Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Асқазанның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2Ішектердің газбен керілуі (метеоризмі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3Ішектердің түйілуі (энтералгия) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4Ішектерде химустың тоқтауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.5 Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.6 Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.7 Жалпы патогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым. Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Асқазанның кеңеюінің жіті түрі асқазанның пилорусының түйілуі салдарынан асқазан мен ішектер арқылы ас жүрмей, асқазанның көлемі ұлғайып, оның жиырылуы және секрет бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Негізгі себебі – вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы салдарынан пилорустың түйіле жиырылуы (пилороспазм) . Ондай жағдай қалыптасқан азықтандыру, дем алдыру, жұмысқа пайдалану реттілігі бұзылғанда, кенеттен рационның құрамы өзгергенде, жұмыс көліктерін тамаққа тойғызып бірден жұмысқа пайдаланғанда; құнарсыз, бұзылған тамақ бергенде жиі кездеседі.
Азық қабылдаған уақытта, немесе одан 1-1,5 сағат өткеннен кейін білінеді. Басында ауру мал аяқтарымен жер тарпып , қарнына қарап, жерге аунап, алға ұмтылып тынышсызданады. Ауырсынғандықтың дистензиондық түрі үдей түседі. Жылқылар итке ұқсап шоқиып отырады. Мойын күре тамырының бойымен бас жаққа қарай жиырылған толқын байқалады. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды, сүріншек келеді, бұлшық еттері дірілдейді, терлейді. Дене қызуы көтеріледі. Кілегей қабықтары көгерген, дем алысы жиі, жүрек саздары қатты естіледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты –ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Ливинова,Т.К. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей: учеб. Пособие/Т.К. Ливинова.- М.: Изд-во Аквариум, 2003-133 с.
2 Қожанов,К.Н. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары: қосымша оқу құралы/ К.Н. Қожанов.- Семей: Заман баспасы, 2005.-387 б.
3Молдағұлов,М.А.Жануарлар ішкі аурулары: оқу құралы/ М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев, Н.А.Заманбеков; біресе шығарылған 1-кітап.-Алматы: 2009.-197 б.
4 Полный справочник внутренних болезней: учеб. пособие для вузов/ под. ред. Ю. Ю. Елисеева.- М.: 2003.-400 с.
5 Внутренние незаразные болезни с- х. животных:учебник./ под. ред. И.Г.Шарабрина.-М.: Изд-во Колос, 1985.-265 с.
6 Внутренние незаразные болезни с-х. животных: учебник./ под. ред В.М.Данилевского-М.: Изд-во Агропромиздат,1991-123с.
7 Физиотерапия и физиопрофилактика болезней животных:учебник./под. ред. А.Д.Белова.- М.: Изд-во Колос, 1983-266с.
8 Внутренние незаразные болезни КРС: учебник./под. общ. ред. Ионов П.С., Тарасов И.И.- М.: Колос,1984-455с.
9 Кондрахин И.П., Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии:учебное пособие (для вузоб)/ под. общ. ред. Кондрахин И.П.,КуриловН.В.-М.: Изд-во Агропромиздат,1985-133с.
10ҚожабаевМ. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары: жоғарғы оқу орнына арналған оқулық/ М.Қожабаев, Ш.Қаратаев; бірлесе шығарған, М.Әуезов атындағы ОҚМУ.-Шымкент: Нұрлы бейне баспасы, 2006-171 б.
11Щербаков,Г.Г.Лекарственные средства в ветеринарии: учебник для вузоб/ под. общ. ред. Д.К.Червяков, П.Д.Евдокимов.- Санк-Петербург: 2005-196 с.
12Бердимуратов,Ж. Ірі қара аурулары: оқулық / құрастырған Ж.Бердамуратов.- Алматы: Қайнар, 1976 -155 б.
13 Тулеметова С.Е., Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары: қосымша оқу құралы/ құрастырған Тулеметова С.Е.-Шымкент: Нұрлы бейне баспасы, 2010.-200 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2014ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2014ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2014ж.

Аннотация

Жануарлар патологиясы пәнінен Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы тақырыбына жазылған атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыс нормативтік сілтемелер, анықтамалар, ұысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі және өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Асқазанның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2Ішектердің газбен керілуі (метеоризмі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3Ішектердің түйілуі (энтералгия) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4Ішектерде химустың тоқтауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.5 Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.6 Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.7 Жалпы патогенез ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.601-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Жүйелік. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

Қысқартулар мен белгілер

л - литр
мл - миллилитр
г - грамм
кг - килограмм
т.б - тағы басқа
т.с.с - тағы сол сияқты
% -пайыз

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым. Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Асқазанның кеңеюінің жіті түрі асқазанның пилорусының түйілуі салдарынан асқазан мен ішектер арқылы ас жүрмей, асқазанның көлемі ұлғайып, оның жиырылуы және секрет бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Негізгі себебі - вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы салдарынан пилорустың түйіле жиырылуы (пилороспазм) . Ондай жағдай қалыптасқан азықтандыру, дем алдыру, жұмысқа пайдалану реттілігі бұзылғанда, кенеттен рационның құрамы өзгергенде, жұмыс көліктерін тамаққа тойғызып бірден жұмысқа пайдаланғанда; құнарсыз, бұзылған тамақ бергенде жиі кездеседі.
Азық қабылдаған уақытта, немесе одан 1-1,5 сағат өткеннен кейін білінеді. Басында ауру мал аяқтарымен жер тарпып , қарнына қарап, жерге аунап, алға ұмтылып тынышсызданады. Ауырсынғандықтың дистензиондық түрі үдей түседі. Жылқылар итке ұқсап шоқиып отырады. Мойын күре тамырының бойымен бас жаққа қарай жиырылған толқын байқалады. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды, сүріншек келеді, бұлшық еттері дірілдейді, терлейді. Дене қызуы көтеріледі. Кілегей қабықтары көгерген, дем алысы жиі, жүрек саздары қатты естіледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты - ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1Асқазанның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы

Асқазанның кеңеюінің жіті түрі (Dilatatio ventriculi acuta) асқазанның пилорусының (сфинктерінің ) түйілуі салдарынан асқазан мен ішектер арқылы ас жүрмей, асқазанның көлемі ұлғайып, оның жиырылуы және секрет бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Жылқыларда, иттерде жиі кездесетін аурулардың бірі.
Себептері. Негізгі себебі - вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы салдарынан пилорустың түйіле жиырылуы (пилороспазм). Ондай жағдай қалыптасқан азықтандыру, дем алдыру, жұмысқа пайдалану реттілігі бұзылғанда, кенеттен рационның құрамы өзгергенде, жұмыс көліктерін тамаққа тойғызып бірден жұмысқа пайдаланғанда; құнарсыз, бұзылған тамақ бергенде жиі кездеседі.
Қосалқы түрде ішек ауруларында, олардан ас жүрмей, тоқтап қалғанда, әсіресе 12 - тұтам ішек бітелгенде байқалады.
Дамуы. Асқазанның кілегей қабығының тітіркенуі салдарынан оның
қабырғасының қатты керілуі, оның жиырылуын түйілуге дейін айналдырып,
қатты ауыртады. Бас мидың қабының қозуынан қанда адреналин көбейеді.
Вегетативті жүйке жүйеснің симпатикалық бөлігінің қозуынан пилорус түйіледі де, асқазанда қарсы жиырылу пайда болады. Ол барып ішектердің жиырылуын бәсеңдетеді.
Диафрагмаға қысым түсіп дем алу қиындайды және жүректің систолалық көлемі азаяды. Тотығу-тотықсыздану процесі бұзылады.
Асқазанға тұзды судың көп бөлінуі (кейде 25-л дейін ) организмді сусыздандырады, зат алмасуы бұзылады [1,2].
Өлекседегі өзгерістер. Асқазан 2-3 есеге үлкейген, қышқыл реакциялы, ішінде сұйық, қоймалжың, газ бен қан аралас қоспа. Қабырғасы созылып жұқарған.
Кейде тірі малдың қарнының диафрагмасының жыртылып, жарылғаны кездеседі. Жарық арқылы кеуде қуысына ішектің, қарынның бөліктерінің, бауырдың түсуі мүмкін [1,2,3].
Клиникалық белгілері. Азық қабылдаған уақытта, немесе одан 1-1,5 сағат өткеннен кейін білінеді. Басында ауру мал аяқтарымен жер тарпып , қарнына қарап, жерге аунап, алға ұмтылып тынышсызданады.
Ауырсынғандықтың дистензиондық түрі үдей түседі. Жылқылар итке ұқсап шоқиып отырады.
Мойын күре тамырының бойымен бас жаққа қарай жиырылған толқын байқалады.
Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды, сүріншек келеді, бұлшық еттері дірілдейді, терлейді.
Дене қызуы көтеріледі. Кілегей қабықтары көгерген, дем алысы жиі, жүрек саздары қатты естіледі.
Ішектердің шуылы сирек, әлсіз, кейде естілмейді де. Тік ішек арқылы тексергенде көкбауыр артқа қарай ығысқан, асқазанның пішіні дөңгелек, қабырғасы керілген, сөлі қышқыл реакциялы. Онда бос тұз қышқылы жоқ, ал сүт пен май қышқылдары бар.
Организмнің сусыздану белгілері байқалады.
Қанда эритроциттер, гемоглобин , белоктың глобулин фракциясы көбейген, ал хлоридтер мен сілтілік қоры азайған.
Кейде лейкоциттер де көбейеді, нейтрофилия, эозинопения анықталады. Эритроциттердің шөгуі баяулайды.
Диафрагма жыртылғанда демікпе пайда болады, жүректің қызметі нашарлайды, кілегей қабықтары көгереді.
Асқазан жарылғанда ауру мал кенеттен тыныштала қалады, көзі шүңірейген, жанарын бір жерге қадаған, суық тер шығады, аяқтары, танауы суыйды, тамыр соғысы әрең білінеді, іш қуысында газ шоғырланады.
Тесу арқылы тексергенде, одан қан аралас қоспа анықталады [1,3,4].
Барысы. Өте жылдам, 2-6 сағаттың ішінде шешіледі.
Анықтау. Басалқы түрінде аурудың өзінің негізгі, ал қосалқы түрінде негізгі аурулардың клиникалық белгілеріне сүйенеді. Зонд арқылы тексергеннің нәтижесі жақсы.
Болжамы. Уақытында дұрыс емдегенде ауру мал жазылады. Ал, диафрагма не асқазан жарылса, онда өліммен аяқталады.
Емі. Бірінші кезекте ауырсынғандықты басу керек. Ол үшін он пайызды анальгин, 25 пайызды алкоголь, 10 пайызды хлоралгидрат ерітінділерін венаға жібереді.
Асқазандағы газды, азықтың қалдығын зонд арқылы шығарып, жылы сумен, 1-2 пайызды ихтиолдың, не соданың ерітіндісімен жуып тазалайды. Кейде ондағы сұйықты шығару үшін Комовскийдің насосын қолдануға тура
келеді.
Ауыз қуысы арқылы 6-12 мл сүт қышқылын, немесе 15-35 мл сірке
қышқылын бір бөтелке сумен араластырып, ішкізеді. 10 пайызды хлорлы натрийдің ерітіндісінде 2-2,5 г кофеин бензоат-натрийді, 50-100 г глюкозаны қосып венаға жібереді. Уақытында дұрыстап, гастритті емдеу керек.
Аурудың созылмалы түрі асқазанның көлемінің тұрақты түрде ұлғаюымен және жиырылу, сөл бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталады.
Себептері. Малды ұзақ уақыт құнарсыз, біркелкі қатаң азықпен (нашар шөп, сабан, диірмен қалдықтары, ұшқын т.б.) азықтандырғанда;
-жылқылардың асқазаны топырақпен, құммен ластанғанда;
-пилорус тарылғанда;
-асқазан көрші ағзалармен жабысып қалғанда;
-асқазанда, ішектерде жаңа ісіктер пайда болғанда;
-гастрофилезде пайда болатын ауру.
Дамуы. Аурудың себептері асқазандағы астың ары қарай жылжуын қиындатады.
Басында оның еттері қатты жиырылып, көлемі ұлғаяды, қабырғасы қатты созылады, ондағы қоспада ащу-шіру процесі үдейді. Улы заттар мен газдар түзіледі.
Асқазан көрші ағзаларды қысып дем алу, қан айналу, жалпы ас қорыту процестері бұзылады [1,2,3,4].
Өлекседегі өзгерістер. Асқазанның көлемі үлкейген қабырғалары жұқа, кей жерлері өлі еттенген, ішінде газ, толық қорытылмаған жағымсыз иістің астың қалдығы анықталады.
Кейде асқазан жыртылған, ішіектердің кілегей қабықтарында, шажырақайда, бауырда қабынудың белгілері анықталады.
Клиникалық белгілері. Ауру мал салғырт, тез шаршайды, тершең келеді, жиі- жиі есінейді, жоғары ерінде көтеретін еті түйілген. Ішектердің жиырылуы әлсіз, нәжіс қатая бастайды.
Тамақтан кейін малдың тынышсызданғаны байқалады. Тәбеті жиі өзгеріп отырады, ауру мал арықтайды. Асқазан бездерінің қозуы субацидті, инертті түрлерінде болады.
Шаншу анық біліне бастағанда клиникалық белгілері аурудың жіті түріндегідей болады.
Емі. Аурудың клиникалық белгілері анық біліне бастағанда емдеу әдістері жіті түріндегідей.
Рационның құрамында жусан аралас әр түрлі шөп, қызылша, сәбіз, ашытқы қосылған жем кірістіріледі. Басында жарты мөлшерін, артынан ақырындап, толық мөлшеріне жеткізеді.
Асқазан сөлін дені сау жылқыдан алып, немесе қолдан жасап береді. Операция жасап емдеуге де болады.
Қосалқы түрінде негізгі ауруларды емдеу керек.
Қолданылған ем нәтиже бермесе, онда ауру малды уақытында шығысқа шығарған жөн [4,5].

1.2 Ішектердің газбен керілуі (метеоризмі)

Ішектің метеоризмі (Meteorismus intesti - norum) деп ішек қабырғасының жиырылуы, сөл бөлу қабілетінің нашарлауы нәтижесінде жындағы ашу процестері күшейіп, одан өнген газдармен ащы және тоқ ішектердің кебуін айтады.
Себептері. Ішектердің кебуіне төмендегі жағдайлар әсер етеді. Олар: жаңбырдан, шықтан кейін шабылып, кеппей шөмелеге үйілген көк балауса мен, шірігін, көгерген пішенмен, улы шөптермен азықтандыру, ауыр жұмысқа пайдаланған соң, дем алдырмай жемшөп беру және суару, ішектердің бөгде
заттармен бітеруі, шажырқай қан тамырларының тромбо - эмболиясы, перитонит (іш қуысының сірі қабығының қабынуы),т.б.
Белгілері. Жемшөпке тойған жылқы аз уақыттан соң, тынышсыздана бастайды. Уақыт өткен сайын тынышсыздану күшейіп, алдындағы заттарды байқамай, тек алға ұмтыла береді.
Әрі - беріден соң, ол жерге құлай кетіп, аунап түседі де, қайта тұрады, малшына терлейді. Осы кезде оның қызуы 39-40 дейін көтеріледі. Малдың іші күмпиіп кетеді. Оны кішкене балғамен ұрғанда металл сыңғырына ұқсас дыбыс шығарады.
Бастапқы кезде ішек перистальтикасы күшейіп, бара - бара әлсірейді де, тоқтайды. Газдар мен нәжістің сыртқа шығарылуына сирей келе тоқтауды мүмкін.
Кілегей қабықтарға қан тамырлары қанға толып, білеуленіп, көгеріп тұрады.
Тамыр соғуы жиілейді, ал жүректің соғумен тоны күшейеді. Тыныс алу 2-4 есе жиілеп, көкірек арқылы жүреді. Бұл ауру тез өршіп, 6-12 сағатқа созылады.
Ауруды анықтау. Анамнез бен жоғарыда баяндалған белгілерге орай ауруды дұрыс анықтауға болады.
Дегенмен диагнозды дәлірек қою үшін, іш қуысынан сірі сұйығын алып зерттейді.
Асқынбаған метеоризмде сұйық сары түсті, мөлдір келеді. Ал сірі қабық қатты қысылған жағдайда қызыл түсті (эриторциттер аралас), ішек қабырғасы жарылған кезде қан мен жын, перитонитпен асқынған лейкоциттер мен эндотелей клеткалары аралас болады .
Емі Емдеудің басты мақсаты тез арада ішектің түйілуін және осыған байланысты туатын шанышқақтарды жою.
Осы мақсатпен 0,5-7,0г фатының 10% ердіндісін қанға жіберу немесе 50мл анальгиннің 10% судағы ертіндісін зарарсыздандырып тері астына енгізген көп көмегін тигізеді.
Бұл тұрғыда бүйректің айналасына новокаин блокадасын жасау да жақсы нәтиже береді.
Ішектегі ашыған жыннан газдардың бөлінуін тоқтату мақсатымен зонд арқылы 15-20 г ихтиол 1 литр суға, немесе 50мл сикаден 2-3 литр суға қосып ішкізіледі.
Ішек перистальтикасын күшейту үшін қанға натрий хлоридінің 200-500 мл 5-10% судағы ерітіндісі жіберіледі. Осы мақсатпен суық клизма да пайдалануға болады.
Ішті жүргізу үшін өсімдік майын ішкізген жөн. Жүрек қызметі кофеин препаратымен сүйемелденеді. Ішек кебу тым асқынып, диафрагма арқылы өкпені қысып, тыныс алуды нашарлатса, онда малды өлімнен аман сақтау үшін басқа амалдың жоқтығынан бүйен мен үлкен тоқ ішекті троакармен тескен дұрыс.
Ауырған мал жұмыстан босатылады. Емдеу қатар құнарлы жем-шөппен азықтандырылады.
Ал азықтың дұрыс қорытылуы үшін, ауру малға жасанды қарын сөлін (тұз қышқылы мен пепсин қосындысын) берген жөн.
Сақтандыру шаралары. Ауру тудырушы себептерді жою керек [5,7,8].

1.3Ішектердің түйілуі (энтералгия)

Ішек кілегей қабығының суланып, қызарып, (қатарлық) қабынуы салдарынан оның қабырғасы тым қатты жиырыла ауыруы, түйілуі. Осының негізінде өршитін және ауық - ауық қайталанып отыратын өлі тиюдің түрін ішек энтералгиясы (Enteralgia catarrhalis ) дейді.
Себептері. Энтералгия негізінен мынадай жағдайларға байланысты өршиді. Олар: желіп не шауып денесі қызған малды желді күндері суықта, жаңбыр астында ұстау, мұз аралас сумен суару, көгерген, бұзылған жемшөппен азықтандыру.
Дегенмен энтералгиямен өрісте, жайылымда жайылып жүрген жылқылар сирек ауырады. Бұл ауруға көбінесе жас жылқы, қоңы төмен және қорада бағылатын жылқы шалдығады.
Белгілері. Өлі тию ауық - ауық қайталанып, ұстамалы түрде өтеді. Ол үш минуттан 10 минутқа дейін созылады. Ауырмаған аралықта мал тыныш тұрады. Ол берілген жемшөпті жақсы жейді. Сырттан қарағанда аурудың ешқандай нышаны көрінбейді.
Ауру басталған бойда жылқы іш жағына қайта - қайта қарайды. Аяқтарымен жер тарпып, жатуға ыңғайланады, кейде құлайды. Ол қатты терлеп, аузынан сілекей шұбырады.
Орнынан тұрып, нәжіс пен зәр шығаруға ыңғайланады. Сөйтіп осы жағдайды бірнеше рет қайталайды.
Ішек перистальтикасы біркелкі болмайды. Өлі тию басталғанда ол да күшейеді. Аурудың бастапқы кезеңде нәжістің консистенциясы, қалыптағыдай, ал аурудың әрі қарай үдеуіне байланысты ол борпылдақтанып, сұйыла бастайды және қышқыл иісті келеді. Ішектерде кей кезде метеоризм байқалады.
Онша асқына қоймаған энтералгияда малдың қызуы, тамыр соғуы және тыныс алуы көп өзгеріске ұшырамайды.
Гастроэнтеритпен қатарласа өршіген энтералгияда кілегей қабықтар сарғыштанып тұрады, тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді. Атропиннен жойылған шанышқақ 2-3 сағаттан соң қайталанады.
Ауру 30 минуттан 3-6 сағатқа дейін созылады.
Ауру жоғарыда айтылған белгілерге орай анықталады. Бір айта кететін жай - өлі тиюдің бұл түрінің басқаларынан айырмашылығы - аурудың кенеттен байқалып, ауық - ауық қайталанып отыруы.
Емі. Емдеудің ішектің етті қабығының жиырыла түйілуін тоқтатуға бағыттау керек. Осы мақсатпен атропин сульфат (0,025г) платифиллин (0,02г), лидол (0,2г) промедол(0,03г) сияқты дәрілердің біреуін 5 мл суда ерітіп, зарарсыздандырып, тері астына егуге болады.
Шанышқақты тоқтату үшін 30-50 мл 10% анальгин ертіндісінің 150-250 мл 0,25% новакаин ертіндісінің, 200-300 мл 1% метилен көгінің біреуін қанға жіберу керек. Түйілу тоқталмаса, онда тері астына 5% эфедрин ертіндісін 1 мл еккен жөн.
Аурудың жеңіл түрінде қазтабан (ромашка) тұнбасын (2-3литр), эфирлі - валерин тұнбасын (20мл) ішкізсе де жетеді.
Осылармен қатар малдың қарнына жылы компресс қою, жабулау, терең, жылы клизма мен массаж жасау да жақсы нәтиже береді.
Ішті тазалау үшін өсімдік майын, ал микробтарға қарсы ихтиол ішкізіледі.
Ауру малды жұмысқа жібермейді, гастроэнтерит сияқты емдеп, диеталық жемшөппен азықтандыру қажет [6,8,9].
Сақтандыру шаралары. Ауру тудырушы себептерді жою, суыққа үйрету, шынықтыру жылқыларды өлі тиюді бұл түрінен сақтандыруға көп көмегін тигізеді. Малдардың желдің өтіне қалмауын қадағалау. Дұрыс азықтандыру, күтіп-бағу, жұмысқа пайдалану ережелерін дұрыс орындау . Малдарды төменгі температураға біртіндер үйрету керек.
Күйіс қайтаратынын малдың қарындарының аурулары.
Қарындардың аурулары ірі қаралар арасында жиірек, ал ұсақ малдар арасына сиректеу кездеседі.
Қарындар ауруларын жиірек тудыратын себептерге уақытылы азықтандырмау, сапасыз азықтар, азықтардың темір-терсектермен ластануы, шырынды азықтан құрғақ азыққа және керісінше тез ауыстыру, ылғи бір түрлі азықтармен азықтандыру жатады.
Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршықтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері, сонымен қатар тақия қарынның жарақаттан ауырсыну реакциясы тудыруы мүмкін.
Қарындар жиырылуының рефлекторлы түрде босанысуы малдың буаз күндерінде, ортаның қызуы көтерілгенде және басқа да үрейлердің әсер етулерінен пайда болуы мүмкін.
Қарындар ауруларын тудыратын негізгі себептер қатарына олардың жиырылу қызметтің бұзылуы жатқызады. Олардың механо, термо және хеморецепторлары күшті тітіркенуден өзгергенде мес қарынның жиырылуы әлсіреді, күйіс қайтарылуы бұзылады, соның салдарынын меқарындағы азықтың қорытылуы нашарлайды, pН өзгеріп қышқылданады, микробтардың әсерінен пайда болған жадығаттар мес қарында, ұлтабарда және ішектерде денеге сіңіп организмге зияндық әсерін тигізеді.
А.А. Фадеев, Л.В. Панышев және В.В. Полякин қарындардың жиырылу процесстерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді.
Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары іш кебудің жіті және сызылмалы түрлері: атония және гипотонияның жіті және созылмалы түрлері: жіті гипертония, перез , тақия қарынның және қатпаршақтың ластануы жатады.
Қосалқы түріне жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және жүйкелері ауруларының салдарынан пайда болатын дистониялар жатады. Дистонияның қай түрі болмасын, мес қарынның жиырылу күшінің бұзылу деңгейін, дәлірек, руминография әдісімен, тұспарлап қолмен анықтайды [1,2,4,7,9].

1.4 Ішектерде химустың тоқтауы

Ас қалдығының нығыздалып, құрғап, ішек бөліктеріне жиналуы. Ащы ішектерде жиналып, тоқталуы - химостаз; тоқ ішектерде жиналып тоқтауы - капростаз.
Жылқыларда кездеседі, иттерде сирек, басқа малдарда кездеспейді. Кәрі, әлсіз, арық малдарда тіркеледі.
Себептері. Малды ұзақ уақыт қатты, құнарсыз азықпен азықтандырғанда; витаминдер минералды заттар жеткіліксіз болғанда; адинамияда, қажыған, әлсіреген, буаз малдар жиі ауырады.
Сондай - ақ сілекейдің аз бөлінуі, адреналин жүйесінің ұзақ уақыт қозуы, уланудың салдарынан ішектердің жиырылуының әлсіреуі, тістің аурулары, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі өз әсерлерін тигізеді. 12-тұтам ішектің тарылуы, қанталауы, илеоцекаль сфинктерінің түйілуі, висцеро-висцеральдық релекстің әсері, тік ішектің респираторларының тітіркенуі аурудың себептерін толықтыра түседі.
Дамуы. Аурудың себептері ішектердің жиырылуын әлсіретіп, химустың ішектердің жіңішкерген жерлерінде тоқтауына, ас қорыту процесінің бұзылуына апарып соғады.
Жылқыларда 12 - тұтам ішек пен бүйен ішектерде; ал иттерде тік ішекте көбірек тоқталу байқалады.
Тоқтаған ас қалдықтары нығыздалып, кебеді; ішектерді керіп, кілегей қабықтарынтітіркендіреді. Ауырсынғандық, қабыну процестері пайда болып, тіндердің әлі еттенгені байқалады.
Химус ішектерді бітеп тастайды. Ащы ішектер бітелгенде асқазанның кеңеюі байқалады. Оның салдарынан организм сусызданады. Қанда хлор, азот, сілтілік қоры азаяды. Қан қоюланып, бауырдың негізгі қызметтері бұзылады. Жүйке, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелердің қызметтері өте тез бұзыла бастайды. Капростазда шірудің салдарынан түзілген улы заттар бауырдың қызметін нашарлатып, организмді одан әрі уландырады.
Өлекседегі өзгерістер. Бүйен ішек пен соқыр ішектердің қабырғаларықалыңдап, қанталаған; кейде кілегей қабықтары өлі еттенген. Ішектер жарылса онда перитониттің белгілері анықталады. Химус тығыз, құрғақ, ішектердің пішініне ұқсас.
Химостаздың клиникалық белгілері. Ауру мал азықтанған кезде , не одан кейін қатты шаншудың белгілері байқалады. Мал тынышсызданады, демікпе пайда болады.
Тамырдың соғуы жиілейді, кекіру, құсу, т.б. асқазанның кеңеюінің белгілері анықталады. Зонд арқылы асқазанды тазалағаннан кейін ауру мал тынышталады, бірақ 2-4 сағаттан кейін шаншу қайта басталады. Кілегейлі қабықтары жылдам сарғаяды. Тік ішек арқылы тексергенде 12 - тұтам ішектің нығыздалғанын, егер асқазан кеңейсе көкбауырдың артқа қарай ығысқанын анықтауға болады.
Химостаз ащы ішектердің артқы бөліктерінде болса, онда клиникалық белгілері жай дамиды. Мал ауырған жеріне қарап, бір жатып ,бір тұрып, құйрығын сипалақтатып, қарнын теуіп, зәр шығарғысы келіп, тынышсызданады.
Кілегейлі қабықтары сарғаюы да жәй дамиды. Ауру ұзақ уақыт дамыса, онда асқазанның кеңеюінің қосалқы түрінің жеңіл белгілерін байқауға болады. Алғашқыда ащы ішектің жиырылуы үдей түседі, тоқ ішектің жиырылуы әлсіз, жоқ болуы да мүмкін. Нәжіс сирек бөлінеді. Организм улана бастағанда малдың дем алысы жиілеп, жалпы жағдайы нашарлайды. Тамыр соғысының ритімі бұзылады. Тік ішек арқылы тексергенде ащы ішектің цилиндрге ұқсас бөліктерін анықтауға болады.
Барысы. Ауру 12- тұтам ішекте жылдам (6-20 сағат), басқа бөліктерінде жайырақ (1-2 күн) болады.
Анықтау үшін клиникалық белгілері мен тік ішек арқылы тексерудің нәтижесіне сүйенеді [2,3,6,7,9].
Болжамы күмәнді. Уақытында дұрыс емдегенде ауру мал жазылып кетеді.
Бірақ химостаз ішектің тарылуынан, не басқа органикалық өзгерістерден болса-нәтижесіз. Ауру мал уланудан, организмнің сусыздануынан , қан айналысының бұзылуынан немесе асқазан мен ішектің жарылуынан өліп кетуі мүмкін.
Емі. Ихтиолдың, соданың ерітінділерімен асқазанды тазалап, жуады. Шаншуға қарсы анальгин, хлоралгидрат, күкіртті магний ерітінділері жоғарыда көрсетілген әдістермен қолданылады.
Бүйректердің, плевраның тұстарына новокаин блокадаларын жасайды.
Ішектегі химусты жұмсартып қимылдату үшін кілегейлі тұнба, вазелин не өсімдік майларын қолданады. Артынан бөліп-бөліп цилокарпин, прозерин ерітінділерін жібереді.
Қанның қысымын көтеру үшін эфедрин, не адреналлин гидрохлорид ерітінділерін қолданады.
Капростаздың клиникалық белгілері. Орналасқан жеріне байланысты аурудың барысының білінуінің өз ерекшеліктері бар.
Ауру организмнің улануымен немесе ішектердің қабынуымен асқынғанда, қанда билирубиннің, лейкоциттердің, нейтрофильдердің көбейгендігін байқауға болады.
Ал ішектер жарылып, перитонитпен асқынғанда-коллапс, лейкопения дамиды.
Соқыр ішек бітелгенде ауру жылқылардың тынышсызданғаны ; ішінің өтіп, не нәжістің қатқаны, тәбетінің жоғалғаны білінеді. Тоқ ішектің жиырылуы, ондағы шуылдар әлсірейді.
Соқыр ішектің тұсында көмескі дүңкіл дыбыстың ұлғайғаны анықталады. Ауырсынғандық пен улану үдей түссе, шаншудың белгілері де созыла түседі. Дем алысы мен тамырдың соғуы жиілеп, атриовентрикулярлық блокада, экстрасистолия пайда болады.
Көздің кілегейлі қабығы қанталаған, сірлі қабығы - сарғыш. Көтен ішектің сфинктері бос, тік ішекте нәжіс жоқ, соқыр ішекте тығыздалған масса, үлкен бүйен ішек пен мықын ішектің түйіндері газбен керілген.
Тік ішек арқылы тексергенде ішектердегі тығыздалған ас қалдықтары жақсы білінеді. Кші бүйен ішек бітелгенде малдың тынышсыздануы үдей түседі. Тамырдың соғуы жұмсарып, бәсеңдейді.
Қанның қысымы төмендейді. Иттердің тік ішектері қабынғанда, онда нәжістің тоқтағаны, нәжіс бөлгенде ауру малдың қиналатындығы, ішектердің қысылғандығы байқалады [1,2,3,4,5,8].
Барысы. Ауру жәйлап дамып, 1-2 жұмаға созылады. Үлкен бүйен ішек пен мықын ішектері иілімдері толық бітелгенде аурудың дамуы жылдамдай түседі.
Анықтау үшін анамнезге, клиникалық белгілеріне, тік ішек арқылы тексерудің нәтижесіне сүйенеді. Ауруды ішектердің тастармен, конкременттермен бітелуін ажырата білген жөн.
Емдеу. Ауру малдың тәбеті болғанда, ыңғайлы азықпен қамтамасыз ету керек. Кілегейлі тұнба береді. Натрий мен магнийдің күкіртті тұздарына сабурды қосып беруге болады. Нанның ашытқысын суға езіп береді (200-400 г 5-10 литр суға ).
Ашу-шіру процестеріне қарсы ихтиол, салол, тимол, фталазол, антибиотиктерді қолдануға болады. Массаж жасап, Фарадей, диатермия тоқтарын қолданады. Малды серуендетіп отырады.
Жылы кілегейлі тұнбамен, не вазелин майымен клизма жасауға болады.
Уланғанда хлорлы натрий мен гюкоза ерітіндісін венаға жібереді. Қанның қысымын көтеру үшін эфедрин гидрохлорид, натрий, бензоат-натрий ерітінділерін қолданады.
Ауырсынғандыққа қарсы алькоголді венаға, анальгинді терінің астына жібереді. Ішектер қабынғанда қолданылатын диеталық рационды тағайындайды.
Жақсы ылғалды азықпен араластырып берген шөп, серуендету, малды жайылымға шығару жақсы нәтиже береді.
Сақтандыру шаралары. Малдың рационын реттеу, онда ылғалды азықтың жеткілікті мөлшерде болуын қадағалау, жылқы малын жұмысқа пайдалануды реттеу, уақытында меруендетуді ұйымдастыру керек [5,6,8,11,12,13].

1.5 Ауру туралы түсінік

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс дүние ретінде қарастырды. Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру барысына клиникалық бақылау жүргізу, сондай - ақ өлексеге патология - анатомиялық зерттеу жүргізіліп, дене құрылысындағы өрескел ауытқуды анықтау арқылы дами түсті. Органдардағы өзгерістерді зерттеу және оны аурумен байланыстыру әрекеті біршама, ілгері басқандық болды.
Ауру бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, тканьдердегі органдар мен жүйелердегі әр түрлі сапалық өзгерістергі әзірленеді. Ауру организімін қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады.Ауру және денсаулық тіршілік процесінің екі негізгі формасы болып саналады.
Денсаулық - бұл организмнің қалыпты күйі.Онда құрылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезу органдары
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
Патологоанатомиялық өзгерістер
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Аурудың жалпы сипаттамасы
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер