Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1 Құтыру ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Құтыру ауруын дауалау және сақтандыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4 Құтыру ауруының белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.5 Құтыру ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.6 Аурудың патогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.7 Патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.8 Иммунитет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.9 Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқа да, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотометрия (мөлшерін өлшеу) - зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография (жүректің биотогін жазу) руменография (қарын қимылын жазу), биохимиялық тексерістен, люминесцентті талдау - ішек-қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар дерттелінгенде. Актиномикоз ауруы ірі қара, шошқа, жылқы, қой, ешкі және жабайы жануарларда кездеседі. Бұл ауру онша көп тарамайды. Бірлі-жарымы өлім жағдайларымен аяқталады.
В. Бабеш 1887 жылы құтырған жануарлардың ми клеткаларында ерекше заттар түзілетінін алғаш рет анықтады, ал 1903 жылы А. Негри бұл заттардың ауруды анықтауға ерекше мәні бар екенін дәлелдеді. Сондықтан бұл заттарды Бабеш-Негри денешіктері деп айтады. Бұл вирус ыстыққа өте төзімсіз келеді, 60—70 градуста ол 30 минут ішінде өледі, ал 100 градуста 2 минуттан кейін уыттылығын жоғалтады. Оның уыттылығы 0,5 проценттік фенолда, 4 градус жылылықта 2 ай ішінде, ол 1 процент формалинде — 24 сағатта жойылады. Ал қоздырғышы керісінше суыққа өте төзімді келеді.
Ауру қоздырғышы денеге дарып өсіп-өне бастағаннан кейін, оның алғашқы белгісінің білінуіне дейінгі, ал созылмалы аурулардың бірталайында (туберкулез, бруцеллез) иммунды биологиялық күштердің айқындалуына дейінгі уақытты індеттің жасырын кезеңі дейміз. Мұндай кезең бүкіл инфекцияларға тән. Бірақ ол әр ауру үшін әрқалай, яғни бірнеше сағаттан немесе күннен (аусыл, топалаң, ботулизм, жылқының тұмауы) бірнеше айларға (құтыру) дейін созылады.
1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –225б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 129 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 128с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-154с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-111с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.
9Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 176б .

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Құтыру
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Құтыру ауруын дауалау және сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .13
1.4 Құтыру ауруының
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
1.5 Құтыру ауруын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...16
1.6 Аурудың
патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...17
1.7 Патологоанатомиялық
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 18
1.8
Иммунитет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.9 Жалпы
этиология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..19
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3 Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..30

Аннотация

Жануарлар патологиясы пәнінен жазылған "Иттің құтырық ауруының
патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы" тақырыбына жазылған
курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Ф. 7. 04 – 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2014ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Анықтамалар

Құтыру — орталық ми-жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы
вирустық ауру. Бұл індетпен адам және барлық мал түлігі ауырады.
Эпидемиология - медициналық індеттану.
Эпизоотология - ветеринарлық індеттану.
Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде
арылып иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші
болып қалуы
Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз
иммунитет Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан
иммунитет
Колостральды иммунитет – уыз арқылы берілген иммунитет
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус — ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,
темпераментін анықтау.
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы.
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы
дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Инфектология - жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығы.

Белгілер мен қысқартулар

м2 - шаршы метр
м3 – метр куб, көлем
м – метр
% - пайыз
°С – температура
мг м3 – көлем
г – грамм
кг – килограмм

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық
үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін
ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар
(клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді
микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды
жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды
микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді
молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады.
Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін
білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық
және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері,
құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып
зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз
қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған
аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін,
патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік
мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқа да, қазіргі
кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген
жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотометрия
(мөлшерін өлшеу) - зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография (жүректің
биотогін жазу) руменография (қарын қимылын жазу), биохимиялық тексерістен,
люминесцентті талдау - ішек-қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да
жүйелер мен ағзалар дерттелінгенде. Актиномикоз ауруы ірі қара, шошқа,
жылқы, қой, ешкі және жабайы жануарларда кездеседі. Бұл ауру онша көп
тарамайды. Бірлі-жарымы өлім жағдайларымен аяқталады.
В. Бабеш 1887 жылы құтырған жануарлардың ми клеткаларында ерекше заттар
түзілетінін алғаш рет анықтады, ал 1903 жылы А. Негри бұл заттардың ауруды
анықтауға ерекше мәні бар екенін дәлелдеді. Сондықтан бұл заттарды Бабеш-
Негри денешіктері деп айтады. Бұл вирус ыстыққа өте төзімсіз келеді, 60—70
градуста ол 30 минут ішінде өледі, ал 100 градуста 2 минуттан кейін
уыттылығын жоғалтады. Оның уыттылығы 0,5 проценттік фенолда, 4 градус
жылылықта 2 ай ішінде, ол 1 процент формалинде — 24 сағатта жойылады. Ал
қоздырғышы керісінше суыққа өте төзімді келеді.
Ауру қоздырғышы денеге дарып өсіп-өне бастағаннан кейін, оның алғашқы
белгісінің білінуіне дейінгі, ал созылмалы аурулардың бірталайында
(туберкулез, бруцеллез) иммунды биологиялық күштердің айқындалуына дейінгі
уақытты індеттің жасырын кезеңі дейміз. Мұндай кезең бүкіл
инфекцияларға тән. Бірақ ол әр ауру үшін әрқалай, яғни бірнеше сағаттан
немесе күннен (аусыл, топалаң, ботулизм, жылқының тұмауы) бірнеше айларға
(құтыру) дейін созылады.
Құтыру дүние жүзінің барлык аймақтарында кеңінен таралған. Біздің
елімізде бұл індет РСФСР мен Қазақ ССР-інде кездеседі. Қазақстанның батыс
облыстарында (Орал, Ақтебе, Гурьев, Маңғышлақ) және оңтүстікте (Шым-кент,
Жамбыл) құтыру жабайы жануарлар мен мал арасында жиі ұшырайды. Басқа
облыстардан да байқалған жылдар болды. Ауруға көбінесе қасқыр, түлкі,
қарсақ, ит шалдығады. Бұларға құтыру қоздырғышы тышқан және саршұнақ сияқты
кемірушілер арқылы таралады.
Індет коздырғышы сау адамға және малға құтырған иттен, қаскырдан,
түлкіден, қарсақтан, мысықтан сілекейі арқылы жұғады. Адам мен малды ауру
ит, қасқыр, қарсақ, түлкі қапса өте қауіпті. Статистикалық мәліметтер
бойынша құтырудың 60 проценті ит қапқанда, 10 проценті баска жануарлардан
жұғады. Адам мен малға жұққан соң құтыру вирусі нерв талшықтарын бойлай
отырып, орталық нерв жүйесіне, одан әрі миға жетіп, сонда кебейеді де
солардың қызметін бұзады. Ауру асқына бастағанда вирус сілекей бездеріне,
дененің барлық нерв клеткаларына тарайды.
Аурудың тез өршуі жарақаттың орнына, оның тереңдігі мен вирустың
мөлшеріне тығыз байланысты. Егер құтырған жануар адамның немесе малдың
басын тістесе ауру өте тез өршиді. Малдың тынышын алып, қатты
мазасыздандырғанда оның ауруға қарсы табиғи төзімділігі күрт төмендеп
кетеді. Оны туғызуға әсер етуші жағдайларды - физикалық, химиялық,
жемшөптік, жарақаттық, тасымалдық, технологиялық, биологиялық және
психикалық деп бөледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – иттің құтырық ауруының
патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1 Құтырық ауруы

Құтырық — орталық ми-жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы
вирустық ауру. Бұл індетпен адам және барлық мал түлігі ауырады.
Қоздырғышы. Құтыруды сүзілетін вирус қоздырады. Ол орталык нерв
жүйесінде оның клеткаларында өніп-өседі де, соларды зақымдайды. В. Бабеш
1887 жылы құтырған жануарлардың ми клеткаларында ерекше заттар түзілетінін
алғаш рет анықтады, ал 1903 жылы А. Негри бұл заттардың ауруды анықтауға
ерекше мәні бар екенін дәлелдеді. Сондықтан бұл заттарды Бабеш-Негри
денешіктері деп айтады. Бұл вирус ыстыққа өте төзімсіз келеді, 60—70
градуста ол 30 минут ішінде өледі, ал 100 градуста 2 минуттан кейін
уыттылығын жоғалтады. Оның уыттылығы 0,5 проценттік фенолда, 4 градус
жылылықта 2 ай ішінде, ол 1 процент формалинде — 24 сағатта жойылады. Ал
қоздырғышы керісінше суыққа өте төзімді келеді [1,2,3].
Ауру қоздырғышы денеге дарып өсіп-өне бастағаннан кейін оның алғашқы
белгісінің білінуіне дейінгі, ал созылмалы аурулардың бірталайында
(туберкулез, бруцеллез) иммунды биологиялық күштердің айқындалуына дейінгі
уақытты індеттің жасырын кезеңі дейміз. Мұндай кезең бүкіл
инфекцияларға тән. Бірақ ол әр ауру үшін әрқалай, яғни бірнеше сағаттан
немесе күннен (аусыл, топалаң, ботулизм, жылқының тұмауы) бірнеше айларға
(құтыру) дейін созылады.
Жасырын кезеңінің бір аурудың өзінде әр түрлі уақытқа созылуы мүмкін.
Құтыру ол 4 күннен 20 күн аралығында өтеді. Көрсетілген айырмашылықтар
қоздырғыштың уыттылығына, оның өсіп-өнгіштігіне, дару мөлшері мен жеріне,
малдың қорғаныш күшінің деңгейіне байланысты.
Қоздырғыштың уыттылығы жоғары организмге дарыған мөлшері де біршама
болса, онда ауру денеге тез тарайлы да, жасырын кезең тез өтеді.
Қоздырғыштың даритын жеріне тәуелділігі кұтыру ауруынан жақсы байқалады.
Мәселен ит қапқан жара малдың басына қаншалықты жақын болса аурудың жасырын
кезеңі де соншалықты қысқа болады.
Бірталай инфекцияда (құтыру, шошқа обасы т. б.) жасырын кезең мерзімі
аяқтала келе қоздырғыштар сыртқы ортаға тарала бастайды. Сондықтан мұндай
аурулардың алдын алу шаралары өте мұқият жүргізілуі керек.
Жасырын кезең аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған сырқат кезеңмен
ауысады. Бұл уақыт бірнеше сағаттан 1—2 күнге дейін созылады. Сонда
организмдегі жүріп жатқан физиологиялық өзгерістер аурулың алғашқы
белгілері болып есептелінеді.
Мысалы, мал әлсірейді, самарқау тартады, шөп жемейді, аздап денесінің
қызуы көтеріледі. Соңынан сырқат дертке айналып, аурудың бүкіл белгілері
айқындалады. Осы белгілері бойынша ауру анықталып, оған қарсы күресу
шаралары белгіленеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауырған малдың күйіне
байланысты [1,2,4].

1.2 Құтыру ауруын дауалау және сақтандыру шаралары

Ауруға шалдыққан малды сау малдан оқшаулайды да шұғыл емдеуге
кіріседі. Ол үшін малды осы ауруға қарсы қолданылатын емдік кан сарысумен
емдейді. Оны 25—30 миллилитр шамасында тері астына енгізеді, ал індет аса
жіті өткен жағдайда көктамырға құяды.
Қан сарысуын қолданар алдында оны 37—38 градуска дейін жылытып,
анифилакциядан (жағымсыз реакциядан) сақтану үшін әуелі 0,5—1 миллиметр
мөлшерінде тері астына енгізеді. Ал содан соң қалған мөлшерін 15—30
минуттан кейін колданады. Егер 5—6 сағаттан соң ауру малдың дене қызуы
түспесе сарысу егуді қайталайды.
Сарысуға қарағанда гамма жоғары болып келеді. Қан сарысумен қоса
антибиотик дәрілер — пенициллин немесе бициллин, стрептомиңинді де
қолданады. Әсіресе, тетрациклин антибиотиктерін пайдалану өте тиімді
келеді. Антибиотиктермен емдеу курсы 3—4 күнге созылады [1,2,5].
Құтырудан сақтандыру шараларына мыналар жатады: онымен ауыратын малды
вакциналау, індет кездесетін жерлерді (топырақ ошақтарын) есепке алу, оны
дер кезінде жою, санитарлық шараларды іске асыру және мал мамандары
арасында насихаттау, түсінік жұмыстарын жүргізіп отыру.
Мал дәрігерінің бақылауынсыз мал союға тыйым салып, өлекселерді дер
кезінде көму, жою ережелерің бұлжытпай орындап отыру, мал өнімін дайындап,
тасымалдау, өңдеу ісіне тұрақты бақылау жүргізу, фермалардык,
жайылымдардың, мал айдалатын жолдардың, мал жиналатын жер мен суаттардыц,
сондай-ақ өндіріс және т. б. санитарлық жағдайы қадағаланады. Құтырудан
өлген малдың өлексесін міндетті түрде көму қажет.
Биотермиялық құдық-шұңқырларды, мал көметін жерлерді, мал ауласын т. б.
химиялық және биологиялық тәсілдерді пайдалана отырып, дезинфекциялау,
зарарсыздандырылған жерлерді қоршап тастау, т. б. жұмыстар жүргізіледі.
Індет жайлаған мекендер мен індет тарау қаупі бар жайылымдык жерлерде
суландыру жүйесі құрылыстарын және әсіресе фермалар мен жақын учаскелерде
топырақ қопару, тағы басқа жұмыстар жасағанда мал дәрігерлік-санитарлық
талаптарды қатаң сақтау қажет.
Мал дәрігерлігі қызметкерлері сибирь жарасы жағынан қауіпті деп жыл
сайын алдын ала сақтандыру шараларын (вакциналау) жүргізеді. Барлық
шаруашылықтарда, кәсіпорындар мен басқа да мал өсіретін әр түрлі
шаруашылықтарда, сондай-ақ сибирь жарасы жиі ұшырасатын немесе ауру таралу
қаупі төнген жерде осы ауруға қарсы малды жаппай иммундау жоспарына сәйкес
алдын ала сақтандыру жұмыстары жасалады.
Қазақстанда осы ауруға шалдығады-ау деген барлық түлікке мынандай
маусымдарда егу жұмыстары жүргізіледі:
- сақа ірі қара, қой, ешкі, жылкы бір рет күзде немесс арасына алты ай
салып жылына екі рет: көктемде жайлауға шығар алдында және күзде мал
қыстауға түсер кезде егіледі;
- ірі қара төлі — үш айлығында, ал сонан соң алты айдан соң қайталап
егіледі;
- қозыларға бірінші рет үш айлығында және үш айдан кейін қайталап
егіледі;
- бұғы мен түйелер жылына бір мәрте вакциналанады;
- шошқалар — лагерьде бағылғанда ғана көктемде бір рет егіледі.
Жайылым маусымында төлді егу ісін және оны қайталау жайын ай сайын
тексеріп отыру кажет. Көктемгі вакциналау мерзімін анықтаған кезде міндетті
түрде малдың (төлдің) қоңдылығын ескереді. Малды жайылымда бағылып,
қоңдылығы көтерілгенде ғана вакциналайды. Күзгі егу жұмыстарын суық
түскенде жүргізеді. Індеттен сақтандыру шарасы ретінде басқа
шаруашылықтардаң әкелінген және тұрғындардан сатып алынған малды міндетті
турде түгелдей вакциналайды. Індетке қарсы егілген малды кемінде 14 күннен
кейін ғана союға рұқсат етіледі.
Құтыруда кенеттен шыққан жағдайда елді мекендерді немесе мал фермала-
рын, жайылым учаскесін мал енімдерін өңдейтін кәсіпорындарды жедел
карантинге (оқшаулау) қояды. Ондай жерлермен малды басқа жақтан
тасымалдауға тиым салынады.
Сонымен қатар қолда бар барлық малды тексеріп шығады, ауру және ауруау
деген күмән бар малды оқшаулайды, қан сарысуымен емдейді, ал сауыққаннан
кейін 14 күннен соң вакциналайды. Ауру және ауру-ау деген күмән бар сиыр
сүтін залалсыздандырады.
Зарарланғанына күдік туған малдың сүтін тек қайнатқаннан кейін ғана
пайдалануға болады. Құтырудан өлген малдың өлексесін көміп тастамай, тек
өртеу керек. Өртенген жер дезинфекцияланады. Ол үшін 10 проценттік
күйдіргіш натрдың ыстық ерітіндісі, 14 проценттік формальдегид ерітіндісі
немесе басқа да хлорлы дәрмектер қолданылады. Қоздыр-ғыш жұққан көң де
өртеледі. Топырақтың сыртқы бетін тазалау үшін хлорлы әк, ал тереңде жатқан
қабатқа газдар қоспасы, бромдинетилэтилен тотығын немесе бромды метиль
пайдаланылады.
Індет жайлаған мекеннен карантинді осы жерде мал арасында соңғы рет іш
тастау байқалғаннан немесе індетке шалдыққан мал айыққаннан кейін 15
күн өткен соң, ал егілген малда қолайсыз өзгерістер болмаған жағдайда ғана
тоқтатады.
Ет комбинаттарында және басқа да мал соятын орындарда (қасапханаларда)
сібір жарасының белгісі байқалған жағдайларда мал сою тоқтатылады да,
барлық зарарланған заттар мен ыдыстарды ауру қоздырғышынан тазарту
жұмыстарын жүргізеді.
Ауру қоздырғышы мал өнімінен табылған жағдайда аталған кәсіпорындарда
өнім дайындау, өңдеу жұмыстары дереу тоқтатылады. Сөйтіп тиісті нұскауларға
сәйкес дезинфекцияланады. Барлық тері және қажеттігі аз өнімдер мал
дәрігерлік лабораторияларда сибирь жарасына преципитация реакциясын
қолдану арқылы міндетті түрде зерттелуі тиіс.
Осы індетке қарсы күрес мал мамандарымен қоса жергілікті тұрғындар да
барлық шараларға саналы түрде қарап, белсенді қолдау көрсеткен жағдайда
ғана ойдағыдай нәтиже береді. Сондықтан да қалың бұқара арасында түсіндіру
жұмыстарын әрдайым жүргізіп отыру қажет. Әрбір адам құтыру туралы негізгі
деректерді, малды егіп отыру қажеттігін, оларды мал дәрігерлік бақылаусыз
сою, мал дәрігерінің рұқсатынсыз мал етін, не басқа өнімдерін сатып алу
туралы негізгі ережелерді білулері тиіс [4,5].

1.3 Індеттік ерекшеліктері

Құтыру дүние жүзінің барлык аймақтарында кеңінен таралған. Біздің
елімізде бұл індет Ресей мен Қазақстан Республикасында кездеседі.
Қазақстанның батыс облыстарында (Орал, Ақтебе, Гурьев, Маңғышлақ) және
оңтүстікте (Шымкент, Жамбыл) құтыру жабайы жануарлар мен мал арасында жиі
ұшырайды. Басқа облыстардан да байқалған жылдар болды.
Ауруға көбінесе қасқыр, түлкі, қарсақ, ит шалдығады. Бұларға құтыру
қоздырғышы тышқан және саршұнақ сияқты кемірушілер арқылы таралады [1,4].
Індет коздырғышы сау адамға және малға құтырған иттен, қаскырдан,
түлкіден, қарсақтан, мысықтан сілекейі арқылы жұғады. Адам мен малды ауру
ит, қасқыр, қарсақ, түлкі қапса өте қауіпті. Статистикалық мәліметтер
бойынша құтырудың 60 проценті ит қапқанда, 10 проценті баска жануарлардан
жұғады. Адам мен малға жұққан соң құтыру вирусі нерв талшықтарын бойлай
отырып, орталық нерв жүйесіне, одан әрі миға жетіп, сонда кебейеді де
солардың қызметін бұзады. Ауру асқына бастағанда вирус сілекей бездеріне,
дененің барлық нерв клеткаларына тарайды.
Аурудың тез өршуі жарақаттың орнына, оның тереңдігі мен вирустың
мөлшеріне тығыз байланысты. Егер құтырған жануар адамның немесе малдың
басын тістесе ауру өте тез өршиді. Малдың тынышын алып, қатты
мазасыздандырғанда оның ауруға қарсы табиғи төзімділігі күрт төмендеп
кетеді. Оны туғызуға әсер етуші жағдайларды — физикалық, химиялық,
жемшөптік, жарақаттық, тасымалдық, технологиялық, биологиялық және
психикалық деп бөледі.
Стрессорлар адренокор-тикотропты гормонның (АҚТГ) мөлшерден тыс
бөлінуіне және денеде картикондтардың жиналуына әсер етеді. Кортикоидтар
микробтың дарыған жерінде қабынуға жол бермей, қоздырғыштың организмге тез
тарауына мүмкіндік туғызады. Малдың жем шөбі тапшы болғанда организмде
белок айналымы бұзылып, иммунды глобулиндер азаяды, фагоциттердің әрекеті
төмендейді, созылмалы аурулар өршіп, иммунитет жоғалады. Рационда белок көп
болып, жемді шамадан тыс бергенде қанның бактерияға қарсы күресетін
күші азаяды, ацидоз басталады. Мал азығында минералды заттар жетпегенде
органнзмде улы заттарды қауіпсіздендіру, ас қорыту және су
айналымы бұзылады.
Витаминдер жетпегенде зат алмасу процесі күрделі күйзеліске ұшырайды,
тері мен кілегей қабықтардың қаусарлық деңгейі төмендейді, барлық иммунды-
биологиялық қорғаныш күштері әлсірейді.
Қорғаныш күшінің деңгейі малдың жасына байланысты болады.
Мәселен жаңа туған бұзаулар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына
төзімсіз келеді.
Олардың қанында гаммаглобулиндер болмайды, ащы ішектің кілегей қабығы
болбыраған бос болады, таз қарынның қышқылы және зиянды бактерияларға қарсы
тұра алатын қабілеті, сөл бездері жүйесі мен бауырдың қорғаныш әсері төмен
келеді. Бұл жас бұзаудың бірталай ауруларға шалдығуға бейімдігін көрсетеді.
Сақа малға қарағанда жас малдың кілегей қабықтары мен терісінің қорғаныш
күші едәуір төмен болады.
Олардың клеткалық қорғаныш күші біршама жоғары болғанымен қабыну
шамасы мен гуморальды қорғаныстары әлсіз келеді.
Осы себептерден жас малдың тек өзіне тән инфекциялары бар
(колибактериоз, сальмонеллез ж. т. б.).
Сонымен, табиғи төзімділік — туа бітетін генетикалық қасиет. Бірақ
оның деңгейі мал түлігіне, жасына, тұқымына, күйіне және сыртқы орта
жағдайына байланысты болады [2,4,5].

1.4 Құтыру ауруының белгілері

Аурудың жасырын кезеңі 3 апта, кейде 3 айға созылады. Құтыру індеті ірі
қарада елірме, және сал түрінде өршиді. Бастапқы кезде ауырған мал
еліріп, тұрған қоршауын сүзгілейді, салған шөпті жан-жағына шашады, өзіне
жақындаған адамға, ит пен мысыққа тап береді, оларды сузеді. Орнынан атып
тұрып мойнын созып, қатты мөңірейді. Сөйтеді де өз-өзінен құлайды да
аяқтарын сермеп, іле қалпына келеді. Аурудың осы кезеңдегі бір белгісі
аузынан сілекейі шұбырып, терлейді, жиі-жиі зәр шығарады.
Ауру сиырдың сүті қашып, оңдырып шөп жеп, су ішпейді. Кейде мал аурудың
бастапқы кезеңінде-ақ жемшөпке, суға қарамайды. Аурудың соңғы сатысында
қатты күйзеліп, ақырында әлсіреп жатып қалады, айналасындағы болып жатқан
жағдайды сезбейді.
Көзі шарасынан шығып, қатты ашылған аузынан тілі салактап сілекейі
шұбырады. Ауру мал ақырында салға ұшырайды, алдымен артқы аяқтары кейіннен
алдыңғы аяқтары жансызданады.
Аурудың алғашкы белгілері байқалғаннан кейін 5-7 күн өткенде мал өледі.
Бұл індет итте де елірме және сал түрінде өтеді. Бірінші түрі 1—3 күнге
дейін созылады. Осы кезде ит қараңғы жерге тығылып, үн-түнсіз жатып алады.
Кейбір кезде өзінен-өзі еліреді, өршеленіп үреді. Ассу ішкісі келгендей
болады, құйсаң — ішпей, әр түрлі заттарды (шөп, тас, темір) жұтып қояды.
Сонымен қатар жұтқыншақ бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті азаяды, соның
әсерінен ит су іше алмайды, қырылдап, үре алмайды, аузынан сілекейлі көбік
шұбырады. Үш-төрт күннен соң иттің құтыруы өрши түседі. Сөйтіп адам мен
малды қабады. Кейін індеттің осы түрі жабығуға ауысады. Бірте-бірте
жұтқыншақ бұлшық еттері қатты салданады, ит үруден қалады, көзі сығырайып,
құлағы тартылады. Осы кезде (4—5 күн) оның арткы және алдыңғы аяқтары
салданады да жүре алмай ақырында жатып-жатып, өліп қалады.
Індеттің екінші түрі — созылмалы немесе сол тектес түрде өтеді. Ауру
өршігенде ит жабығады, артқы аяғы, жақ сүйегі, жұтқыншақ бұлшық. еттері
салданады. Ас ішпейді, үрмейді, сыртқы орта әсерін елемейді, ақырында 2—4
күн ішінде өледі. Басқа үй малының, жабайы жануарлардың және жыртқыш
аңдардың құтыру белгілері жоғарыда айтылған түрлерде байқалады.
Ауру белгілері және оның айқындылығы қоздырғыштың қандай мүшеге
орныққанына, соның салдарынан олардың қызметінің өзгеруіне және организмнің
қорғаныс күшінің жауабына байланысты болады. Дене мүшелерінің физиологиялық
өзгерістеріне сәйкес тыныс алу органдары, ас қорыту, нерв және жүрек қан
тамыр жүйелері, зор шығару жүйесі мен жыныс мүшесі зақымданып, қан мен
сөлдің құрамы өзгереді.
Кейбір белгілер, мысалы, қызуының көтерілуі көптетеп инфекциялық
ауруларда кездеседі. Мал денесі қызуының көтерілуі мен төмендеуі, оның
аралық ұзақтығы аурудың өзгешелігін аңғартады.
Бактериялармен зақымдалған клеткалардан шыққан улы заттар жүрек пен
тамырларға, жүйкеге әсерін тигізеді. Қан қысымы мен тамыр соғуы өзгереді,
қабыну басталады.
Көптеген ннфекцияларда ұсақ қан тамырларының жарылуынан және тағы
басқа себептерден тері және кілегей қабықтар қабынады.
Бактерия улары ас қорыту жүйесінің қызметін бұзып, оның фермент пен
сөл шығару, қозғалу мен сыртқа шығару, тағы басқаларына әсер етеді.
Індеттерде орталық нерв жүйесі қатты күйзеліске ұшырайды, ауырған мал
үркеді немесе меңірейеді, бұлшық еті дірілдеп, сіңірі тартылады, кей
жағдайда еліруі де мүмкін.
Аурудың беті бері қараған жағдайда бірте-бірте бұзылған мүшелер өз
арнасына түсіп, белгілері бәсеңдеп айыға бастайды. Айығу кезеңі аурудың
ауыр - жеңілдігіне, малдың күй -қуатына, күтімі мен емдеу шараларына
байланысты.
Кейбір жағдайларда ауырған мал мүлде сауығып кетуі мүмкін. Ондайда
аурудың кейбір белгілері ұзақ уақыт сақталады. Көпшілігінде ауру
белгілерінің бірі жоғалғанмен, мал сауыға қоймауы да мүмкін. Мұндайды
аурудың ішке түсіп кетуі дейді.
Ауру асқынғанда мал әлсіреп, арықтап барып өледі. Мысалы қой топалаңы,
жыбырлағы, ешкінің кебенегі және т. б. аурулар ұзаққа созылмай аз уақытта
үлкен шығынға ұшыратады [1,5,6].

1.5 Құтыру ауруын анықтау

Құтыруды анықтауда ауру белгілерін және эпизоотологиялық деректерді
ескеру керек. Сонымен қатар өлген малдың миынан лабораторияда Бабеш-Негри
денешігінің бар, не жоқ екені тексеріледі немесе Иммунды-люминесценттік
микроскоп және преципитация реакциясы (РП) аркылы зерттеледі; індет
лабораториялық жануарларға (тышқан, қоян) ауру жұқтырып, оларды биологиялық
тексеруден өткізіп те анықталады. Осы мақсатта құтырудан өлді-ау деп
күдіктенген мал, жабайы жануарлар миының әр турлі бөлігінен кішкентайдан
алып, одан 10 проценттік ерітінді жасайды да, 9—10 грамнан ақ тышқандардың
(10—12 тышқан) миына енгізеді, 8—14 күн ішінде осы тышқандар аурудан сал
болып өлуі шарт. Өлген тышкандардың Пуркинье ми клеткаларынан жұқа жағынды
жасап, микроскоп арқылы Бабеш-Негри затына қарсы тексереді. Егер
зарарланған тышқандардың миының жағындысында Бабеш-Негри заты байқалса,
онда әлгі мал құтыру ауруынан өлген болып саналады. Құтыруды Ауески,
листерңоз індеттерінен ажырата білу керек. Ол үшін бұл аурулардың белгілері
мен эпизоотологиялық деректері салыстырылады [1,4,5,6].
Құтыру індеті белгілі болысымен шаруашылыққа карантин жарияланып, мал
дәрігерлігі мамандары арнаулы нұсқауда көрсетілген шараларды іске асырады.
Шаруашылықтағы үй малы және иттер түгелдей фенол қосылып жасалған
вакцинамен егіледі. Бұралқы иттер жойылады. Ауру мал тұрған орын, қора-жай,
құрал-саймандар дезинфекшіяланады. Сондай-ақ мал дәрігері адам дәрігерімен
байланысып, тұрғындардың денсаулығын қорғауға тиісті шаралар жасалынады.
Шаруашылық басшылары мен мамандар індеттен арылу жөнінде нақты жоспар
жасап, оны жергілікті совет органдарының қаулысымеп бекітеді.
Адамды сүзген, тістеген малды белек қораға қамап, он күн ішінде мал
дәрігерлігі бақылауынан өткізеді. Ауру шыққан жерде мал мал дәрігерлерінің
рұқсатымен ғана сойылады. Құтыру індетіне қарсы егілген малды екі аптаға
дейін союға болмайды. Ауру шыққан табында сиыр сүтін 5 минут қайнату керек.
Вакцинамен егілген сиырдың сүті адам үшін қауіпті емес.
Ауру-ау деген күдік бар малды вакцинамен егуге болмайды. Ал ауру мал
тістеген асыл тұкымды малды вакцинамен егуге болады. Ол үшін тістелгеннен
кейін көп болса 8 күн өтуі керек. Вакцина 3 күн бойы күніне екі мезгіл тері
астына егіледі. 15—16 күннен кейін малды екінші рет фенолвакцинамен егу
керек. Егер ауруға шалдыққан малды егуден кеш қалған жағдайда вакцина
егуден 20 минут бұрын құтыруға қарсы қолданылатын қан сарысуымен еккен
дұрыс. Оның мөлшері — мал салмағының әр килограмына 500 ЕД. Вакцина да, қан
сарысуы да малдың мойын терісінің астына енгізіледі. Ауру мал турған жердің
бәрі дезинфекцияланады, оған күйдіргіш натрдің 2—4 проценттік ерітіндісі
қолданылады.
Карантин ең соңғы мал ауырғаннан кейін үш ай өткен соң ғана ашылады.
Егер адамды құтырған жануар тістесе, онда оны тез арада антирабиалық
вакцинамен егу қажет. Ауру адам 15 күн бойы шамалы ғана жараланған жағдайда
20 күн, ауыр жараланғанда (С. Ордабеков, 1985) 25—30 күн.
Сонымен ондай адам вакциналаудың толық курсінен өткізіледі. Оған осы
мезгіл ішінде арақ-шарап ішуге болмайды, сондай-ақ екі айға дейін басқа ем
шаралары жасалмайды. Тек осы ережелерді бұлжытпай орындаған жағдайда ғана
ауруға қарсы қолданылған шаралар нәтижелі болады [1,5,6].
Ауруды анықтағанда, емдегенде, күресу шараларын белгілегенде
қоздырғыштың ерекшеліктерін ескеру қажет. Микробтың патогендік қабілетінің
толық байқалуы оның өсетін ортасына байланысты. Мысалы, жылқының
инфекциялық қан аздық ауруының қоздырғышы ашатұяқтыларға жұқпайды, ал
керісінше аусыл қоздырғышын жылқы елемейді. Сондағы біздің айтайын
дегеніміз — әр түрлі инфекция қоздырғышы мал түлігіне қарай ауру
қоздырады. Оны микробтың патогендік спектрі деп атаймыз. Осыған
байланысты кейбір инфекция қоздырғштарын шартты патогендік
қоздырғыштарға жатқызамыз (аусыл, Ауески ауруы, топалаң және т. б.). Бұл
қоздырғыштар эволюциялық өршу сатысында өздерінің уыттылығын бағыттылығын
жетілдіріп, көбінесе малды аурудың өте жіті және жіті түрлерімен
ауыртатын болды. Сонымен қатар біршама аурудың қоздырғышы инфекция тудыру
үшін ыңғайлы жағдайды күтеді. Жай уақытта мұндай микробтар организмде
комменсал ретінде тіршілік етеді де, малдың коңы түсе бастағанда өрши
жөнеледі. Сонымен қатар патогендігі бойынша микробтың бір түрінің өзі
неше түрлі штамдар мен серотиптерге бөлінеді. Мысалы туляремияның
кейбір штамының 5—6 микробының өзі ақ тышқанды өлтірсе, басқаларының
мыңдаған санының оған әлі келмеуі мүмкін. Осы айтылған патогендіктің күшін
уыттылық (вирулентность) деп атаймыз да, оны келісілген мөлшермен
жұқтырудың (ДИМ) және өлтірудің (ДЛМ) шекті мөлшерімен өлшейміз.
Патогендіктің ең басты белгілері инвазиялылығы (жаукершілігі) және
улылығы. Инвазиялылығы дегеніміз микорбтың теріден, кілегей қабықтардан
өтіп, органдар мен тканьдерге орын теуіп организмнің қарсылығына қарамай
өсіп-өну қабілетін сақтау қасиеті.
Улылығы дегеніміз микробтың өсіп-өну жолындағы зат алмасу процесінің
қалдықтарын өз денесінен сыртқа шығару қабілеті. Вирустардың
патогендігі олардың макроорганизм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қысқартулар мен белгілер
Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Иттердің парвовирусты энтеритпен ауруға шалдығу динамикасы
Ауру белгілері
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пәндер