокты, витаминді және минералдық азықтардың арақатысын дұрыс сақтау қажет, сондай-ақ күту жағдайларын жақсартады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz