Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Белгілер мен қысқартулар Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Ет қоректілердің жұқпалы гепатитіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Ауруды клиникалық белгілері және анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Ауруды дауалау және емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.5Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе


Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқа да, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотометрия (мөлшерін өлшеу) - зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография (жүректің биотогін жазу) руменография (қарын қимылын жазу), биохимиялық тексерістен, люминесцентті талдау - ішек-қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар дерттелінгенде.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау) мақсатында семиотиканың (аурулардың белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы, өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезедінде анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау мақсатында семиотиканың (аурулардыц белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы, өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезеңінде анықтау үшін қандағы кетон денешіктерін, сілті қорын, қан сары суындағы каротиннің мөлшерін тексеріп, белоктардың , углеводтардың, витаминдердің, кальций фосфордың жеткіліксіздігін анықтайды. Ірі шаруашылықтарда малдың шағын жерге көп жиналған шоғырлануына байланысты, оларды аурулардан сақтандыру әрекеттерін жақсы ұйымдастырып, нәтижелі ем қолдану үшін, жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын (синдроматика) анықтауды қажет етеді.
Малдың өнімділігін не жұмысқа қабілеттілігін жарым-жартылай не толық қалпына келтіру ем нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Дәрі-дәрмектерді және ем әдістерін тавдарда ауру малдың тәқымын, түрін, жасын және дербестік ерекшеліктерін еске алады. Ауру ауыр түрде етіп, қүнды қасиеттерін қалпына қайта келтіруге мүмкіндік болмайтындай жағдайда ауру малды жарамсыздар қатарына шығарады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – иттің инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –101б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 294 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.-Москва: Колос, 1961.-86б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 122с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-115с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.НСюрин и др. М: Агропром, 1991.-123с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-117с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 161б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Жануарлар патологиясы пәнінен жазылған Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 3 сурет қамтиды.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Инфекциялық ауру - инфекцияның айқын көрінісі.
Карантин - індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.
Спорадия - жұқпалы аурудың бірен-саран жағдайда, яғни инфекциялық немесе инвазиялық аурудың бір-екі малда ғана байқалуы.
Уыттылық (вируленттілік) - микробтың зардаптылық дәрежесі , яғни өлшемі.
Шектеу - карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы үшін қарым- қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.
Індет - індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.
Індет процесі - оның негізгі үш құрама бөлігінің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс.
Індеттанулық балау - жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап, індет процесі мен індет ошағын толық сипаттау.
Індет ошағы - малдың ауруға шалдығу мумкіндігі сақталған инфекция қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория, яғни жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын орналасқан кеңістік.
Антигендер - иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың эффеторлармен телімді әрекеттесе алатын организмге бөгде заттар.
Антиденелер - телімді антигенмен әрекеттесетін глобулиндер.
Балау - ауруды анықтау, табу, диагноз қою.
Вакцина - жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық препарат.
Дауалау - жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.
Дезинфекция - сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.
Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою.
Дератизация - зиянкес кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар.
Зардаптылық - ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру қабілеті
Инфекциялық процесс - макро және микро организмдер, қоршаған орта ара қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық патологиялық және иммундық - қорғаныстар әсерінен туындалатын құбылыс.
Трансмиссивтік жолмен - аурудың шыбын- шіркей арқылы жұғуы

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Белгілер мен қысқартулар Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Ет қоректілердің жұқпалы гепатитіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..10
1.2 Ауруды клиникалық белгілері және анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Ауруды дауалау және емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.5Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2014ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2014ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______

Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2014ж.

Кіріспе

Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқа да, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотометрия (мөлшерін өлшеу) - зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография (жүректің биотогін жазу) руменография (қарын қимылын жазу), биохимиялық тексерістен, люминесцентті талдау - ішек-қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар дерттелінгенде.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау) мақсатында семиотиканың (аурулардың белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы, өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезедінде анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау мақсатында семиотиканың (аурулардыц белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы, өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезеңінде анықтау үшін қандағы кетон денешіктерін, сілті қорын, қан сары суындағы каротиннің мөлшерін тексеріп, белоктардың , углеводтардың, витаминдердің, кальций фосфордың жеткіліксіздігін анықтайды. Ірі шаруашылықтарда малдың шағын жерге көп жиналған шоғырлануына байланысты, оларды аурулардан сақтандыру әрекеттерін жақсы ұйымдастырып, нәтижелі ем қолдану үшін, жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын (синдроматика) анықтауды қажет етеді.
Малдың өнімділігін не жұмысқа қабілеттілігін жарым-жартылай не толық қалпына келтіру ем нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Дәрі-дәрмектерді және ем әдістерін тавдарда ауру малдың тәқымын, түрін, жасын және дербестік ерекшеліктерін еске алады. Ауру ауыр түрде етіп, қүнды қасиеттерін қалпына қайта келтіруге мүмкіндік болмайтындай жағдайда ауру малды жарамсыздар қатарына шығарады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты - иттің инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Инфекциялық гепатитке сипаттама

Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ( Hepatitis infections carnivorum, инфекционный гепатит плотоядных) - қызбамен, тыныс және ас қорыту жолдарының қатарлы қабынуымен бауыр мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипаталатын, жіті өтетін жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Канадада 1928 ж. Грин алғаш рет түлкіден энцефалиттің вирусын бөліп алды. Рубарт 1947 ж. Швецияда иттің жұқпалы гепатиттің вирусын анықтап, бірнеше ғалымдар (Чедлок, 1948: Зиндентопф және Карлсон 1949) бұл екі қоздырушының бір вирусқа жататынын дәлелдеді.
Қоздырушысы - Mastadenovirus canine аденовирустар тұқымдастығының мастаденовирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар.
Майды еріткіштерге (спирт, эфир, хлорформ) төзімді, физиологиялық ерітіндіде тұрақты. Ыстыққа төзімсіз, 56` С- 30 мин, 60` C-та 5 мин. өледі. Белгілі дезинфектанттар жақсы әсер етеді.Арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Ол сопақша және дөңгелек пішінді болады, үлкендігі 86-120 микромикрон, Зейтц сүзгісінен, G және V Беркефельд және L2,L3 Шамберлен шырақтарынан өтеді. Вирус шошқа эмбрионының бүйрегінен, иттің бүйректері мен бауырынан жасалған ткань культураларда өседі.
Эпизотологиясы. Инфекциялық гепатитермен: иттер, түлкілкер, қасқырлар, шөберілер аурады. Көбіне 1,5-12 айлық жас төлдер көп аурады, ал 3 жастағы жануарлар сирек ауырады. Адам, мысық, тышқан және маймылдар жасырын вирус таратушысы болып табылады. Аурудың көзі болып ауырған мал болып табылады.
Індеттік ерекшеліктері. Әдетте ит, түлкі қарсақ сонымен қатар табиғи жағдайда қасқыр, мысық, аю және құндызы ауырады. Әр жастағы жануар шалдыққанменкөбінесе 1,5-6 айлық күшіктерде жиі байқалады. 3 жастан асқаннан ит сирек ауырады.
Жалпы алғанда әртүрлі жануарлар арасында вирус алып жүру кең тарған. Аталған жануарлардан кеміршушілер, тіпті маймыл мен адам да бұл вирусты алып мүмкін. Қолдан жұқтырғанда теңіз тышқаны, үй қояны басқа зертханалық жануарлар ауырады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және алып жүруші жануарлар. Вирус сілекейімен, жаспен, мұрынның срасымен, несеппен, нәжіспен бөлінеді, негізінен алиментарлық жолмен жұғады, трансмиссивтік жолмен де берілуі мүмкін [1,2].
Ауру спорадия түрінде немесе індеттік тұтану ретінде байқалады. Жаңа індет ошағында аңдарда 75% дейін қамтып, өлім көрсеткіші жоғары 35% дейін болады. Кейіннен инфекция созылмалы түрге ауысады.
Дерттенуі. Вирус денеге өткенде алғашында сөл түйіндерінде көбейіп, кейіннен қанға өтеді.2-3 тәуліктен соң ядро ішіндегі денешіктер түрінде барлық мүшелердің, әсіресе бауыр мен көк бауырдың капиллярлары мен венулаларының эпителийінде кездеседі. Бұның нәтижесінде бауыр дистрофияға ұшырап, организм интоксикацияға шалдығады, кейіннен дистрофия құбылысы бүйрек пен миокардта да пайда болып,кілегейлі және сірі қабықтар қанталайды.
Ми мен жұлындағы жүйке орталықтары зақымданып,дененің қимыл әрекеті созылады. Клиникалық белгілері айқын білінгенде вирус барлық секреттер мен экскреттерде, кейіннен тек қана бүйрек несепте болады.
Өтуі мен симтомдары. Жасырын кезеңі 5-7 күн. Симптомдары алуан түрлі. Аурудың алғашқы белгілері: температура сызығы қос өркештеніп келген қызба,аппетиттің нашарлауы, шөлдің күшеюі және құсу, коньюктивит, ринит, алқым мен тері асты шелінің ісінуі .
Жұқпалы гепатиттің бірден бір тұрақты белгісі - сүріншек шеміршектің тұсын басқанда ауырсынуы. Қанның ұюы күшеійп, несепте қанттың мөлшері төмендейді.
Ауырған аңдардың көпшілігінің бір немесе екі көзінің қасаң қабығына ақ түсіп, кейде өзінен өзі кетіп қалады.Өлім көрсеткіші 5-10%. Түлкіде аурудың бұл белгілеріне қосымша орталық жүйке жүйесінің зақымдану симптомдары байқалады.
Ауру жас күшіктерде көбінесе жіті, ал ересектерінде негізінен созылмалы өтеді. Кей жағдайда аса жіті өтіп, жануар кенеттен құрыстанып, қалшылдап барып, өліп кетеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Бауыр аздап ұлғайып, түсі бозғылт қоңырдың қызғылт реңге дейінгі аралықта қызғылт реңге дейінгі аралықта болады [1,3].
Көк бауыр екінің бірінде қанға кернеліп, ұлғаяды. Өт қабының сырты, ал жас күшіктердің айырша безінің аралық ұлпасында серозды немесе геморрагиялық ісік болады.
Көкірек және құрсақ қуысында қан аралас сұйықтық болады. Ішек пен бауырда фибриннің шөгіндісі, ас қорыту жолдарының кілейгейлі қабықтарында қанталаулар болады.
Гистологиялық зерттеу кезінде бауыр мен басқа ағзалардың торшаларында 0,5-0,75 мкм ірі ядро ішіндегі денешіктер табылады.Рубарт денешіктері деп аталатын бұл құрылымдар ядроның ортасында орналасады, көкшіл қызғылт түске боялады. Ауру созылмалы өткенде Рубарт денешіктері сирек ұшырайды.
Балау. Індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық деректермен қатар зертханалық тексеру жүргізіледі.
Гистологиялық зерттеу арқылы Рубарт денешіктеріне тексереді.
Серологиялық әдістерден диффузды преципитация, комплемент байланыстыру, иммунофлуоресценция, бейтараптау реакциялары қолданылады, сонымен қатар торша өсіндісінде вирусты бөліп алып, айқындайды.
Жұқпалы гепатитті обадан, лептоспироздан, құтырықтан, сальмонеллезден, токсоплазмоздан, В авитаминозынан, парвовирустық энтериттен ажыратады.
Ауруға бейімделік. Табиғи жағдайда жұқпалы гепатитке ит, түлкі, қасқыр, қорқау, жанат және күзен шалдығады.
Лабораториялық жағдайда бұл ауруға үй қояның, теңіз шошқасын, ақ тышқанды шалдықтыруға болады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Гепатит әдетте ауырып жүрген және аурудан айыққан ит арқылы тарайды. Ол ауру ит пен сау ит жанасқан кезде, ауа арқылы, сондай - ақ асқазан арқылы вирус түскен азық пен судан жұғады.
Аурудан айыққан ит ауру белгілері толық жойылғаннан кейін несебімен бірге 160 күн бойы айналаға вирус таратып отырады.
Белгілері. Жасырын кезең табиғи жағдайда және ауру қолдан жұқтырығанда 2 күннен 8 күнге дейін созылады.
Ауру иттің температурасы көтеріліп, тәбеті қашады, ол өте мөте шөлдейді, коньюктивитке ұшырайды, ауыз бен таңаудың, көздің кілегейлі қабықтары сарғаяды.
Ауру өршіген сайын иттің іші өтеді, нәжісі сұйылады, оған қан араласады, бұлшық еттері дірілдейді, жүріс - тұрысы бұзылады, ит теңселіп тәлтіректейді, көбінесе оның артқы аяқтары жансызданып қалады (паралич). Ауру 3-8 күнге, кейде 10-14 күнге созылады.
Ауырған иттің 30-40 % өледі [1,3].
Ішін жарып қарау. Ит пен түлкі өлексесін жарып қарағанда кейде өлексенің жалпы сарғайғаны байқалады.
Бауыр ұлғайған, сарғайған, нүкте тәрізденіп жаппай қанталаған.өт қабы қалыңдап кеткен, оның кілегейлі қабығының астына нүкте тәрізденіп және жолақтанып қан тамаған.
Құрсақ қуысынан ұйыған фибринді және сарғыш түсті сұйық табылады. Ащы шектің кілейгейлі қабықтары қан кернеп қызарған, ісінген, кілейгейлі қабықтың сатына нүкте тәрізденіп қан тамған.

1-сурет.Созылмалы гепатит кезінде иттің бауырының ісінуі.
а - сол жақтан. б - оң жақтан көрініс.

1.2 Ауруды клиникалық белгілері және анықтау

Жұқпалы гепатиттің клиникалық белгілері бұл ауруды толық сипаттай алмайды, сондықтан олар ауруды анықтауға негіз бола алмайды. Осыған орай ит гепатитін анықтау үшін вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі. Вирусты ткань культураларында өсіріп шығарады және бейтараптау реакциясы арқылы оны біркелкілендіреді.
Сонымен қатар ауруды анықтау мақсатымен агар қойыртпағында комплементті байлау реакциясы мен преципитация раекциясын жасайды.
Патотоксиндерімен гендік саңырауқұлақтардың, вирустердің және микробтардың; химиялық заттармен - нитраттармен, нитриттермен, фосфаттармен, зооқұмармен, мышьякпен, сынаппен, гексахлорэтанмен; улы өсімдіктермен және бұзылған азықтармен жұғады.
Соңғы жылдары медикаментозды гепатиттерді антибиотиктерді кейін - қолданулары, иммундық заттар, іркіттердің, паразиттерге қарсы және инсектитицидті - құралдардың, сонымен қатар малдан шығатындардың - құрғақ азықтармен және жемдеулермен тамақтану нәтижесінде ауру жиі кездеседі. [1,3,5].
Көп уақытқа созылған гепатит өткір гепатит салдарымен келеді.
Жалпы симптомдарға жатады: езгі, төмендеу немесе аппетит жоғалтуы, - шөлдеу, құсық, дене температура жоғарылауы 40-42°, - бауырдың көлемі үлкейеді, оның науқастығы сары ауру паренхиматозы айқын білінеді, тәртібі жойылулар, тері қышу, қышыну, шырышты қабықтардың қарқынды сары аурулы бояу және тері учаскелерінің пигменттелмеген, билирубин деңгейі қанында жоғарылайды.
Бауырлық синдром белгіленеді, арумен көрсетілетін - өте маңызды функциялардың шениемін асқорыту организмді - тәртібі жойылуымен , - майдың нашар сіңірілуімен, жоғары қанағышпен, жалпы улаумен, өкпе езгімен, күйлілік жоғалтуымен, арықтаумен.
Қанда альбумин мөлшері көбейеді және альфа - және бета - глобулиндері жоғарылайды, аммиак концентрация, холестеринді, трансаминазы белсенділігі, қараңғы түс гепатиті жанында холинэстеразы. белсенділік несеп азаяды.
Төлде жұқпалы гепатит жиі белгілерімен келеді: конъюктивит, рахит, іш өтіп ауру, бадам дәндерінің артуы, кератит малдың көзінде жиналып, сіңір тартылуы және аяқ-қолдардың параличі тіркелген [1,3,4].

1.3 Ауруды дауалау және емі

Анамнезді, клиника нәтижелері және лабораториялық зерттеулер есепке алынады. Мұнда бауыр цирроз, гепатозды, холецистит ауруларын ескерген жөн. Барлық оқиғаларда этиологиялық факторды есепке алынады.
Көп уақытқа созылған безгексіз бауыр циррозы ағады. Өткір гепатит этиологиямен, ағым ауырлықтарынан ағуынан , температуралық реакциядан ерекшеленеді.
Емі. Негізінен симптоматикалық ем қолданылады. Көбінесе В витаминдері, аскорбин қышқылы, поливитаминдер, сиырдың бауырының езіндісі, протеин гидролизаттары, глюкоза, гаммаглобулиндер, жүрекке әсер ететін дәрілер қолданылады.
Қосалқы инфекцияларға қарсы антибиотиктер мен сульфаниламидтер пайдаланылады. Емі ретінде 50 % глюкоза ерітіндісі 15 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет немесе 10 % хлорлы кальций 30% глюкозасы және 1% уротропині бар ерітіңдінің 40 миллилитрі күніне бір рет күре тамырға жіберіледі.
Ауру негізгі себебін басында жояды. Инвазиялық - немесе жұқпалы ауруларда этиотропиялық терапияны пайдаланады. Емі алдымен диеталық тағамдарды тағайындайды. Сонымен қатар малдың жасы және нәсілін анықтайды.
Рационнан майлы және тұзды азықты, сонымен қатар дәмдеуіштер және қосымша дәм беруші тағамдарды - қысқартады. Алдымен 24 сағат ішінде емдеу басында малды аш ұстаған пайдалы. Мүмкіндігінше суға қайнатылған шөп тұнбаларын, жалбызтікен шөптердің - түбір дәрілік тұнбалары, жалбыз жапырақтарының, ақ шешекті, дәріханалық түймедағының, мияның, шай қурайды, қара жидек ұрықтарының береді.
Мойылдар және барлық көрсетілген өсімдіктер бауырға әртүрлі емдік әсермен ие болады және асқорыту органдарын емдеу бірінші күндерде су басқа иттерге және мысықтарға ет және балық жеңіл сорпалар, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдер беру пайдалы.
2-4 ай рационға емдеу күні енгізеді - жиі порциялармен күріш, геркулестік немесе ұнтақты ботқалар, күріш нәрі т.б берілед. Ботқаға тауықтың майдалап пісіріп береді.
Егер малдан шығатын құсықтың және іш өтіп ауру түрінде сондай тамақтанудан кейін асқорыту тәртібі жойылулары көрінбейді, онда мөлшерді азықтар бірте-бірте үлкейтеді .
Майлы емес қышқыл сүт өнімдер - санда жаңа жылы 3-5- айға көрсетілген рационға емдеу күні үстейді: айран, - шу, сүт, сүзбе, сүт қоспа, ацидофилин немесе ацедофилды сүт [3,4].
Көкөністер - індетке майдалап пісірілген 6-9- ай - сәбіз, қырыққабат, картоп рацион енгізеді. Ауруға арналған организм улаулары және жұмыс жасау жақсарулары глюкоза ерітіндісі, 5-10% немесе оның қоспасы қан - заттарға инъекциялар және хлорид натрийі сұйықтықтардың - изотондық ерітіндісінің пайдалы 0,9%- м хлорид натрийі ерітіндісімен санда 100-2000 мл тамшылық тәсілмен енгізіледі.
Мысықтарға бұлар Рингера ерітінділері, Рингера - Локка, ацесоль, дисоль, трисоль, холосоль, санасол және т.б. Сонымен қатар ерітінділер тері сыртына жиірек енгізеді.
Науқастың организмінде және қанның плазмозаменители гемодез жоғалтуы кезінде, желатиноль - лиглюкин және реополиглюкин, энтеродез, полиамин, гид - ролизин, гидролизат казеинінің және т.б енгізіледі.
Аурулық синдром кезінде және температураның қалпына келтіруге арналған жансыздандыратын және тыныштандыратын құралдарды тағайындайды. Бекарбон, беллалгин, белластезин, бесалол және т.б. қолданылады. Осы бағытпен малдға новокаин ерітінділері, салицилаты және анальгин тобынан дәрілерді альмагель, гастрофарм,1-2%- ені сұрау қояды .
Дауалау және күресу шаралары. Ауырып жазылған жануарларда өмірлік иммунитет қалыптасады. Енесінің иммунитеті уыз арқылы күшіктеріне беріледі.
Жасанды иммунитет қалыптастыру үшін кейбір шет елдерде тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады, әдетте жұқпалы гепатиттің вакцинасы оба, құтырық, лептоспирозға қарсы поливакциналардың құрамында болады.
Ауру шыға қалған жағдайда шектеу қойылып, тиісті сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Ауырған аңдарда бөліп алып, емдейді. Жалпы ветеринариялық - санитарлық шараларды толық атқарып, соңғы ауру немесе өлім жағдайынан кейін 30 күн өткен соң шектеу алынады. Ауруға шалдыққан иттерді бөліп алып, ауру белгілеріне қарай емдейді.
Ауру ит ұсталған орын дезинфекцияланады. Аурудан айыққан итті сау иттерден бес ай бойы бөлек ұстайды. Бұралқы иттерді қырып жойып отырады.
Қоздырғышы -- арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Ол сопақша және дөңгелек пішінді болады, үлкендігі 86 -- 120 микромикрон, Зейтц сүзгісінен, О және V Беркефельд және L2 және L3 Шамберлен шырақтарынан өтеді. Вирус шошқа эмбрионының бүйрегінен, иттің бүйректері мен бауырынан жасалған ткань культураларда өседі.
Ауруға бейімділік. Табиғи жағдайда жұқпалы гепатитке ит, түлкі, қасқыр, қоркау, жанат және күзен шалдығады.
Лабораториялық жағдайда бұл ауруға үй қоянын, теңіз шошқасын, ақ тышқанды шалдықтыруға болады [1,3,8].
Аурудың шығуы мен жұғуы. Гепатит әдетте ауырып жүрген және аурудан айыққан ит арқылы тарайды. Ол ауру ит пен сау ит жанасқан кезде, ауа арқылы, сондай-ақ асқазан арқылы вирус түскен азық пен судан жұғады.
Аурудан айыққан ит ауру белгілері толық жойылғаннан кейін несебімен бірге 160 күн бойы айналаға вирус таратып отырады.
Белгілері. Жасырын кезең табиғи жағдайда және ауру қолдан жұқтырылғанда 2 күннен 8 күнге дейін созылады. Ауру иттің температурасы көтеріліп, тәбеті қашады, ол өте-мөте шөлдейді, конъюнктивитке ұшырайды, ауыз бен танаудың, көздің кілегейлі қабықтары сарғаяды.
Ауру өршіген сайын иттің іші өтеді, нәжісі сұйылады, оған қан араласады, бұлшық еттері дірілдейді, жүріс-тұрысы бұзылады, ит теңселіп тәлтіректейді, көбінесе оның артқы аяқтары жансызданып қалады (паралич). Ауру 3 -- 8 күнге, кейде 10 -- 14 күнге созылады. Ауырған иттің 30 -- 40 проценті өледі.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер. Ит пен түлкі өлексесін жарып қарағанда кейде өлексенің жалпы сарғайғаны байқалады. Бауыр ұлғайған, сарғайған, нүкте тәрізденіп жаппай қанталаған.
Өт қабы қалыңдап кеткен, оның кілегейлі қабығының астына нүкте тәрізденіп және жолақтанып қан тамған. Құрсақ қуысынан ұйыған фибринді және сарғыш түсті сұйық табылады. Ащы ішектің кілегейлі қабықтары қан кернеп қызарған, ісінген, кілегейлі қабықтың астына нүкте тәрізденіп қан тамған.
Ауруды анықтау. Жұқпалы гепатиттің клиникалық белгілері бұл ауруды толық сипаттай алмайды, сондықтан олар ауруды анықтауға негіз бола алмайды. Осыған орай ит гепатитін анықтау үшін вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Вирусты ткань культураларында өсіріп шығарады және бейтараптау реакциясы арқылы оны біркелкілендіреді.
Сонымен қатар ауруды анықтау мақсатымен агар қойыртпағында комплементті байланыстыру реакциясы мен преципитация реакциясын жасайды.
Емі. Ем ретінде 50%-тік глюкоза ерітіндісі 15 мл мөлшерінде күніне 2 -- 3 рет немесе 10%-тік хлорлы кальций 30 процент глюкозасы және 1 %-тік уротропині бар ерітіндінің 40 миллилитрі күніне бір рет күре тамырға жіберіледі.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Ауруға шалдыққан иттерді бөліп алып, ауру белгілеріне қарай емдейді.
Ауру ит ұсталған орын дезинфекцияланады. Аурудан айыққан итті сау иттерден бес ай бойы бөлек ұстайды. Бұралқы иттерді қырып-жойып отырады [1,3,5,8].

2-сурет. Жұқпалы гепатит кезіндегі күшіктің кератиті

3-сурет. Өт қабынының ісінуі

1.4 Ауру туралы түсінік

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс дүние ретінде қарастырды. Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру барысына клиникалық бақылау жүргізу, сондай - ақ өлексеге патология - анатомиялық зерттеу жүргізіліп, дене құрылысындағы өрескел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
Лептоспироз туралы мәліметтер
Шошқа аскаридозы
Бауыр ауруларының түрлері
Пәндер